6. Эскиздік жоба.
Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінде эскиздік жобаны әзірлеу келесі жағдайларда орындалады:
1) Бұйымның техникалық тапсырмасында қарастырылса
2) Техникалық ұсыныста қарастырылса
Эскиздік жоба бұйымның жалпы жұмыс істеу принципін принципиалды конструктивтік, схемалық және басқа сұлбаларын орнату мақсатында әзірленеді.
Эскиздік жобаны әзірлеу кезеңінде бұйымның және оның құраушы бөліктерінің варианттары қарастырылады. Эскиздік жобаны әзірлеуде бұйымға шешімдерді қабылдау үшін орнатылған талаптарды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар орындалады.
Бұйымның сипаттамасы тағайындалуы бойынша қажетті жұмыстардың тізбесі тапсырыс берушімен келісе отырып әзірленеді. Эскиздік жобаның құжаттарына ГОСТ 2.102 сәйкес қарастырылатын техникалық тапсырма мен техникалық ұсыныстар келтірілген конструкторлық құжаттар қарастырылады. Макет әзірлеу үшін дайындалған конструкторлық құжаттар эскизін жобаның жиынтығына кірмейді.
Эскиздік жобаның құжаттарына келесідегідей талаптар қойылады:
Жалпы көрініс сызбасы бойынша
1) Эскизщдік жоба сызбасының келесідегідей талаптарды қамтамасыз ете алу қажет : бұйым кескіні , текстік бөлімі, жазбасы, атауы, құраушы бөліктерінің белгіленуі, жұмыс істеу принципі өлшемдері, техникалық сипаттамасы және т.б.
2) Кескін, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің жұмысшы сызбасына сәйкес максималды жеңілдетілген түрде орындалады. Бұйымның құраушы бөліктері өзара әсерлерін аша отырып келтіріледі.
3) Бұйымның құраушы бөліктерінің атауы, белгіленуі келесі тәсілдердің біреуімен беріледі: жеке, бұйым кескінделген бетте, кестеде, құраушы бөліктерінің кескінделінген жеке беттерінде, кестеде берілу барысында құраушы бөліктерінің позициялық номері беріледі.
4) Құраушы бөліктерінің жазбасы кестеде келесі ретте ұсынылу керек: алмастырылатын бұйым, сатып алынатын, қайта әзірленген бұйым.
Эскиздік жобаның түсіндірме жазбасы ГОСТ 2.106 бойынша келесі негізгі талаптарды ескере отырып орындалады:
1) Кіріспе бөлім – мұнда техникалық тапсырманың бекітілген номері, атауы, мерзімі келтіріледі. Егер эскиздік жоба техникалық тапсырмада қарастырылған болса немесе техникалық ұсыныста келтірілген болса, онда келесідегідей жазба көрсетіледі: эскиздік жобаны әзірлеу техникалық тапсырмада . немесе техникалық ұсыныста көрсетілген. Сонымен қатар қарастырылған хаттама номері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
2) Әзірленетін бұйым тағайындалуы және қолдану аймағы көрсетіледі.
3) Бұл техникалық тапсырмаға немесе техникалық ұсынысқа сәйкес әзірленеді. Сондай-ақ техникалық тапсырманы немесе техникалық ұсынсты нақтылайтын мәліметтер келесілер:
- Бұйымның қолданылу шарты немесе қысқаша қолданылу аймағы
- Бұйымның жалпы сипаттамасы қарастырылады.
4) Техникалық сипаттама бөлімі – мұнда негізгі техникалық сипаттамалары/ қуаты, айналым саны, өнімділігі, электр энергия шығыны , ПӘК және т.б./ келтіріледі.
Техникалық тапсырмада және техникалық ұсыныста орнатылған талаптарға сәйкестігі немесе ауытқу туралы мәліметтер, отандық және шетелдік аналогтарының сипаттамасымен салыстыруға қажетті бұйымның негізгі сипаттамалары туралы құжат, бұйымның сапасы немесе техникалық деңгейі.
5) Конструкциялы негіз деп таңдау мұнда конструкцияның жазбасы әзірлену кезіндегі шешімдердің негізгілері келтіріледі.Қажеттілікке қарай келесі көрнекілік мәліметтер қарастырылуы мүмкін .
6) Эскиздік жоба бойынша макет әзірленген болса, оның мәліметтері, сынау қорытындысы, әдістемесі эргономикалық, эстетикалық сәйкестігі фотосуреті негізгі конструкторлық құжаттары, технологиялық патенттік тазалығы мен бәсекеге қабілеттігі жаңа өнертабысты алуға берілген өтініш , техника қауіпсіздігі , бұйымның сәйкестігі. Бұйымды қораптау және тасымалдау мәліметтері, бұйымды әзірлеуге қажетті материалдарға техникалық талаптар, бұйымның құраушы бөліктерінің сәйкестігі, сондай-ақ оған қажетті сатып алынатын материалдар мен бөлшектердің қолдану шарты, кепілдік мерзімі, жұмыс режимі, бұйымды әзірлеу барысында кездесетін техологиялық сұрақтар.
7) Конструкция сенімділігі және жұмыс қабілеттілігін есептеу бөлімі, мұнда бұйым қабілеттігін /кинематикалық, электрлік, жылулық және т.б./ растайтын алдын-ала есептеулер бұйым сенімділігін ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық келтіріледі. Егер есептеулер көлемі үшін болатын болса, онда оны жеке құжат түрінде рәсімдейміз. Ал бұл бөлім үшін тек есептеу қорытындыларын береміз.
8) Әзірленетін бұйымды қолдану жұмыстарын жазбалау бөлімі, мұнда бұйымды қолдану бойынша мәліметтер, яғни техникалық тапсырмада қарастырылған, бұйымның жұмыс істеу шарты, режимі, оған қызмет көрсететін персоналдар сарны , біліктілігі туралы мәліметтер келтіріледі.
9) Күтілетін экономика-техникалық көрсеткіштер, мұнда бұйымды халық шаруашылығына енгізу барысында күтілетін экономикалық көрсеткіштердің есептеулері келтіріледі.
10) Стандарттау және үйлестіру деі\ңгейі, мұнда бұйымды әзірлеу барысында қолданылатын стандартталынған , унификацияланған құрастырма бірліктер мен бөлшектер туралы мәліметтер келтіріледі.
Түіндірме жазбаға қосымша бөлімі
Техникалық тапсырманың көшірмесі бұйымды келесі әзірлеу кезеңдерін орындалатын жұмытар реті, конструкторлық құжаттарға кірмейтін, көрнекілік, конструкциялық материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |