8. Техникалық шарт.
Егер өнімге, соның ішінде сапасы мен қауіпсіздігі, қабылдау, таңбалау жөніндегі жеке талаптар Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте қолданылатын ұқсас өнімге мемлекеттік, мемлекет аралық, халықаралық стандарттар мен техникалық реттемелерде белгіленсе, онда осы талаптарды техникалық шарт қайталамайды, ал ТШ-дың тиіті бөлім, бөлімшелер және тармақтарында стандарттар мен құжаттарға сілтемелер беріледі.
Әзірлеуші – мекемелер ТШ деңгейіне жауапты.
ТШ түпнұсқасы иесі ТШ әзірлеу шарттарына сәйкес әзірлеуші-мекеме, дайындаушы немесе тапсырушы болуы мүмкін.
Келісу тәртібі
Егер өнімді өндіріске қою (немесе қызмет көрсету) туралы шешімді қабылдау комиссиясы қабылдаса өнімге ТШ жобасы қабылдау комиссиясында (көркем-техникалық кеңесінде, дәм тату комиссиясында ж.т.б.) келісіге жатады.
Әзірлеуші тапсырушымен (тұтынушымен) қабылдау комиссиясында келісуге жататын басқа құжаттармен бірге ТШ жобасын келіседі, өкілдері қабылдау комиссиясы құрамына кіретін мекемелерге олардың жұмысына дейін бір айдан бұрын жібереді.
Егер олар қабылдау комиссиясының мүшесі болмаса мемлекеттік қадағалау органдарының құзырына жататын нормалар мен талаптары бар ТШ жобалары олармен және де, қажет болса, өнімді пайдалану мен өндіруге лицензия беретін мекемелермен келісуге жатады.
Басқа мүдделі мекемелерге қорытындыға ТШ жобасын жіберу қажеттілігі олардың құзырына жататын талаптар бар кезде әзірлеуші тапсырушымен бірге анықтайды.
Қабылдау комиссиясы мүшелері өнімнің (тәжірибелі топтамасы) тәжірибелі үлгілерінің қабылдау актісіне қол қоюы олар өкілдері болып табылатын мекемелермен ТШ жобасын келісуі деп белгенеді.
ТШ жобасын бір мезгілде бар мекемелерге келісуге жіберу ұсынылады.
Егер қабылдау комиссиясыз өнімді өндіріске қою туралы шешім қабылданған жағдайда, ТШ жобасы тапсырушымен (негізгі тұтынушымен), өнім қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен және өзінің құзырының шегінде басқа мүдделі мекемелермен келісуге жатады.
Негізгі тұтынушысы анықталмаған бастама тәртібінде әзірленетін өнімге техникалық шарттарды олардың құзырына сәйкес мемлекеттік қадағалау органдарымен келіседі.
Егер ТШ жобасында адамдардың денсаулығы, мүлігі және өмірі, қоршаған орта үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптары бар мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттарға сілтемелер болса және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қадағалау органдары белгілеген нормалар мен ережелеріне сілтемелері болса ТШ жобасы осы органдармен келісілмейді.
Егер, өнім құрастыру арнайы құрастыратын мекемемен жүргізілсе, ол туралы тиісті жазба техникалық тапсырмада немесе ТШ әзірлеу шарттнда болса, ТШ жобасы осы құрастыратын мекемелермен келісуге жатады.
Тш жобасын келісуді мөртаңба немесе жеке құжатпен расталған, «КЕЛІСІЛГЕН» грифтың астында (тәжірибе үлгісін қабылдау актісімен немесе тәжірибе топтамасымен, хатымен, ж.т.б.) қолымен ресімдейді.
Ондайда «КЕЛІСІЛГЕН» грифтың астында ТШ келісілген құжаттың күнін және атауын көрсетеді.
Келісілген кезде «Ескертпелермен келісілген» жазба рұқсат етілмейді.
ТШ келісу мерзімі және оларға өзгертулер оларды әзірлеуші – мекемеден ( кәсіпорыннан) алған күнінен 15 күннен аспауы керек.
Бекіту тәртібі
ТШ әзірлеу шартына сәйкес ТШ түпнұсқа иесі болып табылатын тапсырушы-мекеме, дайындаушы немесе әзірлеуші бсшысы (басшы орынбасары) ТШ бекітеді.
ТШ бекітуді құжаттың титул парағында «БЕКІТЕМІН» грифтың астында ТШ түпнұсқасының мекеме-иесі басшысының (басшы қолы) жеке қолымен ресімдейді.
Техникалық шарттарды тапсырушыга (тұтынушыга) дербес жеткізуге (таратуға) арналған (жиынтылықтылайтындарды қоса және жартылай фабрикаттарға) өнімге әзірлейді;
- осы өнімге мемлекет аралық стандарттар мен (ары қарай стандарттар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары жоқ кезде;
- осы стандарттармен өнімнің ерекше талаптарын нақтылайтын техникалық шарттарды әзірлеу ескерілсе жалпы техникалық шарттар немесе жалпы;
- техникалық талаптар түрлерінің стандарттары бар кезде;
- күші бар стандарттар мен техникалық реттемелердің нормалары мен талаптарын жоғарылатқан және толықтырған кезде.
ТШ өнімнің конструкторлық немесе басқа техникалық құжаттамаларының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Техникалық құжаттамалар жоқ кезде ТШ-да өнімге, оның дайындалуына, қабылдануына, таңбалануына, тасымалдануына, сақталуына, пайдаланудың жарамдылық (сақтау) мерзіміне, кәдегеге жаратылуына, жерленуіне талаптардың толық кешені болуы тиіс.
ТШ әзірленеді;
- бір нақты бұйымға, затқа, материалға ж.т.б.;
- әр түрлі параметрлерде және (немесе) өлшемдерде (топты техникалық шарттарда) конструкциясының бірлігі, жалпы белгілері бар бұйымдар, заттар, материалдардың ж.т.б. бірнеше нақты түрлеріне.
ТШ әзірлемеуге болады;
- өнім шығаруға жеткілікті және қажетті талаптары бар, техникалық тапсырмалар бойынша немесе оны ауыстыратын құжаттар (шарттар, хаттама, нобай) бойынша шығарылатын жеке-дара өнімге;
- бір кәсіпорынның тікелей тапсырмасы бойынша белгіленгенкөлемде дайындалған, ары қарай өңдеуге жататын, заттар, материалдаржәне жартылай фабрикаттарға;
- бір кәсіпорында бұйымның құжаттама жиынтығына кіретін, конструкторлық құжаттама бойынша дайындалған бұйымның құрамдық бөлігіне;
- үлгі-эталон және техникалық сипаттама, техникалық құжаттама бойынша белгіленген тәртіпте дайындалған өнімге;
- егер ТШ барлығы шарттармен ескерілмесе, тек экспортқа арналған өнімге;
- МСТ 2.602 бойынша жөндеу жөніндегі басшылық бар кезде өнімді жөніндеуге.
Ескерту – Шетел автомобильдерді жөндеу осы автомобильдер маркалары иесі фирмаларымен бекітілген басшылыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдердің халықаралық, аумақтық және ұлттық стандарттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде оларды қабылдағанға дейін ҚР СТ 1.9 сәйкес ТШ ретінде қолданылуы мүмкін.
ТШ күшіне енген бекітетін мекеме белгілейді, бірақ ТШ мемлекеттік тіркелген күнінен бұрын емес.
ТШ күшінің мерзімі өнім, технология және өзара байланысты стандарттар мен құжаттардың жаңартылатынын ескеріп бес жылдан аспауы тиіс.
ТШ күшінің мерзімі Мемстандарттың ведомствоға қарасты кәсіпорындарымен оларды тіркеген кезде белгіленеді.
Өндірістен алынған өнімге ТШ пайдаланып жатқан бұйымдарды жөндеу және босалқы бөлшектерді дайындау үшін пайдалануға болады. Ондайда ТШ титул парақтарында «Жөндеу мақсаттарына арналған» жазба жазады, күшінің мерзімі шектелген болса шектеу мерзімін жояды.
Әзірлеу тәртібі
ТШ әзірлеу үшін негіздеме болып табылады;
- әзірлеуші, дайындаушы және тапсырушымен мойындалған және бекітілген өнімді әзірлеуге техникалық тапсырма немесе тапсырушы өтінімі (келісім, шарт, хаттама ж.т.б.);
- мүдделі заңды және жеке тұлғалардың бастамасы.
Конструкторлық құжаттамалардың жинақтамасына кіретін ТШ құрылуы, баяндалуы, ресімделуі және мазмұны МСТ 2.105, МСТ 2.114, конструкторлық құжаттардың жиынтығына кірмейтіндер – ҚР СТ 1.12 сәйкес болуы тиіс.
ТШ белгілейтін нормалар өнімнің ұқсас түрлеріне Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік, мемлекет аралық және халық – аралық стандарттар және де техникалық регламенттер белгілейтін міндетті талаптардан төмен немесе қайшы болмауы тиіс.
Міндетті талаптара адамдардың өмірі, денсаулығы, мүлігі, қоршаған ортаны қорғау үшін өнім қауіпсіздігін, техникалық және ақпараттық сыйысымдылықты, өнімнің өзара алмасуын, бақылау әдістері бірлігін қамтамасыз ететін талаптар жатады.
ТШ белгілейтін талаптар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері мен дайындаушының ұсыныстарын, тапсырушының тапсырысын есепке алып ТШ әзірлеушімен анықталады.
ТШ өнім сапасына міндетті және (немесе) ұсынылатын нормалар мен талаптар қамтуы мүмкін.
Міндетті талаптарға жатпаған ТШ талаптары тапсырушымен (тұтынушымен) шарт күшімен сақталуға жатады.
Егер өнімге, соның ішінде сапасы мен қауіпсіздігі, қабылдау, таңбалау жөніндегі жеке талаптар Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте қолданылатын ұқсас өнімге мемлекеттік, мемлекет аралық халықаралық стандарттар мен техникалық реттемелерде белгіленсе, онда осы талаптарды ТШ қайталамайды, ал ТШ-дың тиісті бөлім, бөлімшелер және тармақтарында осы стандарттар мен құжаттарға сілтемелер беріледі.
Әзірлеуші-мекемелер ТШ деңгейіне жауапты.
ТШ түпнұсқасы иесі ТШ әзірлеу шарттарына сәйкес әзірлеуші-мекеме, дайындаушы немесе тапсырушы болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқару органдар және техникалық шарттардың белгілерінде қолданылатын шарттық цифрлық белгілер өзгертулері қайта ұйымдастырылған кезде олар жойылған немесе қайта қаралғанға дейін ескі белгі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |