Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу



бет8/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
БӨЖ 1

7. Техникалық жоба.

 

Техникалық жоба техникалық тапсырмада, техникалық ұсыныста немесе эскизді жобада қарастырылған болса әзірленеді. Техникалық жобаны бұйым конструкциясы туралы соңғы техникалық шешім қабылдау мақсатында әзірлейді. Қажеттілікке қарай техникалық жобаны бұйымның жекелеген құраушы бөліктерінің вариантын қарастыру үшін дайындау мүмкін. Бұл жағдайда үйлесімді вариантты таңдау, бұйымның тәжірибелі үлгісін сынау қорытындысы негізінде жүргізіледі. Техникалық жобаны әзірлеу барысында бұйымның орнатылған талаптарды қамтамасыз етуге қажетті келесі мәселелер қарастырылады:



1)        Бұйым конструкциясы туралы толық мәлімет алу

2)        Техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін бағалау

3)        Технологиялығын айқындау

4)        Дайындау деңгейінің дәрежесін орнату

5)        Тасымалдау және монтаждау мүмкіндігін айқындау

6)        Эксплуатацияға ыңғайлығын тексеру

Техникалық жоба ГОСТ 2.102 сәйкес  конструкторлық құжаттардан құралады. Техникалық жобаны әзірлеу барысында алдыңғы кезеңдерге /техникалық ұсыныс, эскиздік жоба / әзірленген жекелеген құжаттар қолданылуы мүмкін. Егер де бұл құжаттар талаптарға сәйкес болса, техникалық жобаны әзірлеуде жалпы көрініс сызбасы ГОСТ 2.102 бойынша орындалады. Сонымен қатар жалпы көрініс сызбасында келесілер қарастырылуы керек: ГОС 2.307 сәйкес өлшемдері, шекті ауытқулары келтіріледі.

-  Бұйымға техникалық талапты –белгілі бір жабдықты қолдану, пісіру әдістер, орамдарды орау тәсілдері  және т.б. қарастырылады.

Түсіндірме жазбасы бойынша техникалық жоба ГОСТ 2.106 талаптарын ескере отырып әзірленеді. Онда келесі бөлімдер қарастырылады:

1)        Техникалық тапсырмаға, техникалық ұсынысқа немесе эскиздік жобаға сәйкес әзірлеу мерзімі, номері келтіріледі;

2)        Бұйымның қолдану аймағы және тағайындалуы. Бұйымның қолдану шарты, объектінің жалпы сипаттамасы қарастырылады;

3)        Техникалық сипаттама, мұнда бұйымның негізгі техникалық сипаттамалары және алдыңғы әзірлеу кезеңдері /техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба/орнатылған талаптарға сәйкестігі немесе ауытқуы қарастырылады.

4)        Таңдалынған конструкцияны негіздеу және жазбалау , мұнда тезхникалық шешімдері , қорапталуы келтіріледі. Қажеттілікке қарай басқа аналогтармен салыстыру  мәліметтерін технологиялылығы , соңғы техникалық шешімнің дұрыстығы бағаланады. Сонымен қатар қолданылған өнертабыстар, сынау қорытындылары тапшы материалдар мен бұйымдарды қолдану қажеттілігі, тасымалдау мен сақтау, техника қауіпсіздігі туралы мәліметтер қарастырылады.

Бұйым сенімділігі және жұмыс қабілеттілігін растау есептері

Мұнда бұйымның жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі бойынша есептеулер келтіріледі. Есептеулер көлемі үлкен болса, жеке құжат түрінде, ол тарауға тек есептеу қорытындылары ғана беріледі.

Бұйымды әзірлеуде қолданылатын жұмыстарды ұйымдастыру , мұнда бұйымды әзірлеуде қолданылатын жұмыс тәсілдері, эксплуатациялануы, қызмет көрсететін персоналдар біліктілігі келтіріледі.

5)      Күтілетін техника –экономикалық көрсеткіштер

6)      Стандарттау, унификациялау көрсеткіштері

7)      Түсіндірме жазбаға қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет