Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу



бет6/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
БӨЖ 1

5. Техникалық ұсыныс

 

Техникалық ұсыныс  өнімнің техникалық тапсырмасында қарастырылған жағдайда әзірленеді. Техникалық ұсыныс техникалық тапсырмада көрсетілмеген бұйымның сапасына қатысты қосымша және нақты талаптарды анықтау мақсатында әзірленеді, ол бұйымның әртүрлі варианттарын талдау констукторлық жетілдіру мақсатында жасалады.



Техникалық ұсыныста ГОСТ 2.102 сәйкес бұйымның техникалық тапсырмасында қарастырылған  конструкторлық құжаттар кіреді. Сондай –ақ макеттерді әзірлеуге арналған конструкторлық құжаттардың жиынтығы техникалық ұсынысты қарастырмайды. Бұйымның аз көлемді варианттарына текстік әзірлеуге техникалық ұсынысты кесте түрінде беру ыңғайлы.

Үлкен көлемді текстік құжаттар үшін оларды варианттарға бөліп, әрбір вариант үшін келесі тәсілдер қарастырылады:

1.    Бөлімшелер бойынша әрбір вариант үшін жеке-жеке мәліметтер келтіріледі;

2.    Әрбір бөлімнің бөлімшелері үшін әрбір вариантты жан-жақты сипаттап, мәліметтер келтіріледі.

Техникалық ұсыныстағы сызба және сұлба түрінде келтірілген мәліметтер әрбір вариант үшін жеке бетте сұлба және сызба түрінде келтіріледі.

Бұйымды құраушы бірліктердің жалпы белгіленуі, көрсетілуі әрбір вариань үшін келесі тәсілдердің бірімен орындалады:

1.    Барлық вариантқа бір кесте түрінде ;

2.    Әрбір варианқа жеке кесте түрінде.

Техникалық ұсыныстағы жалпы көріністің сызбасы келесілерден құралуы тиіс:

1.    Әрбір вариантты салыстыру үшін қажетті бұйым кескіні текстік бөлімі және жазбасы , сондай-ақ бұйымды әзірлеуге орнатылған талаптар, құраушы бөліктердің өзара әсер, бұйымның жұмыс істеу принципі;

2.    Бұйымныңатауы, оның құраушы бөліктерінің белгіленуі немесе бұйымның жұмыс істеу принципі;

3.     Кескіндік берілудегі өлшемдері ;

4.    Қажет болса, сұлбасы бірақ мұны жеке бетке рәсімдеудің қажеті жоқ.

5.    Бұйымның жалпы көрінісінің сызбасын салыстыру үшін қажет болса, бұйымның техникалық сипаттамасы

Кескін максималды түрде қарапайым жұмысшы сызбалар үшін конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сәйкес орындалуы керек.

Кескінді орындау барысында келесілерге мән бермеуге болады:

1.    Салыстырылуға қажетті варианттың құраушы бөліктерінен басқаларға

2.    Бұйымның құраушы бөліктерінің салыстырылатын варианттарынан басқасына байланысын көрсетпеуге болады.

Бұйымның жалпы көрінісіндегі аталуы мен белгіленуі келесідей тәсілдердің бірінде көрсетілуі тиіс:

1.    Бұйым кескіні келтірілген бетте кесте түрінде

2.    Бұйым кескінделінген бетте өз алдына нұсқа түрінде

Бұйымның жалпы көрінісінің элементтері / позиция номері, техникалық талаптар мәтіні, жазбасы және т.б./ жұмысшы сызба үшін  конструкторлық құжаттардың бірыңғай стандарттарында орнатылған ережелерге сәйкес орындалады.

Техникалық ұсыныстың түсіндірме жазбасы ГОСТ 2.106 сәйкес  келесілерді қамту керек:

1.    Кіріспе. Мұнда техникалық ұсынысты бекіткен мерзімі, номері, атауы келтіріледі.

2.    Әзірленетін бұйымның қолдану аймағы және тағайындалуы. Мұнлда бұйымды қолданылу аймағына сипаттама , бұйымның жалпы сипаттамасы қарастырылады.

3.    Техникалық сипаттама, мұнда бұйымның негізгі техникалық сипаттамалары /өнімділігі, қуаттылығы,ЛЭК және т.с.с./ сондай-ақ қосымша техникалық тапсырмалар  сәйкес орнатылған сипаттамалар келтіріледі. Олар: орнатылған техникалық тапсырмаға сәйкестігі немесе аутқуы туралы мәліметтер бұйымның негізгі сипаттамасын салыстыру мәліметтері және сапасына сондай-ақ техникалық деңгейіне сілтемелер.

4.    Таңдалынған констпукцияны жазбалау және негіздеу. Конструкцияны негіздеу.

Конструкцияны жазбалау мен негіздеуде келесілер қарастырылады:

1.    Қарастырылатын негізге байланысты бұйым вариантын негіздеу және жазбалау

2.    Сынау бағдарламасы және әдістемесі, макетті сынау қорытындысы, орнатылған  талапқа макеттің сәйкестігін бақылау мәліметтері, сондай-ақ эргономикалық, эстетикалық үйлесімділігі

3.    Қажеттілікке қарай макет суреті

4.    Макеттің әзірленгені бойынша негізгі   конструкторлық құжаттың белгіленуі, сынау бойнша есебі, мерзімі, номері.

5.    Бәсекеге қабілеттілігі, патенттік тазалығы бойынша мәліметтер

6.    Берілген өтінімдер бойынша жаңа өнертабысты пайдалану бойынша мәліметтер.

7.    Өндірістік санитария және техника қауіпсіздігі бойынша сәйкестік мәліметтер

8.    Конструкторлық сенімділігі жұмыс қабілеттігі, мұнда бұйымның сенімділігі мен жұмыс қабілеттілігінің /ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық, т.б./ деңгейін растайтын есептеулер келтіріледі.

9.    Әзірленген бұйымның қолданылуын ұйымдастыру жазбасы, мұнда бұйымды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәліметтер қарастырылады

10.    Күтілетін техника-экономикалық көрсеткіштер, экономикалық көрсеткіштер бойынша есептеулер келтіріледі.

11.    Стандарттау және үйлестіру деңгей, мұнда әзірленентін бұйымдағы қолданылатын стандартталынған унификацияланған құрастыру бірліктері туралы мәліметтер келтіріледі.

Түсіндірме жазбаны, техникалық ұсынысты әзірлеу процесі бойынша ұсыныстармен аяқтайды. Онда бұйымды әзірлеудің келесі кезеңінде орындалатын жұмыстың тізбесі конструкторлық құжаттарға жатпайтын көркемдік материал қолданылған әдебиет тізбесі, техникалық ұсыныс  әзірлеуге қолданған басқа да кәсіпорын мен ұйымы құжаттары /авторық куәліктер, патенттік зерттеулер туралы есеп/ өндірілетін бұймның қажетті көлемі туралы тұтынушылар анықтамасы және т.б. қарастырылады.

Бұйымға техникалық ұсынысты әзірлеу кезеңінде келесідей жұмыстар орындалады:

1)   Мүмкін шешімдер бойынша, конструкцияны әзірлеу қажеттілігін анықтау, мұнда жұмыстың маңыздылығы қарастырылатынварианттың өзара салыстырымдылығын қамтамасыз ету қажет.

2)   Бәсекеге қабілеттілік және патенттік тазалық бойынша вариантты зерттеу, өнертабысқа өтінімді рәсімдеу

3)   Варианттардың өндірістік санитария және техника талаптарына сәйкестігін тексеру

4)   Қарастырылатын варианттың сәйкестігін бақылау , бұйымды бағалау, сапа көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

5)   Бұйымның үйлесімді вариантын таңдау

6)   Стандарттарды әзірлеу бойынша ұсынсты дайындау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет