Болатбек МҰхтаров кереку өңірінде жер сілкінді



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6

ЖҮРГІЗУШІ:

– Совет-Хан аға, Қызылағаштағы суқоймада 

қайғылы жағдай тіркелді. Суқоймаларды жекеге беріп, 

суды шектен тыс жинау салдарынан орын алған деп, істі 

жылы жаптық. Су құбырлары да жекеге өту салдарынан 

жаңартылмай жатыр. Осының бәрін бақылайтындай ар-

найы бір құзырлы орган болмаса, жекеменшікке сөз 

өткізу қиынға айналды. Бәлкім, шындығында, құзырлы 

мекеме құрылып, министрлік ретінде қордаланған 

мәселені мойнына алуы керек шығар?

Совет-Хан ҒАББАСОВ: 

– Мемлекетті жекеменшік қана емес, шетелден кел-

ген инвесторлар да тыңдауға міндетті. Жаңа Жайықты 

мысалға келтірдіңіз. Өзендерде табиғи бөгеттерден гөрі, 

адамдардың қолымен жасалған бөгет өте көп. Мәселен, 

осы уақытқа дейін бірде-бір рет Жайықтың немесе 

Сырдарияның арнасын, түбін тазалап жатыр екен деген 

әңгіме естіген жоқпын. Жылда болмаса да, үш жылда бір 

рет өзен арналарының түбін қырып алып тастауға бола-

ды ғой. Асты тазартылмағаннан кейін олардың суының 

көлемі азаймағандай, тіпті арнасынан тасып 

көбейгендей болып көрінуі де – заңдылық. Сонда асты 

толып қалған өзен арнасынан тасымағанда, қайтеді?!

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ,

 География 

институты су мәселелері бөлімінің меңгерушісі, 

география ғылымының докторы, профессор

таудағы көлді каналға бұру арқылы керемет канал жасап 

беріп кетті ғой. Бізге де неге осындай әдіс қолданбасқа?! 

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ:

– Таудағы көлдеріміздің барлығы мұздақтардың ас-

тында орналасқан. Оларға Төтенше жағдайлар 

басқармасының қарамағындағы селден қорғау бөлім-

дері мониторинг жүргізіп, бақылап отыр. Біз ондай әдіс 

жасамасақ та, таудағы көлдеріміздің белгілі бір бөлі гі 

Шарын, Шілік, Үлкен және Кіші Алматы өзендеріне өзді-

гінен қосылып жатыр. Олардың бәрі есептеулі. Құдай-

дың өзі жасап берген суқоймалар қажет кезде ауыз суға 

да тартылып жатыр. Дәл қазір таудағы көлдерге тиісу дің 

қажеті жоқ. Біз олардан керегімізді алып жатырмыз. 

Совет-Хан мырза, сіз бәрін дұрыс басқарудың 

жоқтығынан көріп отырсыз ғой. Сонда біз қоғамдағы 

басқаруды қалай дұрыс жолға қоя аламыз? 

Совет-Хан ҒАББАСОВ:

– Қазір қоғам тәрбиесі аса үлкен өзгеріске түскен. Біз 

қоғам қалыптастыруда басқаға еліктеуді қоюымыз керек. 

Жемқорлықтан, қара басының қамынан аса алмайтын-

дай шенеуніктерге тап болып отырғанымыз дұрыс 

тәрбиенің жоқтығынан деп ойлаймын.

қосу керек секілді. Өйт кені қайткен күнде де 

біздің елімізге су мәсе лесімен бел шешіп 

айналысатындай мекеме қажет-ақ. 

Бұл ойды неғұр лым тезірек іске асырсақ, 

соғұр лым ұтарымыз көп болар еді. 

Совет-Хан ҒАББАСОВ:

– Мемлекеттің қолында өте үлкен күш бар. Соны 

пайдалана отырып, қарамағындағы әрбір құзырлы 

мекеменің, әрбір кадрдың жауапкершілігін қадағалап 

отыруы керек. Сонда ғана біз іргелі, үлкен мемлекетке 

айнала аламыз. 

ЖҮРГІЗУШІ:

– Бүгінгі бағдарламамыз да өз мәресіне жетті. 

Қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, елеп-екшеп, 

қоғамдық пікір қалыптастыру – біздің міндет, ал шешім 

қабылдау – әрқашан да тиісті органдардың еншісінде. 

ТАРТЫС БӨЛІМІ

Баланың биологиялық әкесін 

анықтауды сұраған арыздар 

неге көбейіп кетті?

Баланың әкесін анықтау туралы генети-

калық экспертиза қызметіне жүгінудің қай 

кезде де әрі қымбат, әрі азабы көп, сондай-

ақ психологиялық тұрғыдан жазым беретін 

әдіс екені белгілі. Алдымен сотқа ша ғым-

дану керек, ал ол – ұзақ қаралатын про-

цесс. Одан бөлек сараптама қорытын дысы 

туралы құжатқа қол жеткізу де оңай емес. 

Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот 

органдарының араласуымен жүзеге асып 

жатады. Бұл туралы ҚР «Неке және от басы 

туралы» заңында егжей-тегжейлі жазыл-

ған. Атап айтқанда, ол заңда некеге тұр-

мағандардың арасында дау туындаған 

жағдайда сот процесі тек әйелдің арызы 

бойынша қаралатыны жазылған. Азамат-

тық процессуалдық кодекстің 91-бабының 

8-тармағы бойынша, екі жақтың бірі тек-

серуден жалтарса немесе анықтауға қа жет-

ті материалдарды өткізуден бас тартса, 

онда сот кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екені-

не қарамастан, әкелікті тануға шешім шы-

ға ра алады. Соттың экспертиза таға йын-

дауын орындамағандар сотты құрметте ме-

гені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеру-

ден өту үшін үштіктің құрамы толық болуы 

керек, яғни әкесі, анасы және баласы үшеуі 

бірдей зертханаға анализ тапсырады. Оны 

медициналық тілмен атрио деп атайды. 

Онда әке мен бала қанының құра мы 99,75 

пайызға ұқсас болуы және әкелік PI ин дексі 

400-ден кем болмауы қажет. Нәти же нің 

нақты лығы  жоғары. 



ШЕТЕЛДЕРДЕ ҚАЛАЙ?

Елімізде заң шығарушы орган еркек-

терге ДНК анализін тапсыру үшін анасынан 

рұқсат алуға тыйым салған жоқ әзірге. Ал 

Германияда баладан анасының рұқсатын-

сыз немесе соттың шешімінсіз анализ ал-

ған адамға 5 мың еуро айыппұл салынады. 

Зертхананың талабы бойынша, баладан 

биоматериалдар алынады, яғни сілекейі 

мен бірнеше тал шашы қажет болады. Егер 

тест баланың әкесі емес екенін анық та ған 

жағдайда ресейліктер не істейді? Әкелікті 

анықтауға байланысты дауласуға болаты-

нын соқырға таяқ ұстатқандай үй ре теді. Ол 

үшін Ресейде Денсаулық сақтау министр-

лігінің сайтына арыз жазуға болады. Сон-

дай-ақ мәселе ушығып, сотқа дейін жетсе, 

кәсіби заңгердің қызметіне жүгінуге тура 

келеді. Ол үшін «Ерлер қозғалысына» ха-

барласып, заңгерлермен кеңесе аласыз. 

Қозғалыс өкілдері әр ер-азаматтың мәсе-

ле сін аяғына дейін шешуге көмектеседі. 

Өкініштісі, біздің елде мұндай қызмет түрін 

көрсететін ұйымдар әзірге жоқ. Мұның 

зар дабын әсіресе ер-азаматтар тартып 

отыр. Кейде ДНК-тестің керегі болмай жа-

тады. Мұндайда қан тобының кестесі 

көмек ке келеді. Ата-анасының қан тобы 

1-топқа жатса, онда баланың қан тобы 

осыған сәй кес келуі мүмкін. Бала ата-ана-

сынан бөлек, басқа топпен туылмайды 

дейді дәрігерлер. Ресейде отбасылық ко-

дексте, егер баланың әкесі емес екендігін 

біле тұра некеге тұрып, кейіннен әкелігін 

анықтау туралы дауласса, ол мүлдем 

қарауға жатпайды, яғни еш уа қытта да 

қанағаттандырылмайды. Сон дай-ақ бала 

ажырасқан күннен 300 тәу ліктен кейін 

туылса, бұрынғы күйеуінің аты на жазыла-

ды. Біраз уақыт төленген али мент қайта-

рылмайды. 

ЕЛІМІЗДЕГІ ЗЕРТХАНАЛАР 

ЗАМАНҒА САЙ МА?

Алғашқы сот молекулярлы-генетикалық 

зертхана 2001 жылы Алматыда ашылған 

болатын. Онда жыл сайын қылмыстық 

және азаматтық істер бойынша 300-ден 

астам зерттеу жүргізіледі. Ал 2006 жылы 

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы ор-

талығында Қарағанды аймақтық бөлім-

шесі ашылған болатын. Онда екінші моле-

ку лярлы-генетикалық зертхана жұмыс іс-

тейді. Мұнда соттар мен құқық қорғау 

ор ган дары кісі өлтіруге, ауыр дене жа ра-

қаттарына, зорлауға, балаларды ауыс тыру, 

ұрлауға тергеу жүргізу кезінде са рап тама 

жүргізеді. Соңғы жылдары осы сараптама-

ны талап етушілік әрекеті бірнеше есеге 

артқан. Қазіргі уақытта сараптама әке лікті 

немесе аналықты анықтау сияқты азамат-

тық істерді шешуде де тиімді қол данылуда. 

Зертхана ДНК-ны анықтау мен зерт теуге 

арналған заманауи құралдармен жабдық-

талған. Сондай-ақ жуырда Шымкентте 

гене тикалық зерттеу жүргізетін «Ме га лаб» 

зертханасы ашылды. Жоғары тех нология-

мен жабдықталған орталықта бала туыл-

май тұрып, жатырда жатқанда-ақ баланың 

әкесін анықтауға мүмкіндік бар. Бұрын 

ДНК анализін алу үшін тамырдан қан ала-

тын. Бүгінде генетикалық тексеру жүргізудің 

ауқымы кеңейді. ДНК молекулаларын тек-

серу арқылы нақты ғы лыми тұрғыда дәлел-

денген нәтижеге қол жет кізуге болады. Ол 

көптеген заңды құ жат тың шешімін табуға 

көмек қолын созады. 



Лана КЕНЖЕТАЕВА,

 Mega Lab 

зертханасының бас директоры:

– Медициналық лабораториямыз 

биохимиялық, химиялық зерттеулердің 

бәрін атқарады. Зертханамыз Германия-

ның ең соңғы озық үлгідегі технология-

сы бойынша жұмыс істейді. «Сименс», 

«Рош», «Интерлаб» компанияларының 

технологиясымен жабдықталған. 

Гүлжан КӨШЕРОВА,

Жамбыл облысы

 Ертеңгі күні су шаруашылығы министр лігі 

құрылып алып, ешқандай мәселені шеше 

алмай, бөлінген қаржы ұстағанның қо-

лында, тістегеннің аузында кетсе, бар мақ 

шайнап қаламыз. Арнайы министрлік 

құру үшін мыңдаған кадр, ол ар ға жа-

ла қы, миллиондаған қара жат қа жет. 

Одан да бұрыннан бар Ауыл шаруа-

шы лығы  министрлігінің  құ ра мын-

дағы комитеттің жұмы сына деген 

қада ғалауды күшейтіп, ми нистр-

лік ашу үшін жұмсайтын қар жы-

ны су мә се лелерін шешу ге жұм-

самаймыз ба?! Еш жұ мыс істе-

мейтін, ақ шаны жеп оты ра бе-

ре тін  меке мелердің са нын кө-

бейт кен ше,  олардан нақ ты іс пен 

жұмыс істеуді талап ету керек.

 Ал ол су ресурстарын орнымен жұмсап, 

су тас қынының алдын алу секілді жұмыс-

тар мүлдем жүргізілмеуде. Суға қамқор 

болуы тиіс құзырлы орган Ауыл шаруа-

шылығы министрлігінің өзі – алдымен 

суды ыса рапшылдықпен пайдалана-

тын орган. Бүгінде ауыл шаруашылығы 

сала

 

сы ның суды ысырапшылдықпен 



пай да лануына ешкім кедергі бола 

алмайды. Өйткені Ауыл шаруа шы-

лы ғы ми нистрлігі суға өзі – би, өзі 

– қо жа. Өзі пайдаланады, өзі ба-

қы лай ды. Сондықтан суға қам-

қор лық пен қарап, су мәсе ле-

ле ріне жан ауыртатындай ар-

найы құ зырлы орган құрмай, 

біз су мә селелерін шеше ал-

май мыз.


Бүгінде ойнақтап жүріп от басып, не болмаса азаматтық некеде 

тұрып, баланың әкесінен алимент өндіре алмай жүргендер де, 

«баланың әкесі мен емеспін» деп бас тартатындар да баршылық. 

Сондықтан болар, бұл күні дәл осы мәселе бойынша сотқа арыз-

дану шылар қатары көбейген. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 

құжат та көрсетілген әкесінен туылмаған балалар саны 30 пайыз-

дан асатын көрінеді. Сондай-ақ заң органдары бүгінде әкелікті 

анықтауға арыз берушілер саны артып отырғанын айтып отыр.

ҚАПЕРГЕ АЛАР БІР КЕҢЕС

Әкелікті анықтау үшін ДНК-тесті үйде отырып та анықтауға болады екен. 

Бірақ ол заңды тұрғыда дәлелдеуге жатпайды. Заңды құжаттар түрлі құқықтық 

жағдайлар үшін аса қажет. Зертханалар берген заңды қорытындылар отбасы-

лық құқықты қорғау, алимент төлеуді шешу, баланы өз қарауында қалдыру 

және көші-қон мәселесін шешу үшін ауадай қажет. Әкелікті анықтау 20 күнге 

созылады. Қорытындысын пошта, факс, электронды нұсқада алуға болады. 

Абай ОМАРОВ (коллаж)



№69 (751) 

24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

НАРЫҚ


 

Халықтық ІРО-ға қатысу жолдарын қалай үйренуге болады?

Еліміздегі ет экспортының әлеуеті қандай?

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ

ЖО

БА

Мемлекеттің мырзалығын 



сақтандыру саласы түсіне ме?

Сапа – бәсекелестік кепілі

Конференцияны ашқан «Еуразия» 

сақтандыру компаниясының басқарма 

төрағасы Борис Уманов ғаламдық 

экономиканың қазіргі жайын талдай келе, 

бүгінгі күні мемлекеттік корпоративті ка-

пита лизмнің американдық және қытайлық 

мо дельдері сынға түсіп отырғанын айтып 

өтті. Ғаламдық экономика сарапшылары 

Қы 


тай мемлекетінің орнына, негізінен, 

БРИКС (Бразилия, Ресей, Индия, Қытай, 

Оң түстік Африка Республикасы елдері жа-

та тын шартты экономикалық топ) ұғымын 

қолданып отырғанымен, қазір қорында 

3,3 триллион долларды жиынтықтап отыр-

ған Қытайдың әлемдік экономикалық аре-

нада алып отырған орны ерекше екендігі 

мә лім. Осы екі алып жүйенің жарысы не-

мен аяқталатыны әзірге беймәлім болға-

нымен, қазір көпшіліктің көңілінен шығып 

отырғаны Қытай екендігі белгілі дейді 

сарапшы. 

Өзіміздің елімізге қатысты Б.Уманов 

елі мізде сақтандыру шараларымен қамты-

латын жағдайлар аз болмағанымен, мем-

лекет қандай да бір табиғи апат салдарын 

толықтай өз мойнына алып, асқан патерна-

листік сипат танытып отырғанын атап өтті. 

Жыл сайын болатын тасқын сел, дауыл, өрт 

тәрізді төтенше оқиғалардың бар шығынын 

ұдайы мемлекет көтеріп келеді. Бұл 

мемлекеттік қамқорлықтың жоғары 

көрсеткіші болғанымен, бюджет үшін де, 

еліміздің сақтандыру саласы үшін де оңды 

құбылыс емес. Осы жағдайлардың салда-

рын барынша азайтуға мүмкіндік беретін 

сақтандыру шараларын іске қосу аса 

маңыз 

ды деген Сақтандыру компания-



сының төрағасы, әйтсе де өз тарапынан, 

мәселен, еліміздің Төтенше жағдайлар 

министрлігіне тікелей шығып, апаттар 

салдарын ведомствоаралық деңгейде 

сақтандыруға ұсыныс жасауға не кедергі 

екендігін айтпады.

Қазақстанның қаржыгерлер ассоциа-

ция сының төрағасы Серік Аханов еліміздің 

қаржы саласы туралы баяндамасында 

оның артықшылары мен кемшіліктерін 

кеңінен саралады: «Ғаламдық экономи-

каның тұрақсыздық кезеңінде алдыңғы 

орынға бірде мемлекеттік капитал, бірде 

жеке инвесторлардың шығып отыратыны 

– қалыпты құбылыс. Дағдарыс алдында 

елі міздің банк жүйесі өзінің артықшы лық-

тарын байқатты. Ал тоқырау кезінде мем-

лекеттің қолдауы арқасында жүйені жеткі-

лікті деңгейде тұрақтандыруға қол жеткізе 

алдық. Қазіргі жағдайда осы «өте нәзік 

бәсекелестік тепе-теңдігін» сақтау аса 

маңызды. Енді еліміздің қаржы жүйесінің 

алдында жаңа мәселелер туындап отыр. 

Бұл біздің аймақтық интеграциялық ұйым-

дарға қатысуымызға, таяу арада ДСҰ 

аясына енетінімізге байланысты. Жаңа 

стандарттар мен жаңа талаптар алдында 

мығым болу, бәсекелестік артықшылықта-

рымызды таба білуіміз отандық қаржы 

саласының алдында тұрған үлкен сын 

болмақ» дейді ол.

Конференция барысында сөз алған РҒА 

жанындағы Экономика институтының ди-

ректоры, академик Руслан Гринберг қазіргі 

жағдайда мемлекеттің экономикалық 

белсенділікті арттырудағы рөлі аса 

маңызды екендігіне кеңінен тоқталды. Бұл 

жағдайда бюджеттік тұрақтандыру және 

мемлекеттік қарыздарды ауыздықтау 

принципі аса оңтайлы емес. Өткен әлемдік 

дағдарыс 1929-33 жылдардағы «Ұлы деп-

рес сиямен» салыстырғанда баланың ойы-

ны тәрізді болды. Мәселен, ол дағдарыс 

Германияда билікке нацистердің келуімен 

аяқталып, ақырында ғаламдық гуманитар-

лық апатқа ұрындырғаны мәлім. Оның қа-

сында қазіргі әлеуметтік қолдаудың деңге-

йінде «тағдырға налу» жөнсіз деп санайды 

академик. «Сондықтан да қазіргі жағдайда 

мемлекеттің қаржылық құйылымдары өз 

нәтижесін беріп отыр, бар мәселе – қай 

саланы қандай деңгейде қолдаудың басты 

критерийлерін анықтауда» дейді ол.

Жиынның екінші күнінде сарапшылар 

мен ірі сақтандыру компанияларының 

басшылары өз мәселелерін тар шеңберлер 

аясында талқылады.

Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ

ТҮРТКІ


Проблемалық активтер қоры «проблемалық 

борыштар» мәселесін шеше ала ма?

«Бір апта бұрын Ұлттық банктің жанын-

дағы Проблемалық активтер қоры ресми 

түрде жұмыс істей бастады. Еліміздегі екін-

ші деңгейдегі банктер нашар несиелерді 

аудару бойынша келіссөздер жүргізуге бел 

шешіп кірісіп те кетті. Жоспар бойынша, 

бұл процесс бес жылға созылады. Одан 

ке йін қоржынын тазалап, кейбір несиелерін 

са уы қтырған коммерциялық банктер ел 

эко номикасын жаппай несиелендіруге ден 

қоя ды», – деді Қаржыгерлер қауымдасты-

ғы ның төрағасы Серік Аханов кеше Тә-

уекелдер менеджменті бойынша Алматыда 

өткен VIII халықаралық конференциядағы 

сөзінде.


Алдында Ұлттық банк төрағасы 

Г.Марченко Проблемалық активтер қоры 

нәтижелі жұмыс істей бастаса, онда екінші 

деңгейдегі банктер сомасы 2 млрд доллар-

дың зиянды активінен тазартылатын бола-

ды деп мәлімдеген еді. Демек, бұл біздегі 

үмітсіз әрі зиянды несиелер көлемінің 

2 млрд доллар екенін аңғартады.

2011 жылы 28 ақпанда Елбасымыз 

«ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне 

банк қызметі және қаржы ұйымдары тәуе-

кел дерді азайту тұрғысынан реттеу мәселе-

лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. 

Атал ған заң жобасында жұмыс істемей 

тұр ған банк активтері шығарылатын және 

олар ды басқаруға беретін банктер жа-

нынан еншілес компанияларды құруды 

қарас тыратын баптар бар. Сонымен қатар 

онда Ұлттық банк құратын екінші дең-



Алматыда VIII Тәуекел 

менеджменті және ғаламдық 

экономиканың даму барысы 

жөніндегі екі күндік конферен-

ция болып өтті. Әлемнің 40-тан 

астам елінен 300 өкіл қатысқан, 

сақтандыру саласының белгілі 

мамандары мен танымал 

экономистердің басын қосқан 

халықаралық жиынды дәстүрлі 

түрде «Еуразия» сақтандыру 

компаниясы ұйымдастырды.

«Бизнестің жол картасы–2020» – мемлекеттің экономикалық даму 

стратегиясының маңызды бағдарламасы. «Жаңа бизнес әрекеттерді 

қолдау», «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру», «Кәсіпкерлердің валюталық 

тәуекелдерін төмендету», «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» сияқты төрт 

бағыт бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» соңғы үш жылда 

елімізде 23,2 мыңнан аса жұмыс орнын құруға ықпал етті. 

Бүгіндері еліміздің макроэкономикалық жағдайына кері әсер 

етіп отырған басты факторлардың бірі – екінші деңгейдегі 

банктерде қордаланып қалған зиянды әрі проблемалық 

несиелердің жиынтығы. Сондықтан бұл мәселе уақыт өткен 

сайын өзектілік танытуда. Бірақ аталған мәселе шешіміне 

келгенде отандық қаржыгерлер мен банкирлердің қара басы 

қазандай болып тұр. Өйткені осы зиянды активтерді екінші 

деңгейдегі банк жанынан құрылуы тиіс еншілес компаниялар-

дың ісінде «былай тартса, өгіз өледі, былай тартса, арба сына-

ды ның» керін келтіретін жайттар жиі кездеседі. Қалай дегенмен 

де, қоғамдағы көптеген пікірталастан соң осындай жауапты істі 

мойнына алатын Проблемалық активтер қоры таяуда жұмысы-

на кірісіп те кетті. Алайда отандық мамандар «бұл шара мәсе-

лені тереңдете түспесе, оны шешпейді» деген пікірде... 

гейдегі банктердің несиелік қоржынының 

сапасын жақсартуға маманданған ұйым-

дар дың да құрылатындығы айтылады.

Бұл компанияларға салық алымының 

айрықша режимі белгіленген. 

Проблемалық активтер қоры «нашар 

борыштарды» сатып алуға қаражат тар-

тады, үмітсіз және күмәнді активтерді ба-

ға лап, анықтайды, кейіннен сатып, одан 

та быс табу үшін кепілдегі мүліктерді де са-

тып алады. Қаражат тарту үшін бұл қор ар-

на йы құнды қағаздар шығарады. Олар 

жи 


нақтаушы зейнетақы қорларында, 

банк терде орналастырылады. Құнды қа-

ғаз ды Ұлттық банк те сатып алады. «Дау-

дың басы – Дайрабайдың көк сиыры» де-

мекші, бұл арада зиянды активтерді 

жи нақ таушы зейнетақы қорларының сатып 

алуы на байланысты ши шығып тұр. Ұлттық 

банк төрағасы Г.Марченко мырзаның өзі, 

әлгі қор шығаратын құнды қағаздарды 

жи нақ таушы зейнетақы қорлары мен ком-

мерциялық банктер сатып алатын болса, 

онда Ұлттық банк те ол туралы ойланып 

көреді деп салған еді. Яғни мұндай қауіп-

қатерге аталған қор жобасын жасауға 

қатыс қан бас банктің басшысы да бас тік-

кісі келмейді. Әрі Г.Марченко: «Стрестік 

активтік қорына банктердің қоржынындағы 

үлескерлерге қатысты «нашар борыштар» 

шығарылмауы тиіс» деп мәлімдеген еді. 

Бұл ретте мамандар бұл таңдау елімізде 

болуы мүмкін жекешелендірудің бүркеме 

түрін байқатпайды ма деп долбарлайды.

Қаржыгер-маман Ілияс Исаевтың пі-

кірін ше, таяуда іске кіріскен проблемалық 

ак тивт ер қорының жұмыс тізбегі күмәнді, 

сон дықтан ол, біріншіден, зейнетақы ак-

тив терін қолма-қол құрдымға кетіруді біл-

ді реді не болмаса бұл қорға нашар бо-

рыш тарды сатып алып, оны сату құқығына 

ие болу мәртебесі берілгеніне қарағанда, 

елімізде жекешелендірудің бүркемеленген 

үшінші, төртінші кезеңі жүзеге асырылуы 

ықтимал, тағы, бір жағынан, жекешелендіру 

зейнетақы қорлары үмітсіз активтерді 

сатып алу арқылы бұл қарыз ақшаларды 

бола шақ ұрпақтың мойнына артуды таны-

туы мүмкін. Осы жағынан алғанда, ма-

манның пікірінше, бұл шара қоғамдағы 

осы мәселені тереңдете түспесе, оны түбе-

гейлі шешпейді.

«Марченконың сөзіне қарағанда, ол 

проблемалық активтер арасындағы тар-

тым  дысын таңдағысы келеді. Ал ол өз 

кезегінде елімізде жекешелендірудің бүр-

ке 

меленген үшінші, төртінші кезеңінің 



жүзеге асырылуы мүмкін екенін байқатады. 

Яғни бұл шара белгілі бір кезеңде қаржы-

лық жағынан қиындық көріп отырған, бір-

ақ табысты өндірістерге ашкөз қаржылық 

магнаттардың қол сұғуына жол ашады», 

– дейді ол. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет