Болатбек МҰхтаров кереку өңірінде жер сілкінді



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6

Айзат МЕҢДЕШЕВА

ТА

ЛҒАМ



V-Alem-нің ұлттық поп-музыканың қаза-

нына түскеніне жуырда бір жыл толды. 

Өнер лі ұлдардан құралған топтың атауын-

дағы алдыңғы әріп victory – «жеңіс» деген ді 

білдіреді. Музыкалық ұжымның көз дегені 

биік: әлемге қазіргі заманғы қазақ өнерін, 

қазақ жастары талантының әлеуетін таныту. 

Топтың репертуарында әзірше алты ән бар. 

Әйгілі Нұртуған жыраудың «Қа не кей, тілім, 

сөй леші!» термесінің бүгінгі заманға лайық-

талған нұсқасынан бастап, Шөмішбай Са-

риев пен Самат Рыспанбеттің «Қазақ рухы», 

Самат Рыспанбет пен Жанат Серік бек тің 

«Іздеймін сені», Азамат Тахиров пен Павел 

Лидің «Ғашығым» және басқа әндер тыңдар-

мандарын тапты. Бой-бэнд әндері мазмұн 

жағынан сан алуан болғанымен, отаншыл-

дық, жастық жігер, ғашықтық сезім тақырып-

тары бұл жігіт 

тер 


дің ырғағында ерекше 

әсерлі, бұлардың орындауында әннің бәрі 

жаңашылдыққа жаны құштар қыз-

бозбалалар үшін бірден құмартып қаларлық 

дүниелерге айналады. Әндерінің барлығына 

заманауи сахналық би үлгілері әзірленеді.



Ән әлеміне аяқ басқан V-Alem

Азамат ЕРЖАНҰЛЫ, топтың мүшесі:

– Өнеріміз тәй-тәй басқан бала сияқты 

енді-енді дамып, көпшіліктің назарына 

ілігіп жатыр. Репертуарымыздағы әндердің 

үшеуі – авторлық шығарма. Біздің ойымыз-

ша, кәсіби, шынайы өнерге ұмтылған кез 

кел ген әншінің әнқоржынында халықтың 

құн ды қазынасы саналатын дүниелер бо-

луы керек. Нұртуған жыраудың «Қанекей, 

тілім, сөйлеші!» термесін осы мақсатпен 

ре 

пертуарға қостық. Сондай-ақ Самат 

Рыс 

панбеттің бірнеше әнін орындап 

жүрміз. Бұл – әндеріміздің көбін қазіргі 

заманға сай өңдеумен айналысып жүрген 

азамат.

Бүгінгі поп-мәдениетте бой-бэндтер 

де, гёрл-топтар да көп. Бәсекелестіктің 

заңымен жүрмесе болмайды. Дегенмен 

V-Alem жігіттерінде бұған қатысты үрей-

лену жоқ. Қашанда талант пен шынайы-

лық тың, еңбек пен кәсібиліктің өрге сүй-

рейтініне сенеді. Жас әншілер музыкалық 

топтар санының көбейгені олардың сапа-

сын да арттыра түседі деген пікірде. Тың-

дарман өзінің сүйікті тобын қылығынан 

та ны мақ. «Мысалы, патриоттық әндерді 

көп шілік міндетті түрде марш пен басқа да 

бай салды ырғақта айту қажет деген пікірді 

ұста нады. Отан, елдік рух тақырыбындағы 

ән дердің бәрін бұлай орындау міндетті 

емес. Біз осы қалыптасқан стереотипті бұз-

ғы мыз келеді. Неге патриоттық әндерді 

жастардың санасында жақсы қалатындай 

еркін стильде насихаттамасқа?!» – дейді 

топтың мүшесі Ардақ Салқашев. 

V-Alem-нің өзіндік келбеті бар топ 

болып қалыптасуына кезінде талантты әнші, 

композитор, продюсер Нұрділла Сәр-

сенбаев,  «Jado  продакшн»  компания с ы ның 

жетекшісі, дизайнер, хореограф, режиссер 

Жадыра Сахиева сияқты өнер иелері қолдау 

көрсетті. Бүгінде V-alem-діктер өздері – 

әнші, өздері – биші, өздері – продюсер, 

өздері – режиссер, өздері – актер. Солай 

бола тұра, бесаспап жігіттер талантты 

адамдармен жұмыс істеуге қарсы емес. 



Жалын ТІЛЕУБЕРГЕН, топтың мүшесі:

– 

Әр топтың негізгі мақсаты – 

халыққа кеңінен танылу. Біз қазір не істесек 

те, бәрі сол мақсаттың жолындағы шаруа-

лар болып саналады. Басты жоспарымыз 

– жақсы әндеріміздің біріне бейнебаян тү-

сіру. Ол көптің бірі түсіретін дүние болмауы 

тиіс. Үшеуміз де студентпіз, Өнер академия-

сын да оқып жатырмыз. Енді бейнебаян 

үшін тірнектеп қаржы жинап, ойымызды 

іске асыруымыз қажет. Келешекте танымал 

әнші аға-әпкелерімізбен дуэт орындауды 

да ойлаймыз. 

Мамыр айының соңына таман V-Alem 

Түркияда өтетін Adana Uluslararasі Tьrk 

Dьnyasі Kьltьr ve Sanat Festivali халықаралық 

фестиваліне қатысады. Әнші жігіттер бұл 

байқауға осымен екінші жыл қатарынан 

шақырылып отыр. Былтырғы фестивальде 

топтың өнеріне күллі түркі дүниесі қошемет 

білдірген болатын. Шағын топтың алғашқы 

жетістіктері осындай. Алар асуы әлі алда. 

Үш жігіттің идол-топқа айналуға бар 

мүмкіндігі жетеді. 



Олардың бойында танымал 

болуға қажеттінің бәрі бар: 

талант та, кәсібилік те, 

еңбекқорлық пен жігер де. 

Бірақ бұл бой-бэнд өкілдері 

өзгелерден ерекшелену үшін 

ғана жан алып, жан беруді 

мақсат етпейді. Талант пен 

еңбек, сүйкімділік пен 

шынайылық бәрібір көлеңке-

ден алып шығады деп сенеді. 

Қазақ поп-мәдениетіндегі жас 

топтың атауы да соны аңғарта-

ды: V-Alem – биікті бағынды-

ру ды көздеген топ.

Жақында «Болашақ» стипендиясына үміткер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын 

талаптар өзгереді деп естіп едім. Онда қандай жағдайлар ескерілген?

Арайлым НҰРҚАНҚЫЗЫ, Алматы облысы

Білім және ғылым министрлігі таратқан мәлімет-

терге сүйенсек, «Болашақ» халықаралық стипен-

дия сына үміткер мемлекеттік қызметшілерге қойы-

латын талаптар мен қажетті құжаттардың жаңа 

тіз бегі  жасалды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру 

сәтінде мемлекеттік қызметте, оның ішінде соңғы 

12 айды қоса алғанда кемінде екі жыл жалпы 

жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып 

табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер 

үшін бөлінеді. 



Қажетті құжаттар тізбесі:

1. Жұмыс берушінің тапсырысы 

2. Үміткердің сауалнамасы 

3. Негіздеме-өтініш

4. Жеке куәліктің және паспорттың нотариалды 

куәландырылған көшірмесі

5. Қосымшасы бар дипломның нотариалды 

куәландырылған көшірмесі

6. Белгіленген медициналық ұйымдардан 

алынған 082/у медициналық анықтама

7. СТН көшірмесі

8. Соңғы екі жылда зейнетақы аударымдарын 

төлегендігін растайтын зейнетақы қорынан үзінді 

көшірме 


9. Еңбек кітапшасының нотариалды куәлан-

дырылған көшірмесі



Сонымен қатар үміткерлерге келесі жеңілдіктер 

қарастырылған:шет тілдерін білу деңгейі төмен-

детілген; жас шамасына қарай шектеу жоқ; шетелдік 

ұйымдардың талабына сәйкес 4 оқу семестріне 

дейін тілдік дайындық өту мүмкіншілігі 

қарастырылған. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайын-

даған жағдайда стипендиат оқуды ұйымдастыру ту-

ралы шартқа сәйкес оқуын аяқтағаннан кейін Қазақ-

стан 

ға міндетті түрде оралуы мен «Болашақ» 



ха лық аралық стипендиясы шеңберінде алған маман-

дығы бойынша мемлекеттік қызметте үздіксіз бес жыл-

дық еңбек қызмет ету туралы келісімшарт жасай ды. 

Биыл Канн кинофестиваліне қандай қазақстандық режиссерлердің фильмі қатысады? 

Гөзел СЕЙФУЛДИНОВА, Алматы қаласы 

Биыл Ш.Айманов атындағы «Қазақ фильм» 

киностудиясының режиссері Дә 

режан Өмір-

баев тың «Студент» фильмі 65-ін ші Канн кино-

фестивалінің «Ерекше көзқарас» атты байқаулық 

бағдарламасына ілінді. Канн фес тивалі мамыр-

дың 16-сы мен 27-сі ара лы ғында Фран ция да 

өтеді. «Ерекше көз қа рас» бағдарламасы бойын-

ша «Студент» филь  міне Хулио Медем, Гаспар 

Ноэ және Кса вье Долан секілді кино шеберлерінің 

туын дылары бәсекелес болмақ. Өздеріңізге бел-

гілі Дәрежан Өмірбаев осымен үшінші мәр те 

Канн фестиваліне қатысқалы отыр. 1998 жылы 

оның «Киллер» атты фильмі «Ерек ше көзқарас» 

бай қауы бойынша ар найы сый лыққа ие болған. 

Сондай-ақ ол 2001 жылы «Жол» атты картина-

сымен бай қау ға қатысқан болатын. Дәрежанның 

«Сту дент» фильмі Достоевскийдің «Қылмыс пен 

жаза» романының желісімен түсірілген. Сон дай-

ақ Канн фести валінің шеңберінде 17 ма  мырда 

«Жаужүрек мың бала» фильмі көр 

се 

тіледі. 


Естеріңізге сала кетейік, «Жаужүрек мың бала» 

режиссер Ақан Сатаевтың экшн эле менттері бар 

тарихи-шытырман драмасы. Алматылық 

көрермендер «Жаужүрек мың бала» фильмін 

3 мамырдан бастап кинотеатрлардан көре 

алады. 


Болатбек МҰХТАРОВ

Басы 1-бетте

«Опиум» бильярд клубында өтеді. 

Басталуы – сағат 10.00-де. Жарыс 

жеңімпаздары арнайы дипломдар мен 

бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру алқасы

Төрт жасынан бастап хат танып, тоғыз 

жасынан қолына қалам алып, өлең жаза 

бастаған ақын қыз 1990 жылы 29 қаңтарда 

Моңғолияның Қобда аймағында дүниеге 

келген. Баян-Өлгей аймағындағы мектепті 

үздік бітіріп, кейін Атамекенге келіп, Астана 

қаласындағы «Дарын» мемлекеттік ғылы-

ми-практикалық орталығының қолдауы-

мен мемлекеттік грантты жеңіп алып, Абай 

атындағы университетте білімін ұштады. 

Бүгінде ол осы оқу орнының магистранты 

ретінде білімін жетілдіру үстінде. Алтын-

шапақ Хаутайқызының өлеңдері Моңғолия 

мен Қазақстанның түрлі басылымдарында 

жарияланған. Уақыт өткен сайын қаламы 

ұшталып келе жатқан ақын қыз бірқатар 

шығармашылық байқаулар мен респуб-

ликалық мүшәйраларға қатысып, жүлделі 

орындарды иемденген. 2011 жылы ел 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 

ұйымдастырылған, Павлодар қаласында 

өткен «Тәуелсіздік тұғыры» атты жас қалам-

герлер фестиваліндегі байқауда Қадыр 

Мырзалиев атындағы арнайы сыйлықтың 

иегері атанды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 

Алтын шапақтың «Қаламымнан сағыны-

шым сырғанап...» атты жыр жинағы мем-

ле кеттік тапсырысқа енгізілді. Жинақ келесі 

жылы «Жалын» баспасынан жарық көреді 

деп жоспарлануда.

Жас талантқа қолдау көрсетіп, шығар-

маш 


ылық кештің өтуіне ұйытқы болып 

отыр ған – университет ректоры Серік Пір-

әлиев. Әдеби шараның негізгі ұйымдас ты-

рушысы – аталған оқу орнының Магистра-

ту ра және PhD докторантура институтының 

директораты.

Кешке жас ақынның ұстаздары мен 

әріптестері, ақпарат құралдары өкілдері 

мен бірқатар әншілер қатысады. Келемін 

деуші жырсүйер қауымға есік ашық.



Бек МЕРГЕН

№69 (751) 

24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Медицина мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алғым 



келеді. Еліміздегі жоғары оқу орындары мұндай білім сатысы 

бойынша оқыта ма, әлде докторантура шетелдік оқу орындарында 

ғана ма?

 

   Асылбек 

БАЙДӘУЛЕТОВ, 

Ақтөбе облысы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 

м а м а н   да р ы н ы ң  

м ә л і м ет і н ш е , 

«6D110100 – медицина» мамандығы 

бойынша PhD докторантура бар. Бұл 

мамандық бойынша докторантуралық 

білім беру құқығы Астана медицина 

университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы 

Халықаралық қазақ-түрік универ-

ситетіне берілген. Денсаулық сақтау 

министрінің 05.06.2010 күнгі №418 

бұйрығына сәйкес, бұл мамандық 

бойынша алғашқы оқу орнына – төрт, 

екіншісіне үш мемлекеттік білім беру 

тапсырысы бөлінеді.

Көлік жүргізу құқығынан айыру қай 

күннен бастап есептеледі?

Дәрігерлік мамандық бойынша 

докторантура қай оқу орнында бар?



– Еліміздің жер-суы мен тау-тасының 

географиялық жағдайын, кешегі-бүгінгі 

хал-ахуалын өзіңіздей жетік білетін 

адам кемде-кем. Геологиялық экс-

педиция бойынша Қазақстанның талай 

өңірін араладыңыз, карталарын жаса-

дыңыз, сала жұмысына әлі де атсалысып 

келесіз. Осы тұрғыдан алғанда, өзіңізді 

алаңдататын қандай жайттар бар?

– Бізде қазақтың жер-суын, тау-тасын, 

тағы басқа табиғи байлығын арқау еткен 

жөні түзу оқулық жоқ. Географияның бас 

құралы карта болса, оның да жетісіп тұрғаны 

шамалы. Елімізді, жерімізді алғаш өзіміз 

танып, содан соң өзгеге танытамыз десек, 

карта мәселесін жадымыздан шығар-

мағанымыз дұрыс. Карта дегенде, әрине, 

тек географиялық картаны ғана емес, 

геоботаникалық, палеоботаникалық, зоо-

географиялық, экономикалық, физика-

географиялық, ландшафтық, сейсмикалық, 

геоэкологиялық, геофизикалық, гидро-

геологиялық, тектоникалық, минера 

ло-


гиялық, қазба байлықтар, су ресурстары, 

жануарлар, өсімдіктер дүниесі, гемо мор-

фологиялық, топырақтану, архео логиялық, 

тарихи, метео рологиялық, климатологиялық 

карталарды қаперге ұстаған мақұл. Яғни 

бізге ұлттық кешенді дербес картографиялық 

фабрика ашу қажет. Ұлттық полиграфиялық-

картографиялық орталықтың жоқтығынан 

қазір көптеген нысанның аттары бұрмаланып 

жүр. Анығырақ айтсақ, олар орыс транс-

крипциясында орысша жазылып, әлемге 

таралып отыр. Біле білсек, бұл – ұлтты ғы-

мызға, елдігімізге үлкен сын. 

– Ендеше, осы картография ғылымы 

туралы кеңірек айта кетсеңіз. Мысалы, 

картаның жасалуы, жаңалануы деген 

сияқты мәселелерге біз қаншалықты 

мән беріп жүрміз? 

– Ең масқарасы, бізде арнайы оқу орны 

тұрмақ, классикалық, іргелі картография 

факультеті жоқ. Ғылыми-зерттеу орта лық-

тары болмаса, өзге мемле кеттермен қалай 

бәсекелесеміз?! 

1994 жылы Қазақстанның карто 

гра-


фиялық фабрикасын ашу жөнінде қаулы 

шыққан. Сол қаулы 11 жылдан кейін іске 

асып, фабрика құрылды. Мен сол жерде 

жұмыс істеген кезде Қазақстанның 14 

облысының әкімшілік-аймақтық картасы 

жасалды. Әлі де жасалып жатыр, жаңа тер-

миндер қолданылуда. Бірақ бұрмалаушылық 

көп. 


– Шетелдердің карта жасаудағы 

тәжірибесін барлап, бақылап көрген 

кезіңіз бар ма?

– Америка Құрама Штаттарына бар-

ғанымда дүниежүзінің атласын сатып 

алдым. Ондағы кейбір атаулар біздің айтып 

жүргенімізден басқаша берілген. Мысалы, 

Солтүстік Мұзды мұхит дегенімізді олар – 

Арктика мұхиты, ал Тынық мұхитты Паси-

фик дейді екен. 



– Мысалы, өзіңіз айтып отырған осы 

картаның біздікілерден қандай артық-

шылығы бар? 

– Бұл картаның артықшылығы, барлық 

мемлекетті өз атымен атап жазған. Мәсе-

лен, біз Қытайдың орталығын Пекин дейміз 

ғой, мұнда ол Бейжин деп жазылған, яғни 

әр ұлттың өз тіліне жақындатып айтқан. Тағы 

бір ерекшелігі, белгілі бір мемлекеттің 

территориясын көрсеткенде сол халықтың 

негізгі атынан алыс кетпеген. Мысалы, 

Шведен, Финландия, Романия, Түркия, 

Аустралия деп бұрмаламай берген. 

Қазақстан Қазақстан болып тұр. Әйтпесе 

Киргизская степь деп қоя салатындар да бар 

ғой. Сондай бір картаны кезінде өзім сынап 

жазғанмын да. 

АҚШ-тың ғылыми-картографиялық 

орта 

лықтары шығарған карталарда мұ-



хиттар астындағы су жоталарын да көрсетіп 

қойған. Ал біздің атластарда оның бәрі 

жоқ. 

– Енді осы саладағы кем-кетіктерді 

түзеудің, олқылықтарды жөндеудің 

жолы қандай? 

– Мемлекеттік құрылымды жүйеге 

келтірмейінше, іс оңалмайды. Бізде кар-

тография ғылымының бағыттарын анықтау, 

қаржы мәселесін реттеу дұрыс деңгейде 

емес. Бәсекелесетін ұйымдар жоқ, Карто-

графия жөніндегі дүниежүзілік ассоциа-

цияның мүшесі емеспіз. Шетелдерде өтіп 

жататын үлкен форумдарға қатысып, біздің 

өнімдерімізді көрсететін, сынға салатын өкіл 

жоқ. Мысалы, картографияның проб-

лемасын экономист барып айта алмайды 

ғой. Жалпы, бізде сала-саланы бүге-шігесіне 

дейін оқытатын маман да жоқ. Палеон-

тология, палинология, палеозоология, 

палеоботаника және қазба байлықтарды 

есептейтін курстар болуы керек. Соның 

барлығын қысқартып тастаған. 



– Өзіңіз жоғарыда айтқандай, қалай 

болғанда да бізде карталар жасалып 

жатыр. Солардың нақты кемшіліктері 

қандай? 

– Негізі, халықтық карта жасау үшін бүкіл 

Қазақстанды аралап шығу керек. Бізде әр 

облысты, әр ауданды білетін мамандар 

жеткілікті. Жасы 80 мен 90-ның арасындағы 

шалдар ертең дүниеден кетеді. Соларды 

пайдалану керек. Мысалы, Кенесарының 

денесін іздеген кезімізде жасы 85-ке келген 

Кенже Демеуов деген ақсақалды ертіп алып, 

Қырғыз Алатауының бес өзенін араладық. 

Сол кісі Кекіліксеңгірде Кенесарының ту 

тіккен жерін көрсетті. Сосын шайқас болған 

Майтөбе, сарбаздарға қалқан болған  Ұра-

басы деген жерлер де еш картада жоқ. 

Солардың бәрін өз картамда белгілеп 

қойдым. Мен кезінде Кенесары жорығының 

картасын жасау керек дегенмін. Бірақ ол 

арманым іске аспай қалды. Жалпы, тарихты 

қалыптастыру үшін әртүрлі хандардың, 

батырлардың үлкен жорықтарының картасы 

болуы керек. Тарихи тақырыпқа қалам 

тартқан әрбір жазушының алдында карта 

тұруы тиіс. Сарбаздар қай жерде, қай өзен-

нің бойымен жүрді, аттары қайда жайылды 

– оның бәрін ауадан алып жаза салуға 

болмайды. Тіліміздегі бірқатар терминдер, 

жер-су аттары осындай қиян кескі ұрыстар 

мен ірі тарихи оқиғалар барысында пайда 

болған. Мысалы, мың басы, жүзбасы, елу-

басы атаулары немесе «қарауылшы үй, 

қарақшы, қарауылтөбе, сұм қайтты» сияқты 

сөздер қазақта өздігінен пайда болмаған. 

Сондай-ақ Әбілқайырдың даласы, Қабан-

бай тауы, Наурызбай бұлағы дегендей жер-

су аттары да хандарымыз бен ба 

тыр-


ларымыздың, басқа да айтулы 

тұл    ға    лары мыздың  есімімен,  ерлігімен 

байланысты қойылған. 

– Сондай тарихи атаулардың бұр-

маланып кеткендерін анықтап, 

қайтадан қалпына келтіруге де көп 

атсалысып жүрсіз... 

– Патшалық кездің оқымыстылары қа-

зақтың жер-су атауларын, негізінен, дұрыс 

көрсеткен. Олар 1880-1914 жылдар ара-

лығында қазақ жеріне переселендердің 

келуіне байланысты бүлінген. Одан кейінгі 

бұрмалануы тың эпопеясы тұсында болды. 

Яғни қазақ жерінің тарихи атаулары әдейі 

алып тасталып, кілең орыс маршалдары мен 

шовинистерінің есімдері таңылған. Өкінішке 

қарай, солтүстік аймақтарда сол атаулар әлі 

сақталып тұр және бұл жағдай тек солтүстікке 

ғана тән емес. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан 

облысындағы Түлкібас ауданында Шарап-

кент деген ауыл бар. Орта ғасырларда ол 

жерде Төрткүл деген қала болған. Ар 

жағында «Ақтабан, шұ бырындыдан» қалып 

қойған Қарауыл төбе, Қарақшы, Ұрыбұлақ 

деген жерлер бар. Мұның бәрі – сол шайқас 

кездерінде бақылау пунктілері болған 

жерлер. Сол сияқты қазір Ұрыжарды – 

Үржар, Мұқан шыны Мақаншы деп қате 

айтып жүрміз. 

Кеңестік кезде пайда болған Жаңаталап, 

Алғабас, Ынтымақ тәрізді атаулар да көп. 

Алматы түбіндегі Маловодное ауылының 

тарихи аты Атамқұл би болған. Осыны 

қанша айтсақ та, ешкім құлақ аспай жүр. 

Тағы бір айтатын нәрсе, Ұзынағаш жақта 

Қарасу деген жер бар. Соны Сарыбай би 

деп өзгертіпті. Ар жағындағы Қараөзекті 

Саурық батыр деп қойыпты. Әйтеуір, қазақ-

ша болсын деп, қалай болса, солай өзгерте 

беруге де болмайды, санаға сіңген, бұрынғы 

атауы қойылғаны абзал. Оңтүстік Қазақ-

станда Поголевка деген жер болған. Мен 

соны қайта-қайта жазып жүріп, Рабат деген 

атын қалпына келтірдім. Бұрында қаланың 

ортасын – шахристан, ал қара шаруалар 

тұратын жағын рабат деп атаған екен. Мұны 

айтып отырғаным, тарихи атты қалпына 

келтіру керек, жер-суға әркімнің өз 

туысқанының, ата-бабасының атын беруіне 

жол бермеу қажет.

 – Сіз бүкіл Қазақстан бойынша бұр-

маланған атаулардың бәрін білесіз бе? 

– Өзім туралы айта берудің қажеті жоқ. 

Алайда біраз атты қалпына келтірдім де. 

Мысалы, Қостанай облысындағы Комсомол 

ауданын Қарабалық деп өзгерткіздік, 

Ақтөбедегі Қандыағаштың, Шалқардағы 

Әлім таудың тарихи атын қайтардық. 

Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының 

дүниеге келуіне атсалыстым. Біраз адам: 

«Байзақ деген кім?» – деп қарсы болды. 

Осы өңірдегі Сарыкемер, Жуалы, Т.Рысқұлов 

аудандарының аттары да орысша болған, 

соларды ауыстыруға да араластым. Айта 

берсек, мұндай жайттар өте көп. 



– Соңғы карталарыңыздың бірінде 

«белгілі бір елді мекенді, жер-су ат-

тарын қысқаша тарихымен қоса 

көрсеттім» деп едіңіз. Сол бекітілді ме?

– Ономастикалық, терминологиялық 

комитеттер оны бекітіп, картадағы жер-су 

аттары қысқаша мәтінімен шықты. Ендігі 

жөнге келмей жатқаны – Алматының 

маңайы. Мысалы, Мойка деген өзеннің аты 

– Басқара су, Султанка деген өзен Сұлтанбек 

болуы керек. Горный гигант – Алып тау 

совхозы деген сөз. Оны қазір Таулы қырат 

деп жүр. Қырат емес, теп-тегіс жер ғой ол! 

Сосын қазіргі Нұрлы тау деп жүргендерінің 

тарихи аты Құмдан төбесі болған. Ол өзі – 

археологиялық ескерткіш санатындағы жер, 

сол маңайдан бұрын көне құмыралар 

табылған. Түрксиб деген тағы бір тарихи 

атаулы жер қазір Нұртөбе аталып жүр. 

Осындай аттар көбейіп бара жатыр. 

Қарағайлы өзені 1787 жылдан бері бар. 

Соған қарамастан, бүгінде оны Қарғалы деп 

жүр. Ономастикалық комиссияның 1997 

жылғы шешімі бойынша, Каменское пла-

тоны Терісбұтақ тауы деп өзгерттік. Ал Верх-

няя Каменка, Нижняя Каменка дегендердің 

тарихи аты – Тастыбұлақ. И.Мушкетовтің 

«Вер ненское землетрясение» деген, 1887 

жылы жасаған картасы бар. Тастыбұлақ 

деген атау тіпті сол картада да көрсетілген. 

Сосын мен «Жібек жолы» атауына қатысты 

да көп айтып жүрмін. Негізі, Райымбек 

даңғылының басталатын жағы Жібек жолы 

болуы керек те, ол Құлжа трассасына 

жалғасып кетуі тиіс. Бізде ол ортасынан 

үзіліп қалған. Міне, осы мәселелер жөнге 

келмей жатыр.

Тағы бір жайт, республикалардың ара-

сында келісімдік аттар жоқ. Мысалы, 

Ресейдің Самара облысында Жалпы сырт 

деген ат бар. Сол сияқты тастақты сырт, 

көкшіл сырт деген сияқты сырттар көп. Ол 

жерде де түркі халықтары тұрады ғой. 

Жайық өзенінің бергі жағын қарасаң, Ор-

Елек сыртын Ор-Елек қыраты деп айтады. 

Сырттың жалғасы ана жақта жатыр. Сосын 

барлық жерде үстірт деген ат бар. «Үстірт 

болуы үшін астырт болуы керек. Қа зақта осы 

күнге дейін астырт қалып тас паған», – деп 

мұны Левшин баяғыда айтып кеткен. Яғни 

біздің ойпат, ойыстарымыз астырт болуы 

керек. Биік тауда үстірт көбейіп кетті. Биіктігі 

2500-3500 метрлік биік таулар үстірт 

болмайды. Бұқтырма өзенінің шығысында, 

Алтай Республикасында Укок деген тау бар. 

Ол үстірт емес. Қазақта Көк жота, Көк жон, 

Қара жон деген ұғымдар бар, ол тегін 

айтылмаған. Укок Жон жота болуы тиіс, яғни 

биік таулардағы теп-тегіс жерлерді жон, 

жота деу қажет. Қазақта Ақ текше, Жаман 

текше, Абдыра текше деген де атаулар бар. 

Орысша айтқанда, пред 

горняя ступень, 

яғни текше немесе баспал дақ. Карта жаса-

ғанда осыны ескеру керек. Мен Катонқарағай 

жақтан бастап, Сарым 

сақты, Таутекелі, 

Нарынтау, Жетісу Алатауы 

ның бәрінің 

текшелерін көрдім. Қырғыз Алатауы, Талас 

Алатауы, Өгем, Қаржантау, Қаратау – 

бәрінде текше бар. Сол текше тауларды 

картаға кіргізгіміз келмейді. Сөйтіп, үстірт, 

сырт деген сияқты қалып таспаған атаулар 

қаптап кеткен. Таудың ең бірінші вертикалды 

қимасы – шың, одан кейін – күреңсе. Күрең-

се – шыршаға дейінгі, мүк өсетін, биік жер. 

Одан кейін бөктер, беткей, текшелер кетеді. 

Көкшетау жақта таудың етегін салпық дейді 

екен. Міне, қазақтың өзінің ұғымында бар 

осындай атаулардың бәрін картаға енгізіп, 

пайда 

лануымыз керек. Қарап тұрсақ, 



барлық жерде үстірт пен текше, су айрық-

тары шатастырылған. Осы уақытқа дейін Іле 

Алатауы дейміз, бұл – Заилийский Алатау 

деген орысша атаудың аудармасы. Мен оны 

барлық картада Алматы-Алатау жотасы деп 

қолдандым. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет