Болатбек МҰхтаров кереку өңірінде жер сілкінді



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6

Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер-маман:

– Қор шығарған құнды қағаздарды 

жинақтаушы зейнетақы қорлары, екінші 

деңгейдегі банктер сатып алса, сол ақшаға 

қор проблемалық несиені иемденеді. Осы 

арада мынадай мәселелер туындайды. 

Егер өліп қалған активтерді жинақтаушы 

зейнетақы қорлары сатып алу туралы 

шешім шығарса, онда бұл зейнетақы жүйе-

сінің болашағы бұлыңғыр етіп, оны құр-

дымға кетіреді. Дұрысы, зейнетақы қорла-

рын дағы қаражатты «нашар борыштардан» 

гөрі дені сау экономикаға жұмсаған әлде-

қайда тиімді. 

Қалай дегенмен де, еліміздің жинақ-

тау шы зейнетақы қорлары да «нашар бо-

рыштарды» сатып алу үшін шығарылған 

құн ды қағаздарды сатып алуға құлық сыз-

дық танытып отыр. 



Айдар ӘЛІБАЕВ, Қазақстанның 

зейнетақы қорлары қауымдастығының 

төрағасы:

– Меніңше, зиянды активтерді еліміздің 

жинақтаушы зейнетақы қорларының сатып 

алуы екіталай. Қалай дегенмен де, таяуда 

іске кіріскен Проблемалық активтер қоры-

ның жұмысы күмәнді. Сондықтан олар 

алдымен өзінің ісіне адал, ал бизнес-

әріптестерін тақырға отырғызып кетпейтінін 

дәлелдеуі керек. Әзірге біз ондай айғақты 

көріп отырған жоқпыз. Өз ісінің мүлтік сіз-

дігін дәлелдеу үшін бұл қорға көп уақыт ке-

рек болады. Соның нәтижесінде жинақ тау-

шы зейнетақы қорлары әрекет етуі тиіс.

Кәмшат САТИЕВА

ОЙТ


А

ЛҚЫ


«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА» ЖАҢА 

ТЕТІКТЕР ЕНГІЗІЛГЕН

Иә, «Қолжетімді баспана» бағдарлама-

сы отандық құрылыс материалдары ин-

дус 


триясын алға тартатын негізгі мем-

лекеттік бастама ретінде белгіленіп отыр. 

Себебі оның аясында құрылыс заттарына 

деген сұраныс күрт өсіп, қолжетімді бас-

паналар көптеп салынуы тиіс. Тұрғын үй 

шар уашылығы және құрылыс істері жөнін-

дегі агенттік төрағасының орынбасары 

Николай Тихонюктың айтуынша, бүгінде 

«Қолжетімді баспана» бағдарламасының 

алғашқы жобасына үйлерді таратудың 

жаңа тетіктері енгізіліп отыр. Оның бірі – 

жас отбасылар үшін баспана салу. Оған 



Мемлекеттік баспана қолжетімсіз болып қалмасын десек...

сәйкес, жастар 4-санаттағы үйлерді бір 

шар шы метрі үшін 80 мың теңгеге ала ала-

ды. Тұрғын үй жинақ банкі арқылы іске 

аса тын осы жүйе аясында несиенің 4 па-

йыздық мөлшерлемесі қарастырылған. 

Жас отбасылар банкке ай сайын 30 мың 

тең геден төлейді. Жеңілдіктің бұл түрі тек 

ай мақтарда ғана болады. Ал Астана мен 

Ал маты қалаларында үйдің бағасы бір 

шар шы метрі үшін 120-140 мың теңгеден 

кем түспейді. Бұдан басқа, Қазақ ипоте-

калық компаниясы арқылы қолжетімді 

баспананың біраз бөлігін іске қосу жос-

парланып отыр. Ал Астана мен Маңғыстау 

облысында апатты жағдайда тұрған 

үйлердің орнына жаңа құрылыс нысандары 

бой көтермек. Сөйтіп, қала тұрғындары өз 

баспаналарын жаңартып алса, мемлекет 

артық салынған үйлердің есебінен өз шы-

ғындарын өтейді. Міне, осы бастамалардың 

барлығы іске асуы үшін отандық құрылыс 

материалдары индустриясын барынша 

көтеру қажет. «Негізі, алғашқы тәжірибе 

көр сетіп отырғандай, Тұрғын үй жинақ 

бан кі арқылы сатылатын үйлерге сұраныс 

бар. Бас кезінде банк салымшыларының 

саны 17 мыңдай болса, қазіргі кезде олар-

дың саны 75 мыңға дейін өсті. Қазіргі тұр-

ғын үй бағдарламасы жыл сайын 2,5 мың 

пә 

терді пайдалануға беруді көздейді. 



«Қол жетімді баспана-2020» бағдарлама-

сы ның жаңа тұжырымдамасы аясында біз 

бұл көрсеткішті екі есе арттыратын бола-

мыз», – дейді Н.Тихонюк.



ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН 

ШЫҒАРАТЫН БИЗНЕС ҮШІН 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ 

БАРШЫЛЫҚ

Сонымен, қолжетімді баспанаға сұра-

ныс бар. Ендігі міндет – осы санаттағы үй-

лердің құрылысына қажетті материал дар-

мен қамтамасыз ету. Әрине, ол құрылыс 

зат тары арзан болуы үшін өзімізде шыға-

рылуы шарт. Өкінішке қарай, бүгінде кей-

бір аса қажетті құрылыс материалдары 

Қа зақстанда мүлдем шығарылмайды. Мә-

селен, біз терезе шыныларын өндірмейміз. 

Сол сияқты қыш тақтайшалары, радиа тор-

лар (жылу батареялары), полиэтилен 

құбырлары сынды тұрғын үй құрылысына 

аса қажетті заттардың басым бөлігін шетел-

ден әкелуге мәжбүрміз. «Қолжетімді бас-

па на-2020» бағдарламасын іске асыру 

барысында бұл үлкен проблемаға айналуы 

мүмкін. Себебі құрылыс заттарын шекара-

ның арғы жағынан әкеле берсек, ол бағ-

дарлама аясындағы баспана колжетімсіз 

болып қалуы әбден мүмкін. Осыған орай 

ел Үкіметі барлық шағын және орта биз-

несті еліміздің құрылыс материалдары ин-

дустриясын көтеруге үндеп отыр. Осы са-

лаға келетін кәсіпкерлерге біраз 

мем  ле кеттік  жеңілдіктер  қарастырылған. 



Әсет ИСЕКЕШЕВ, индустрия және жаңа 

технологиялар министрі:

– Қазақстанның құрылыс материалдары 

индустриясын көтеруге даяр кәсіпкерлер 

үшін мемлекеттік қолдау шаралары бар-

шы лық. Мәселен, құрылыс заттарын шыға-

ру үшін қандай да бір кеніш керек болса, 

үкі мет оны беруге әзір. Бұдан басқа «Биз-

нес тің жол картасының» мүмкіндіктерін 

пай далануға болады. Қазақстанның даму 

бан кінің «БРК-лизингі» арқылы кәсіпкер 

өзі нің өндірістік орнын жаңарта алады. Бір-

ақ өнеркәсіптің өнімділігі жоғары болуы 

шарт. Бұл – басты талап. Экспортқа шыға-

тын кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың 

50/50 тетігі қарастырылған. Инновациялық 

грант тар да – мемлекеттік қолдаудың бір 

түрі. Елімізге инновациялық технология-

лар ды әкелетін бизнесмендерге де біз кө-

мектесетін боламыз. Онда да өзіндік 

қаржы ландыру тетіктері бар. «Са мұ рық-

Қазына-Инвест» компаниясы бол 

са ірі 

жобалармен айналысады. Ол өнді  рістің 

техникалық негіздемесін жасап, инвестор-

лармен бірлесіп жұмыс істейді. Астана мен 

Қарағанды қалаларында орналасқан ар-

найы аймақтарда біз жер беріп, тиісті са-

лықтық жеңілдіктер жасай аламыз. Кеден 

саласында да ондай шаралар жоқ емес. 

Астана

Отандық құрылыс 

материалдары индустриясын 

дамытуды көздейтін салалық 

бағдарлама ішкі сұранысты 80 

пайызға қамтамасыз етуді 

көздейді. Ресми мәліметке 

сәйкес, бүгінгі таңда бұл 

көрсеткіш – 65 пайыздың 

шамасында. Дегенмен кейбір 

аса қажетті құрылыс 

материалдары Қазақстанда 

мүлдем шығарылмайды. 

«Қолжетімді баспана-2020» 

бағдарламасын іске асыру 

барысында бұл үлкен 

проблемаға айналуы мүмкін. 

Себебі құрылыс заттарын 

шетелден әкеле берсек, ол 

бағдарлама аясындағы 

баспана колжетімсіз болып 

қалуы әбден мүмкін. 

Соңғы жылдары халықты қор нарығына тарту шаралары қолға 

алынғаны мәлім. Ол үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осы 

жағы бізде қалай жүзеге асып жатыр?

Жамал СҮЛЕЙМЕНОВА

«Халықтық ІРО» – «ҚазТрансОйл», 

KEGOC, «ҚазТрансГаз», «Қазтеңізфло-

ты», «Самұрық-Энерго», ҚТЖ, «Қаз-

те мір транс»,  «ҚазМұнайГаз»,  «Қаз-

атом 


өнеркәсіп» сияқты ірі ұлттық 

компаниялардың акцияларын қор 

нарығына шығару жөніндегі Үкімет 

бағдарламасы. Соған орай Алматыда 

тұрғындарды «Халық 

тық ІРО» 

бағдарламасына тартуға ар 

налған 


кең көлемді жоба басталды. «Қаз-

пошта» қызметкерлері Халық тық ІРО-

ға қатысқысы келетіндермен тікелей 

жұмыс істейтіндіктен, нау 

рыздан 

мамырға дейін оларды үйрету шарасы 



жүргізілуде. «Қазпошта» брокерлік 

компаниялар мен аза мат тар арасында 

делдал болып табылады және 

түсіндіру жұмыстарын жүргізу, брокер 

компаниясын  таңдауға  жә р дем десу, 

брокерлік есепшот ашу және т.б. 

қызметтерді атқарады. Семинар 

бағдарламасында құнды қағаздар 

нарығы туралы жалпы мағлұмат 

және практикалық білім беру қам-

тылған. Оған қатысушылар есепшот 

ашуды үй ренеді, қажетті келісімдер 

мен бұй рықтарды толтырады. Өт-

кен сабақты қай талау үшін семи-

нардың бейне жазбасы әзірленеді. 

Бағдар ламаға  қатыс қандар  Ха лық-

 тық ІРО деген не, оның қандай пай-

дасы, тәуекелі бар екені жайлы, 

оған қалай қатысуға бола 

тынын 


жә не қалай рәсімдеу керек екенін 

ел-жұртқа түсіндіре алатын дәре-

жеге жетеді. 

Кеден одағы шеңберінде ет экспортының әлеуетін арттыруда қандай жұмыстар 

атқарылып жатыр?

Сайран ҚАСЫМОВ

2012 жылдан 2015 жылға дейін елімізге 

шетелдік селекцияның 57 мың ірі қарасын 

әкелу жоспарланған. Осылайша, «ҚазАгро» 

мемле кет тік холдингі ауыл шаруашылығы 

тауарла рын өндірушілердің 9 мыңнан астам 

таза тұ қым ды ірі қараны импорттау туралы 

өтінішін қа нағаттандырды. Бүгінде 2600 бас 

шаруа шы лықтарға  жеткізілген. 

Сондай-ақ ірі қараға қатысты экспорт-

тық әлеует ті дамыту жобасы шеңберінде 

«Қаз Агро» бір мезетте 150 мың ірі қараны 

бор  да  қы лауға  арналған  бордақылау  алаң-

дарының желісін құруды жоспарлап қой-

ды. 

Нақты айтқанда, биыл бір уақытта 20 мың 



малды ұстауға арналған бордақылау алаңда-

ры ның желісі құрылады, соның ішінде 2 мың 

орындық бордақылау алаңдары Солтүстік 

Қазақстан облысында орналастырылмақ. 

Бұдан басқа холдингінің қарауында 

Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақ-

стан облыстарының шаруашылықтарынан 

түскен 5 мың орындық мал бордақылау алаң-

дарының жобалары жатыр.

Арман АСҚАР

Қолдаудың басты құралы – кәсіп кер-

лерге субсидиялар беру мен кепілдендіру. 

Қазіргі таңда бағдарлама аясында субси-

дия лау бойынша 260 млрд теңгеге 800-ге 

жуық келісімшарт жасалыпты.

Алматы облысында «Бизнестің жол 

кар тасы-2020» бағдарламасы бойынша 

жиыр мадан астам жоба қаржыландыры-

лып отыр. Олардың жалпы сомасы 9,3 

млрд теңгені құрайды.

Қазақстандағы кіші қалалардың қа та-

рын дағы Текелі қаласы – Жоңғар Ала та уы-

ның етегіне орналасқан, табиғаты әсем, 

ауа сы таза, шағын кәсіпорындар ие ле  рі 

шар уасын дөңгелетіп отырған елді ме кен нің 

бірі. Жуырда осы қаладағы «Те келі ГМЗ» сүт 

зауыты Алматы облысы бо йынша «Биз-

нестің жол картасы-2020» страте гия лық 

бағдарламасына қатысуға мүмкіндік ал ды. 

Жаңа  бизнес  әрекеттерді  қолдау  не гі  зін де 

кәсіпорын «Ресей жинақ банкі» АҚ арқылы 

жылдық өсімі небәрі 4 пайыздық сыйақы 

мөлшерлемесімен 13 млн теңге несиеге қол 

жеткізді. Несие қара жатына зауыт жаңа 

жабдықтар сатып алумен қатар, айналым 

қа ражатын толық тыруды көздеп отыр. Шы-

ғар ған өнімдері бәсекеге қабілетті болған-

дықтан, кәсіп орын өткен жылы 9001-2000 

ИСО серти фи катын иеленген болатын. 



Валентина КУБРАК, 

«Текелі ГМЗ»ЖШС директоры: 

– Қолдау көрсеткені үшін облыс әкіміне 

алғыс айтамыз. Біз осы демеу қаржыға сүт 

өнім дерін суытатын, құятын, арнайы қап тар 

мен ыдыстарға мөлшерлеп жіберетін авто-

маттандырылған жүйелерді сатып алатын 

боламыз. Бұл, әрине, бізбен тұрақты жұмыс 

істейтін фермерлерге де тиімді бол мақ.

 Гүлжанат НҰРШАНОВА,

 Алматы облысы

№69 (751) 

24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ӨРКЕНИЕТ


 

«Болашақтың» талабы өзгерді ме?

Каннға кімдер барады?

ИГІ ІС


Әкім қаламгерлерге 

қолдау көрсетті

Ұжымдық жинаққа 2011 жылы, ел 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 

Павлодар облысы әкімдігі мен Қазақстан 

Жазушылар одағы ұйытқы болып, Павло-

дар қаласында өткізілген респуб лика лық 

жас қаламгерлер фестиваліне қатысқан 

жас ақын, жазушы, драматургтердің туын-

дылары енген.

Сонымен қатар тікелей аймақ бас-

шысы ның қолдауымен Павлодар қаласын-

да «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-

саяси журналы шыға бастады. Журналдың 

таралымы – 1000 дана, көлемі – 200 бет, 

мұқабасы мен кейбір ішкі беттері түрлі–

түсті суреттермен безендірілген. Журнал-

дың І санының беташарында облыс әкімі-

нің «Өркенді өңіріміздің сөз өнерін сүйер 

қауымына!» атты жарияланымы орын 

алған. Қазақстан Жазушылар одағы Бас-

қар  масының төрағасы Нұрлан Оразалин, 

Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар 

Әлімбай, белгілі қаламгер Қалмұқан 

Исабай, «Нива» журналының бас редак-

торы Владимир Гундаревтің құттықтаулары 

мен ақ тілектері берілген. 

Олжас Сүлейменовтің өлеңдер топ-

тамасы «Песня кумана» деген атпен жа-

рия ланған. Ахат Жақсыбаевтың «Қайтпас 

қайсар» романынан үзінді, сондай-ақ 

Жам был Артықбаевтың «Ақсұңқар құс» 

дра 


масы да журналдан орын алған. 

Керекулік қаламгерлер: Арман Қани, Ольга 

Григорьева, Ақын Алақанұлы, Виктор 

Семерьяновтың туындылары және жас 

ақын Серікболсын Дүйсенбайдың балауса 

жырлары жаңа журнал бетінде жарық 

көрген. Сұлтанмахмұт Торайғыров 

тың 


«Айтыс» поэмасы мен Павел Васильев тің 

өлеңдер топтамасы «Терең тамыр» ай-

дарымен берілген. 

Басылымның атауы Баянауылдағы 

Ақбет тауының Найзатас шыңы атынан 

алынған. Аталмыш шыңның бауырында 

тарихи оқиғалар өрбіген және өнер 

тарландары Шәкен Айманов пен Кәукен 

Кенжетаев туып-өскен. 1969 жылы сол 

жерде «Найзатас баурайында» фильмі 

түсірілген. 

Журнал екі айда бір рет қазақ және 

орыс тілдерінде жарық көріп тұрады, 

редакторы: керекулік жазушы, Қазақстан 

Жазушылар одағының мүшесі – Ғалымбек 

Жұматов. 

Жуырда, Павлодарда, Чехов атындағы 

музыкалық-драма театрында облыс әкімі 

Ерлан Арынның зиялы қауым өкілдерімен 

кездесуінде аталмыш кітаптар мен 

журналдың тұсаукесер рәсімі де өткізілді. 

Ерлан Мұхтарұлы қаламгерлердің кітап-

тарын авторларға сахна төрінде салтанатты 

жағдайда өз қолымен табыс етті. Аймақ 

басшысы кездесу барысында жергілікті 

шығармашыл зиялылар: жазушылар, 

суретшілер, сәулетшілерге, сондай-ақ 

мәде ниет, өнер, журналистика салалары 

қызметкерлеріне мүмкіндігінше жан-жақты 

қолдау көрсететінін жария етті. 



А. БАҚТАНҰЛЫ,

Кереку

ТАМЫР


Бөкей ордасы қашан толық зерттеледі?

Тұңғыштардың ордасы деген атқа 

әбден лайық Бөкей Ордасы. Сұрапыл со-

ғыстан, бай езгісінен, шапқыншылықтан 

шаршаған халқына өркениеттің, білімнің, 

медици наның қазығын қақты Бөкейдің 

ұлы – Жәңгір. Бөкейдің заңды мұрагері, 

әкесінің стратегиясын жалғастырушы Жәң-

гір ханның есімі тарихта «тұңғыш» сөзімен 

егіз іспетті. «Тұңғыш» деген сөзімізге тұз-

дық ретінде айтар болсақ, тұңғыш білім 

ор дасы, қыздар училищесі, тұңғыш мұра-

жай ісі, тұңғыш қа зы налық мекеме (банк 

қызметін атқарған), тұңғыш ветеринарлық 

бөлім, тұңғыш бас 

пахана, тұңғыш 

дәріхана... 

Жәңгір мектебі – қазақ еліндегі еуро-

паша білімнің бастауы, «қара шаңырағы». 

Жәңгір жаңашыл хан, өркениет, білімнің 

іргетасын қалаушы ретінде ел жадында. 

Бөкей Ордасының басқа ауылдық 

аймақтарында да бірсыныптық мектептер 

ашылып, үлкен білім беру орталығына 

айналды. 40 жыл ел басқарған Мақаш 

әкім, ғалым-этнограф Мұхамед-Салық 

Бабажанов – бұл мектептің Ресейде білім 

алған алғашқы қарлығаштары.

Еліміздің ең шалғай аймағы Орда 

ауылына барсаңыз сол ескі үйлер, көне 

ғимараттар ХІХ ғасырдың жәдігеріндей. 

Керек десеңіз, Орда ауылы мұражай-

қалаға сұранып тұрғандай. Әр көшесінде 

тарихтың ізі сайрап жатыр. Ауылдың кере-

меті саналатын Бөкей Ордасы тарихи 

мұра 


жай кешеніндегі ғимараттардың 

әрбірінің тарихы бар. Жәңгір салдырған 

хан ордасы сол кездегі хан дәуірінен сыр 

шертеді. Бір ауланың ішіндегі Жәңгір 

жинаған бабалар қару-жарағынан құрал-

ған «қару-жарақ палатасы» да бар мұнда. 

Бұл – қазақ елінің алғашқы мұражай ісінің 

бастамасы. Қалпына келтірілген хан мешіті, 

қазыналық үйі мұражай кешенінің тарихи 

нысандары. Ханның жеке дәрігері Сер-

гачев тің үйі – мұражай кешенінің әкімшілік 

қызметін атқарады. Халыққа білім беру 

музейі де – құнды жәдігерлердің бірі. 

Мұражайға айналған «Қыздар учили-

щесінде» Бөкей Ордасы білім беру жүйесі-

не қатысты деректер топтастырылған. 

Тари хи маңызы зор ғимараттардың төртеуі 

ғана мұражайға айналған. Бұл қатарға 

қосылудан үміткер көненің көзі мол. Қазақ 

жеріндегі алғашқы баспахана жөндеуден 

өтіп жатыр. Алаш қайраткері Сейітқали 

Меңдешевтің үйі де бұл қатарда. Дәріхана 



Пав ло дар облысы ның әкімі Ерлан Арынның қолдауы мен 

керекулік қалам гер лер, Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшелері: Арман Қани, Виктор Семерьянов, Сүлеймен Баязитов, 

Ақын Алақанұлының кітаптары және жас ақын-жазушылар дың 

«Тәуелсіздік тұғыры» атты ұжымдық жинағы Аста на қаласындағы 

«Фолиант» баспасынан әрқайсыcы 1000 данамен жарық көрді. 

ШАР


А

Ж

А



С ҚА

ЛАМ


Қайраткерге арналған қос шара

Алтыншапақ өлең оқиды

Осы орайда Алматыда Қонаевтың 

құрметіне арналған бірінші Республикалық 

шахмат және бильярд турнирі өтеді. Оған 

белгілі ақын-жазушылар мен қоғам 

қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен жастар 

қатыса алады. 

Ұйымдастыру алқасы – КСРО Халық 

әртісі Асанәлі Әшімов, Ғабит Мүсірепов 

атындағы қоғамдық қор. Төрағасы – 

Ғабиден Жәкеев. Қосымша мәліметтерді 

ұйымдастыру комитетіне хабарласып 

алуға болады:

8 701 777 1969; 8 707 811 3007. 

Қайраткерге арналған қос шара 

27 сәуір күні Алматы қаласы Сайын-

Шаляпин көшелерінің қиылысындағы 

Бүгінде республика көлемін де 

қоғам және мемлекет қай рат-

кері Дінмұхамед Ахметұлы 

Қо наевтың 100 жылдық мерей-

тойы на байланысты шаралар әлі 

де жалғасын табуда.

25 сәуір күні сағат 15.00-де Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратындағы үлкен акт 

залында жас ақын Алтыншапақ Хаутайқызының «Қаламымнан 

сағынышым сырғанап...» атты шығармашылық кеші өтеді.

ғимаратының да мұражайға айналғанын 

көрер күн алыс емес шығар. Бөкей Орда-

сындағы мұражай кешенінің аяқтан тұруы-

на атсалысқандардың басында А.Ах-

метжан  ов тұр. Ш.Сиранов, Т.Махимов, 

Ғ.Те мір бо латұлы  сынды  басшылар  игі 

бастаманы жалғастыруда ерен еңбектері-



мен ерекшеленді. 

Нұржан ТӨЛЕПОВ, Жәңгір хан атындағы 

Тарихи-этнографиялық мұражайдың 

меңгерушісі:

– Бөкей ханның да өмірін зерттеуге енді 

кірісіп жатқанымыз рас. Бөкей ханға қа тысты 

деректерді Орынбор, Қазан, Астра 

хань 

мұрағаттарынан тарихи кітап 

тар 

дың 

көшірмелерін әкеліп жатырмыз. Мәселен, 

біз Қазан қаласы мұрағатынан Бө кей хан ды-

ғы қазақтарының мақалдары мен ертегі ле-

рін әкеліп, ғалымдарға ұсынып жатыр мыз. 

Бөкей хандығының құрылуына Сырым 

ба баның байланысы барын бірі білсе, бірі 

біле бермейді. Сырым баба Бөкей сұлтанды 

қол дап, Хиуаға кетті деген деректер бар. Бұл 

жер де өз бағасын алмаған ақтаңдақтар көп. 

Бөкей хан қазаққа қандай жақсылық 

берді дегенде алдымен айтарымыз: 

қазақтың жері кеңейді. Батыс Қазақстан, 

Атырау, Маңғыстау облыстары болатын 

осы Бөкей хандығына қараған. Қазір нарық 

заманында Жәңгірді қалай сынаса да, 

бірде-бір бастамасын жойып тастаған жоқ-

пыз. Әлеуметтік салада құрылған жоспар-

ла 

рын, өркениет тұрғысынан халыққа 

керек реформаларды дамытып келеміз. 

Жәнібек ИСМУРЗИН, М. Өтемісов 

атындағы Мемлекеттік университеттің аға 

оқытушысы, тарихшы:

– Кеңестік тарихнамада Бөкейдің саяси 

өмірі, қызметі зерттеуден тыс қалды. 

Зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, 

Бөкей хандығының құрылуы Сырым Датұлы 

қозғалысымен байланысты: кіші жүздегі 

саяси шиеленіс; әлеуметтік экономикалық 

жағдай; Бөкейдің билікке ұмтылысы. Шөке 

Нұралыұлы мынадай бір жақсы дерек 

келтіреді. Жайықтың сол жағалауына өтуін 

қолдаған екі адам болған. Бірі – Шығай 

сұлтан, бірі – Сырым батыр. Хан өмірін, 

саяси қызметін мұрағат құжаттарымен 

айқындап, Ресей федерациясымен 

байланысып, Орын 

бор, Астрахань 

құжаттарын жинақ ретін де жарық көрсету 

қажет. Жанымызға бататыны, әлі күнге 

дейін Бөкей хан туралы монография жарық 

көрмеді. Бөкей сұлтан бодандық санадан 

арылып, жерімізді ұлғай туға күш салып, 

хандық билікті жан 

дан 

дырғысы келді. 

Қалай десек те біз осы нау тұлғаны тарихтан 

бөліп қарай алмай мыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет