Болатбек МҰхтаров кереку өңірінде жер сілкінді


– Кейбір атаулардың мемлекет-



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6

– Кейбір атаулардың мемлекет-

аралық деңгейде жүйеге келтірілуі 

тиістігін айттыңыз. Осыған нақтырақ 

тоқталып өтсеңіз...

 – Мысалы, Каспий маңы ойпаты дейді. 

Ал Каспий маңының шекарасы Орал 

қаласынан әрі қарай, Ресейдің Саратов 

облысына дейін созылып жатыр. Бұл төрттік 

дәуірде пайда болған: Q1, Q2, Q3, Q4 деп 

бөлінеді. Бірақ шекараны соның тек 

кейінгісімен көрсете салғанбыз. Осындай 

сауатсыздықтың салдарынан табиғи шекара 

бүлініп тұр. Тағы бір қателік  таулардың 

картада бейнеленуіне қатысты. Мысалы, 

олардың да жасы, кәрісі бар. Соған 

байланысты бедерлік, жастық жалғастық 

деген болады. Көпшілігіміз онысына 

қарамай, жалғаспайтын тауларды бір-

бірімен жалғастырып, біріктіріп жібереміз, 

картада мінгестіріп қоямыз. Мәселен, 

Шыңғыстау  мен Тарбағатай екеуі жасты, 

оларды біріктіруге болады. Ар жағындағы 

Сауыр-Маңырақ жас. Алғашқыларының 

түзілгеніне 600 млн жыл болса, Сауыр-

Маңыраққа – 280-300 млн жыл. Сондықтан 

аудан 

дастырғанда таулардың жасына, 



бедеріне міндетті түрде қарау керек. Алматы 

Алатауы Сарытаумен бір зонаға жат-

қызылады. Бірақ бедерлік жалғастық жоқ. 

Алматы Алатауы – құз, ал Сарытау жотасы 

тегістелген. Аудандастыруда ес керілмеген 

осындай жайттар толып жатыр. 



– Біз сонда қазір мектепте осындай 

карталарды пайдаланып жүрміз ғой? 

– Иә. Картада шалағайлық көп. Сол үшін 

Қазақстан картасын дұрыстап, өзіміз қайта 

жасауымыз керек. Қостанай мен Челябинск 

облыстарының шекарасында Зауральское 

плато деген бар. Қазақша аударғанда, 

Оралдың шығысындағы үстірт дейді. Негізі, 

мұны үстірт деуге болмайды. Г.И.Быков оған 

«Кустанайское поднятие» деген анықтама 

берген, яғни көтерілім. Ол төрттік дәуірде 

көтерілген, үстіртке бай ланысты емес. Қос-

танайдағы су айрығы да дұрыс көрсетіл-

меген. Мысалы, Тобыл, Обаған өзендері 

солтүстікке қарай ағады. Ал Торғай бассейні 

оңтүстікте жатыр. Соның арасында су 

айрығы бар. Соған қарамайды. Солтүстік 

қазақ жазығы Қостанай облысына созылып 

жатыр. Сол маңдағы жап-жазық, теп-тегіс 

жерді Торғай үстірті деп көрсетіп қойыпты. 

Өзендердің қалай ағатынына да қара-

маған. 

Жаңаарқадағы Иманақ деген ат Айманақ 



екен, ол «Жаңаарқа» кітабында тұр. Алтайда 

Әли деген ат бар, оны Алийск деп қойыпты. 

Алматыдағы «Бағанашылдың» шын атауы 

– «Бағын ашар». Міне, мұндай жүйеге кел-

меген нәрселер өте көп. Сосын Шым бұлақ, 

Құмбел деп, олардың да атын қате айтып 

жүрміз. Өйткені тауда шым болмайды және 

құм болмайды. Дұрысы Шыңбұлақ және 

Күнбел болуы керек.

– Сіз Қазақстанның бүкіл жерін ара-

лап шықтыңыз ба?

 – Қазақстанның елін, жерін жан-жақты 

білу өте қиын. Мен 12 облысты араладым, 

Алтай жаққа да бардым. Новосибирск пен 

Красноярскіде болдым. Неге Красноярск 

деді екен десем, Қызыл жар екен. Пале озой 

эрасының девон дәуірінде пайда болған тау 

жынысы. Оны өзім барып көр дім. 

Алматы маңайындағы мемлекеттік 

ұлттық табиғи саябақ аттарының бәрі қате. 

Олар бір-ақ атпен берілуі керек. Қараш 

жотасының үстіне карталарда «Алматы Іле 

Алатауы саябағы» деп жазып қойыпты. Ол 

жерде Іле Алатауы жоқ, Қараш жотасы 

созылып жатыр. Одан кейін – Бақай тауы, 

ар жағында – Орта тау, Алмалы, Сөгеті, 

Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты. Оның бәріне 

қара майды, жеке-жеке бөліп, кеңсе құрып 

алады. Негізі, бір таудың бойында бір-ақ 

қорық болуы керек. 



– Өзіңіз болған сол 12 облыстың 

картасын қазір жасай алар ма едіңіз?

 – Мен кезінде 14 облыстың картасын 

жасап бергенмін. Картография мамандары 

бәрін жасап жатыр, түк жоқ деп айтуға 

болмайды. Кемшіліктері де бар. Картада 

қазір «қақпа» деген сөз көп қолданылады, 

Жоңғар қақпасы, Жетісу қақпасы дейді. 

Соны қақпа емес, аңғар деу керек. Өйткені 

қақпа болса, ол желді жібермейді. Ал бізде 

Арыстанды-Қарабас желі, Шелектің желі 

деген сияқты басқа да қатты желдер бар. 

Солардың бәрі аңғармен кетеді. 

Сосын қазір «азық-түлік белдеуі» деген 

тіркес қолданылып жүр. Негізі, «жерде 

белдеу жоқ, сиырда тебін жоқ» деген сөз 

бар. Сонда «поясты» не деуіміз керек? 

Әрине, дана халқымыз бәрін айтып кеткен 

ғой, тек біз соны әлі игере алмай жүрміз, 

көп нәрсеге біліміміз жетпейді. 

– Ал картаны сауатты түрде әрі жан-

жақты етіп жасау үшін не қажет? 

– Карта жасау үшін, біріншіден, тарихты 

терең білу қажет. Жер-су аттарын біліп қана 

қоймай, сол жерлерді басып жүру керек, 

оның құрылысын білу керек. Сондай-ақ 

шежірені де білу керек. Карта – тарихпен, 

әдебиетпен, мәдениетпен тығыз байланысты 

нәрсе. Яғни карта жасау оңай емес, оған 

үлкен дайындық қажет. 

– Ал бізде білім беру, мамандар 

даярлау жағы жеткіліксіз дейсіз ғой... 

– Бізде құрылым жоқ. Қай саланың 

болсын жақсы дамуы үшін оның басында 

маман, яғни өндірістің егжей-тегжейін, де-

таль дарын, проблемасын терең білетін адам 

отыруы тиіс. 



– Шетелдерде картаға қалай 

қарайды? Оларда бұл әдеттегі нәрсе 

санала ма әлде басқаша көзқарас 

қалыптасқан ба? 

– Карта деген барлық дамуымыздың 

айнасы сияқты. Француз карталарының 

ерекшелігі, олар анықтамалардың бәрін 

картаға түсіріп қояды. Соның бір элементін 

мен пайдаланып, өзім жасаған картаға 

кіргіздім. Мысалы, Сарыарқаның орталығы 

– Қарағанды, Қазақ жерінің тарихи орта-

лығы – Ұлытау, Еуразияның орталығы – 

Алтай, Орталық Азияның орталығы – 

Моңғол-Алтай жотасы т.б. дегенде, мен 

соның бәрін аспаннан алған жоқпын, 

жаңағы әр жерден көргендеріме сүйендім. 

Қазір кім том-том кітапты қарап жатады, 

бәрі картада жазулы тұруы керек. 

Сұхбаттасқан 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін туысқанымның көлік 

жүргізу куәлігін жол полицейлері алып қойды. Енді екі жыл куәліксіз 

отыруы керек. Ереже бұзу дерегі бойынша сәуірдің 15-і күні қаулы 

шыққан еді. Ал хаттама толтырылған күн – наурыздың 13-і. Білгім 

келетіні,  көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі қай уақыттан 

бастап есептеледі, хаттама толтырылған күннен бе, әлде қаулы 

шыққан күннен бастап па?

  

 

Азамат 

МҰХАМБЕТҰЛЫ, 

Алматы қаласы

Бұл сұрақтың жауабын алма ты-

лық жол полицейлерінен анық тадық. 

Инс пекторлардың айтуынша, көлік 

жүргізу құқығынан айыру мер 

зімі 


тиісті қаулы шыққан күннен кейін 

оның 10 күн ішінде күшіне енгенінен 

бастап есептеледі. Көлік жүргізуге 

құқық беретін куәлік мерзім аяқ-

талғаннан кейін және теориялық ем-

ти ханды тапсырған соң қайтары лады.

АЛАШ АЗАМАТЫ

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

...Картография ғылымы дамуы үшін мемлекеттік құрылым болуы керек. 

Әрине, қазір карталар жасалып жатыр, оны жоққа шығаруға болмайды. 

Бірақ бізде басқару жағында үлкен кемшіліктер бар. Мысалы, Ресейдегі 

«Картография және геодезия жөніндегі мемлекеттік қызмет» мекемесінің 

құрамында екі ғылыми-зерттеу институты бар. Оған қоса Мәскеуде 

Картография және геодезия университеті, әдістемелік орталықтар, бірнеше 

салалы картографиялық фабрика жұмыс істейді. Ал бізде оның бірі де жоқ. 

Құрылым жоқ деп отырғаным, бізде Қазақстанда картография мен 

геодезияны жер ресурстарының құрамына кіргізіп жіберген. Ал оны 

агрономдар, зоотехниктер, экономистер басқарады. Картография 

ғылымын дұрыс жолға қоямыз десек, тәуелсіз еліміздің атына сай 

мемлекеттік құрылым, жөні түзу оқу орны болуы тиіс.

ДАТ!


Молдияр СЕРІКБАЕВ, геолог:

Қазақстан картасын 

өзіміз дұрыстап,

қайта жасауымыз керек

АЛАШ-АҚПАРАТ



Өткен сенбіде Медеу 

шатқалында «Болашақ 

бүгіннен басталады» атты 

ауқымды ағаш отырғызу 

акциясы өтті. Былтыр жойқын 

дауылдан екі қайтара зардап 

шеккен тау бөктеріне 400 түп 

ағаш отырғызылды.

Акцияны Алматы қаласы Алмалы ау-

дандық әкімдігі ұйымдастырды. Был тырғы 

дауылдан соң Медеудің көркі қал пына 

келе қойған жоқ. Тау бөктерінде сусыз қал-

ған балықтай кеуіп, көсіліп жатқан ағаштар 

жаныңа батады. Бұл көріністің кім-кімді де 

бейжай қалдырмайтыны рас. Қаламыздың 

талапты жастары мен мектеп қабыр-

ғасындағы бүлдіршіндеріміз таңмен бірге 

таласа іске бір адамша кірісіп кетті. Жоғары 

оқу орындары, орта кәсіптік білім беретін 

колледж студенттері мен мектеп оқушы-

лары белсенділік танытты. Оқу орда-

ларының басшылары мен ұстаздар қауымы 

да қолға күрек алып, ағаш отырғызды. 

Сондай-ақ спорт саласының жеңімпаздары 

мен Алмалы ауданы мәдениетінің дамуына 

зор үлесін қосып жүрген Ғ.Мүсірепов 

атындағы балалар мен жасөспірімдер 

театрының әртістері де кейінгі ұрпаққа үлгі 

көрсетті. Іс-шара аясында 250 қайың мен 

150 шырша отырғызылды. Ал ағаштарды 

сатып алуға Caspian Motors, Ford ком-

паниялары мен «Қалқан» республикалық 

көлік қызметінің құқық қорғау қауым-

дастығы көмектескен. Естеріңізде болса, 

өткен жылдың мамыр айындағы дауыл 5 

мың ағашты жайратып кеткен. Табиғи 

орманның қалпына келуі үшін жарты ғасыр 

уақыт керек. Сәуір айының үшінші сенбі-

сінен бастау  алған бұл шарада барлығы 

400 түп ағаш отыр ғы зылса, көктем мез-

гілінің аяқталуына дейін бес сенбі бар. 

Демек, биылдың өзінде тым болмаса 2 

мың ағаш отырғызуға болады. 



Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Медеуге 

жүздеген ағаш 

отырғызылды

Атырауда тікұшақтан 

шыққан ақау апатқа 

ұрындырды. «КазЭйрУест» АҚ 

жалға алған МИ-8 тікұшағы 

жаттығу кезінде ақау 

салдарынан жерге қонуға 

мәжбүр болды. Атырау-

Астрахань тас жолының 20-

шақырымында бір жағына 

қарай жантайып қонған 

тікұшақтың экипажында алты 

адам болған. 

Облыстық төтенше жағдайлар депар-

таментінің баспасөз қызметінен біл 

ге-


німіздей, оқиға туралы хабарлама күндізгі 

сағат  12.20-да  түскен.  Экипаж  мү   ше  лері 

«Аджип» компаниясының тік ұшағымен 

қалаға жеткізілді. Апат сал дарынан бір 

адам жарақат алған, ол қазір облыстық 

ауруханада ем қабыл дауда. 



Вячеслав ЧАПУРИН, 

«КазЭйрУест» компаниясының бас 

директоры: 

– Тікұшақ «Бейбарыс» ком 

па-

ниясынан жалға алынған болатын. Біз 

ұжымдық тасымалдаумен және пай-

далы қазбаларды өндірумен бай-

ланысты жобаларға әуе тасымалын 

қамтамасыз етумен айналысамыз. 

Жылына екі рет жоспарлы оқу-жаттығу 

жұмыстары жүргізіледі. Апаттың нақты 

себептерін әзірге айта алмаймыз.

Осы оқиғаға байланысты құзырлы 

орган қызметкерлері анықтау жұмыстарын 

жүргізуде.



Бақытгүл БАБАШ

Тікұшақтағы 

ақау апатқа 

ұрындырды 

№69 (751) 

24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Дәулет өз бағын басқа 

салмақтан іздеуде

Биылғы ел чемпионатында ұлттық құ-

ра ма үздіктерінің ешқайсысы белдеспеді. 

Жастарға мүмкіндік беріліпті. Өздеріңіз бі-

лесіздер, әйелдер күресінде Олимпиада-

лық төрт салмақтың үшеуінен Лондонға 

жол дама алғанбыз. Енді 55 келідегі қы зы-

мыз Айжан Смағұлова Қытайда өтетін ірік-

теу турнирінде өз бағын сынап көреді. 

Орал да Айжан осы салмақта қарсылас 

шақ кел тірмей, бірінші орынға ие болды. 

Ал өз сал мақтарында Татьяна Аманжол 

(48 келі), Зульфия Яхъярова (51 келі), 

Аяу лым Қасымова (59 келі), Айсұлу Тыны-

сова (63 келі), Дарья Ибрагимова (67 

келі) және Татьяна Захарова (72 келі) сын-

ды арулар алтынмен апталды. 

Төл біріншілігімізді еркін күрес балуан-

дары қорытындылады. Қазіргі таңда елі-

міз дің еркін күрестен ұлттық құрамасы 

бал уандарының еншісінде Лондон Олим-

пиа дасының алты жолдамасы бар. Осы 

айдың аяғында Қытайда өтетін лицен зия-

лық турнирде Ермек Байдуашев 84 келі 

салмақта жетінші жолдаманы алса, еркін 

күрес шеберлері өз тарихында тұңғыш рет 

Олимпиада ойындарына толық құрамда 

барады. Жолдама алған балуандардың 

ешқайсысы Орал бозкілемінде белдескен 

жоқ. Енді чемпионат қорытындысына тоқ-

та лар болсақ, бұған дейін өз бағын 96 ке-

КҮРЕС


Ватерполшы қыздар жолдамасыз қалды

«Су добынан Қазақстан құрамасының қыздары Олимпиада жолдамасы үшін сынға түсіп жатыр» 

деп жазып едіңіздер. Қыздарымыз жолдамаға қол жеткізе алды ма? 

Дархан ТҮСІП, Балқаш қаласы

Мәнерлеп жүзуден жолдама алдық

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ АЙҚАС

Елімізде бүкіләлемдік 

қоян-қолтық айқас федера-

циясы құрылуда. Мұндай 

федерация әлемде бірінші 

рет құрылып жатыр. Оның 

ішінде Қазақстанда құрылып 

жатқанын да ерекше атап 

өтуіміз керек.

Бүкіләлемдік 

федерация 

Қазақстанда 

құрылды

Мұндай федерация еш жерде жоқ. Бұл 

біз үшін, еліміз бен жеріміз үшін, Қазақ-

стан ның имиджі үшін өте қажет», – дейді 

қо ғам қайраткері Жақсыбай Бәзіл баев Ас-

та нада ұлттық баспасөз клубында өткен 

баспасөз мәслихатында. 

Федерацияны құрып, басы-қасында 

жүрген федерацияның бас хатшысы Роман 

Кливлеев Алматыда қараша айының 10-

12-сі аралығында қоян-қолтық айқастан 

әлем біріншілігін өткізуді жоспарлап отыр-

ға нын айтты. Ал әлем біріншілігінің ал-

дында «Күштің кеңпейілдігі» деген үш тіл-

де кітап шығарыпты. Кітаптың орысша 

атауы «Ве ли кодушие силы» деп аталады. 

Орыс шасынан тура аударылғандықтан ба, 

кітап тың қазақша атауы көңілге қонбады. 

Кітапқа қазақша күрес, дзюдо, самбо, 

айкидо, грек-рим, еркін күрес, сумо, ушу-

саньда, карате, таэквандо, куреш, кикбок-

синг, қоян-қолтық айқастары бойынша 

Қа зақстан, Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өз-

бек стан, Украина секілді бұрынғы КСРО 

ел дерінің құрамасында өнер көрсеткен, 

сонымен қатар, АҚШ, Жапония, Корея, 

Моңғолия, Грекия және әлемнің басқа да 

көптеген елдерінің спортшылары мен жат-

тықтырушылары жайлы ақпарат берілген. 

Кітапқа жекпе–жектердің түрлеріне бай-

ланысты түрлі деректер мен материалдар 

енгізілген. Сондай-ақ кітапта Ресей, Азия, 

Африка, Тынық мұхит мемлекеттері, Еуро-

па және әлемнің басқа елдеріндегі қоян-

қолтық айқастың тарихы мен қалыптасуы, 

стилі мен әртүрлі елдегі жүйесі туралы 

жазылған. 

Бұл федерацияның президенті кім 

десеңіз, ол – Амангелді Шабдарбаев, ҚР 

Пре 


зидент күзеті қызметінің бұрынғы 

бастығы, ҰҚК-нің экс-төрағасы, бүгінде 

Республикалық ұланның қолбасшысы. 

Қоян-қолтық айқас – барлық жекпе-

жек тің басын қосқан жекпе-жек өнері. Бү-

гінде елімізде бұл айқастың түрімен айна-

лысушылар көп. Республикалық турнирлер 

де өтуде. 



Салтан СӘКЕН,

Астана

Сенсациялар шеруі

7-турға «Сенсациялар шеруі» деп баға 

беруге болатын шығар. Басқаша қалай ай -

тамыз?! Мәселен, «биылғы біріншілікте гі 

қорғанысы үздік болып» саналатын «Сұң-

қар» командасының қақпасына өт кен тур-

да төрт голды қақырата соққан «Ертіс» бұл 

жолы білгенінен жаңылып, Қызыл ордада 

аутсайдер «Қайсардан» жеңіледі деп кім 

ойлаған?! 

Жә, бұл жеңісті команда басшылы-

ғының алмасуымен байланыстыруға бо-

латын шығар. Олай дейтініміз – кеше ғана 

«Қайсар» футбол клубының атқа мінерлері 

футболшыларға жаңа бапкер Владимир 

Никитенконы таныстырған болатын. Әйт-

се де осыған дейін жеңілістің кермек дә-

мін татып көрмеген, турнир кестесінде 

көш бастаған «Ертісті» басқа-басқа емес, 

«Қайсар» тоқтатады деп ойламаппыз. 

Ал «Оқжетпес» ше?! Осы уақытқа де-

йін алты ойынның алтауында да жеңіл ген. 

Қарсыластар қақпасына небәрі үш-ақ гол 

соғып, өздері 17 доп жіберіп ал ған. Осын-

дай командадан «Астана-Аре на»  ста дио-

нында, оның үстіне, алаң иелері не қар сы 

ойында жеңіс күткен адам бар ма екен?! 

Алты ойында әзер дегенде үш гол соқ қан 

«Оқ жетпес»  ұлттық  құра ма мыздың  «бал-

қай мақтарынан» жиналған команданың 

қақ пасынан төрт рет саңылау тапты. Оның 

үшеуін айналдырған үш минуттың ішінде 

соқты. Осындай ойыннан кейін қайсысы 

аутсайдер, қайсысы фаворит екенін де 

ұғы на алмай қалады екенсің... Дегенмен 

бұл жеңіс көкшеліктерді турнир кестесінде 

бір саты болсын жоғарылата алмады.

Тағы бір сенсация Талдықорғанда жү-

зе ге асты. Сонау Батыс Қазақстан облы-

сы нан Талдықорғанға ат басын тіреген 

«Ақ жайық» алаң иелерін 2:1 есебімен тізе 

бүк тірді. Жалпы, вице-чемпионның бұл 

жағ дайы тек талдықорғандықтарды ғана 

емес, барша қазақстандық футболсүйер 

қа уымды да алаңдататыны сөзсіз. Өйткені 

чем пионға тән ойынының бірін Атырау да 

көр сетті. Қорғаныста сауатты қорға нып, 

шабуылда керемет комбинация лар қол-

дана білген Виктор Кумыков шәкірт тері 

алаң иелерін 2:0 есебімен оңай жең ді. 

Сөй тіп, «Шахтер» 15 ұпаймен турнир кес-

те сінде екінші орынға көтерілді. Иә, өз ге-

лер «Ақжайық», «Тараз» сынды клуб тар-

дың жеңісіне алданып жүргенде «Шахтер» 

қа тарынан төрт ойында жеңіске жетті.

Сонымен 7-турға дейін жеңілмеген екі 

команда және жеңіске жетпеген екі клуб 

бар болатын. Қазір барлық клуб та жеңі-

лістің кермек дәмін татып көріп, бәрі де 

жеңістің қандай болатынын сезінді. 

ҚҰРМЕТ

Лондонда өтетін жазғы 

Олимпиада ойындарының 

жолдамасын жеңіп 

алған грек-рим күресінің 

шебері, жетісулық Асхат 

Ділмұханбетовке Қарасай 

ауданы Қаскелең қаласының 

орталығындағы жаңа үйден 

екі бөлмелі пәтер берілді.

Белгілі балуанға 

баспана берілді

Өткен жылы осындай құрметті жетісу-

лықтар белгілі балуан Нұрмахан Тіләлиев-

ке де көрсеткен болатын. 

Бозкілемде жауырыны жерге тимеген 

ұлдарын ұлықтап, қолдау көрсеткен об лыс 

әкімі Аңсар Мұсахановтың атынан А.Діл-

мұханбетовке пәтер кілтін Қарасай ауданы 

әкімінің бірінші орынбасары Бөл 

ті 


рік 

Жақыпов тапсырды. 

Сайыпқыран спортшы өзіне көрсетіл-

ген құрмет пен артылған сенімнің үдесінен 

шы ғуға бар күш-жігерін жұмсайтынын 

айт ты. 


Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы тү-

ле гінің Тұманды Альбионнан олжалы ора-

луына жиналған көпшілік тілектестік біл-

дірді. 


Алматы облысының өз спортшыларын 

баптауға барлық жағдай жасап отырғанын 

ескерсек, үкілеген спортшылары жерге 

қаратпайтынына сенім мол. 



Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

Суда мәнерлеп жүзуден Лондон Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алдық 

деп естідім. Жолдамаға қол жеткізген кім екенін білуге бола ма?

И.НҰРИСЛАМ, ШҚО

Синхронды жүзуден Лондонда өткен сы-

нақтық турнирде қазақстандық Әйгерім 

Жексенбинова және Анна Куклина жұбы 

Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Енді 

олар 5 тамызда басталатын дүбірлі додада 

ел намысын қорғайтын болады. Лондондағы 

сы нақ тық турнирде 169.580 ұпай жинаған 

Кули на мен Жексенбинова жұбы 14-орынға 

табан тіреді. Бұл ұпай біздің қыздардың Ол-

им пиадаға баруына толығымен жетеді. Сы-

нақтық турнирде әдеттегідей Ресей құра-

масы топ жарды. Олар дың ізін ала Украина 

кыздары орналасса, Испания дуэті қола ме-

дальді қанағат тұтты. Ал командалық сын да 

Ресей, Испания және Жапония қыз да ры 

жүлде бөлісіп, Украина құра масы үздік үш-

тіктен сырт қалды. Командалық сында өнер 

көрсету бақыты әзірге Қазақстанға бұйырар 

емес. 


Лондон Олимпиадасында 24 жұп пен 8 

топ тың сынға түсетін мүмкіндігі бар. Жалпы 

есебі 104 спортшы қатысатын спорттың бұл 

тү рінде бізге медаль сыңғыры естіле қоймас. 

Бі рақ мәнерлеп жүзудегі спортшылар жеңіп 

ал ған жолдамадан соң Қазақстан құрамасы-

ның ли цензияларының саны 74-ке жетті. 

Телжан КҮДЕРОВ

биыл Еуропа лигасына қатысатын коман-

да алты ойында қақпаларына 18 гол жі-

беріп алған. Бұл тұрғыда «Жетісу» аутсай-

дер «Оқжетпеспен» бірге «көш бастап» ке-

леді. Иә, ел біріншілігінде осындай ойын 

өрнегін көрсетіп жүрген командадан Еуро 

аренада не күтуге болады екен?

Ақтөбедегі ойынды да сенсацияға ба-

лау ға әбден болады. Иә, келісеміз, алаң 

иелері 90 минут бойы шабуылдады. Иә, 

қақпаға доп бағыттау жөнінен де Влади-

мир Мұқанов шәкірттері алматылық тар-

дан әлдеқайда озық болды. Бірақ ал-

ғаш қы голды «Қайрат» соқты. «Қайрат» 

жар ты сағаттан астам уақыт бойы алда 

тұрды. Ал «Ақтөбе» өз голын пенальтиден 

ғана соға алды. Дегенмен әр ойында «ақ-

төбеліктер» кем дегенде 2-3 добы қақпа 

ба ғанасынан кері серпіліп жатқанын да 

естен шығармаған жөн.

Оңтүстіктің дербиі атанған «Тараз» – 

«Ор дабасы» кездесуі әрдайым осындай 

тар тысты өте бермейді. Көп жағдайда бір 

ко манданың екіншісінен әлдеқайда ба-

сым екені көрініп тұрады. Бірақ бұл жолы 

нағыз дерби орын алды. Екі команда да 

жеңіске құштар. Екеуінің де деңгейлері 

шамалас. Бірақ алаң иелерінің жолдары 

болып, бұл кездесуде «Тараз» 2:1 есебі-

мен жеңіске жетіп, турнир кестесінде үздік 

үштікке енді.

Алматының «Динамо» стадионында 

өт кен ойынның қорытындысына таңғал-

ған жоқпыз. Рас, «Тобылдың» шабуылы 

қар 


қынды, өткен турда «Сұңқар» сырт 

алаңында «Ертістен» төрт гол жіберген. 

Де генмен, қайткен күнде де қаске лең дік-

тердің қорғанысы – биылғы маусымдағы 

ең берік қорғаныстың бірі. Сондықтан бұл 

кездесудің нәтижесін сенсацияға балауға 

еш себеп жоқ.

Ал «Шахтер» өз ойын өрнегін тауып 

келе жатқан секілді. Қарағандылықтар 

Жайық жағасында күрес 

түрлерінен ел чемпионаты 

аяқталды. Грек-рим 

күресі шеберлерінен 

соң бозкілемге әйелдер 

күресі мен еркін күрес 

майталмандары шығып, 

жеті салмақ дәрежесінде 

жеңімпаздар мен 

жүлдегерлердің есімдері 

анықталды.

ДЗЮДО


Шымкентте дзюдодан 

командалық есепте халық-

аралық турнир аяқталды. 

Онда еліміздің 14 облысы 

мен екі қаласынан және 

Өзбекстан, Тәжікстан, 

Қырғызстан балуандары 

командалық есепте белдесті.

Командалық кубокта 

Қызылорда топ жарды

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрама-

сының сапындағы Максим Раков, Ислам 

Бозбаев, Сергей Лим, Еркебұлан Қосаев 

сынды балуандарымыз Лондонда белде-

суге мүмкіндік беретін ұпай сандарын 

толықтырып алған. Енді сәуірдің аяғында 

Ташкентте өтетін Азия чемпионатында Ри-

нат Ибрагимов, Тимур Полат, және Ержан 

Шымкеев сынды жігіттеріміз үздік үштіктің 

қатарына енсе, олар да жолдама алады. 

Ал Шымкенттегі халықаралық турнирге 

тоқталар болсақ, бұл сында жастарға мүм-

кіндік берілді. Аймақтардағы қазақ дзю-

дошыларының деңгейін анықтап, ұлт тық 

құрама ізбасарларының аяқ алы сын бай қау 

мақсатында  ҚР  Дзюдо  фе де рация сы ның 

президенті Бекет Мах мұтов, ұлттық құ ра ма 

бас бапкері Асхат Жіт кеев бастаған білікті 

мамандар дзюдо

 

шы лар белдесуін жіті на-



зарда ұстады. Ел Дзю до сының өр кен деуіне 

өзіндік үлес қосып жүрген Бекет Сапабек-

ұлына  турнирді  ұй ым дастыру шы лар  ат  мін-

гізіп, шапан жапты. Сонымен қа тар бір топ 

мамандар  дзюдо  фе дера ция сы ның  арнайы 

төсбелгісімен марапатталды. 

Енді татамидегі белдесулерге келсек, 

әр облыс намысын бір команда қор ға ды. 

Тек жарыс қожайындары ретінде Шым-

кент тің атынан екі команда белдесті. Жар-

ты лай финалда Шымкенттің бірінші ко-

мандасы 3:4 есебімен қызылордалық бал-

уан дардан ұтылса, екінші командасы да 

дәл осындай есеппен қырғызстандық 

дзюдошыларға жол берді. Финалда Қы-

зылорда облысының командасы Қыр ғыз-

стан дзюдошыларымен белдесті. Фи нал-

дық кездесу өте тартысты өтті. Намысты 

қол дан бермеуге тырысқан Сыр елінің 

бал уандары бас жүлдені өз елімізде алып 

қал ды. Қорытынды есеп – 5:3.

Телжан КҮДЕРОВ

Чемпионаттың басында біреу сізге: «7-турдан кейін көш басы-

на «Ақжайық» шығады. «Тараз» үздік үштікте болады. «Ақтө бе» 

үш ойында жеңіледі. «Астана» өз алаңында «Тараз» бен «Оқ-

жет пестен» ұтылады. Жалпы, «Астана» мен «Жетісу» аут сай дер-

лердің қатарынан орын алады. Сол «Жетісуыңды» орал дықтар 

Талдықорғанда талқандайды», – деп тізбелей жөнел се, сенер ме 

едіңіз?! Әй, қайдам! «Есі дұрыс адамның әңгіме сін айтсаңшы», – 

деп тыйып тастарыңыз анық. Бірақ биыл ғы біріншілікте, шыны-

мен де, адам сенгісіз, күтпеген нәтижелер тіркелуде.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Ал ең жеңіл салмақта тартысты белде-

сулер өтіп, болашағынан зор үміт күттіретін, 

өскемендік Расул Қалиев бірінші орын 

алды. Жастар сапында жасындай жарқырап 

жүрген Расул өткен жылы күміс алып еді, 

биыл алтынмен апталып отыр.

60 келіде Амандық Бақаевтың мерейі 

үстем болды. Әлем чемпионатында бақ 

сы на ған Мақсат Дауылбаев 66 келіге де-

йінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ 

кел тірген жоқ. 74 келіге дейінгі салмақта 

Сей фадин Османов бірінші орын алса, Ас-

та надағы лицензиялық турнирде жетіс тіріп 

күресе алмаған Семен Семенов 84 ке лі  де 

топ жарды. Әрине, Семеннің жағ дайын 

түсінуге болады. Ел чемпионы болмаса, 

қаржыдан қағылатынын сезінген ол барын 

салған болуы керек. Ең өкініштісі – ел чем-

пионатында Семеннің жауырынын жер 

иіскететін бір қазақтың табылмай тұр ғаны. 

96 келіде өткен жылғы ел кубогының ие-

гері мен ел чемпионы Әлихан Жұмаев 

жеңіс тұғырының ең биік сатысына көте-

рілді.

Алтай ТАНАБАЕВ,

 еркін күрестен ҚР 



ұлттық құрамасының бас бапкері:

– Ел біріншілігінде көзге түскендер 

Әзірбайжан құрамасымен бірге Бакуда 

өтетін жаттығу жиындарына қатысады. 

Олимпиадашылардың барлығы әлем 

кубогы бәсекесінде белдесуі керек. 

Кей 

бірін Польшада өтетін турнирге 

апа рып, байқап көреміз. Енді жатпай-

тұр май Олимпиада ойындарына да-

йын далатын  боламыз. 

лі де іздеп келген Дәулет Шабанбай аса 

ауыр салмақта белдесуді ұйғарып, чемпи-

он атанды. 

– Өзімді-өзім босқа қинап жүріппін. 10 

келіге дейін салмақ қууға тура келетін. 

Биыл қыста Красноярскіде небәрі бір келі 

түсі ре алмай қойған соң, қолымды бір-ақ 

сіл тегенмін. Сол жерде 96 келіні қойып, 

ен ді 120 келіде белдесіп көрейінші деп 

шеш тім. Қазір еш қиындығы жоқ. Өзімді 

же ңіл сезініп, оңай белдесіп шықтым. Ен-

дігі мақ сатым – Марид Муталимовпен 

боз кілемде белдесіп, бағымды сынап 

көру. Осы дан төрт жыл бұрын қолымда 

жолдама бола тұра, Олимпиада ойында-

рына ме нің орныма басқа балуан барып 

еді ғой. Мүм кін, биыл бабым келісіп тұрса, 

мені апа рып қалар бапкерлер, – деп 

Дәулет өзі нің асқақ арманын бүкпесіз 

жайып салды. 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ



Бразилияның Сан-Пауло 

қаласында қазақ күресінен алғаш 

рет жасөспірімдер арасында 

әлем чемпионаты аяқталып, 

біздің елдің балуандары сегіз 

жүлде еншіледі.

Бозбалалар 

Бразилияда 

белдесті

Ел қоржынында – үш алтын, екі күміс, 

үш қола. 70 келі салмақ дәрежесінде Бека-

рыс Ғайнолла әлем чемпионы атанса, 80 

келіде Қасымхан Түленбай алтынмен ап-

талды. Сондай-ақ 90 келіден жоғары ең 

ауыр салмақта Еламан Қойшыбаевқа тең 

келер ешкім болмады.

70 келіде Бекболат Әбдіғазиев күміс-

пен күптелсе, 80 келіде Дәулет Ниетбай да 

екінші орынға ие болды.

Қола жүлдеге ие болғандар – Данияр 

Темірханов (70 келі), Райымбек Рантаев 

(80 келі) және Жолдасбек Бектұрсынов (+ 

90 келі).

Өздеріңіз де байқап отырған болар-

сыздар, 70 және 80 келі салмақ дәреже-

лерінде жеңіс тұғырын тек біздің бозбала-

лар «жаулап» алды. Бұл балуандар туған 

елге 26 сәуір күні таң біліне ұшып келеді. 

Су добынан Италияның Триест қаласында соңғы 

лицензиялық турнир өткен болатын. Ерлер арасын-

дағы ұлттық құрамамыз «Сарықұрлық» додасында топ 

жарып, Азия жеңімпазына берілетін жалқы жолдама-

ны жеңіп алса, қыздарымыз лицензиясыз қал ған. 

Сондықтан Италиядағы лицензиялық турнир де тағы 

бір рет бақтарын сынап көрді. Алайда төрткүл дүниенің 

үздіктері арасында жолдама жалына жармасу мүлде 

мүмкін болмады. Әуелі «В» тобында бақ сынап, Кана-

да қыздарынан – 4:15 есебімен, Голландия арулары-

нан – 7:17 есебімен, ал Грекия ватерполшыларынан 

8:16 есебімен ойсырай ұтылды. Соңғы ойында Бра-

зилия құрамасымен 7:7 есебімен тең түсті. Абырой 

болғанда, соққан голдары мен доп айырмасы осы оң-

түс тік аме рикалықтардан сәл де болса тәуірлеу болып, 

ширек финалға шықты. Бірақ ширек финалда «А» то-

бында топ жарған, бүгінгі таңда әлемдегі азулы коман-

далар дың бірі болып табылатын Венгрия қызда рына 

тап болды. 

Жартылай финалға шыққан төрт құрама Олимпиа-

да ойындарының лицензиясына ие болатын дықтан, 

ширек финалдық ойындар тартысты өтті. Тек Қазақстан 

– Венгрия қыздары арасындағы ойын емес. Бұл кез-

десуде біздің қыздар 5:18 есебімен оңбай ұтылып, 

жолдама көздерінен бұл-бұл ұшып, ауыздарын қу 

шөппен сүртті. Ал ширек финалдағы қалған үш ойыны 

шектен тыс шиеленісті өтіп, Италия, Испания және Ре-

сей қыздары біздің қыздардың шамасы жетпеген Го-

ландия, Грекия, Канада құрамаларын жолдарынан 

тайдырды.

Қазақстан қыздары 5-8 орындар үшін өткен матчтар-

да, Грекиядан – 9:21 есебімен, ал Канададан 2:17 есебі-

мен ұтылып, сегізінші орынға табан тіреді. Тек Бразилия 

қыздарынан жоғары орналасты демесеңіздер, жеңілістен 

көз ашқан жоқ.

Ал Испания, Италия, Ресей және Венгрия құра-

малары Олимпиада лицензиясына қол жеткізіп, алдын 

ала жолдама алып қойған Қытай, АҚШ, Австралия, 

сондай-ақ Ұлыбритания құрамаларының қатарына 

қосылды.


1. «Ақжайық» (Орал)

7

5



1

1

13-6



16

2. «Шахтер» (Қарағанды)

7

5

0



2

13-5


15

3. «Тараз» (Тараз)

7

5

0



2

8-5


15

4. «Ертіс» (Кереку)

7

4

2



1

15-6


14

5. «Тобыл» (Қостанай)

7

4

2



1

15-9


14

6. «Ордабасы» (Шымкент)

6

3

2



1

9-5


11

7. «Ақтөбе» (Ақтөбе)

7

2

2



3

7-5


8

8. «Атырау» (Атырау)

7

3

2



3

8-10


8

9. «Қайрат» (Алматы)

7

2

2



3

7-10


8

10. «Астана» (Астана)

6

2

1



3

9-12


7

11. «Жетісу» (Талдықорған)

7

2

0



5

10-18


6

12.«Сұңқар» (Қаскелең)

7

1

3



3

2-8


6

13. «Қайсар» (Қызылорда)

7

1

1



5

7-13


4

14. «Оқжетпес» (Көкшетау)

7

1

0



5

7-18


3

7-ТУРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

«Астана» — «Оқжетпес»

 (Көкшетау) 1:4

Голдар:

 Дикэ, 6-пен. — Чагелишвили, 51. Чагелишвили, 

88. Бейсебеков, -90-өз қақпасына. Чагелишвили, 90.

«Қайсар» 

(Қызылорда) — «Ертіс» (Кереку) 2:0

Голдар:

 Малков, 45. Молдақарев, 83.



«Сұңқар» 

(Қаскелең) — «Тобыл» (Қостанай) 0:0

«Тараз» — «Ордабасы» 

(Шымкент) 2:1

Голдар:

 Лечич, 12. Лечич, 50 — Тәжімбетов, 15.



«Жетісу» 

(Талдықорған) — «Ақжа йық» (Орал) 1:2

Голдар:

 Нұрғалиев, 15-пен. — Азовский, 22. Хлебоун, 76.



«Атырау» — «Шахтер» 

(Қарағанды) 0:2

Голдар:

 Хижниченко, 45. Финонченко, 71.



«Ақтөбе» — «Қайрат» 

(Алматы) 1:1

Голдар:

 Хайруллин, 69-пен. — Мамонов, 35. 



73-минутта Малетич (А) алаңнан қуылды.

7-ТУРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

«Астана» — «Оқжетпес»

 (Көкшетау) 1:4

Голдар:

 Дикэ, 6-пен. — Чагелишвили, 51. Чагелишвили, 



:

88. Бейсебеков, -90-өз қақпасына. Чагелишвили, 90.



«Қайсар» 

(Қызылорда) — «Ертіс» 

)

(Кереку) 2:0

Голдар:

 Малков, 45. Молдақарев, 83.



:

«Сұңқар» 

(Қаскелең) — «Тобыл» 

)

(Қостанай) 0:0

«Тараз» — «Ордабасы»

(Шымкент) 2:1

Голдар:

 Лечич, 12. Лечич, 50 — Тәжімбетов, 15.



:

«Жетісу»

(Талдықорған) — «Ақжа йық» 

)

(Орал) 1:2

Голдар:

 Нұрғалиев, 15-пен. — Азовский, 22. Хлебоун, 76.



:

«Атырау» — «Шахтер»

(Қарағанды) 0:2

)

Голдар:

 Хижниченко, 45. Финонченко, 71.



:

«Ақтөбе» — «Қайрат» 

(Алматы) 1:1

Голдар:

 Хайруллин, 69-пен. — Мамонов, 35. 



:

73-минутта Малетич (А) алаңнан қуылды.

ХОККЕЙ


Бүгін Бангкокта көгалдағы 

хоккейден Азия кубогы додасы 

аяқталады. Ал Қазақстан 

құрамасы үшін бұл дода бірер 

күн бұрын тәмамдалған.

Көгалда көштен 

қалдық

Азия кубогына тоғыз елдің ұлттық құ-

ра 

масы қатысып, біздің жігіттер соңғы 



ор ынға табан тіреді. Әуелі Оман жігіттері 

1:11 есебімен омақастырды. Одан соң 

Гон конг тан 0:6 есебімен ұтылдық. Тіпті 

Өз бекстан құрамасынан 0:9 есебімен ұты-

лып, соңғы ойында Шри-Ланка хокей ші-

леріне 2:9 есебімен есе жібердік.

Көгалда ойнақ салған баяғы «Динамо-

ның» күні өткен, қазіргі жағдай осындай...



Айқын ЖАППАР

№69 (751) 

24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ақшыл көк және күлгін түсті 

шаяндар да болады



Филиппинде теңіз шаянының 

төрт жаңа түрі табылды. 

Жәндіктердің өзге шаяндардан 

айырмашылығы – түстерінің 

ақшыл көк және күлгін болуы.

Agence France-Presse-тің хабар-

лауынша, неміс зоологы Гендрик 

Фрай таг теңіз шаяндарының жаңа 

түрлерін Палауан және оған іргелес 

аралдардың аумағынан тауып 

алған. Бұрын бұл жерде шаяндардың 

Insulamon атты тұқымының жалғыз 

түрі табылған. Жаңадан анықталған 

жәндіктер де осы түрге жатқызылып 

отыр. Қабыршағы мен аяқтарының 

түсі ақшыл көк немесе күлгін болып 

келетін бұл шаяндар тұщы суды 

мекендейді. Ғалымдардың айтуын-

ша, шаяндардың жаңа түрлерінің 

дене құрылымы да өзгеше: аяқтары 

кәдімгі теңіз шаяндарынан әлде-

қайда қысқа. Олардың ақшыл көк 

және күлгін түстері жәндіктер 

жыныстық жағынан жетілгеннен 

кейін қызыл түске ауысады екен.

Цунами кезінде жоғалған 

доп өзге құрлықтан табылды

Жапонияның цунамиге ұшыраған 

аймағында тұрған жасөспірімнің добы 

Аляска түбегінен бір-ақ шыққан. 

Америкалық азамат жуырда 16 жастағы 

Мисакидің добын өзіне қайтарады.

Кеше бұл хабарды Жапо нияның «Киодо» агенттігі 

таратты. Аляскада тұратын америкалық жағажайдан 

футбол добын тауып алады. Ондағы жазуды 

аударған кезде, доптың жапониялық Мисаки 

Муракамиге тиесілі екені белгілі болады. Америкалық 

өзінің әйелімен бірге баланың мекенжайын 

анықтайды. Мисаки цунами болған аймақтың 

тұрғыны болып шықты. Былтыр наурыздың 11-і күні 

болған табиғи апат баланың баспанасын түгел 

шайып кеткен. Оның жеке заттарының бірі – футбол добының 8200 шақырым 

қашықтықтағы өзге жағалаудан табылуы цунамидің қаншалықты жойқын 

болғанын көрсетеді. Америкалық азамат Мисакидің добын жуырда өз қолына 

табыс етпек.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Алматтың әзілдері

МАИ қызметкері біреудің көлігінде келе жатады:

– Жылдамырақ жүрсеңші, асығыс едім...

– Қой, жолдағы МАИ-ге айыппұл төлеп, оған босқа 

ақша бергім келмейді.

– Ма-ған бере сал...

***

Балабақшада. Тәрбиеші балаға:



– Сен неге мына ботқаны жемейсің?

– Өзіңіз жемейтін нәрсені біз қайтып жейміз.

***

Емханада. Науқас дәрігерге:



– Сіз менің оң қолым мен сол қолымның орындарын 

ауыстырып жіберіпсіз. Енді қайтем?

– Оқасы жоқ. Енді сол қолыңызбен амандасып, жазу 

жаза аласыз...

***

Мәжіліс залына кіреберістегі жазулар:



• Құрметті депутаттар! Депутаттық сауал жасар алдында 

бұрын бұл сауалды басқа депутаттардың жария еткен-

етпегендігіне көз жеткізіп алыңыз.

• Құрметті депутаттар! Көмекшілеріңізге жаңа ұялы 

телефон сатып әперіп, оларға берген телефондарыңызды 

өздеріңіз ұстасаңыздар жақсы болар еді. Қажет кезінде 

таппай қаламыз.

Сәуірдің 24-і

Алаштың атаулы күні

• 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты 

Қазақ КСР-нің Президенті етіп сайлады. 

• 16 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевқа елдегі ең жоғарғы 

лауазым белгілері – «Алтын Қыран» ордені, омырау белгісі және 

Президент байрағы тапсырылды.

• Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні.

• Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні.



Туған күн иелері

Қабдеш Жұмаділов (1936) – Қазақстанның Халық жазушысы, 

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы 

сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының, М.Әуезов 

атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Тарбағатай, Аягөз және Үржар 

аудандарының құрметті азаматы;

Раушан Сармурзина (1945) – химия ғылымының докторы, 

академик;



Ертай Ашықбаев (1956) – Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газеті бас 

редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет 

қайраткері, ақын;  

Гүлнар Ықсанова (1958) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

Данияр Нүсіпов (1964) – «Толғау» ЖШС жүргізушісі;

Арман Жетпісбаев (1971) – Шымкент қаласының әкімі.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

РАУШАН – парсы есімі. «Раушан» сөзін парсы тілінен қазақшаға аударғанда 

балама сөз өте көп шықты. Атап айтқанда, бұл сөз «көрікті», «жарық», 

«сәулелі», «нұрлы» және «шуақты» деген мағынаны білдіреді екен. 

Ауа райы

і

і

і

05,56

13,50

19,46

ТОҚТЫ

Бүгін уақытыңыздың 

басым бөлігін отбасылық 

істерге бөлуіңізге тура 

келеді. Әрі бірқатар күр-

делі мәселелер ойламаған 

жерден алдыңыздан шығуы 

ғажап емес. Сіздің кәсіби 

салада мақсатыңызды жү-

зеге асыруға мүмкіндігіңіз 

бар. 

ТОРПАҚ

Егер сіз табысқа қол 

жеткізгіңіз келсе, қайтпас 

қайсарлық танытуға да-

йын болыңыз. Өйткені 

же тістікке жеткізетін міндетті 

шарттың бірі – осы. Қолға 

ал ған ісіңізді аяғына дейін 

жеткізуге тырысыңыз. Жал-

қаулыққа жол бермеңіз.



ЕГІЗДЕР

Сіздің бүгінгі басты қа-

руыңыз зияны жоқ қу лық 

болып табылады. Онсыз 

сіз ештеңеге қол жеткізе 

алмайсыз. Кейде сіз 

осындай жағдай қалыптас-

қан кезде күшіңізді жұм-

сағыңыз келеді, бірақ бұл 

– азғыру, оған қарсы тұры-

ңыз.

ШАЯН

Осы күннің айтарлық-

тай жағымсыз қалып тас-

қанына қарамай, жетіс-

тікке қол жеткізе аласыз. 

Бұл басқаларға мүмкін 

емес  тей  болып  көріне тін-

діктен, сізге таңғалулары 

мүм кін. Бұның құпиясы – 

өзіңізге жақсы таныстар 

таба білесіз.

АРЫСТАН

Сіздің өміріңізге бұ рын 

сізді білгісі кел меген адам 

қайта араласа бастайды. 

Оның сізге кері әсерін 

тигізіп, көңіліңізде із 

қалдыратынын білсеңіз де, 

оған қарсы сөз айтуға қи -

наласыз. Бар күшіңізді 

жинап, дұрыс шешім қабыл-

даңыз. 

БИКЕШ

Осы күні асығыс әре-

кеттерден аулақ болуға 

тырысыңыз, еш ойлан-

бай жатып қаржыға қа-

тысты шешім қабылда-

ма ғаныңыз  жөн.  Уа қы тыңыз 

болмай жатса да, жақын-

дарыңызға көңіл бөлгеніңіз 

жөн. Олар ды ренжітіп алуы-

ңыз мүмкін.

ТАРАЗЫ

Кәсіби қиындықтар 

мен шешілуі күрделі мәсе-

лелерге тап болуыңыз 

мүм кін. Бұндай жағдайда 

сенімді серіктестеріңізден 

көмек сұрағаныңыз дұрыс. 

Жаңа қарым-қатынас орна-

туға сәтті күн, бірақ олар 

сізге қол ұшын бере ал-

майды.

САРЫШАЯН

Бүгін белсенділігіңіз 

төмен. Болмашы нәрсе-

лер ге көп ашулана бер-

меген жөн. Кез келген іске 

шығармашылық көз-

қарас пен қарап, қиялыңызға 

ерік беруден қорықпасаңыз, 

бү 

гін болмаса да кейін 



кәсіби табыстарға жететі ні-

ңізге сеніңіз.



МЕРГЕН

Аса табысты күн. Сіз-

дің көп күш салмай-ақ 

әмия ныңызды  ақшаға 

толтыруға мүмкіндігіңіз 

мол. Өзіңізге қызықты іс-

керлік ұсыныстар келіп түсуі 

мүмкін. Оған керекті ақ-

параттарды жинап, аптаның 

соңына дейін жауап беру 

қажет.

ТАУЕШКІ

Бұл күнді бұрынғы 

жай сыз 

жағдайларды 

жай  ғастыруға 

немесе 


жіберіп алған қателік-

теріңізді түзетуге пайда-

ланғаныңыз жөн. Өйткені 

бүгін сізден өткен өткір тілді 

жан жоқ. Алайда кез келген 

келіссөз көп күш салуды 

қажет етеді.

СУҚҰЙҒЫШ

Бүгінгі күніңізді ты-

ныш, жаныңызға жа ғым-

ды етіп өткізуге болады. 

Бірақ бір нәрсені есте 

ұстаңыз, ешкімге өмір 

туралы өз түсінігіңізді түсін-

діру қажетсіз. Сіз өзіңізді 

түсінетін шыдамды адамды 

іздейсіз, бірақ ондай адам 

таппайсыз.

БАЛЫҚТАР

Көптен бергі қарама-

қайшы жағдайларды осы 

күні бір жөнге келтіре 

аласыз. Қазірше үйлесім-

ділік болмаса да, тұрақты-

лыққа қол жеткізесіз. Кейде 

қажет кезде басқаға жол 

беріп, байланыс орнатудың 

орнына, келіскіңіз де кел-

мейді. 

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



25

26

27



28

29

30



Сәуір 2012

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

24

+20+22

о

 

 +12 +20

о

+22+24

о

 

+15+17

о

+22+26

о

 

+15+18

о

 +25+26

о

 

+18+21

о

+17+18

о

 

 +12+15

о

 

+24+27



о

 

+14 +16

о

+21+24

о

 

+12 +15

о

+21+24

о

 

 +14 +16

о

+24+27

о

 

+19+20

о

+26+30

о

 

+16+20

о

+20+22

о

 

+14 +16

о

+18+20

о

 

+11 +15

о

 

+23+25

О

 

+13+15

О

  

+25+28

о

 

+11+20

о

      


+22+25

о

 

+16 +18

о

 

+19+22

О

 

+12 +15

О

+15+19

о

 

+10 +11

о

 

+14+17

о

 

+5+9

о

№69 (751) 



24.04.2012 жыл, 

сейсенбі


8

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

 

 



  

АЛАШ-АҚПАРАТ

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

К

е



зекшi  ред

ак

тор –  А



рман  ӘУБӘКІР

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1518

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №749

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



е

л.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

росының ж

ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

(len

ta.r

u )

(r

u.tsn.ua)

Кербез Көкшенің көркі мен 

келбеті қазақ баласымен қатар, 

тұтас дүниежүзін талайдан 

тамсандырып келеді десек, 

қателеспейміз. Тұмса табиғат 

баурайының жағасындағы 

сауықтыру орындары да әлемдік 

талаптарға сай. Оның айқын дәлелі 

жақында Қазақстан Республикасы 

Президентінің Іс басқармасы 

медициналық орталығына қарасты 

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру 

кешені «Еуропалық сапа» 

халықаралық марапатына лайық 

деп танылды.

Бурабай көлінің жағасында орналасқан 

«Оқжетпес» шипажайына осыған дейін де 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 

сумен және климатпен емдеу федерациясы 

Бас ассамблеясының шешімімен «Әлемнің 

үздік шипажайы» деген жоғары атақ берілген 

болатын. Бұдан кейін де еліміздегі туризм 

кластерін дамы 

туға баса көңіл бөлініп, 

әсіресе Қазақстанның Швейцария сы атанған 

Бурабай өлкесін әлемдік талаптарға сай ету 

жобалары күн тәртібіне қойылған. 

Ертай Сәрсебеков, «Оқжетпес» емдеу-

сауықтыру кешені» АҚ президенті: 

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

жүктеген тапсырмасы негізінде Бура-

бай-Щучинск курортты аймағын да-

мыту міндеттелген болатын-ды. Осы ған 

орай мемлекеттік бағдарлама шең-

берінде біздегі демалыс орындары мен 

емдеу-сауықтыру орындарындағы жұ-

мыстар кезең-кезеңімен жүргізілді. 

Әри не, мұндай биік марапат осы ұжым-

ның тізе қосып, бірлесе жұмыс істеуінің 

арқасында мүмкін болды. 

Бурабай өлкесіндегі мұндай жағымды 

жаңалық тұтас қазақ елінің абыройын асқақ-

тата түсері анық. Дегенмен осы өлкедегі 

сауықтыру кешендерімен қатар, табиғат 

экологиясы да еуропалық талапқа сай деп 

танылса, нағыз қуаныш сонда болар еді! 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Көкшетау

Оқжетпес 

Еуропаға

 танылды

СКАНВОРД


Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

Газетіміздің  №67 (749) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Шаппа. Әуе. Илеу. Квота. Іні. Атыз. Брекет. Сират. Тәуке. Яна. Арыс. Адыр. Балл. Ажа. Иа. Якут. Ноян.

 

    



  

ТІГІНЕН: Дайвер. Әздек. Езу. «Әпитөк». Карат. Ала. Есер. Ати. Ыбан. «Дәуіт». Ряса. Нышан. Лия. Семіз. «Тарлан».

Ағайын, туыс

Нұсқа

М. Мағауиннің 



кітабы

Құн баға


Әйгілі сақ 

ғұламасы


Қағаздан 

жасалған 

түрлі 

пішіндер


Ноғай Ор-

дасындағы 

әйгілі би

Ныспы


Жыл атауы

Таңдай мен 

жұтқыншақ 

жалғасатын 

жер

Шыңғыс-


ханның 

немересі


Бұрым

Сауал


Бәдірен

Гүлденген 

елді мекен

Арқаға 


төңкеретін 

дәрігер бәнкісі

Сусын түрі

Аспан


Әскери 

басқару 


орталығы

Құдалар 


киімі

Шарапатты 

адам

Шахмат 


термині

Қуаныштағы 

ырым

Сібірдегі 



өзен

Үкіметтің заң 

есебіндегі 

қаулысы


Діни атақ

Ұшқындап 

түскен ұлпа 

қар


Сыйлы адам

Екінші 


халифа

Қырғауыл 

тұқымдас 

әдемі құс

Техникалық 

сода


Қаржы

Нигерия 


қаласы

Еркін ШҮКІМАНОВ,

әнші, 

ҚР еңбек сіңірген 

қайраткері

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет