Балалар менің сөмкемде әр түрлі заттар бар.Бірақ мен олармен не істерімді білмей жүрмін.Ары ойланып,бері ойланып сендерден көмек сұрау үшін келдім.Қарандаршы балалар деп,сөмкесіндегі заттарды шығарады. (сабын,тіс щеткасы,мочалка,тарақ,сүлгі)
Сөмкесінің екінші қалтасынан алма,мандарин,лимон шығарады.
Балалар бұл заттардың атауын білесіндер ме?Ол заттар бізге не үшін қажет?
Сабын,тіс щеткасы,мочалка,тарақ,сүлгіні жалпы қалай атауға болады.
Жарайсындар балалар бұл заттар тазалық құралдары.
Ал алма,мандарин,лимон ше?
Жемістер.
Жемістердің бізге қандай пайдасы бар?
Ия дұрыс айтасындар,жемістерде дәрумендер көп.Жемістерді көп жеген бала ауырмайды.Дені сау болады.
Дімбілмес сен бұл заттардың не үшін қажет екенің түсіндің бе?
Ия түсіндім.
Балалар мен сендерге осы жемістер туралы тақпақ үйреткім келіп тұр.Дымбілмес барлығын қосылып жаттандар.
Мен алмамын,алмамын
Балдай тәтті бар дәмім
Мені сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Заттарға таңырқай қарайды.
Оларды атайды.
Не үшін
пайдаланатындарын айтады
жемістер
сұрақтарға жауап береді
Жарайсындар балалар.Дымбілмес тазалық заттарын өзімен алып кетіп,жемістерді сендерге сыйға тастап кетем дейді.Дымбілмеске алғыс айтып,шығарып салайық.
Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Өзімен бірге не алып келді?
Не туралы тақпақ жаттадық.
Балаларды мақтау,мадақтау.