Іздену-ұйымдастырушы
|
Тәрбиеші:«Менің отбасым»суреті бойынша балаларға сұрақ береді.
-Суретте не бейнеленген?
-Отбасы
-Суреттегі отбасы мүшелерін ата?
-Ата,әже,әке,апа,іні,қарындас
-Дұрыс балалар ,енді осы суреттегі отбасы мүшелерінің не істеп отырғандағы жайлы әңгімелеп беріндер.
-Суретте ата не істеп отыр?
-Ата газет оқып отыр.
-Әже не тоқып отыр?
-Әже күрте тоқып отыр.
-Ана мен әке не істеп отыр?
-Ана мен әке телевизор көріп отыр.
-Кішкентай қызы мен баласы не істеп отыр?
-Олар ойыншықтармен ойнап отыр.
Желілі рөлді ойын
«Әжеміздің үйіне қонаққа барамыз»
Тәрбиеші балаларды рөлге бөліп,ойының мақсатымен таныстырады.Балалар әженің үйіне қонаққа келеді.
-Саламатсіз ба,әже?
-Қош келдіндер ,балалар,төрлетіндер.Мен сендерге дастархан дайындап отырмын.Дастарханнан дәм татындар.
Балалар:
-Әже астарыныз өте дәмді екен.Рахмет,әже.
Әжесі:
-Ас болсын балаларым.
Әжесінің дастарханынариза болған балалар өздері білетін тақпақ-өлендерін айтып береді.
Балалар ойыны.
|
Сурет бойынша берілген сұрақтарға балалар толық жауап беріп,отбасы мүшелерін атады.
Суреттегі отбасы мүшелерінің іс-әрекетін әңгімелеп берді.
Ойын барысында балалар рөлдерге бөлініп ,тату тәтті қызығушылықпен бірігіп ойнады.Өздері білетін өлең тақпақтарын әжелеріне арнап берді.
|