Борибаева сафура болатовна



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер 
Сілтеу есімдікті жарыспалы сабақтас сөйлемдер: Абай ауылынан кеткен 
бетінен  қалаға  бүгін  жетіп,  Мұхаметжан  жаңа  кеп,  ат  тұмсығын  тіреген  жері 
осы.  Аузына  осы  тірі  жүрген  ұрпағымның  қайсы  түссе  де,  шайнап  тастағалы, 
көзге  шұқып  жоқ  еткелі  отырған  түр  ғой  мынау!  Басыңқы  сыңарларының 
баяндауыштары  нөлдік  тұлғадағы  осы,  мынау  сілтеу  есімдіктері  сөйлемдерді 
тиянақтап тұр. 
 
2.2 Құрама баяндауышты есімді сөйлемдер  
2.2.1 Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер  
Сөйлемнің баяндауышы дара, күрделі есімдер не сондай етістік тұлғалары 
мен  кейбір  көмекші  етістіктер,  не  айрықша  көмекші  модаль  сөздер,  кейбір 
демеуліктер  түрінде  келген  сөз  тіркестерімен  де  айтылып  жұмсалады.  Құрама 
баяндаушы  бастауыштың  қимылдық  күйін  не  заттың  қатынасты  сапалық 
болмысын,  сұраулық,  болымсыздық,  міндеттілік-керектілік,  мүмкіндік-
мүмкінсіздік, 
сенімділік-ақиқаттық, 
күмəнділік-болжалдылық, 
өкініш-
армандық,  қалау-тілектік  тəрізді  мағыналарды  ұластырып  не  тек  шақтық 
мағынада бекітіп мəндендіреді
.
 
Құрама баяндауышты көмекші компоненттердің мəні мен түрлеріне қарай 
негізгі екі топқа жіктеп қарастыруға болады: кейбір демеулікті көмекші модаль 
сөзді болып келген құрама баяндауыштар жəне көмекші етістікті болып келген 
құрама баяндауыштар.  
1.  Көмекші  модаль  сөздер  мен  кейбір  демеуліктер  арқылы  құралатын 
құрама  баяндауыштардың  негізгі  компоненттері – етістік  не  есім  түрлері 
болады.  
Көмекші компоненттері рөлінде жұмсалатындар «емес», «жоқ», «сияқты», 
«керек», «білем», «шығар», «болар», «еді», «екен», «мүмкін», «тиіс» - деген 
сөздер мен «ма», «ме», «мыс», «міс», «ды», «ді», «ғой», «қой», «ғана», «қана» 
демеуліктері.  Бұлар  субъект,  зат  қимылына  не  оның  заттық,  сындық  тəрізді 
болмысына  деген  қосымша  субъективтік-объективтік  қатынасты  көрсетеді: 
негізгі  компоненттік  сөздердің  мəніне  болымдылық – болымсыздық  не 
қарсылықты,  күмəнділік  белгісіз  модальдық  мағына  үстеп,  бастауышпен 
байланыстырып  тиянақтауда  синтаксистік  элемент  болып  тұрады.  Аталған 
айырым мағыналар жиынтығы, əдетте, модальдық категория деп түсіндіріледі. 
Мұның өзі сөйлем мазмұнының шындыққа деген қатынасының не сөйлеушінің 
зат,  болмыс  туралы  субъективтік-объективтік  көзқарасының  етістік  райлары 
арқылы, жоғарғыдай көмекші сөздермен айтылған белгілі бір мүшелік тіркестер 
арқылы, қыстырма сөздер арқылы жəне интонация арқылы берілуіндегі ерекше 
грамматикалық мағыналар жиынтығы болып ұғынылады.  
2.  Модальдық  көмекші  сөздер  баяндауышының  синтаксистік  компоненті 
ретінде  етістік  формаларға  тіркесіп  жұмсалғанда  бірқатары  негізгі  етістік 
компоненттің шақтық мəнін емес, мұнымен байланысты қимылдың мағынасын 

 
73
тек  модальдық  мағынада  құбылтса,  бірқатары  əрі  шақтық,  əрі  модальдық 
мағына  үстеп  құбылтатын  болады.  Демек,  модальдық  көмекші  сөздер 
субъектінің не заттық, қимылдық сапасын, не  заттық, сындық болмысын  емес 
(бұларды  негізгі  етістік  не  есім  компоненттер  атап  білдіреді).  Модальдық  не 
логикалық  мағынадағы  дəнекерлік  сөздер  мен  демеуліктердің  негізгі  етістік, 
есімдерге  тіркесіп  келуі  жағынан,  осыған  сəйкес,  білдіретін  мəні  жағынан 
айырмашылықтары бар [58, 225-226 бб.].  
Біз осы жұмысымызда М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы құрама 
баяндауышты сөйлемдерді талдағалы отырмыз. Біз оларды М. Əуезовтің «Абай 
жолы»  роман-эпопеясында  құрама  баяндауышты  сөйлемдерді:  зат  есімді 
құрама  баяндауышты  сөйлемдер,  сын  есімді  құрама  баяндауышты  сөйлемдер, 
есімдікті  құрама  баяндауышты  сөйлемдер,  сан  есімді  құрама  баяндауышты 
сөйлемдер деп топтастырдық.  
Зат есім мен модаль сөз  
Жалқы есім мен модаль сөз: 
Кеңінен көселіп, күлдіргі сөздер айтып отырған Алшынбай сияқты
Жалқы есім мен модаль сөзге көмекші етістіктің тіркесуі: Кінаға, дауға 
жүйрік Байдалы сияқты емес. 
Күрделі  сын  есім  мен  нөлдік  тұлғадағы  жалпы  есімге  модаль  сөзінің 
тіркесуі: 
Шаттық  пен  сауықтың  жаны  да,  сөнбес  шырағы  да – дəл  осы  еркін  сұлу 
жас қыз сияқты 
Тəуелдік жалғаулы зат есім мен жіктік жалғаулы модаль сөзі арқылы: 
Шалқып жүрген еркенің еркесі тəріздімін.  
Тəуелдік жалғаулы жалпы зат есім мен көмекші етістікке модаль сөзінің 
түйдектелуі: 
Əнінің  сылтауы  бауырындағы  баласы  болу  керек.  Соны  əлдилеп  тербете 
түсіп, айтқан əн сияқты
-дікі жұрнағы мен сұраулық шылау арқылы:
 ...Жоқ, басқа қыздікі ме?  
-нікі  жұрнағы  мен  көмекші  етістік  арқылы:  Жаңағы  атаған  Тобықтыдан 
алам деп жатқан құдық, қоныстардың бəрі анығында Тобықтынікі емес, Көкен 
елінікі. 
Көптік  жалғаулы  жалпы  есім  мен  модаль  сөз:  Бұның  кейбірі  Тентек 
Оязбен елге ере  шыққан  стражниктер сияқты. Егер көмекші  есімді түйдекті 
тіркестер  көбіне  сөйлемдердің  ішінде  жұмсалса,  керісінше  модаль  сөздер 
көбіне сөйлемдердің соңында негізгі сөздермен түйдектеліп жұмсалады. Соның 
бірі – модаль  сөздердің  зат  есім  мен  модаль  сөзді  түйдекті  тіркестерінің 
сөйлемнің  соңында  келіп  сөйлемді  тиянақтауы.  Ондайда  сияқты,  тəрізді 
сөздері жиі қолданылады.  
3.  Баяндауыштары  дара,  түйдекті  болып  келген  зат  есімдерге  «сияқты» 
көмекші  сөзінің  тіркесуі  арқылы  жасалған.  «Сияқты»  көмекші  сөзінің 
салыстыру  не  ұқсастыру  мағынасында,  етістік  компоненттердің  өткен,  келер 
шақпен  байланысты  мағынасы  жəне  есім  компоненттердің  де  заттық,  сындық 

 
74
мағынасы  сенімсіздік  (белгісіздік)  реңкті  модальдық  мағынада  құбылып 
тұрады.  
Баяндауыштың «еді», «екен», «керек», «тиіс», «мүмкін», «шарт», «қажет», 
«жөн»  көмекші  сөздері  арқылы  құралуы.  Бұл  көмекші  сөздер  кейбір  етістік 
формаларға ғана байланысып жұмсалады; қалау-тілектік не өкініш, керектілік, 
міндеттілік  тəрізді  мағыналық  мағыналарды  құбылтып  тиянақтайды.  Мысалы: 
Абай осыған орай: - Елге өнер, білім керек. Оқу, тəрбие керек ... деген. Оның 
бəріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек. Осы аз күн ішінде оязбен 
менің жауаптасуым мүмкін.  
Күрделі сан есім мен жалпы зат есім: Бастарын ақ шытпен керте байлап 
алған асбасшылар жиырма шақты жігіт. Құлыншақ аулы он шақты үй. 
Сын есім мен зат есімге көмекші етістіктің түйдектелуі: Көлқайнар суы 
мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес.  
Есімді  сөйлемді  жасауда  көмекші  етістіктердей  қызметте  болмағанымен, 
шылаулар  да  қатысты.  Кез  келген  нөлдік  тұлғадағы  зат  есімдер  сөйлемді  өз 
беітмен  тиянақтай  алмайды,  оларға  көмекші  ретінде  дəнекерлік  қызметте 
шылаулар  да  қолданылуы  арқылы  сөйлемде  ой  тиянақты  беріледі.  Шылаулар 
сөйлемнің  соңында  келіп,  зат  есімдермен  түйдекті  тіркес  құрау  арқылы 
сөйлемде  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады.  Роман-эпопеяда  əсіресе  жиі 
кездескен шылаулар: нақтылық, шектік, күшейткіш, сұраулық шылаулары.  
Сілтеу  есімдігі  мен  жалпы  есімге  демеулік  шылауының  түйдектелуі: 
Біздің  мырзаның  анық  тілеуі,  жақыны  сол  бақыр  ғой... -  деп,  Жақып 
Алшынбайдың күндізгі мінезін еске алып еді. 
Нөлдік  тұлғадағы  жалқы  есім  мен  демеулік  шылауы:  Ол  тек  Абай  мен 
Əйгерім ғана. Тек алғашқы қамшы тиген Базаралы ғана. Бұл үйде жас жігіттің 
дəл осы күйін іштей танып жүрген Қарашаш қана.  
Нөлдік  тұлғадағы  жалпы  есім  мен  демеулік  шылауы:  Жылқы  қамынан 
аман болған Жидебайдағы ауыл ғана. – Байғұс Алшекең де дос-ақ қой! 
Тəуелдік жалғаулы жалпы есім мен демеулік шылауы арқылы:  
-  Менің  аңғаруымша,  сіз  тарихқа  көп  ат  салыспаған  сияқтысыз.  Ол - 
ғылымдардың анасы ғой. 
Тəуелдік  жалғаулы  жалпы  есім  мен  көмекші  етістікке  сұраулық 
шылауының тіркесуі: - Неге? Сəуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? - Е, 
олжа, əкеңнің олжасы емес пе?  
Туралы  септеулік  шылауы  тек  тура  толықтауыштық  тұлға  деп  берілуі 
барлық  түркі  тілдеріне  тəн.  Сонда  шылаулы  түйдекті  тіркестер  тек  сөйлемнің 
ішінде  қолданылып  жүрсе,  енді  ондай  түйдекті  тіркестер  сөйлемді  тиянақтау 
дəрежесіне ие болуда.  
Атау тұлғадағы жалқы есім мен туралы:
 
Оның біреуі – Тəкежан туралы. 
Атау  тұлғадағы  жалпы  есім  мен  туралы:  Хабарының  басы – ертең 
Есқожа ауылында болатын той туралы. 
Тəуелдік  жалғаулы  зат  есім  мен  туралы:  Ол – осы  жақында  болатын  ас 
туралы,  Бөжейдің  асы  туралы.  Ол - осы  елдің  ішіндегі  тынымсыз  бұзар, 
атқамінер, партияқорлардың толып жатқан дау-шары туралы. 

 
75
«Еді», «екен»  көмекші  етістіктер  екендігі  белгілі.  Бірақ  «еді»  мен  «екен» 
бірді-екілі  етістік  формаларға  байланысуында  шақтық  емес,  таза  модальдық 
дəнекер  болады.  Есімді  сөйлемдердің  жасалуында  көмекші  етістіктер  үлкен 
орын  алады.  Көмекші  етістіктер  есімдерге  түйдектелгенде  есімді  сөйлемдерде 
шақтық мəн пайда болады. Оның өзі өткен шақ, келер шақ, осы шақ, негізінде 
жүзеге  асады.  Сонымен  бірге  таза  есімді  баяндауышқа  қарағанда  көмекші 
етістікті  есімді  сөйлемдерде  сөйлемнің  тиянақтылығы  əлде  қайда  басым 
болады. 
Роман-эпопеяда  баяндауыштары  жалқы  есім  болып  келген  зат  есімдерге 
«еді»  көмекші  етістіктерінің  тіркесуі  арқылы  жасалған  сөйлемдер  біршама, 
мысалы:  
1. Бұл Құнанбаймен ере келген Көтібақ Пұшарбай еді.  
2. Ол сөйлеген Ұлжан еді.  
3. Ендігі басу айтқан Сүгір еді.  
4. Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді.  
5. Өзгеден бұрын бұл жөнді ұққан Абай еді.  
6. Ол жібергені – Ербол еді.  
Баяндауыштары  тəуелдік  мəнде  болып,  оған  «еді»  көмекші  сөзінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер роман-эпопеяда мол, мысалы:  
1. Баланың бұл ерте əзірлеген жауабы еді.  
2. Қодар аталас жақыны еді.  
3.  Тегінде  ертекші,  өлеңші,  не  басқа  əңгімеші  адамға  талай  уақыт 
тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі əдеті еді.  
4.  Бұл  Желқұйын  туралы  өз  ауылындағы  бір  үлкен  аңшының  айтқан  сөзі 
еді.  
5.  Өз  баласының  аузынан  үн,  сол  бір – «дəуренің  өтті»  деген  суық 
сарынның қатаң лебі еді.  
6. Бұл Абайдың да ойы еді.  
Кітаптан  алатын  білім  нұсқаның  бүгін  тіршіліктің  қолма-қол  керегі  үшін 
асығыс қажет болған бір шағы еді.  
Араз-құразға ынтасы мен бейімі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді.  
Баяндауыштары  атау  тұлғалы  дара  болып,  оған  «еді»  көмекші  етістігі 
тіркескен дара болып келген сөйлемдер:  
1. Далада жылы түн еді.  
2. Үй ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді.  
3. Тегінде жұртты сескендіріп, қашқындардың жүрегін шайлықтыру үшін 
шығарылған отряд еді.  
4. Бұл жүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді.  
5. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол жылау еді.  
6. Онысы - əжесінің адамшылық аналық қасиеттерін жоқтау еді.  
Баяндауыштары  (сын  есім+  зат  есім)  түйдекті  болып  келген  оған  «еді» 
көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:  
1. – Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ ат, бөрте 
ат еді.  

 
76
2.  Сондай,  ұйқы  мен  ояудың,  түс  пен  өңінің  арасында  əсіресе  шаршаған 
күнгі ұйқыда болатын қызық бір, аралық хал еді.  
3. Абылғазы емендей, шақпақ сүйек, зіл салмақты адам еді.  
4. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаңаяқ, аяғын қалың 
күс  басқан,  10-11  жасар  бала  еді.  Соңғы  сөйлемнің  баяндауышы 10-11 жасар 
бала  еді - сан  есім + зат  есім+еді  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  күрделі 
баяндауыш құрамында жұмсалған. 
5.  Тінібек  пен  қыз  əкесі – ылди  бойының  саудагер  байы  Əлдеке – 
құдандалы, дос еді.  
6.  Абайдың  қайтар  жолда  мінбегі  «Аймандай»  деген  бір  қара  жал,  қара 
құйрық, сұлу құла ат еді.  
Баяндауыштары  көптік  тұлғада  тұрып,  оған  «еді»  көмекші  етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:  
1. Бұл сөздер биылғы жазды не қылса да үлкен ылаңның зор бəленің жазы 
етуге айналған сөздер еді.  
2. «Жігітек», «Бөкенші» деген сондай аттар еді.  
3. Абайды шын балаға айналдырып жіберген осы сүйістер еді.  
4.  Араз-құразға  ынтасы  мен  бейілі  жоқ,  жай  шаруаның  ауылдары  еді. 
Соңғы  сөйлемде  баяндауышы  тəуелдік  жалғауының  ІІІ  жағында  келіп  оған 
«еді» көмекші етістігі тіркескен. 
Баяндауыштары  зат  есімнен  болып  оған  «екен»  көмекші  етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер:  
1. Е-е, айыпкер табылды де?.. Ол əн екен!  
2. Күйеу алдыннан шыққан қыз-келіншек екен.  
3.  Тіл  көмегі  болса  да  мынандай  мырза  көмекке  қуанып  кетті.  Ендігі  бір 
ғана күдігі Базарлы екен. 1, 2 сөйлемдердің баяндауыштары атау тұлғада тұрып 
оған  «екен»  көмекші  етістігі  тіркескен. 3-ші  сөйлемнің  баяндауышы  жалқы 
есімнен жасалып оған «екен» көмекші етістігі тіркесіп келген.  
4. Сəлем беріп, иба қып кірген күйеулер екен. 4-ші сөйлемнің баяндауышы 
көптік жалғаулы зат есім мен «екен» көмекші етістігі арқылы жасалған.  
ІV «Емес», «жоқ» көмекші сөзді құрама баяндауышта субъектінің, заттың 
ісі не болмаса объективті болымсыздық формада факт етіледі, субъектінің істі 
істеуге  қабілеттілігі,  сапаға  иелігі  болмайтындай  мағына  білдіреді. «Жоқ» 
көмекші сөзді құрама баяндауыштың болымсыздық мəні «емес» көмекші сөзді 
құрама  баяндауыштыкінен  гөрі  тұжырымды  келеді. «Емес»  сөзі  «емес» 
көмекші  етістігінің  болымсыздық  формасы  келер  шақтың  есімше  түрінде: 
алдыңғы  тіркескен  сөзіне  болымсыздық  не  қарсылықты  мағына  мағына  үстеп 
жұмсалады.  Баяндауыш  «емес»  көмекші  сөзінің  дара  түрінде  айтылған  атау, 
жатыс,  шығыс  септік  формалы  болымды  мəнді  зат,  сын,  сан  есімдер  мен 
есімдіктерге жəне есім тіркестерге «жоқ» көмекші сөзінің атау септік формалы, 
кейбір  зат  есімдер  мен  жіктеу  есімдіктеріне  тіркесуі  арқылы  да  құралып 
жұмсалады. Мысалы:  
1. Сіз қызмет адамы емессіз.  
2. Мен революционерлердің ішіндегі үлкені емеспін.  

 
77
3. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес.  
4. Хатерден қашатын Абылғазы емес.  
5.  Абай  Тəкежан  үйіне  ат  қойып  келген  жоқ.  Жас  балаға  ат  қою  жақсы 
ырым  емес.  Бұл  сөйлемдердің  бірқатары  тек  болымсыз  формалы  бір 
баяндауышты, бірқатары болымсыз да, болымды да формалы екі баяндауышты 
болып  жұмсалған.  Болымсыз  формалы  баяндауыштар  «емес»  сөзінің  атау 
септік  формалы  есімдерге  тіркесуі  арқылы  жасалған;  бастауыштың  заттық, 
сындық, сандық сапаға иелігі не қатыстылығы сөйлеу уақытымен байланысты 
болымсыз  екендігін  білдіреді.  М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясындағы  зат  есімді  есімді  сөйлемдердің  жай  жəне  құрмалас  түрлерін 
көрсетсек.  
Жай сөйлем түрлері  
Хабарлы  сөйлемдер:  Бəрінің  қолында  үкілі  домбыра.  Бұл  Бөкенші  мен 
Борсақтың көші.  
Сұраулы  сөйлемдер:  Ашуланба,  баламысың?  Лепті  сөйлемдер:  –  Қоңыр 
қозым!.. Жас! Сонысы осы жол – тек Керімбала! 
Жалаң сөйлемдер: Ол - ақындар. Кəмшат ауру.  
Жайылма сөйлемдер: Оның аты үлкен үміт. Күндіз болса барлық жұрт ат 
үстінде. Қыстыгүні де Шыңғыс желі шаруаның досы. 
Жақты сөйлемдер: Ол – қозышы Бөрібасар. Құнанбай қиналған күйде.  
Толымды сөйлемдер: Бұл өзі оңынан соғатын жел. Көктемде бұл жел игілік 
желі. Ол жамбы – кешегі Ұлжан əкелген күміс еді. 
Толымсыз  сөйлемдер:  Қыз  ішінде  жалғызы  едім.  Шыңғыстың  қыс 
басындағы көркі. Құла түсті ықшам тігілген шапан. 
Болымды  сөйлемдер:  Ол  келбетті  адам.  Тойғұлы  Мамай  руының  үлкен 
байы.  
Болымсыз сөйлемдер: Мен Кеңгірбайдың ұлы емеспін. Жас балаға ат қою 
жақсы ырым емес.  
Құрмалас сөйлемдер  
Зат есімді мезгілдес салалас құрмалас сөйлемдер  
Салалас  құрмалас  сөйлемнің  өзіне  тəн  барлық  мағыналық  түрлерінің 
(мезгілдес,  себептес,  қарсылықты,  талғаулы,  кезектес,  түсіндірмелі, 
салыстырмалы,  шартты)  баяндауыштары  есімді  сөз  таптарынан  да  жасалады. 
Соның  ішінде  баяндауыштары  зат  есімді  салалас  құрмалас  сөйлемдердің 
жасалу жолдарын төмендегіше талдап көрсетелік.  
 Нөлдік тұлғалы дара зат есімді баяндауыштар  
–  антропонимдік  атауды  білдіретін  жалқы  есімді  баяндауыштар  арқылы: 
Өзі  ақын,  өзі  əнші,  өзі  сері  Біржан.  Оның  бірі – жеңге,  бірі – Тоғжан.  Осы 
сөйлемдердің  үшінші,  екінші  сыңарларының  баяндауыштары  қызметінде  кісі 
есімін білдіретін Біржан, Тоғжан жалқы есімдері келген. Олар нөлдік тұлғада 
тұруы арқылы есімді мезгілдес салалас құрмалас жасауға мұрындық болған.  
– дара жалпы есімді баяндауышты сөйлемдер 
-  дерексіз  ұғымды  білдіретін  жалпы  есімді  баяндауышты:  Əрі  сұлу,  əрі 
сенімді, мықты үміт. Ол бір мұңы да, назы да көп, күрсін арманы да көп, нəзік 

 
78
сыр.  Халық  үшін  де,  өзім  үшін  де  дүниенің  ең  асылы  білім - өнер.  Берілген 
салалас  құрмалас  сөйлемдердің  екінші  сыңарларының  баяндауыштары  (үміт, 
сыр,  өнер)  дерексіз  (абстракты)  ұғымды  білдіретін  жалпы  есімдері  сөйлемнің 
соңында  нөлдік  тұлғада  келуі  арқылы  мезгілдес  салалас  құрмалас  сөйлемнің 
бірінші сыңарын тиянақтап тұр.  
-  деректі  ұғымды  білдіретін  жалпы  есімді  баяндауыштар  арқылы: 
Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кəріс белбеу.  
Септік жалғаулы зат есімді баяндауышты: Қазір төр де, сөз де Майбасар 
мен  Жақыпта.  Бұл  сөйлемнің  екінші  сыңарының  баяндауыштары  Майбасар 
мен Жақыпта – жатыс септігінде келіп, мекендік мағынаны білдіріп тұр.  
Тəуелдік  жалғаулы  зат  есімді  баяндауыштар:  Бұлар  осы  қауымның  əрі 
үлкені,  əрі  Бөжейдің  үзеңгі  жолдастары.  Екінші  сыңарының  баяндауышы 
жолдастары тəуелдік жалғауының үшінші жағындағы зат есімді баяндауыш.  
Зат есімді қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер  
Зат есімді құрама баяндауыштар.  
 зат есімге тəуелдік жалғауы мен емес көмекші етістіктің түйдектелуі 
арқылы: Дауыл соқты, бірақ құдайдың дауылы емес. 
– зат есімді күрделі баяндауыштар. 
–  зат  есім  мен  сын  есімнің  бірлікте  келуі  арқылы  жасалған  күрделі 
баяндауышты:  Бірақ,  жаңа  түсінде  көрген  сияқты,  ертерек  күндегі  үлбіреп 
тұрған жас Тоғжан.  
Зат есімді талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер  
Септік жалғаулы зат есімді баяндауыштар.  
–  шығыс  септік  жалғаулы  зат  есімді:  Бұл  не  Бөжейдің  өлердегі 
өсиетінен,  немесе  артына  ие  боп  отырған  Байдалы,  Байсал,  Түсіптердің 
мінезінен.  Бұл  мысалдың  бірінші  жəне  екінші  сыңарларының  баяндауыштары 
шығыс  септігінде  келуі  арқылы  жалғаулықты  есімді  талғаулы  салалас  сөйлем 
болып тұр. 
Зат есімді кезектес салалас құрмалас сөйлемдер 
- нөлдік тұлғалы дара зат есімді баяндауыштар. 
антропонимдік атауды білдіретін жалқы есімді баяндауыштар арқылы: 
Тек  істеушілердің  аттары  ғана  өзгереді,  бірде – Кеңгірбай,  бірде  Құнанбай, 
бүгін - Əзімбай.  
Зат есімді есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер  
Зат есімді шартты бағыныңқылы сабақтас  
Шартты  жəне  қарсылықты  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді 
арнайы  зерттеген  ғалым  Қ.  Есенов  шартты  бағыныңқы  сөйлемдердің  жасалу 
жолдарын  жан-жақты  зерттеп,  оны  жасайтын  ең  өнімді  көрсеткіш-етістіктің 
шартты  рай  тұлғасы  дейді.  Сонымен  бірге  бағыныңқы  сыңар  баяндауышы 
көсемше мен есімшенің -й, -ған тұлғаларында келуі арқылы шартты бағыныңқы 
сөйлем  жасалатынын,  дегенмен  баяндауыштары  осы  тұлғалас  сөйлемдердің 
барлығын  шартты  бағыныңқы  деп  танымау  керек,  себебі  сөйлемнің  мағынасы 
бүкіл сөйлемнің бойынан көрінетіндігін айтады [59, 71 б.]. Есімді сөз таптары 
сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  болғанда, 

 
79
есімді сөз таптары өзінен кейін осы тұлғалы көмекші етістіктердің келуін қажет 
етеді.  Сөйтіп  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  қызметіндегі  етістікті  баяндауыштарға  тəн  қасиет  енді  есімді 
сөйлемдерге де қатысты болып келеді. Баяндауышы нөлдік тұлғалы деректі зат 
есімді: Бала атаулының, жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Бұл 
сөйлемнің  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  бүлдірген  шартты  бағыныңқылы 
сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр.  
-баяндауыштары  тəуелдік  жалғаулы  зат  есім  арқылы:  Бірер  сандық  осы 
қымбаттарға толы болса, өзге теңдері құда-құдағилар сыбағасы. Бұл мысалдың 
басыңқы  сыңарының  баяндауышы  сыбағасы  тəуелдік  жалғауының  үшінші 
жағында  тұр.  Бөжей  білсе,  Қодар  жайы - Құнанбайдың  тағы  бір  қыры.  Бұл 
сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  Бөжей  білсе  нөлдік  тұлғалы 
жалқы  есімге  шартты  райлы  біл  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  басыңқы 
сыңардағы əрекеттің болу шартын білдіреді, басыңқы сыңарының баяндауышы 
қыры тəуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып сөйлемді тиянақтап тұр. 
– Екі сыңарының баяндауыштары зат есімді шартты сабақтас: 
Енді екі-үш күн өтсе, тегіс жусайтын халде екен. Бағыныңқы сыңарының 
баяндауышы  күн  өтсе  нөлдік  тұлғалы  дара  жалпы  есімге  шартты  райлы  өт 
көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы 
халде  екен – жатыс  септігі  мен  көмекші  етістіктің  түйдектелуі  арқылы 
жасалған.  
Зат есімді мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы сабақтас  
Баяндауыштары септік жалғаулы зат есім мен көмекші етістікті мезгілдес 
бағыныңқылы  сабақтас:  Абайлар  келгенде,  жұрт  тегіс  Шыңғыс  сыртында 
жайлауда  екен.  Бұл  сөйлемнің  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  жайлауда 
екен жатыс септік жалғаулы зат есім мен көмекші етістік арқылы жасалған.  
Зат есімді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас  
Екі  сыңарының  да  баяндауыштары  зат  есімді  қарсылықты  сабақтас: 
Көлқайнар  суы  мөлдір,  мол  бұлақ  болғанмен,  кең  қоныс  емес.  Мұндағы 
сөйлемнің бағыныңқы сыңар баяндауышы бұлақ жалпы есімі мен бол көмекші 
етістігінің  көмектес  септік  формасындағы  есімшемен (-ған + мен)  тіркесуі 
нəтижесінде зат есімді қарсылықты сабақтас сөйлем жасауға мұрындық болған. 
Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  қоныс  жалпы  есімі  мен  емес  көмекші 
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. 
-  көптік  жалғаулы  зат  есім + көмекші  етістік+да  демеулік  шылауы 
(басыңқы  сыңары); - тəуелдік  жалғаулы  зат  есімді  баяндауыш  (бағыныңқы 
сыңары)-  Бүгінгі  күн  анда-санда  алаң  еткен  уақ  жайлар  бол  са  да,  Абайдың 
Пушкинге оқушы ғана емес, ақынша жақындасқан күні.  
Зат есімді қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас  
Баяндауыштары септік жалғаулы қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас  
-табыс  септік  жалғаулы  зат  есім  мен  көсемше  тұлғалы  көмекші  етістік 
арқылы жасалған баяндауыш: Қарды қағып, бөктер мен шиді қарайтып кететін 
жел.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  жел  –  нөлдік  тұлғалы  дара  жалпы 
есімнен жасалған. 

 
80
–  бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  тəуелдік  жалғаулы  зат  есім  мен 
көсемшенің  –п  жұрнағы  жалғанған  көмекші  етістік,  басыңқы  сыңары - дара 
жалпы есімді баяндауыш: Бұл бала күннен Құнанбайдың жігіті боп, қабысып 
кеткен адам. 
–  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  тəуелдік  жалғаулы  зат  есім:  Жай 
басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі.  
Аралас сөйлем  
Халқын  айтсақ,  бұл  ел  əлі  орыс  мəдениетіне  «сонша  қажетім  бар»  деп 
ұғынып, оянған ел емес. Герцен, Чернышевский кітаптарынан кей-кейде бұған 
жете түсіп, кейде айқын болса, кейде жартылай түсінікті болатын үлкен сырлы 
шындықтар тəрізді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет