2 М. ƏУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ
СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ
2.1 Есімді сөйлемдер
2.1.1 Зат есімді есімді сөйлемдер
М. Əуезовтің «Абай жолы» романы əдеби жағынан мол зерттелінгенімен,
тілдік жағынан əсіресе синтаксистік жағынан аз зерттелінді.
Жалпы «Абай
жолы» романындағы есімді сөйлемдер басқа көркем əдебиеттер мен салыстыру
барысында өте мол. Оның өзі тарихи роман болуында демекпіз. Өйткені осы
күнгі романдардың көбінде етістікті сөйлемдер басым болса, «Абай жолы»
романында керісінше. Өйткені мұның фактісі ғасыр салтына сай ерте заманғы
оқиғаға мол. Мұның өзі тіліміздегі сөз таптарының қалыптасуына да əкеліп
соғады. Бұл жөнінде тілшілер арасында қимыл не заттың пайда болуы туралы
көзқарастармен байланысты ойлануға тура келеді.
Қазақ тіл білімінде академик Н. Сауранбаев «Қазақ тілі» еңбегінде есімді
сөйлемдер туралы пікір қозғамаса да, етістік баяндауыштар жəне есім
баяндауыштар деп бөліп қарастырған. Автор: «Сөз таптарының қай-қайсысы да
жоғарғы айтылған тұлғаларда тұрып баяндауыш бола береді. Бірақ, көбінесе,
баяндауыш болатын етістіктер, одан кейін есім сөздер (зат есім, сын есім, сан
есім, есімдіктер жəне үстеулер). Етістіктердің баяндауыш болуы мен есім
сөздердің баяндауыш болуы арасында белгілі өзгешеліктер болады. Осымен
байланысты, баяндауыштар екі түрлі болады: етістік баяндауыштар, есім
баяндауыштар». Есім баяндауыштар туралы: «Есім сөздер де (зат есім,сын есім,
сан есім, есімдіктер) жəне үстеулер де баяндауыш бола береді» [10, 160 б.], -
деп есім баяндауыштарға үстеулерді де қосып, сондай-ақ, мұндай баяндауыш
болған есімдерге, есімдіктерге, үстеулерге жіктік жалғаулары жалғанатынын
атап өтеді. Академик Н. Сауранбаев есім баяндауыштарды мына мысалдар
арқылы көрсеткен: «Тас көмір – отын. Айдарбек – оқушы. Денсаулық – зор
байлық. Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ. Хор бастаушы – мен, қосылушы – сендер,
тыңдаушы – көпшілік» [10, 160 б.]. Автордың осы еңбегінің «Жай сөйлемнің
түрлері» деген тараушасында да зат есімді есімді сөйлемдерді кездестіреміз: «-
Кімсің? –Мен, Төлеген Тоқтаров.
57
-Ə, Төлегенбісің? Тағы кім бар?» - деген толымсыз сөйлемдерде
баяндауыштары Төлеген Тоқтаров жалқы есімнен жасалса, Төлегенбісің жіктік
жалғаулы жалқы есім арқылы сөйлемді тиянақтап тұр.
-Атаулы сөйлемдерде: «Күзгі түн. Қараңғы. Айналамызда ештеме
көрінбейді.Тым-тырыс. Тек жер. Аспан. Аспандағы жұлдыз ғана (Ғ. Мүср.)»
[10, 190-192 бб.].
Осы сөйлемдердің баяндауыштары түн, жер, аспан, жұлдыз ғана зат
есімдерінен болса, ал қараңғы, тым-тырыс сын есімдерінен жасалған.
Зат есімді есімді сөйлемдердің ерекшелігі туралы профессор М. Балақаев:
«Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында тұрып та,
баяндауыш қызметінде жұмсала береді.Ондай зат есімдерден болған
баяндауыштар бастауыштың, негізінде, заттық сапасын – кім, не екенін –
білдіреді: Түнергенде – түнмін, күлгенде – күнмін. Сөзім – шекер, тілім – бал,
лебізімнен алған нəр (Ғ. Мұстафин). Əн шырқаған –жылқышы қыз
(М. Иманжанов). Автор: «Бұл мысалдардан мынаны байқауға болады: түнмін,
күнмін – жіктік жалғаулары арқылы зат есімдерден болған баяндауыштар. Ал
жіктік жалғаусыз III жақта баяндауыш болған зат есімдер шекер, бал,
жылқышы қыз) сөйлемде тұрған орнына қарай, ерекше əуенмен айтылу арқылы
сол қызметте жұмсалған. Олардың көбінің мағыналары бастауыштармен теңдес
келеді. Сондықтан бұл екі мүшені көп жерде еркін орын ауыстырып айта беруге
болады.
Бұлардың мағыналары да бірдей емес: зат есімдерді бастауыш етіп айтудан
гөрі баяндауыш етіп саралап айтудың мағыналық əсері ерекше болады.
Сондықтан ондай есімді сөйлемдер əдебиеттерде ойды ықшамды түрде дəл
айтудың ерекше стильдік тəсілі ретінде жұмсалады. Сонымен қатар көркем
əдебиетте жоғарғыдай есім баяндауыштар метафоралық теңеу қызметін
атқарады» [1,133-134 бб.].
Орыс тіл білімінде В.В. Бабайцева: «Внимание к именному типу
предложения, к именному сказуемому, к именной части сказуемого – не
случайно. Предикативность как основное свойство предложения связывалось
обычно с глагольными формами, а в русском языке много именных
предложений. Как показывают исследования последних лет, богаты и
разнообразны схемы именных преложений, специфичны оттенки в языковой и
речевой семантике и т.д.» [52, 95 б.] - деп, соңғы уақытта зерттеулер нəтижесі
бойынша есімді сөйлемдердің көбеюін жəне олардың өзіндік ерекшелігі мен
семантикаға қатысын да сөз етеді. Осы еңбегінде автор əсіресе зат есімді есімді,
сын есімді есімді жəне есімді сөйлемдердің кейбір есімшелер арқылы
жасалатыны туралы сөз қозғайды, бірақ сан есімді есімді, есімдікті есімді
сөйлемдер жөнінде ештеңе айтпайды.
Қазақ тілінде бастауышы да, баяндауышы да зат есімдерден жасалатын
сөйлем түрін биноминативті сөйлемдер деп атаған Ұ.К. Мұсабаева оларды
зерттеудің қажетті бірнеше факторларын ұсынады:
«1 Жалпы лингвистикалық тұжырымдамаға сүйенсек, зат есімдер –
сөйлемдердің мазмұнының темасын атау ретінде, яғни бастауыш ретінде
58
жұмсалуға бейім сөйлемдер. Биноминативті структураға түскен зат есімдер
бастауыш- баяндауыштық қатысқа түскенде қалай талғанатынында мəн болуға
тиіс. Осы заңдылық та байқалады.
2 Зат есімдер сөз баяндауыш қызметінде жұмсалған соң, предикативтік
мағына беретін формаларға ие болуға тиіс. Етістік сөздер баяндауыш
қызметінде жұмсалуға бейімделгендіктен, предикативтік мағына беретін
амалдар сол етістіктерге телініп, солардың морфологиялық құрамы ретінде
қалыптасқан. Сондықтан зат есім сөздер предикативтік қызметке өзінше
бейімделеді.
3 Үшінші анықталатын мəселе - биноминативті сөйлемдердің
семантикасы. Бұл құрамда қалыптасқан сөйлемдердің пропозициялық
мағынасын анықтап алып, жалпы пропозициялық мағынаның нақты
көріністерін ашу – биноминативті сөйлемдердің функционалдық статусын
танудың басты шарты. Бастауышы зат есім – баяндауышы етістік типті
сөйлемнен семантикалық айырмашылығы бар екені анық. Сол айырмашылық
нақты аталуға тиіс. Биноминативті сөйлем бастауышы зат есім- баяндауышы
сын есім типті сөйлемдерден де өзгеше семантикаға ие.
4 Тағы бір көңіл қоятын мəселе – биноминативті сөйлемдердің
құрылымдық потенциалы. Осы типті сөйлемдердің базистік ұйытқысын атап,
соның негізінде өрбіген түрлерін байқау. Тілдің синтаксистік жүйесін
толығырақ тануға себеп болатыны сөзсіз. Биноминативті конструкциялардың
базистік типтен бастап былайғы өрбуі тілдің структуралық дамуы мен ой
жұмысының дамуы арасындағы арақатынасты көрсететін ұтымды тұс»
[53,
91-93 бб].
Көп ғалымдардың пікірінше алдымен зат пайда болып, адамдар көбіне осы
тектес заттардың əрі сөйлемді тиянақтауы арқылы есімді сөйлемдердің пайда
болғандығын негізге алады. Біз де осы пікірді қолдай келіп, «Абай жолы»
романындағы есімді сөйлемдер, соның ішінде зат есімді баяндауышты
сөйлемдердің жасалуын сөз етуді жөн көрдік.
Əрине, басқа да көркем шығармаларда да есімді сөйлемдер баршылық.
Сонда «Абай жолы» романындағы зат есімді сөйлемдердің айырмашылығы
неде деген де сұрау туындайды. Негізінде ғылыми əдебиеттерде баяндауыш,
оның жасалуын есімді, етістікті, құрама баяндауышты деп беретіні белгілі.
Бірақ осы күнге дейін бір шығармада осы үш түрлі баяндауышты сөйлемдердің
мөлшері анықталмаған мəселе. Ал «Абай жолы» романында осы түрлі
баяндауышты сөйлемдердің есімді, құрама баяндауышты сөйлемдері барынша
мол. Соның ішінде зат есімді, есімді сөйлемдерге қарағанда тіпті көп.
Зат есімді синтаксистік қызметі жағынан бастауыш, толықтауыш болуға
тиіс. Бұл олардың табиғи қасиеті десек, енді зат есімді сөйлемде анықтауыш та,
пысықтауыш та, тіпті баяндауыш қызметінде жұмсалып, есімді сөйлем жасауға
негіз болады. Негізінде зат есімдер баяндауыш қызметінде нөлдік, көптік,
тəуелдік, жіктік, септік жалғаулар арқылы келетіні белгілі. «Абай жолы»
романындағы зат есімді баяндауыштардың дені осы тұлғаларда келеді. Бірақ
романдағы осы тұлғалы зат есімді сөйлемдер, біріншіден, көп, екіншіден,
59
қазақтың нағыз байырғы сөздері арқылы жасалуы басым. Оның үстіне
автордың қолданыс шеберлігіне қарай олардың дара түрімен бірге күрделі
түрлері де мол.
Сол сияқты автор зат есімді сөйлемдердегі тек дербес мағынасы бар зат
есімдер арқылы ғана бере қоймай, негізгі сөздерге түйдектелген көмекші сөздер
арқылы да беруі мол. Бұл автордың өзіндік бір ерекшелігі.
М. Əуезовтің «Абай жолы» романындағы жай сөйлемдердің өзі өте
күрделі. Ондағы сөздер саны бірнеше сөзге жетеді. Сондықтан да сөйлемді
талдауда сөйлемдердің жігін нақтылау барысында ғана оның есімді
предикаттың субъектісін айқындау, ондай кездегі олардың байланысында
мағыналық жағы басым екенін білеміз. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:
- Баяндауышы жалқы есімді есімді сөйлемдер. Мұнда сөйлемдердің
баяндауыштары жалқы есім болып келеді. Ондай жалқы есімдер
ономастикалық та, топонимикалық та атаулар болады. Эпопеяның тілін зерттеп
жүрген Е. Жанпейісовтің есептеуінше, «Абай жолында» тікелей кейіпкер
ретінде қатысқан төрт жүз елудей адамның аты, ...230-дан аса топоним
кездеседі екен. Мұның үстіне романда кездесетін этнонимдерді (ру, тайпа,
халық атауларын) қосу керек болады. Сонда роман сөздігінен орын алған
антропоним, этноним, топонимдердің жалпы саны 1019 сөз болып шығады [54,
11-12 бб.].
- Жалқы есімдердің өзі баяндауыштық қызметте əр түрлі тұлғада келеді.
1. Атау тұлғалы ономастикалық атаулар арқылы жасалған сөйлемдер:
Араларындағы үлкендері Абай мен Тəкежан. Ол жатқан Пушкин мен
Лермонтов. Оның бірі - жеңге, бірі - Тоғжан.
-Осы іспетті топонимикалық атаулар баяндауыш қызметінде жұмсалады.
Бұл Бөкенші мен Борсақтың көші. Барлық атшабар, старшын, билер де бүгіндер
Бақанас бойында.
2. Жалпы есімді сөйлемдер.
-Түбір тұлғалы зат есім сөйлемдер: Олардың бəрін еліктіріп, аса қыздырған
– жалғыз бір шырқаған асқақ үн ол - əн. Ұлжан тартымды болумен қатар,
сыншы да ана. Түбі, бəрінің де бағатын таразысы – ел. Ол мінезі жеңіл, білімге
шолақ адам. Осы малды бағарлық бұтарттары бір ғана қоңыр ат. Ол да
еңгезердей мықты жігіт.
3. Жіктік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Тоғжанбысың сен?
Жасаған-
ау,
Абаймысыз? – Уəй, Манаспысың? – Жатақ деген бір тайпа елміз. «Біз – бай
ауылымыз, сен – күңге лайық кедейсің, – Мен Ибрагим Құнанбаевпын.
Халықтан шыққан жұпыны кісімін, – деді. Сүгір – бай, мен кедеймін.
4. Көптік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Ол – ақындар. Бұлар – қазір
төрдің дəл ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды
шынтақтаған сал серілер. Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптарымен
қатар, тілін Абай қиналып түсінетін араб, парсы жəне олардан көрі де əлі
ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар. Осы отырған бес-алты адам дəл
қазіргі күйінде пəлен үй. Тобықтының талай түйін, шытырман жайларын осы
араға жиып əкеп отырған адамдар.
60
5. Көптік жəне тəуелдік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Құнанбайдың
жан күйер жақындары. Ол Найманнан келетін Бөжейдің нағашылары. Тегіс
өзіне мəлім ағайын, туысқандары. Ол Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің
көштері.
6. Тəуелдік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Нұрғаным Бердіқожа дейтін
қожаның қызы. Бақанас, Байқошқар - бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені.
Зат есімдер - нікі,-дікі,-тікі қосымшасы арқылы: Шетінен кішкене шағын
қоңырқай үйлердің орта тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі.
Бұйрық ұлықтікі. Құнанбай мен Майбасардікі...
7. Септік жалғаулы есімді сөйлемдер: Менің талабым – талап, өрісім
алдымда.
Сөйлеуде бірнеше заттардың байланысына не бірнеше құбылыстарға
негізделген ойлар өзалды тұлғалық тиянақтылықтағы жеке жай сөйлемдердің
мағыналық, грамматикалық қатынаста іргелес келіп жұмсалуымен де беріледі.
Мұндай жай сөйлемдердің бірқатарында баяндауыш, септік формалы зат
есімнен болатыны сияқты, барыс, жатыс, шығыс, көмектес те формалы зат
есімнен жасалады.
Түркі тілдерінде баяндауыштардың жасалуында көбінесе жатыс жалғаулы
сөздер туралы көбірек сөз болады да, ал басқа септіктердің ондай кездегі
қызметі онша елене бермейді. Ал қазіргі əдеби тіл материал баяндауыш
қызметінде барыс, шығыс кейде көмектес жалғаулы сөздердің де
жұмсалатындығын көрсетеді. Əрине, баяндауыштардың жасалуындағы бұл
мəселе өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне
көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле байланысқан
сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қолданылуға бейім болғанмен,
енді ондай сөздердің өздері, біріншіден, сөйлемнің соңында қолданылып,
екіншіден, сөйлемде тиянақтау дəрежесіне, яғни предикаттық қасиетке ие
болғандығын көруге болады. Жатыс септігінде, ондай процесс бұрыннан бар
құбылыс болса, ал басқа септіктердің де ондай қызметте жұмсалуы соңғы
кездің жемісі [55, 148-149 бб.].
Жатыс септікті баяндауыш: Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек
төсек, сол жасау тегіс орнында. Отырғандар əлі де дел-салда. Сол өнер орыста.
Құнанбай қиналған күйде. Абай соңғы күрдерде, əсіресе осы түнде, өзіне бұрын
дағдалы болмаған бір халде. Үйде өзің білесің, бай да жоқ, екі бала да сапарда.
Қазір төр де, сөз де Майбасар мен Жақыпта.
Тəуелдік жалғау мен жатыс септігі арқылы: Бірақ, барлық көрген –
сезгенім есімде. Ертеңгі күн бастарыңа не пəле əкелсе де, бар қайратым мен
білгенім, сендердің жолыңда.
Шығыс жалғаулы баяндауыш: Ол ықылас – кітап пен оқушы Абай
арасында туған жақсы бір ұғынысудан. Осы, бəріңе кеп жатқан мол абырой,
мынау батпан құйрық неден?
Бұл – не Бөжейдің өлердегі өсиетінен, немесе артында ие боп отырған
Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен.
61
Баяндауыштары шығыс септік формаларындағы зат есімдерден, сұрау
есімдіктерінен, тұйық, есімше етістіктердегі синтаксистік амал арқылы
қалыптасып жұмсалған. ІІІ жақ бастауыштың шығу мекені (қайдан, төркіні
неден? Себебі (неліктен) сияқты сана-амалдың қатынаста (күйде) екендігін
білдіреді. Мұнда да баяндауыштар соншалықты тиянақты, басым интонациялы
болып келеді.
Жатыс, шығыс септік формалы есім баяндауыш түрлері де сөйлемде
синтаксистік жəне морфологиялық та тəсілдер арқылы қалыптасып,
баяндауыштарымен бағыныңқы қатынаста байланысып келеді.
Негізінде сын есім, сан есім, тек анықтауыш қызметінде жұмсалуы тиіс
болса, есімдік осы үш сөз табының да қызметіне ие. Осы сөз таптарының
ішінде заттық ұғымды білдіріп, ойды тиянақтауда зат есімнің орны ерекше
деген қорытындыға келуге болады.
Жалпы зат есімді сөйлемнің соңында баяндауыш қызметі негізінде
жасалған есімді сөйлемдердің түрі бұл роман бойынша жан-жақты.
2.1.2 Сын есімді есімді сөйлемдер
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де,
еншісі де мол сөз табы – сын есім. Семантиқалық жағынан зат есім əр алуан
заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса,
сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің
лексика-грамматиқалық тобы ретінде бөлінеді [43, 166 б.].
Сын есімдер табиғатында затқа қатысты анықтауыштық қатынаста
жұмсалуы тиіс. Дегенмен сын есім сөйлемде тек анықтауыш сөйлем мүшесі
ғана емес, заттанып толықтауыш, бастауыш сол сияқты пысықтауыш
қызметінде жұмсалады.
Сын есімдердің əсіресе соңғы кезде көп жұмсалатын түрі оның сөйлемде
тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Міне оның осы қызметте
жұмсалуы оның есімді сөйлемді құраудағы басты ерекшілігі болып табылады.
Сонда сын есімдер сөйлемнің соңында келіп, баяндауыш қызметінде
жұмсалу негізінде өз бастауышымен предикативтік қатынас құрайды да, есімді
сөйлемнің негізгі арқауы жасалады. Ондай кезде сын есімдер сапалық,
қатыстық, түрлі шырай формаларында да қатысады [56, 87 б.].
Сын есімдер – сөйлемде əсем ойдың көрікті көрінісі сияқты жұмсалатын
сөз табы. Сын есімнің сөйлем соңында баяндауыш қызметінде жұмсалуы
тілімізде тарихи жағынан ерте қалыптасқан сияқты. Басқа сөйлем мүшелері
сияқты сын есімдер де сөйлем соңында жұмсалып, сөйлемді тиянақтауда
өзіндік орын алады.Осының негізінде енді есімді сөйлемдердің аясы кеңейгенін
көреміз. Сын есімдер есімді сөйлемдер жасауда зат есімдердей болмағанымен,
сан есімдерге қарағанда «Абай жолы» роман – эпопеясында мол. Сын есімдер
баяндауыштық қызметте сапалық та, қатыстық та түрде дара, күрделі құрамда
келеді. Осы негізде сын есімдердің баяндауыш болуы, оның тұлғалық
ерекшеліктері жəне есімді сөйлемдердің семантикасының да айқындалуы зат
62
есімді баяндауышқа қарағанда енді басқаша мақсат тұрғысынан сөз
болатыныны белгілі.
Ол үшін сын есімді баяндауыштардың жасалуын көрсетелік. Роман
эпопеядағы сапалық сын есімдердің жай түрі: ұзақ, сұлу, жақын, үлкен, кең,
суық, жас, салқын, ашық, ыстық, əсем, жаман жəне т.б. жиі кездеседі.
Мысалы: Туыс жағынан алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен гөрі Құнанбайға
Байсал жақын. Түсі ақсұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей-
осы отырғанның бəрінен де сұлу. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие
бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалықты таныс, жақын. Оспан
əкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық.
Қарқаралыдан Шыңғысқа шейін жүретін жер ұзақ. Осы сөйлемдердегі
бастауыштар Байсал, қой өрісі, жол сөздері таныс, жақын, ұзақ
баяндауыштарымен бірлікке, қашықтықта, өлшемге, мезгілге байланысты
ойларды білдіруге арналған. Керісінше Бөжей, шешесі – бастауыштары сұлу,
жылауық баяндауыштарымен предикативті қатынаста бүткіл сөйлем əрі табиғи
қасиетін жəне мінез түрін де көрсетеді.
Сын есімнің шырай тұлғасында келген сапалық сын есімдер
Салыстырмалы шырай тұлғасының –ырақ, -ірек жұрнақтары арқылы:
Абай тіккізген үйлер қазірде бұл өлкедегі қонаққа арналған үйдің бəрінен
оқшауырақ. Түменде оқу орындары бұдан артығырақ. Көбінің сүйетіні тымақ
ішік болса керек, сол көбірек.
–дау, -деу, –тау, -теу жұрнақтары: Қаратай болса, бұлардың барлығына
алыстау. Кей жерлері Пушкинше емес , қатаңдау. Барлық қалың елдің ішінде
екі-үш ауылдың көші ала бөтендеу. Қырыс қабақ, қою қастың астында көзі еті
де қалыңдау, томпақтау. Осы жұрнақтармен жасалған сын есімді сөйлемдер
жиі кездеседі деп айтуға болады.
-шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтары арқылы: Көзінің жүзі ақшыл, не
қызғылт сарғыш.
Күшейтпелі шырай тұлғасында келген сын есімді есімді сөйлемдер: Отты
сұлу көздерінің ақ, қарасы əлі де тап- таза. Дене күші бітсе де, түрі сап-сау.
Құнанбай қоршауында ол екеуі қажып талған түрлерімен, ашаң, жүдеу
жүздерімен өзгеше сұп-сұр.
Асырмалы шырай тұлғасында кездескен сын есімді есімді сөйлемдер:
Биылғы күз аса салқын. Ол Кəмшат кеткелі қатты жүдеу. Торғай руының ең
жуаны. Жоғарыда аталған сөйлемдерде көбіне мекендік, мезгілдік қасиеттерді,
табиғи қасиетін айқындайды. Сын есімдер есімді сөйлемдердің баяндауышы
қызметінде сапалық, қатыстық түрінде жұмсалып қоймай, түрлі жалғауларда
тұрып та сөйлемді тиянақтауы баршылық.
Сын есімдердің жіктік жалғауда келуі сөйлемді тиянақтайды: Айтқаным
айтқан, жазықтысың, арамсың...
Сын есімдердің тəуелденіп келуі арқылы: Құнанбай - өз басы шешеден
жалғыз, бəйбішенің жалғызы. Парақорлық – кітап айтатын күнəнің үлкені...
Торғай руының ең жуаны.
63
Қатыстық сын есім арқылы жасалған сөйлемдер: Қатыстық сын есімдер
тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың
сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті
мен сипатына, мекен мен мезгілге жəне басқа да сол сияқты белгілеріне
қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Қатыстық сын есімдердің ішінде
сөйлемнің соңында сөйлемді тиянақты етуде келесі жұрнақтар арқылы
жасалған сөйлемдерді көрсетсек.
Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар арқылы жасалған
сөйлемдер:
-лы,-лі: Көкшіл түсті үлкен көздері əрі салқын, əрі сыр берместей сабырлы.
Ол Құнанбайға өкпелі. Əсіресе Ырғызбай іші аман Қыстаулық жері сайлы.
-ды, -ді,-ты,-ті жұрнақты: Ендеше, өлімнен ұят күшті. Даусы соншалық
зілді, сөзі сондай салмақты. Жылтырай таралған қалың шашы, қызғылт реңді.
-дай, -дей, -тай, -тей. Мысалы: Бұл көріністегі Оспан Тобықтының бүгінгі
ортасында ешкімге ұқсамаған, алып батырдай. Олардың қасында ақтарылып,
ағылып отырған кең сабадай. Самғап ұшар жанның жеңіл əсем қанатындай.
Олар, анау көрініп тұрған екі Ақшоқы биігіндей ...Қайнауы жеткен ашу қызуы
жеткен құрттай. Бұл күндерде Құнанбай мен жаңа болыстың мінезі, -
тырнағына тышқан ілінген мысықтай.
-сыз,-сіз жұрнақты. Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың барінде жақсы
болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ. Бұл сөйлемдегі жайсыз сын есіміне ақ
күшейткіш демеулігінің тіркесуі арқылы жасалған. Сонда бұл сөйлемнің,
біріншіден, тиянақтылығы алдыңғы сөйлемдерге қарағанда нақтылау, өйткені
ондай тұлғалы сын есімдер сөйлемнің ішінде келіп, ешбір сөзбен
анықтауыштық қатынаста жұмсалмайтыны белгілі. Сондықтан бұл тұлғалы сын
есімдер тек сөйлемнің соңында ғана келуі керек. Екіншіден, семантикалық
жағынан да бұл сөйлем алдыңғы сөйлемдерге қарағанда нақтылық басым.
Қазірде Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдə да сондай жалынсыз.
Желісі бір түрлі қатты, мазасыз. Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан
да салқын, үнсіз. Бірақ олардың айтуы Абайдай емес, дəмсіз, үстірт.
–шаң, -шең жұрнақтары арқылы: Жас балалар, жас қыздар да бойшаң,
денелері кесектеу, қол-аяқтарының бітістері де балғын, сом келгендей. Екі көзі
ашушаң, ойнақы келіп, үнемі шатақ іздеп тұрғандай.
–дас, -дес. Мысалы: Айғыздан туған Смағұл Оспанмен түйдей құрдас.
Есімдерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған
сөйлемдер: -ыл, -іл: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл. -қой жұрнағы арқылы:
Соның бəрі шетінен қалжыңқой, ашық.
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар арқылы жасалған
сөйлемдер:
-ыңқы, -ңқы- жұрнақтары: Ақсұр жүзі жабыңқы. Өңшең тон, шекпен
киген сұрғылт топтың пішіні де, қазіргі күздің сұрғылт, жабырқау аспаны
сияқты күңгірт, салбыраңқы. Олар жаңағы интернаттың төрт баласынан сəл
қалқыңқы.
64
–уық, -уік. Мысалы: Оспан əкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған
уақытта тіпті жылауық .
–шақ,-шек жұрнақтары: Тартысуға да қорғаншақ, шабуға да мүгедек болып
қалды. Бірақ байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. Соңғы сөйлемнң
баяндауышы тіпті ұялшақ асырмалы шырай тұлғасында келген. Олар əрі
қызғаншақ, əрі жорымтал, аңдығыш. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: Көргісі келмейді,
əсіресе танығанын айтқыш емес.
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар арқылы
жасалған сөйлемдер:
–ғы, -гі жұрнақтары: Өзі күлдіргі.
–ғыр, -гір жұрнақтары арқылы: Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр.
Сын есімдердің есімді баяндауыш қызметінде сөйлемді тиянақтауы роман-
эпопеяда мол.
Достарыңызбен бөлісу: |