Борибаева сафура болатовна



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

жолдас
».  Сондай-ақ  шартты  бағыныңқы 
жəне  ереуіл  бағыныңқы  түрлерінде  де  құрама  баяндауышты  есімді  сөйлемдер 
кездеседі:  «Тоқпағы 
зор  болса
,  киіз  қазық  жерге  кірер.  Қыс 
қатты  болса  да

мал аман шықты». Бұл екі сөйлемнің де баяндауыштары зор, қатты сапалық 
сын  есімдері  мен  бол  көмекші  етістігіне  –са  шартты  рай  жұрнағының 
түйдектелуі  арқылы  жəне  екінші  сөйлемнің  баяндауышына  да  күшейткіш 
шылауының тіркесуі арқылы жасалып тұр [4, 306-307 бб.]. 
А.  Байтұрсыновтан  кейін  құрмалас  сөйлем  синтаксисін  зерттеген 
ғалымдардың – Қ.  Жұбанов,  А.  Ысқақов,  С.  Жиенбаев,  С.  Аманжолов, 
Н.Т. Сауранбаев,  Т.  Қордабаев,  Қ.  Есенов,  Р.  Əмір,  Б.  Сағындықұлы, 
Т. Ермекова.  
Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде жай сөйлем, 
жалаң,  жайылма  сөйлемдерді  қарастырып,  оларға  анықтама  береді.  Автор: 
«Сөздің  дауыс  сазын  негізінде  үш  ірі  топқа  айыруға  болады» - деп «1. Хабар 
сазы. 2. Леп  сазы. 3. Сұрау  сазы» - деп  атайды. «Жалаң  сөйлем,  жайылма 
сөйлем,  сабақтас  сөйлем  тағысын-тағылардың  əрқайсысы  хабар  сазды  да,  леп 
сазды да, бола береді. Мұның керісінше бұл соңғылардың əрқайсысы жалаң да, 
жайылма  да,  сабақтас  та  т.т.  бола  береді.  Өйткені  сөйлемді  жалаң,  жайылма, 
күрделі  жеткіліксіз  деп  таптастыру – сөйлемнің  мүше  құрылысына  қарай 
таптастырғанымыз  да,  хабар  сазы,  сұрау  сазы  деп  жіктеу – сөйлемнің  дауыс 
құрылысына,  əніне,  сазына  қарай  таптастырғанымыз.  Сондықтан  мүше 
құрылысы, тіпті сөздігі (лексикасы) жағынан бір-ақ түрлі болатын сөйлем, сазы 
жағынан  түрлі-түрлі  болуы  мүмкін» - [5, 217-218 бб.]  деп  автор  түсініктеме 
береді.  Қ.  Жұбановтың  бұл  еңбегінде  баяндауыш  туралы  сөз  болғанымен, 
есімді, етістікті баяндауыш деп пікір қозғамаған. Дегенмен, мына мысалдардан 
есімді баяндауыштарды байқадық: «-Менің кітабымның түсі 
көк.
 –
Көк
? Қой, 
қайдан  көк  болсын, 
қара  шығар»
.  Осы  жерде  автор: «Міне,  мұндағы  екі 
сөйлемде де 
көк
 деген сөз бар. Бірақ алдыңғы сөйлемдегі 
көк
 пен соңғысының 
басындағы  көктің  айтылуында  айырма  бар.  Үйткені  алдыңғы  сөйлемдегі 
көк
 
мойындай айтылған, соңғы сөйлемдегі бірінші 
көк
 сұрай, күмəндана айтылған» 
-  деп  автор  сын  есімді  баяндауышпен  айтылған  сөйлемнің  айтылудағы 
мағыналық  ерекшелігін  атап  өтеді.  Осы  еңбегінде: «Қай 
бала? 
Оқушы 
бала.
 
Оқушы 
бала ма?
 Я, оқушы 
бала.
 Əнші 
бала ше
? Ұзын бойлы қараша 
жігіт» 

[5, 216 б.] деген мысалдарды да есімді сөйлемдер арқылы береді.  
1941  жылы  шыққан  С.  Жиенбаевтың  «Синтаксис  мəселелері» [6] атты 
еңбегі  құрмалас  сөйлемнің  табиғатын  ашуға  күрделі  еңбектердің  бірі  болып 
саналды. 1940 жылы  С.  Аманжоловтың  «Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің 
қысқа  курсы»  жарық  көрді [7]. Автор  бұл  еңбегінде  құрмалас  сөйлем 
синтаксисі  мəселелеріне  көбірек  назар  аударды.  С.  Аманжоловтың  осы  еңбегі 
өңделіп,  қайта  басылып 1994 жылы  «Қазақ  əдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша 
курсы» деген атпен шығады [8, 320 б.].  

 
12
Автордың  еңбегінің  алғашқы  нұсқасында  есімді  құрмалас  сөйлемдер 
кездеседі,  бірақ  автор  есімді  құрмалас  сөйлемдер  туралы  ешқандай  пікір 
айтпайды.  Мысалы:  1.  Бұрын  Қазақстанда  ауыл  шаруашылығы 
басым  еді
, 
қазір  өндіріс  кəсібі  басым  болды. 2. Есіктің  алды 
күртік
,  күртіктің  басынан 
ақтаяқ  жүріп  жатыр. 3. Қанаш  белсенді 
азамат
,  Қанаштың  (оның)  еңбегін 
колхоз  бағалайды. 4. Оны  айту  менің 
міндетім
:  қасқырды  алдымен  айтқан 
Байбол. 5. Менің  айтайын  дегенім 
осы
,  ендігісін  өзің  біле  жатарсың. 
6. Жамбыл  көпті  көрген
  адам
,  əрі  оның  өлең  шығарудағы  тəжірибесі 
мол

7. Таң жақындап қалды, бірақ түн əлі 
қараңғы 
[7, 120-121 бб.].  
Осы  мысалдардың  баяндауыштарына  назар  аударып  көрелік.  Бірінші 
сөйлем – салалас сөйлем, бірінші сыңарының баяндауышы қатыстық сын есім 
(басым) жəне (еді) көмекші етістігінің түйдектелуінен болса, екінші сыңарының 
баяндауышы  (басым)  да  қатыстық  сын  есім  мен  болды  көмекші  етістігінің 
түйдектелуінен  жасалған  құрама  баяндауыш. 2-ші  сөйлем  де  салалас,  бірінші 
сыңарының  баяндауышы  (күртік)  туынды  зат  есімнен  жасалған. 3, 6-шы 
сөйлемдердің  есім  баяндауыштары  азамат,  адам – нөлдік  тұлғадағы  жалпы 
есімдер. 4-ші  сөйлемнің  бірінші  сыңарының  баяндауышы  (міндетім).  І  жақ 
тəуелдік  жалғауы  жалғанған  зат  есім  арқылы  жасалса, 5-ші  сөйлемнің  осы 
сілтеу  есімдігі  құрмалас  сөйлемнің  есімді  баяндауыштары  қызметін  атқарып 
тұр. 7-ші  сөйлемнің  екінші  сыңарының  баяндауышы  (қараңғы)  сын  есімнен 
болған баяндауыш, қарсылық салалас құрмалас сөйлем.  
Қазақ  тіліндегі  жай  жəне  құрмалас  сөйлемнің  зерттелуі  сондай-ақ 
Н.Т. Сауранбаев атымен де байланысты. 1948 жылы Н. Сауранбаевтың «Қазақ 
тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі» [9] деген, 1953 жылы  «Қазақ  тілі» 
оқулығы еңбектері жарық көрді [10]. Н.Т. Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді екі 
топқа  бөледі:  салалас  құрмалас,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  деп.  Ғалымның 
«Қазақ  тілі»  оқулығында  есімді  сөйлемдер  кездеседі,  автор  «Тұрлаулы 
мүшелер»  деген  тараушасында  баяндауыштарды  етістік  баяндауыштар,  есім 
баяндауыштар  деп  бөліп  қарастырған. «Баяндауыш  болған  сөз  кейде 
жалғаулықсыз  атау  тұлғада  я  тəуелдік,  септік  тұлғада  тұрады» - деп  мына 
мысалдар  арқылы  көрсеткен: «Қазақстанның  жері  кең.  Тас  көмір  –  отын. 
Қазақстан – туған  жерім.  Совет  үкіметінің  бір  күші  –  халықтардың 
достығында»  [10, 160 б.].  Ғалымның  осы  еңбегінде  есімді  құрмалас 
сөйлемдердің мына түрлерін кездестірдік:  
-Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем: Мен тірі болсам, сендер қорлық 
көрмессіңдер  (С.М.).  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  тірі 
болсам  сапалық  сын  есім  мен 1-жақ  шартты  рай  тұлғалы  бол  көмекші  етістігі 
арқылы жасалған құрама есімді баяндауыш.  
-Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем: Қонысымыз алыс болғанмен, 
көңіліміз  жақын  еді  (С.М.) [10, 208-209 бб.].  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы 
сыңарының  да,  басыңқы  сыңарының  да  баяндауыштары  құрама  баяндауышты 
есімді  болып  келген.  Бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  алыс  болғанмен 
сапалық сын есіміне көмектес жалғаулы есімше тұлғалы бол көмекші етістігінің 
тіркесуі  арқылы  жасалса,  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  жақын  еді  де 

 
13
сапалық сын есімі мен еді көмекші етістік арқылы жасалып, сөйлемді тиянақтап 
тұр.  Автор  бұл  еңбегінде  бірталай  есімді  сөйлемдерді  мысал  ретінде 
бергенімен, құрмаластарды етістікті, есімді деп бөліп қарастырмайды. 
Құрмалас  сөйлем  синтаксисін  зерттеп,  құнды  пікір  айтқан  ғалымдардың 
бірі М. Балақаев 1959 жылы «Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшеліктері туралы» 
деген мақаласында сабақтас сөйлемге байланысты құнды ой-пікірлерін білдірді 
[11, 39-48 бб.]. 
Қазақ тілінде де, жалпы түркітануда да синтаксис, оның ішінде жай сөйлем 
де,  құрмалас  сөйлемдер  туралы  оқулықтар,  монографиялар,  сондай-ақ, 
диссертациялар  да  қорғалып  келеді.  Осы  тұрғыда  синтаксистің  сөйлемдер 
жүйесіндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер, олардың айырмашылықтары, 
түрлері,  жасалу  жолдары  біршама  зерттелді  деп  айтсақ  қателеспейміз. 
Құрмалас  сөйлемдер  туралы  П.М.  Мелиоранский,  А.  Архангельский, 
А. Байтұрсынов,  Қ.  Жұбанов,  С.  Аманжолов,  Н.  Сауранбаев,  М.  Балақаев, 
А. Ысқақов,  С.  Жиенбаев,  Х.  Басымов,  Х.  Арғынов,  Т.  Қордабаев,  Р.  Əмір, 
Қ. Есенов,  Б.  Шалабай,  Б.  Сағындықұлы,  О.  Төлегенов,  Қ.  Шəукенұлы 
С. Айтжанова жəне т.б. ғалымдардың ұлы еңбектері жарық көрді.  
Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдерді  көп  зерттеген  тілші  ғалымдар 
Т. Қордабаев  пен  Қ.  Есенов  болды.  Бұл  ғалымдардың  зерттеулерімен  таныса 
отырып,  мынадай  бағыттарды  байқадық:  Ең  бірінші  бұл  авторлар  құрмалас 
сөйлемдердің жасалу түрінің, əсіресе, етістікті түріне назар аударады. Сондай-
ақ  құрмалас  сөйлемдердің  теориялық  бөлімдерінің  өзінде  құрмалас 
сөйлемдердің  баяндауыштары  есімнен  де  жасалады  деген  шешімге  келеді. 
Профессор  Т.  Қордабаевтың  теориялық  пікірлері  мен  сөйлемдеріне  тоқталсақ. 
Профессор  Т.  Қордабаев: «Құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  арналған 
əдебиеттердің барлығында дерлік құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады 
дейтін қағида бар. 
Сөйтіп,  құрмалас  сөйлем  компоненті  де  жай  сөйлем  деп  аталады.  Бұлай 
айтылатын себебі мағыналық жағынан құрмалас сөйлем компоненттері де жай 
сөйлемдер  сияқты  бұлар  да  өз  ішінен  бастауыш,  баяндауышқа,  басқа  да 
мүшелерге  жіктеледі.  Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  дербес  айтылатын 
жай  сөйлемдерден  елеулі,  түбірлі  өзгешеліктері  бар» [12, 22 б.].  Демек 
профессор Қордабаев бұл еңбегінде құрмаласқа енетін жай сөйлемдерді іштей 
бастауыш пен баяндауышқа жіктелетінін айтады.  
Профессор  Т.  Қордабаев  осы  еңбегінде  құрмаластың  баяндауыштарына 
ерекше  назар  аударады.  Профессор  Т.  Қордабаев: «Жалғаулықсыз  салалас 
сөйлемнің  тек  өзіне  ғана  тəн  меншікті  баяндауыш  формасы  жоқ,  қалыпты 
тиянақты  жай  сөйлемдерде  баяндауыш  қызметінде  қолданылатын  сөз 
таптарының,  формалардың  қай-қайсылары  болса  да  жалғаулықсыз  салалас 
сөйлем 
компоненттерінің 
баяндауыштары 
бола 
алады. 
Мысалы: 
Табалдырықтан  төрге  дейін  жайылған  кілемдер  жайнап  жатыр,  тіпті 
жаман аяқ басуға қалтырайды (Ғ. Мұстафин). Бұл қырсықтың неден болғаны 
маған 
аян
, - оны  қазір  қалай  айтарсың  (Ө.  Қанахин).  Өзінің  барғаны 
дұрыс

істі қолма-қол бітіреді. Екі ауылдың арасы 
екі-үш шақырымдай ғана
, үрген 

 
14
иттің  даусы  естіліп  тұрады.  Оған  жауап  беретін 
мен
,  сенің  жұмысың 
болмасын  (Ғ.  Сыланов)» [12, 46-47 бб.].  Жоғарыда  автор  құрмалас 
сөйлемдердің  баяндауыштары  есімдерден  жасалады  деп  жалпылай  айтса,  бұл 
жерде  тек  жалғаулықсыз  құрмалас  сөйлемдердегі  баяндауыштар  да  «қалыпты 
жай  сөйлемдердегі  баяндауыш  қызметінде  қолданылатын  сөз  таптарының, 
формалардың  қай-қайсылары  болса»  деген  пікірінде  «Сөз  таптары»  көпше 
түрде қолданудың үлкен мəні бар. Осы уақытқа дейінгі əдебиеттерде құрмалас 
сөйлемдердің  баяндауыштарының  тек  етістікті  түрі  ғана  беріліп  келсе,  мұнда 
автор  жалғаулықсыз  салаластағы  көптеген  сөз  таптарын  да  қарастырып,  оны 
мысалдар көрсеткен. Мысалы, 
аян
 зат есімі, 
дұрыс
 сапалық сын есімі, 
екі-үш
 
шақырымдай
  қосарлы  сан  есімі  мен  нумеративті  сөздердің  түйдектелуі 
арқылы  күрделі  есімді  баяндауыштардың  берілуі  жəне 
мен
  жіктеу  есімдігі 
арқылы  берілген.  Автордың  мезгілдес  салалас  сөйлем  түріне  берген 
мысалынан: «Қуанышы  ботасының 
айналасында,
  қайғысы 
інгеннің 
маңайында
.  Мұндағы  завод  аты – 
Спасс
,  кен  аты – 
Воскресен,
  Нілдегі  кен 
аты – 
Успен
 (Ғ. Мүсірепов)» [12, 60 б.] - деген есімді сөйлемдерді кездестірдік. 
Баяндауыштары айналасында жатыс жалғаулы зат есімнен, інгеннің маңайында 
ілік  жалғаулы  жалпы  есім  мен  жатыс  жалғаулы  көмекші  есімнен,  Спасс, 
Воскресен,  Успен  нөлдік  тұлғадағы  жалқы  есімдерінен  жасалған.  Автор 
себептес  салалас  сөйлемнің  жалғаулықсыз  түрінде: «Шалабай  ұзақ  жүре 
алмас,  үкімет  құрығы 
ұзын
  (Ғ.  Мұстафин) [12, 64 б.].  Осы  сөйлемнің  екінші 
сыңарының баяндауышы ұзын сапалық сын есімі арқылы ойды тиянақтап тұр. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөйлемнің мынандай түрлері бар.  
1  Сөйлемдер  құрылысы  жағынан  жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлем  болып 
бөлінеді. 
2  Сөйлемдер  айтылу  мақсаттарына  қарай,  төртке  бөлінеді:  хабарлы 
сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем. 
3  Сөйлемдегі  ойдың  болған,  болмағанына  байланысты  сөйлемдер 
болымды, болымсыз болып бөлінеді. 
4  Бастауыштың  бар,  жоғына  қарай  сөйлемдер  жақты,  жақсыз  болып 
бөлінеді.  
5  Бір  сөйлемдердің  грамматикалық  бастауының  ерекше  айтылмауына 
байланысты сөйлемдер белгісіз жақты, жалпылама жақты болып бөлінеді.  
6 Ойға қатысты сөйлем мүшелеріне қарай сөйлемдер толымды, толымсыз 
болып бөлінеді. 
7  Сөйлемдер  тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелерінің  қатысына  қарай  жалаң, 
жайылма болып бөлінеді. 
8 Атаулы сөйлем.  
Осы  сөйлем  түрлері  қазақ  тілінде  бір  уақытта  қалыптаспағаны  да  белгілі. 
Сөйлемнің айтылуына байланысты лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдермен бірге 
соңғы  кезде  бұйрықты  сөйлем  де  енді.  Бұйрықты  сөйлем,  негізінде,  ауызекі 
тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды. Оның өзіне 
тəн жасалу жолдары баяндауыш формасы арқылы дəлелденді. Осы тұрғыда ол 
сөйлем  түрін  лепті  сөйлемнен  бөліп,  өз  алдына  жеке  қарастырыла  бастады. 

 
15
Бұйрықты  сөйлем  қазақ  тілі  грамматикасында  жаңа  бір  сөйлем  түрі  болып 
кірді.  
Профессор  М.  Балақаевтың  еңбегінде  жоғарыда  аталған  сөйлемнің 
түрлерімен  бірге  есімді,  етістікті  сөйлем  түрлерін  баяндауыштың  жасалуына 
қарай  топтауды  жөн  көрген.  Сөйтіп,  қазақ  тіл  біліміне  енді  есімді  сөйлем  де 
енді деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін есімді, етістікті сөйлем түрлері деп 
қазақ ғалымдарының бірі бұл түрлерін бөліп қарастырмағаны мəлім. Дегенмен 
сөйлемнің  де  осы  түрлері  орыс  тіл  білімінде  бұрыннан  айтылып  жүргенімен, 
түркологияда  соның  ішінде  қазақ  тіл  білімінде  профессор  М.  Балақаев 
еңбегінен  басталады. «Баяндауыштарының  қай  сөз  табынан  жасалуына  қарай 
етістікті (Үйдің іші жылынды), (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт) 
болып бөлінеді» - деп ғалым баяндауыштарын жылы, ашық, жым-жырт сын 
есімді  есімді  сөйлем  арқылы  көрсеткен.  М.  Балақаев  «Қазіргі  қазақ  тілі» 
еңбегінде  «Есім  баяндауыштар»  деген  тараушасында  есім  баяндауыштарға 
жалпы түсінік беріп: «Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдіктердің)  қайсысы  болса  да  баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді,  бұл 
үшін  олардың  қасында  көмекші  етістіктің  тұруы  шарт  емес.  Сонымен  қатар 
есімді  сөйлемдердің  қазақ  тілінің  өзіне  тəн  ерекшеліктері  де  бар» - деп  орыс 
тілімен  салыстыра  отырып: «Бұл – қазақ  тілінің  артықшылығы  емес, 
өзгешелігі» - дейді [1, 131 б.].  
Проф. М. Балақаев сөйлемдерді:  
-Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер;  
-болымды, болымсыз сөйлемдер; 
-жақты, жақсыз сөйлемдер;  
-белгісіз жақты жəне жалпылама сөйлемдер; 
-толымды жəне толымсыз сөйлемдер; 
-атаулы сөйлем, – деп бөледі. Автордың 1954 жылы жəне 1992 жылы қайта 
басылып  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығында  есімді  сөйлем  мəселесіне 
тоқталғанын  көреміз. «Сапалық  есімдер  мен  есімдіктерден  болған 
баяндауыштар»  тараушасында: «Сапалық  есімдер  мен  есімдіктердің  бəрі  де 
баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді.  Бірақ  олардың  баяндауыш  болу 
дəрежесі  де,  баяндауыштық  қызметі  де  бірдей  емес» - деп  мына  мысалдар 
арқылы  көрсетеді:  Ай 
жарық.
  Қар
  қалың
.  Ауа  райы 
жақсы.
  Сапалық  есім 
баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. 
Ондайда бастауыштардың айтылу əуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың 
айтылу  əуені  одан  төмен  болады.  Сапалық  есімдерден  болған  баяндауыштар 
I,II жақтық  жіктік  жалғауларда  айтылғанда,  олар  бастауыштан  онша 
оқшауланбайды,  мұндайда  екі  бас  мүше  бір  сыдырғы  əуенмен  айтылады:  Біз 
бақыттымыз.
  Сен
  əдептісің
.  Сіз
  еріншексіз
.  Біз
  он
 
алтымыз
.  Біз 
жиырма 
төртпіз 
(Ғ.  Мүсірепов).  Мен 
елу
 
екідемін
  (Ғ.  Мұстафин)» - осылай  сапалық 
есімдерден жасалған баяндауыштардың ерекшелігін атап өтеді. «Есімдіктер қай 
сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тəн синтаксистік қызмет 
атқарады.  Солай  болғандықтан,  есімдіктердің  бірі  де  баяндауыш  бола  алады. 
Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі: -Бұл 
кім 

 
16
өзі
?
 (Ғ. Мұстафин). – Ол 
сенсің 
ғой, Абай? Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен 
бөлмесі   
осы
  (М.  Əуезов).  Автор  сонымен  бірге  «бар», «жоқ»  сөздерінің  де 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалуын  көрсетеді.  Ғалымның 1971 жылы 
Т. Қордабаевпен  бірге  жазған  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығында  да  «Хабарлы 
сөйлем»  тараушасында  баяндауыштарының  қай  сөз  табынан  жасалуына  қарай 
етістікті  жəне  есімді  болып бөлінеді  деп  жазады. 1992 жылы  шыққан  «Қазіргі 
қазақ  тілі»  Синтаксис  тарауында  есімді  сөйлемдер  туралы  пікірі  айқын 
көрінеді.  Ғалым  есімді  сөйлемдер  туралы  ойын 1997 жылы  Т.  Сайрамбаевпен 
бірге шығарған «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде жалғастырады. Мысалы, хабарлы 
сөйлем:  Күн  жылы.  Түн  жым-жырт.  Жел  де  жоқ  Бірақ  сəл  ғана  білінген 
салқын  бар.  Баяндауыштары  жылы,  жым-жырт  сын  есімдері  жəне  жоқ,  бар 
сөздері арқылы есімді сөйлемдер жасалған. 
-Сұраулы  сөйлем:  -Əй,  тілің  бар  ма  өзіңнің?  Неге  бұғасың? - Өзі  атпен 
баратын  жер  ме,  машинамен  баратын  жер  ме? - Ой,  Бəтес,  мұның  не?Осы 
сөйлемдердің баяндауыштары өзіңнің- ілік жалғаулы өздік есімдігінен, жер ме- 
жалпы  есім  мен  сұраулық  шылау  арқылы,  мұның  не-сілтеу  есімдігі  мен  сұрау 
есімдігі арқылы сөйлемді тиянақтап тұр. 
 -Бұйрықты  сөйлем:  Тыңда,  дала,  Жамбылды!  (Жамбыл). –Тарт  тіліңді! 
Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев). 
-Лепті сөйлем: Қандай ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын! (Ғ. Мұстафин). 
Жеріміз біздің неткен бай! (Х. Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда қандай! 
-Болымды  жəне  болымсыз  сөйлемдер:  Поэзия – ажарлап  құраған  сөз 
тізбегі  емес... (Т.  Нұртазин).  Тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ 
(Мақал).  
-Атаулы сөйлем: Айдала. Көлдің биік қабағы. Əлсіз жел (С. Мұқанов) [13, 
18-29 бб.]. Автордың еңбегінен есімді сөйлемдерді тек хабарлы сөйлем түрінен 
емес,  сұраулы,  бұйрықты,  лепті,  болымды  жəне  болымсыз  сөйлемдер  де 
кездестіреміз.  
Баяндауышы  есімді  сөйлемдер  пікірін  проф.  М.  Балақаевтан  кейінгі 
тереңірек  түрде  қарастырған  ғалым  профессор  Р.  Əмір  өзінің  «Особенности 
синтаксиса  казахской  разговорной  речи»  деген  еңбегінің  «Структурно-
функциональные  типы  простых  предложений»  деген  тараушасында: «В 
казахском  языке  все  простые  предложения  можно  подразделить  на  две 
основные  грамматические  группы:  предложения  с  подлежащим-именем  и 
предложения с подлежащим причастием. Такая классификация основывается не 
только  на  чисто  грамматических  признаках,  но  и  принимает  во  внимание 
функциональное  взаимоотношение  предложений  с  подлежащим-именем  и 
предложений с подлежащим-причастием.  
В  казахском  языке  основным,  базисным  грамматико-коммуникативным 
типом  является  тип  предложения  с  номинативной  основой  построения 
(т.е. подлежащим-именем)» [14, 55 б.] - деп  осы  сөйлемдердің  ерекшелігін: 
«Предложения  эти  имеют  также  большую  емкость  по  сравнению  с 
предложениями, где подлежащее выражено глаголом. Они могут включать все 
второстепенные члены, расширяющие содержание предложения. Разнообразны 

 
17
и формы сказуемых в предложениях с подлежащим-именем» - деп сипаттайды. 
Одан əрі автор: «Функциональной, стилистической параллелью предложений с 
подлежащим-именем  являются  предложения  с  подлежащим-глаголом...  Нам 
кажется,  что  появление  предложений  с  подлежащими,  выраженными 
глаголами,  связано  с  приемом  предикационного  выноса,  характерным  для 
казахского языка. 
В предложении предикативный член содержит основное ядро информации. 
Поэтому  в  процессе  речи  слово,  выполняющее  функцию  сказуемого
воспринимается особо. Именно на эту функциональную избранность сказуемого 
опирается  стилистический  прием,  называемый  нами  приемом  предикационного 
выноса.  Суть  этого  приема  заключается  в  том,  что  функцию  предикативного 
члена  (сказуемого)  выполняет  акцентируемое  слово» - деп  келесі  мысалдар 
арқылы  көрсетеді:  «Кеше  алдым – Алғаным  кеше;  үй  салдық – салғанымыз  үй. 
Баяу жүрді – жүрісі баяу [14, 55-56 бб.].  Сондай-ақ предикация  жолы  арқылы 
субъектіні  білдіретін  сөздерді  ерекшелеуде:  «Бұны  айтқан – сол  бала.  Мұны 
кептірген – кешегі  аңызақ  жел.  Предикация  жолымен  объектіні,  уақытты, 
жағдайды, сапаны білдіретін сөздерді ерекшелеуде: Қасымның ұнатпайтыны осы 
(Б.  Тілегенов).  Күзден  бері  председательдің  орынбасары  болып  жүргені  де 
солардың  арқасы  (С.  Мұратбеков).  Автор: «Конструкция  предложения  с 
подлежащим-причастием  позволяет  в  качестве  сказуемого  со  значением 
времени,  причины  использовать  местоимения 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет