Борибаева сафура болатовна



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 
 
2.1.3 Сан есімді есімді сөйлемдер    
Сан есім - есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы 
мен  функциясы  жағынан  сан  есім  өзге  сөз  таптарына  қарағанда,  сын  есімге 
біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, тү-түсін т.б. 
сыр-сипаттарын  білдіретін  сөз  табы  болса,  сан  есім – заттың  сан  мөлшерін, 
ретін,  шамасын  білдіретін  лексика-грамматикалық  сөз  табы [43, 191 б.].  Сан 
есімдер  сан  мөлшерін  абстракт  түрде  атайтын  сөздер  болғанымен,  олар 
семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік жағынан іштей алды-алдына 
жеке  категориялар  ретінде  танырлықтай  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Сан  есімдер 
есептік,  реттік,  жинақтық,  болжалдық,  топтау,  бөлшектік  сияқты  түрлерге 
бөлінеді. Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - анықтауыш 
болу, сол сияқты заттану арқылы бастауыш, толықтауыш, ілік септігінде келуі 
арқылы  анықтауыш  сөйлем  мүшесі  қызметінде  жұмсалуы  белгілі.  Біз  өз 
жұмысымызда  сан  есімдердің  үнемі  сөйлемнің  ішінде  қолданылып  қоймай, 
сөйлемнің  соңында  да  қолданылып,  сөйлемді  тиянақтай  алатын  сан  есімді 
есімді баяндауыш сөйлем түрлерін « Абай жолы» роман-эпопеясынан көрсету.  
Қазақ  тілінде  сан  есімдердің  есімді  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы 
туралы А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Р. Əмір, Ə. 
Хасенов  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде  шағын  мысалмен  баяндауыштың  есім 
сөздерден  болатынына  тоқталады.  Белгілі  ғалым  М.  Балақаев  «Қазіргі  қазақ 
тілі»  еңбегінде: «Қазақ  тілінде  есім  сөздердің  (зат  есім,  сын  есім,  сан  есім, 
есімдіктердің)  қайсысы  болса  да  баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді,  бұл 
үшін  олардың  қасында  көмекші  етістіктің  тұруы  шарт  емес.  Сонымен  қатар 
есімді  сөйлемдердің  қазақ  тілінің  өзіне  тəн  ерекшеліктері  де  бар» [1, 131-
143 бб.] - деп  есімді  баяндауыш  түрлерінің  зат  есімдерден  болған 
баяндауыштар,  сапалық  есімдер  мен  есімдіктерден  болған  баяндауыштар, 
есімдерден болған күрделі баяндауыштар жəне құрама баяндауыштар түрлеріне 
тоқталады. 
Ғалым  Ə.  Хасенов  қазақ  тіліндегі  сан  есімдердің  мағыналық,  құрамдық 
жəне  қызметтерін  қарастыра  келіп,  сан  есімдердің  баяндауыш  жасаудағы 

 
65
ерекшеліктерін  көрсетіп  өтеді. «Сан  есімдер  дара  тұрып  та,  күрделі  болып  та 
баяндауыштық қызмет атқара алады, аффикстеніп те қолданылады. Сан есімнен 
жасалған  баяндауыштар,  əдеттегісінше,  көбіне  сөйлем  соңында  келеді.  Сан 
есімдер  толымсыз  сөйлем  ретінде  де  жұмсалына  алады,  басқа  есімдермен 
бірігіп  күрделі  баяндауыш  құрамында  да  тұра  береді», – дей  келіп,  автор  сан 
есімдердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалудағы  түрлерінің  мағыналық 
сиаптына тоқталып өтеді: 
«1.  Сөйлем  соңында  қолданылған  жинақтық-субстантивтік  сан  есімдер. 
Мысалы: Қой-ешкінің бар саны бесеу-алтау-ақ (С.М.). Менің қасымда алты-ақ 
жауынгерім бар, жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу (Ғ.М.)  
2. Жинақтық-субстантивтік сан есімдер «е», «бол» көмекші етістіктерімен 
тіркесіп,  күрделі  баяндауыш  құрамына  енеді: - Біреу  емес,  үшеу  еді  ғой... – 
дедім əлі де аттары есіме түсе қоймай (Ғ.М.). Құлағы екеу емес, төртеу болып 
шықты  (Мұст.) –Басқада  құлақ  екеу  болса,  секретарьда  төртеу, - деді  Жанат 
(Мұст.).  
Тек қана жинақтық-субстантивтік сандар емес, есептік сан есімдер де «е», 
«бол»  көмекші  етістіктерімен  тіркесіп  күрделі  баяндауыш  құрамына  енеді. 
Мысалы: -Ол кісі қашан келген? 
 -Бүгін үш күн болды (С.М.) Бұл дəуірдің бас кезі еді, жиырмасыншы жыл 
еді (С.Е.)  
Есептік  сан  есімдер  сөйлемнің  соңында  немесе  жеке  өз  алдына  дербес 
толымсыз  сөйлем  болып  қолданылып,  баяндауыштық  қызмет  атқарады. 
Мысалы:  Көпір  олардан  гөрі  бізге  пайдалы  болып  шықты.  Бір.Неміс  қолы 
өзеннің  басқа  бір  тұсынан  өтпек.  Екі.  Бұл  жайды  штабқа  хабарлау  керек.  Үш 
(Ғ.М.)» [57, 76-77 бб.].  
М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  баяндауышы  сан  есім 
болып  келген  сөйлемдер  біршама  деп  айтуға  болады.  Сөйлемнің 
баяндауыштары  кейде  сан  есімнің  кейбір  түрлерімен  де  айтылады.  Бұл 
сөйлемнің  баяндауыштары  есептік,  реттік,  жинақтық,  топтау,  болжалдық 
сандардан  морфологиялық  тəсіл  арқылы  қалыптасып  жұмсалған.  Жалпы  сан 
есімді баяндауыштардың өзін таза сан есімді жəне аналитикалық тəсіл арқылы 
жасалған деп екіге бөлуге болады. Таза сан есімді есімді сөйлемдерге есептік, 
реттік жəне жинақтау сан есімдері жатады. 
Есептік сан есімдері 
Дара тұлғадағы есептік сан есім:  
Алдыңғы бəйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Осы 
сөйлемдердің  бірінші  сыңарының  баяндауышы  тоғыз,  екінші  сыңарының 
баяндауышы  да  тоғыз  сан  есімдері  сөйлемді  тиянақтай  келе  түйе  бастатқан, 
жамбы бастатқан бастауыштарымен предикаттық қатынасқа түсіп отыр. 
–Күрделі  тұлғадағы  есептік  сан  есімдері:  Бір  Тəкежанда  қазір  сегіз  жүз 
жылқы  бар  екен.  Жиреншеде  сегіз  жүз.  Оразбай  мың  бес  жүзге  жеткізіпті. 
3. Жетісуда – алты  жүз  мың.  4.  Торғай  облысында  үш  жүз  отыз  сегіз  мың. 
5Солар саны елу-алпыс. 

 
66
«Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сөзі 
есептік  сан  есімдерден  жаңа  сөздер  жасайтын  амал-тəсілдердің  бəріне 
түгелдей  қатысады.  Осымен  тынбай,  бұл  сөзден  басқа  қосымшалар  арқылы 
да  əр  түрлі  жаңа  формалар  (сөздер)  жасалады.  Сонымен  қатар,  бір  сөзінен 
лексика-семантикалық  тəсіл  арқылы  басқа  сөз  табына  ауысқан  формалар  да 
бар» [43, 201-202 бб.].  Бір  сөзінің  осылайша  əр  тарапты  болып  келуі  оның 
лексика-семантикалық  жəне  грамматикалық  ерекшелігі  мол  екеніне, 
қолданылу өрісінің орасан көп жəне жан-жақты екендігіне əрі көрнекті дəлел 
де,  əрі  соларға  байланысты  роман-эпопеяда  бір  сан  есімі  арқылы  жасалған 
есімді  сөйлемдер  мол  кездеседі. 1. Ендігі  керді  тап  өзі  көреді.  Өз  басы 
көреді!  Ал  Керей,  Уақтың  малын  берсін!  Бергіземін!  Ертең  үстіңе  сияз 
құрғызамын.  Бұл  бір. 2. Қайта,  болыс  болмай  сыртырақ  отырса,  бар 
Тобықтыға өз əмірі молырақ жүрмек, ол бір. 
Тəуелдік жалғаулы есептік сан есім: 
Шарды  түбінде  елубасылар  салып  болған  соң,  санайтын  ұлықтың  өзі 
болмайды, осы мынау, столда отырған екі тілмаштың бірі.  
 Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары 
Торғай руына тиісті. Құлыншақ – сол Торғайдың басты кісісінің бірі.  
Жинақтық сан есімдер 
Дара тұлғадағы жинақтық сан есім: Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан 
еді. Иығына шекпен жамылған сақалды біреу.  
Жоғарыдағы  сөйлемде  баяндауышы  ІІІ  жақтық  жинақтық  сан  есімнен 
жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. 
Топтау сан есімдері 
 Есептік  сан  есімдер  нөлдік  тұлғада  жұмсалумен  бірге  септік  жалғауда 
тұрып  та  сөйлемді  тиянақтай  алады.  Роман-эпопеяда  шығыс  септігі  арқылы 
жасалған сан есімді есімді сөйлемдер жиі кездеседі.  
Септік жалғаулы сан есімдер: 
Үлкен  астың  күресі  де  үлкен.  Балуандар  бəйгесі  де  сондайлық  тоғыз-
тоғыздан.  
Жиынын  Байдалы  санатқанда  жүз  елу  ат  бопты.  Соның  ішінен  он  атқа 
бəйге  аталыпты.  Бəйгенің  бəрі  де  тоғыз-тоғыздан.  Бас  жасысы  Қоқан 
керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік жиырма 
бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен. 
Күрделі  болжалдық  сан  есімдер
:  Базаралының  туыс,  дос  көршілерінен 
құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай.  
  
2.1.4 Есімдікті есімді сөйлемдер 
М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  романының  тілі  өзі  қатарлас  жазушылардың 
тіліне қарағанда ерекшелеу. Мысалы: С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин 
шығармаларының сөйлемдері ықшамды, олардың шығармаларында көбіне жай 
сөйлем  басым  да,  құрмалас  сөйлемдер  аз.  Сондықтан  олардың 
шығармаларындағы ойды тез түсінуге болады. «М. Əуезов тілінің синтаксистік 
құрылысы күрделі, алуан түрлі болып келеді. Ол білдіретін ойының кеңдігіне, 

 
67
тереңдігіне қарай сөйлем құрылысын да құбылтып, өзгертіп отырады. Жазушы 
күрделі  синтаксиске,  құрмалас  сөйлемге  көп  ұмтылады.  Бұл  оның  өмір 
шындығын,  құбылысты,  геройлардың  психологиясын  терең  толық  күйінде 
суреттеп беру тілегінен туады» [47, 138 б.].  
М.  Əуезовтің  біз  алып  отырған  шығармасының  сөйлемдерінде 
жоғарыдағыларға  қарағанда  жай  сөйлем  аздау  да,  керісінше,  ұзақ  құрылған 
сөйлемдер  арқылы  ойды  беруі  мол.  Міне  осы  ұзақ  құрылған  сөйлемдерді 
морфологиялық  талдау  қиындық  тудырмағанымен,  ал  ол  сөйлемдерді 
синтаксистік талдау жағынан аса білгір мамандар болмаса, оңай бола бермейді.  
Біз,  əрине,  автордың  есімді  сөйлемдер  түрлерін  сөз  етеміз.  Бұрынғы 
бөлімдерімізде  зат  есімді,  сын  есімді,  сан  есімді  сөйлемдерді  сөз  етсек,  бұл 
жерде есімдікті сөйлемді ғана объектіге алып отырмыз.  
К.  Оңалбаева  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  арқылы  құралған  есімді 
сөйлемдерді сөз етсе,  енді тіпті Б. Елікбаев есімді құрмалас сөйлемдерді жеке 
зерттеу  етіп  жүргені  белгілі.  Əрине  бұл  авторлар  есімді  жай,  құрмалас 
сөйлемдерді  жалпы  сөз  етсе,  біз  ондай  сөйлемдерді  бір  ғана  шығарма 
төңірегінде сөз етеміз.  
Жалпы  алғанда  М.  Əуезов  романында  есімді  сөйлемдердің  мол  екенін 
жоғарыда айтқанбыз. Зерттеу барысында осы шығармада есімді жай сөйлем де, 
есімді  құрмалас  сөйлем  де  жетерлік.  Бірақ  біздің  пайымдауымызша,  есімді 
құрмалас  сөйлем  көбірек  сияқты.  Өйткені  М.  Əуезовтің  ол  романындағы  ой 
жеткізуі көбіне құрмалас сөйлем арқылы іске асатыны анық көрініс тапқан.  
Есімдердің  ішінде  кез  келген  сөйлемнің  баяндауышы  қызметінде  есімдік 
аздау  жұмсалатыны  белгілі.  Оның  өзі  есімдіктердің  көбіне  бастауыш, 
анықтауыш,  толықтауыш  болуымен  байланысты  сияқты.  Дегенмен  есімдіктер 
де  сөйлемнің  соңында  келіп,  баяндауыш  қызметінде  есімді  сөйлем  құрауы 
баршылық.  Əрине,  есімдіктердің  есімді  жай  сөйлемге  қарағанда  есімдікті 
құрмалас  сөйлем  түрі  көп  сияқты.  Есімдіктердің  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалуында да өзіндік ерекшеліктер бар.  
Есімдіктік  жіктеу,  өздік,  сілтеу,  сұрау,  белгісіздік,  жалпылау, 
болымсыздық түрлері басты анық. Міне осы есімдіктің осы түрлерінің қайсысы 
көп жұмсалады деген мəселе де ойландырады.  
Бұл  жерде  есімді  жай  сөйлем  де  бар.  Дегенмен  есімді  жай  сөйлемдерді 
құрайтын есімдіктер де əр түрлі.  
Оның үстіне романда есімді сөйлемдер Б. Елікбаев көрсеткендей, үш түрлі 
құрамда келеді.  
– Біріншіден, бағыныңқы сөйлемді есімді құрмалас, 
– Екіншіден, басыңқы сөйлемді есімді құрмалас, 
–  Үшінші,  екі  сыңары  да  құрмалас.  Романда  есімді  осы  құрмалас 
сөйлемдер көп кездеседі.  
– Тіпті романда көп бағыныңқы құрмалас та баршылық. 
Осыдан  барып  біз  романдағы  есімді  есімдікті  сөйлемдерді  есімді  жай, 
есімді құрмалас сөйлемдер деп бөліп көрсетуге тырыстық.  

 
68
Есімдіктер жай сөйлемде немесе құрмалас сөйлемде болсын олар əр түрлі 
тұрғыда келеді. Ондай кезде есімдіктер баяндауыш қызметінде көбіне 
– нөлдік тұрғыда 
– көптік тұлғада 
– септік тұлғада 
– -нікі, -дікі қосымшалар арқылы да келеді.  
Сол  сияқты  есімдіктер  ондай  сөйлемдердің  баяндауышы  қызметінде 
құрама баяндауыш түрінде де келеді.  
Сонымен  М.  Əуезовтің  романындағы  есімді  сөйлемдерді  былайша 
танытуға болады.  
І Жай сөйлем. 
– жіктеу есімдіктері арқылы, 
– өздік есімдіктері арқылы, 
– сілтеу есімдіктері арқылы, 
– сұрау, 
– жалпылау, 
– белгісіздік есімдіктері арқылы, 
– болымсыздық есімдіктері арқылы [17]. 
Баяндауыш  есімдіктерден  де  болады.  Олардың  бастауышқа  деген  қатысы 
қай  сөз  табының  орнына  жүретініне  қарай  мəнденеді:  Сонда  есімдіктері 
баяндауыш  бастауыштың  не  заттық,  не  сындық,  не  сандық  сапада,  мезгілдік, 
мекендік  қатынасын  да  айқындайды.  Бұл - өздері  баяндауыш  болып  келген 
сөйлем арқылы емес, оның алдындағы сөйлемдер арқылы білінеді.  
Баяндауыштың 
есімдіктермен 
байланысы 
тəсілі 
басқа 
есім 
баяндауыштағылардай.  Əйтсе  де,  баяндауыш  есімдіктің  барлық  түрінен  жəне 
барлық жақта бірдей жасала бермейді.  
Баяндауыш  жіктеу  есімдігінен  тек  ІІІ  жақ  мағынада  жұмсалады:  осыған 
орай,  бастауыштар  да  адам  мəнінде  айтылатын  сөздер  болады.  Мұның  өзі  ол 
есімдіктердің  семантикалық  ерекшеліктерімен  бір-бірімен  қатысты  мəнде 
жаратылысымен байланысты.  
Жіктік жалғаулы жіктеу есімдігі арқылы: – Ой, бұ кім? – деп, еді.  
–  Сескенбе,  менмін! - деген  үн  есітті. - Өй,  Абай,  сенбісің?..  Бұл 
сөйлемдердегі мен, сен жіктеу есімдіктері І, II жақ жіктік жалғаулары арқылы 
жасалған.  
Бəрі – сенен,  Абай!  Бұл  жердегі  сен  жіктеу  есімдігі  шығыс  жалғауында 
келуі арқылы есімді жай сөйлем жасалған.  
Бұл  сөйлемдердің  баяндауыштары  І,  ІІ  жақтық  жіктеу  есімдіктерінен 
бастауыш  арқылы  сөйлем  аяғына  жұмсалуы  арқылы  қалыптасқан;  бөгде  жақ 
бастауышты сөйлеуші, тыңдаушы адам есімдігі жағынан сипаттайды.  
Жатыс жалғаулы жіктеу есімдігі: Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде. 
Мезгілдес  салалас  сөйлемнің  екінші  сыңарының  баяндауышы  бізде  сөйлемді 
тиянақтап тұр. 
Баяндауыштары  –нікі, -дікі  қосымшалары  арқылы  жасалған  жіктеу 
есімдігі: - Ел  де  сенікі,  ел  ішіндегі  тентек  те  сенікі.  Бұл  сөйлемнің  екі 

 
69
сыңарының баяндауышы да жіктеу есімдігі арқылы жасалып, мезгілдес салалас 
сөйлем  құрып  тұр. – Ой,  не  дейсіңдер?  Шөжікеңнің  түскен  үйі  біздікі!.. – 
Алыңдар!  Көрімдік  сендердікі!...  –Базаралы  болса  қайтуші  еді!  Ет  бауыр  туыс 
оныкі! Жер болса, тағы оныкі. 
Баяндауыштары  өздік  есімдіктен  жасалған  сөйлемдер.  Тəуелдік 
жалғаулы өздік есімдігі арқылы:  
1  Мынау  үйге  Құнанбаймен  ілесе,  осы  үйдің  иесі  Тінібек  кірді. 
Құнанбайдың көп уақыттан бергі сыйлас құдасы да, досы да өзі.  
2  Қалың  Көтібақтың  ішінде  Байсалға  анық  сенімді  серік  болған,  білікті 
жігіттің өзі.  
3  Ол  бейілді  алдымен  білдіріп,  баласының  бетінен  иіскеп,  күліп  қарсы 
алған  Ұлжан  өзі.  Бұл  сөйлемдерде  баяндауыш  қызметінде  өздік  есімдігі 
тəуелдік жалғауының ІІІ жағында келуі арқылы есімді сөйлем жасалған. 
4 Нақ сүйерің - өзіммін. Бұл сөйлемде тəуелдік жалғауының І жағындағы 
өз есімдігінің жіктелуі арқылы жай есімді сөйлем жасалған.  
Өздік  есімдігінің  жіктік  жалғауының  екінші  жағында  келіп,  сөйлемді 
тиянақтауы:  Борсақтың  бір  шалы: ...Қарыздарым – бір  құдай,  содан  соңғы - 
өзіңсің! – деді.  
Барыс жалғаулы өздік есімдігі арқылы: 
«Өз обалың өзіңе». 
Тəуелденіп  келген  өздік  есімдігіне  жатыс  септігінің  жалғануы  арқылы: 
Бас киімі – пұшпақ тымағы да өзінде. 
Баяндауышы –дікі қосымшасы арқылы жасалған өздік есімдігі арқылы: -Е, 
өзіміздікі, енді кімдікі болсын!  
Баяндауыш  кейде  кейбір  сілтеу  есімдіктері  арқылы  жасалған  есімді 
сөйлемдер. 
Нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдіктері арқылы жасалған: 
1 Балағаз бен Найман жігіттерінің бір мекені сол. 
2 Бірақ облыс сотының тілмəші осы.  
3.Бөкеншіден Сүгір баласы Əлімқожа – мынау.  
4. Көптен білсем де, бүгін сенен ірке алмадым. Білдірдім міні!  
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі арқылы: Көздері де, көңілдері де сонда
Ал  Сүйіндік  сол  сөзді  оп-оңай,  бір  айналмай  айтып  салса  ертеңгі  тауқымет 
бұнда. Оралбай үшін күйетін ел жоқ мұнда. Абайдың бұрыннан жақсы білетін 
бір танысы Жиренше де осында. 
Көптік жалғаулы сілтеу есімдігі арқылы: 
Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Жолшыбай Байдалы мен Қараша, 
Қаумен, Үркімбайды да атқа мінгізіп, асықтырып ерткен солар. Бұл сөйлемнің 
басыңқы  сыңарының  баяндауышы  солар  қимыл-сын  бағыныңқылы  сөйлемді 
тиянақтап тұр. 
Шығыс  жалғаулы  сілтеу  есімдігі  арқылы: «Түрт  сайтан!»  деп,  Оспан 
мұрасының əңгімесіне Оразбайдың ынтыққаны осыдан. 
Екі  сыңары  да  есімді  салалас  сөйлем:  Жылаған  ел,  жылатқан  бұл.  Бұл 
сөйлемнің  бірінші  сыңарының  баяндауышы  ел  жалпы  есім  арқылы  жасалса, 

 
70
екінші  сыңарының  баяндауышы  бұл  сілтеу  есімдігі  арқылы  жасалып  сөйлемді 
тиянақтап тұр. 
Баяндауышы жекеше, көпше ІІ, ІІІ жақта сұрау есімдіктерінен жасалған 
сөйлемдер,  мысалы:  Оны  қуар  дəмем  кəні,  дəрменім  кəні?  Қайдан  жүрген 
немелер? – деп еді. Бұлары кімдер? – деп еді. Ғылым атынан тағылым айтады 
десе,  топастыққа  топастық,  жауыздыққа  жамандық  қоса  түскені  несі? – деді. 
Абай:  
Бұл сөйлемдерде кəні, кімдер? немелер? несі? Сұрау есімдіктері сөйлемді 
аяқтап,  есімдікті  жай  сөйлем  жасалған.  Енді  осылардың  тұлғалық 
ерекшеліктеріне назар аударалық. 
– кімдер? нелер? немелер? Көптеліп келсе, бірі, несі баяндауышты тəуелдік 
жалғаудың  ІІІ  жағында  келген.  Бұл  сөйлемдердің  бəрі  де  есімдікті  есімді  жай 
сөйлемдер. Олар көбіне айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің кейде хабарлы, 
сұраулы сөйлемдер.  
Есімдіктер  есімді  сөйлемді  немесе  құрмалас  сөйлемді  құрауда  жеті  түрлі 
есімдіктің  бəрі  бірдей  қатыса  бермейді.  Біреуі  көп  қолданса,  біреуі  аздау. 
Дегенмен ондай баяндауышты есімді сөйлемдер романда баршылық. 
– Молла, сіздің бұныңыз не? 
– Е-е, бұ кім? Кімсіңдер? – дегенде, көшіп тез жауап қатты: 
– Аш, мен Баймағамбет. 
– Əрине, əрине! … көпті айтсаң амал қані…  
Кеткен өмір, өткен бейнет жемісі қайсы? 
Баяндауышы белгісіздік есімдіктерден жасалған есімді сөйлемдер: 
Мұхаметжан – Абайдың туысқандарының бірі
Жай сөйлем түрлері  
Қалың  ел,  көп  қыстаулар  сонда.  Бұл  сөйлемнің  де  екі  сыңарының 
баяндауыштары  есімді  болып  келген.  Ел  жалпы  есімінен  жəне  сонда  жатыс 
жалғаулы сілтеу есімдігінен жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.  
Хабарлы  сөйлемдер:  Анық  Тоғжан  жары  осы.  Киргиздің  деревнясы  ғой 
бұл. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы. Бар елдің күтімі де, шығыны да 
бізде.  Сөйлемнің  баяндауышы  бізде  жатыс  жалғаулы  жіктеу  есімдігінен 
жасалып  сөйлемді  тиянақтап  тұр.  Бөжейдің  арыздасқаны  да,  тіл  қатып 
сөйлегені  де  сол.  Баяндауышы  нөлдік  тұлғадағы  сол  сілтеу  есімдігі  арқылы 
жасалған. 
Сұраулы  сөйлемдер:  - «Таң ...жүрек  таңы ... Сол  таңым  сенсің  бе? 
Жарығымбысың, кімсің? 
Жалаң сөйлемдер: Шаруасы сонда.  
Жайылма  сөйлемдер:  Жидебайдағы  қыстаудың  ең  үлкен  бөлмесі  осы. 
Астың дəл үлкен күні осы.  
Жақты сөйлемдер: Абайдың тілегі солай.  
Толымды сөйлемдер: Михайлов үйінде бұл əйелді Абайдың алғаш көргені 
осы. Биылғы жылдың ең алғашқы қары осы. 
Құрмалас сөйлемдер түрлері 
 
Есімдікті салалас сөйлемдер  

 
71
Жалғаулықсыз  мезгілдес  салалас:  Бөжейдің  аруағына  арналған  соңғы 
дауыс,  соңғы  көз  жас  осы.  Жылаған  ел,  жылатқан  бұл.  Бұл  сөйлемдердің  екі 
сыңарының  да  баяндауыштары  есімді  болып  келген,  бірінші  сыңарының 
баяндауыштары  дауыс,  ел  жалпы  есімдерінен  болса,  екінші  сыңарының 
баяндауыштары осы, бұл нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдіктерінен жасалған. 
Сілтеу есімдікті қарсылықты салалас: Шөженің атына Абай қанық, бірақ 
көргені осы. 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер  
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас  
Сілтеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас. Басыңқы сыңарының 
баяндауышы  сілтеу  есімдігі  арқылы: Базаралыны  бұдан  былайғы  бір  қимылға 
шүйлеп, қайрап салудың анық сөзі осы. Ел жұрттың бетін көріп, жай-жапсарды 
ең  əуелі  білісіп  отырғаным  осы.  Өзі  де  күліп,  топты  да  күлдіріп  келе  жатқан 
сол.  
Бағыныңқы  жəне  басыңқы  сыңарларының  баяндауыштары  есімді  болып 
келген қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас:  
Аса сырлас, нəзік жақын болып, Абайды көп барлайтын Қарашаш та міне. 
Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы жақын болып жалпы есім 
мен  бол  көмекші  етістігіне  –ып  көсемше  жұрнағының  жалғануы  арқылы 
жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нөлдік тұлғадаға келген міне сілтеу 
есімдігі арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. Кітап шындығы, өмір уымен 
тең  сыбаға  боп,  Абай  үшін  анық  бетпе-бет  кеп  ең  алғаш  қақтыққаны  осы. 
Бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы  сыбаға  боп  жалпы  есім  мен  –п  жұрнағы 
арқылы  жасалған  көмекші  етістіктен  жасалса,  басыңқы  сыңарының 
баяндауышы осы сілтеу есімдігінен жасалған. 
Есімдікті  мезгілдес  (ыңғайлас)  сабақтас:Алмай  жатқан  əкім,  жемей 
жатқан би жоқ осында. 
Сілтеу  есімдікті  мезгілдес  (ыңғайлас)  сабақтас:  Байсал  Құнанбаймен 
араздасып  кеткелі,  Абай  мен  Жиреншенің  кездескені  осы.  Мал  тұяғы  тимеген 
шүйгін қонысқа келгенде, алғашқы күн, бар түліктің істейтін мінезі осы. 
Есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас  
Сілтеу  есімдікті  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас:  Абайдың  өзіне 
айтпаса  да,  Михайловтың  ол  турасындағы  бұл  кезеңдегі  үлкен  бір 
қорытындысы  осы.  Тұқымы  Ескене  деген  алыс  ру  болса  да,  қысталаңда 
Құнанбайдың  анық  сенетін  жігіті  осы.  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  алыс  ру  болса  да  құрама  баяндауыштан  жасалса,  басыңқы 
сыңарының  баяндауышы  нөлдік  тұлғада  келген  осы  сілтеу  есімдігі  арқылы 
сөйлемді тиянақтап тұр. 
Есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас  
Өздік  есімдікті  шартты  бағыныңқылы  сабақтас:  Кездесіп  бірге  жүре 
қалған шақ болса, үнемі күлкі ететіні, ойнайтыны осы Ғабитхан молданың өзі. 
Сілтеу есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас: Абай жақын арада сол 
Тінібекке  кісі  салып: - Тəкежан  Құнанбай  баласы  болса,  менің  де  жөнім  сол. 

 
72
Есімдікті  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас:  Орыс  тілінде  жазылған  ұзақ 
əңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып, тіл бөтендігін жеңген кезі осы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет