Борибаева сафура болатовна


М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  «Шытырманда»  бөлімі



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  «Шытырманда»  бөлімі 
(1-бөлім 156-157 бб.):  
«-Жесеңші,  Абай!  Алмадың  ғой! – деп,  əлденеше  қозғап  көріп  еді,  Абай 
жей алған жоқ.  
Ет  артынан  Сүйіндіктің  көптен  сауығызып  отырған  қысырларының  сары 
қымызы да келді. Оны да жақсы əңгімелесіп, ұзақ отырып ішісті.  
Бұл  кештің  соңғы  кезінде  Абай  алғашқыдай  емес,  тартынып  қалғандай, 
баяу еді.  
Үй  иелері: «Жас  қонақтың  ұйқысы  келді»  деп,  соған  жорыған.  Ақыры, 
төсек  салынатын  боп  барлық  еркектер  тысқа  шықты.  Абай  көңілі  бұл  кеште 
өзгеше бір күшті сезімнің əсеріне толы.  
Бұрын  «ғашық  жар»  көп  оқыған  хикаяларда,  көп-көп  естілген  ауызша 
əңгімелерде  болса,  бүгін  Абайға  ең  алғаш  рет  кітап  емес,  əңгіме  емес,  өзінің 
анық,  аппақ  мүсінімен,  күлкісі,  қозғалысы,  тынысымен: «Сол  мен  едім», «мен 
мұндамын» деп келгендей.  
Сүйіндік  əңгімелерінің  артынан,  əуел  кезде  көңіліндегі  тұнып  жүрген  бір 
ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп түсті де, қайта шөгіп қалды.  
Ол емес, тысқа шығып өз өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат 
қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды.  
Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып 
барады.  Жүректі  де  реніштен,  ылайдан  құтқарып,  сондайлық  биікке,  қазіргі 
бұлтсыз  аспандай  алысқа,  тазалық  рақатқа  шақырып,  жыраққа  меңзейді. 
Түйеөркештен  Шыңғыстың  жақын  биіктері  жартылап  қана  көрінеді  екен. 
Қарақошқыл  таулар  ай  астында  көкшіл  мұнараға  оранып,  жым-жырт  қалғып 
тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді. 

 
48
Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тын алады. Асылбек, 
Əділбектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес-алты үйлі ақ ауылдың түңлігі 
тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр. 
Сүйіндік  пен  Қарабас  аттардың  маңында  жүр.  Абай  мынадай  көктем 
түнінен соншалық бір тазалық сезіп, таң лебін танығандай. Бұның жүрегі əдейі 
арналған  таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей. «Махаббат па? Осы ма? Осы 
болса,  мынау  дүние,  мынау  маужыраған  тынысты  нəзік  түн...  бесігі  ғой.  Сол 
сұлу саздың құлақ күйі ғой».  
Сүттей  жарық,  айлы  түн.  Таң  əлі  жоқ.  Бірақ  жоқ  екенін  білсе  де,  Абай 
əлдеқандай өзгеше «таңды» сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар, - 
жүрек  таңы.  Кеуде  толған  өзгеше  ыстық,  өзгеше  жұмбақ,  мол  сезім.  Соның 
шалқи  түсіп  шарықтауы  көп.  Лыпыл  қаққан  қанаттай  тоқтаусыз  құбылып, 
тыныштық ала алмай лепіреді.  
«Нені  айтады?  Не  деп  түсінеді?  Не  сипатты  бұл  сезім?  Не  боп  барам? 
Тақат, сабырым қайда?»  
Бойына  тоңазығандай  бір  діріл  пайда  болды.  Себепсіз  дірілдейді.  Жүрегі 
де тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей.  
«Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?»  
Көз  алдында  Тоғжанның  аппақ  жұмыр  білегі,  жас  баланың  етіндей,  ақ 
торғындай мойыны!... Таң осы да... өзі ғой!  
...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!  
Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз 
жырлап  тұрған  тəрізді.  Тоғжанға  арналған,  ең  алғашқы  «ғашығым»  деген 
жарына арналған жан жырының тұңғыш жолы осы еді.  
Ойша,  екі-үш  ауыз  махаббат  сəлем  айтып  шықты.  Біртүрлі  оңай,  рақат 
боп,  өз-өзінен  құйылып  тұрған  тəрізді.  Бірақ  сол  кезде  Қарабас  үйге  қарай 
шақырды.  Екеуі  тыста  жалғыз  қапты.  Абай  үйге  таман  келе  жатып,  жаңағы 
елеңін  қайта  есіне  түсірейін  деп  еді, «Ақ  етің  аппақ  екен  атқан  таңдай!» 
дегеннен басқасы есіне əзір қайта түспеді.  
Қарабас  пен  Абай  үйге  кіргенде  Сүйіндік  пен  бəйбішесі  биік  төсекке 
жатып  қалған  екен.  Сарғыш  шегірен  шымылдық  үлкендердің  жататын  орнын 
қоршап тұр. Кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан 
басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді.  
Тоғжанның өзі үйі басқа ғой. Ол Сүйіндіктің кіші əйелі Қанатжанның қызы 
екен.  Жаңа  үйге  кірерде  Қарабас  айтқан.  Тоғжан,  əрине,  өз  үйіне  кеткен  болу 
керек. Үйге кірген жерде Абайдың ойлағаны осы. Үйткені төсек салып жүрген 
– бағанағы шай құйған сары келіншек.  
Абай  төрге  қарай  қозғала  беріп  еді.  Бір  уақытта  шегірен  шымылдық 
толқып  барып  қозғалды  да,  есік  жақтағы  шетінен  шолпы  сылдыры  естіліп, 
Тоғжанның  əсем  бойы  көрінді.  Қолына  бір  торғын  көрпені  алып,  бері  шығып 
келеді  екен.  Асықпай,  тіпті  ақырын  қозғалады.  Шолпысының  ендігі 
сылдырынан өзі қысылған тəрізді».  
C. Мұқанов «Ботагөз» романы «Тұңғиықта» бөлімі ( 1-бөлім 19-20 бб.): 

 
49
«Асқар «келіңіз» дей бергесін, қымсынып кеп Кенжетай жақтан Айбала да 
отырды.  
Асқардың көзін тəтті қуырдақ емес – Ботагөз тартты. Бірақ ол өз сезімімен 
өзі  қатты  күресіп,  Ботагөзге  қарамауға,  қараса  ағаларына  сездірмеуге, 
көзқарасынан  Ботагөзге  ой  түсірмеуге  тырысты.  Сондай  арпалысқан  сезімнің 
толқынына  батып  отырып,  қуырдақтың  қалай  желініп  болғанын  білмей  де 
қалды.  Бірақ  көз  жаңылғанмен,  қол  мен  ауыз  жаңылған  жоқ.  Сыбағалы 
тамақтан аш, құр қалған жоқ. Ботагөздің магниті тартқан көзді зорлықтан басқа 
жаққа аударып отырып, қуырдаққа мейлінше тойды. 
Ауыз  бозбаласының  əдетін  істесе,  Асқар  төсекке  жатқаннан  кейін  көзін 
жұрттан ұрлап, көрпенің астынан қыздың жатқан орнына қарар еді. Төрге төсек 
салып  бергеннен  кейін  Асқар  оны  істемеді.  Əрі  жас  отау,  əрі  кедей  үй 
болғандықтан  төсеніші  шамалы  екен.  Сол  араға  барып,  ол  етігі  мен  сыртқы 
камзолын  шешті  де,  шалбаршаң,  пальтосын  жамылып,  теріс  қарап,  жатып 
қалды.  
Асқардың  əдептілігіне  сенді  ме,  болмаса  қарындастарын  бала  деп  түсінді 
ме – ағалары да, жеңгесі де қызды қорғаған белгі көрсеткен жоқ. Тар бөлмедегі 
Асқар мен Ботагөздің төсегінің арасы бір-ақ құлаш жер, орталарында еш нəрсе 
жоқ. 
Асқар  ұзақ  уақыт  ұйықтай  алмады.  Бірақ  жатқан  қалпынан  тырп  етіп 
қозғалған жоқ, қимылдаған жоқ. Сол түнгі ауа райы. Сібірдің күзгі мезгілінде, 
əсіресе  тауда  сирек  кездесетін  рай  еді.  Кешке  қарай  аспанды  бүркеп  алатын 
күздің сұр бұлты ол түні жоқ еді. Түн ортасына жақын туған, оң жағынан ойық 
ай,  биікке  шығып  алып,  сəулесін  Бурабай  көліне  сүңгітіп,  қалқып  бара  жатыр 
еді. Сол айдың жарығы түскендіктен, үйдің іші бозамықтау еді. 
Ұйқысы  келмеген  Асқар  пальтодан  бетін  ашып  жатып,  біразға  шейін 
құлағына  көлдің  жарына  жұмсақ  леппен  ұрған  əлсіз  толқынға  тікті.  Терезенің 
түбіне екі-үш-ақ саржан жерде тұрған көлдің суының болмашы қимылы бұған 
түгел естілді.  
Асқардың  кеудесіндегі  судай  сапырылған  ой  толқыны  ішіне  сыймағанда, 
демін  қаттырақ  алып  қала  жаздап,  біреу-міреу  біліп  қалар  дегендей,  өзін-өзі 
зорлады.  
«Бұл  қыз  маған  ұнады», - деген  қорытындыға  тірелді.  Асқардың  ойы 
біраздан соң. – Бірақ сөз салуға əлі жас. Бұл бақытты қыз. Үйткені, шаруалары 
кедей болғанмен, алтын асықтай ағалары бар. Мына екі ағасы бір қызды өсіре 
алатын жігіттер. Оның үстіне мына бір жеңгесі де табылған адам екен. Қайын 
сіңлісін мұндай күткен жеңгені көрген жоқ ем... 
«Бұл қыздың өмір сатысына басқан адымы əзірге дұрыс. Қазақтың қандай 
ақылды,  көрікті  қызы  надан  ауылда,  ең  жетілді  дегенде  тəуір  күйеуге  тиіп,  өз 
қара  басынан  аса  алмайтын,  үй  күңі  болатын  еді.  Бірен-саран  қалада  тұрған 
байдың қыздары оқыса, олардың түпкі мақсаты: семья басы – ана болу. Қазақ 
кедейінен  Европа  ғылымын  алып,  əлеумет  кісісі  болған  қызды  өзім  көргем 
жоқ...»  

 
50
«Мына қыз кедейдің қызы. Дер шағында оқуға түскен. Оқырлық жағдайы 
толық.  Тұлғасында,  мінезінде  кісі  боларлық  белгілер  бар.  Олай  болса  түбінде 
бұдан əлеуметтік адам шығуында сөз жоқ. Олай болса менің бірінші міндетім: 
осы қыздың осы оқу жолын білім өмірінің жайлануына жеткізуге көмектесу».  
«Екінші ... – деген  сөздің  артынан  Асқар  біраз  бөгелді.  Ондағы  айтайын 
дегені: «бұл  қыз  түбінде  мендік  болуға  тиісті»  деген  сөз  еді.  Бұл  сөзді  айтуға 
бөгет болған себеп екеу: біреуі – «біреуге уəде қылып қойса қайтем?», екіншісі 
– қыздың көңілі менің көңілімнен тура шыға қоярын кім біледі». «Біреуге уəде 
қылсын,  қылмасын, - деді  Асқар  ойын  қорытып,  мен  мұны  сүйдім.  Олай 
болса,осы ойымды орындауға тиістімін!..»  
«Тиістімін!» - дегенде  Асқардың  дыбысы  шығып  кетті.  Ол  сасып  қалды. 
Үйдегілердің  біреуі  оянып  қалды  ма?»  дегендей  басын  ақырын  көтеріп  қарап 
еді, ешкім оянған жоқ екен.  
Ол аз отырды да, көзін Ботагөз жаққа аударды. Ботагөз көрпесін кеудесіне 
шейін ғана жауып, беті ашық, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Асқар құлағын 
тігіп  еді, алған  демі  естілмеді.  Оған  Ботагөз  дем  алмастан  ұйықтап  жатқандай 
көрініп, кеуде жағына көзі түсіп еді, ішкі ақ көйлегінің шеті көтеріліп-басылған 
кеудеден азғана қозғалып жатыр екен.  
Қадала  қараған  Асқардың  көзіне  күңгірт  жарықтан  елестеген  Ботагөз, 
күндізгісінен де сұлу сықылданып кетті».  
Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы (1-бөлім 26-28 бб.):  
«Жиырмаға  жетпеген  жас  жігіт,  өз  ойынан  ұялу  дегеннің  салмағын  əрең 
көтеріп, орнынан тұрды. Мана ол Жұманның үйіне де осы Назыкешті бір көріп 
қайтуға  барған.  Мұның  ой  ыңғайын  танып  қалған  ұялшақ  қыз  көзіне  бір 
көрінбей  қойып  еді.  Енді  міне,  қанша  жер  қатар  жүріп,  қалжыңдасып  баруға 
болады.Не  арнағаның  болса,  айтуға  болады.  Бірақ  жас  шағында  қиыспай 
айрылысар  күнəсіздік  қақпасы  əлі  жабық  тұр  еді.  Сеит  табалдырықтан  əрең 
аттап, шыға сала жылыса жөнелген Назыкешті əрең қуып жетті.  
Əншейінде ықшам оңтайлы жас, дəл керекті жерде ордаңдап, қыз қасына 
жанаса  алмай  келе  жатыр.  Біресе  бір  адым  озып  кетеді,  біресе  кейін  қалып 
қояды.  Қолдары  ербеңдеп,  тізелері  бүгіліп-бүгіліп  кететін  сияқтанады.  Айлы 
түнде  жазық  жерге  түсе  қалған  көлеңкесінің  де  бір  мүшесі  ұнамай  келеді. 
Аяғындағы  саптама  етік  те  біресе  көдеден  тайғанап,  біресе  күрп  етіп  қалады. 
Көк  елтірі  тымақтың  іші  де  қайнап  жатқандай.  Жүзін  ар  жағына  қырындатып 
ұстағанмен,  Назыкеш  осы  олақтықтың  бəрін  көріп,  күліп  келе  жатқан 
сияқтанады.  Аз  ғана  желден  айнала  бұлғаңдаған  шоқ  үкісі  де  күліп  келе 
жатқандай.  
Екеуі  де  бірінші  рет  кездесіп  қалған  қысылыстан  құтыла  алмаған  күйде 
жастар Жұман ауылына жақындап қалды.  
-
 
Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз, - деп, Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, 
бөгелмей  ілгері  кетті.  Манадан  бері  айтылған  сөз,  шыққан  леп  те  осы-ақ. 
Ұзаған  сайын кішірейе түсіп, үкісі бұлғаңдап барып, Назыкеш  үйдің тасасына 
түсті. Əлденеменеге сол жерде ғана езу тартты… 

 
51
-
 
Сейіт  өзінің  олақтығына  ыза  болып,  ауылға  қарай  тез  аяңдап  кетті.  Аяқ 
басысы  біржола  түзеліп,  тізесі  бүгілмей,  бөксесі  боқшаланбай,  көлеңке 
сымбаты да түзеле қалыпты. 
-
 
Кеуде  жағы  теңселе  қозғалып,  оңашада  Игілікке  еліктейтін  əдетінше, 
алшаң  басқансып,  Омар  қарсы  ұшырасты  Сейітке.Бар  шабарманның  не  мұңы 
барын,  нені  айтатынын  жақсы  білетін  Сеит  сөйлескісі  келмеп  еді,  Омар  ол 
ырқына жібермей: 
-
 
Көптен  көрмеп  ем,  құрғырың  биылғы  жайлаудан  пісіп  қайтыпты  ғой! 
Мытысаң еттің өзін, сайға қарай неге сүйреп əкетпедің? – деді. 
-
 
Өзі ызаланып келе жатқан Сеит, бұл жолы Омарды да сыйлай алмады: 
-
 
Сен  менімен  бұлай  сөйлесуді  қой  енді,  білдің  бе?  Жетер! – деді. 
Əлдеқайда  алыста  жатқан  зілі  барлығын  жасырмай,  жеркене  айтты.  Енді 
Омардың жауабын күтпей, қалжыңынан да, кешірім сұрай қалса – онысынан да 
безініп,  ілгері  жүріп  кетті. – Сондағың  есікте  жүрген  бір  қыз  ба,  əй? - деді  де 
Омар қала барды. 
-
 
Сеит онысына да құлақ аспай, ұзап кеткен соң ғана Омар қайрат көрсетіп: 
- Байғұс бала, есімнен біржола шығып бара жатыр екенсің, жақсы ескерттің-ау! 
-  деді.  Сеиттің  жаңағы  ыңғайын  жігер  лебі  деп  ұққан  жоқ,  ояна  бастаған  кек 
салқыны деп түйді.  
-
 
Омар  мен  Сеиттің  арасында  кейін  айрылатын,  күні  тууын  күтіп  жатқан 
бір  есеп  бар  еді.  Ол  бұл  даланың  оңай  ұмытпайтын,  өлмей  кешпейтін,  күнде 
балалатып  өсіріп  отыратын  бір  кесібі.  Түйе  орнына  түйме  алып  тына  ма, 
айыптыға  айып  төлеп  құтыла  ма,  əйтеуір,  өз  ойында  «есебім  қайтты»  деген 
иман  ұялғанша,  ол  құрт  ауру  қалмайды  да.  Оның  аты – кек.  Кейде  онысы 
«қорғалаттым  мен»  де, «алдыма  əкеп  табақ  тартқыздым  мен»  де  бітіп  қалады 
Əйтеуір, ауыл-үйден бір-екі селтекей «кегің енді қайтты» деуі керек. Оған дейін 
тыным да жоқ, тыныштық та жоқ, тіпті ерініп те тоқтай алмайды. 
-
 
Сеиттің  əлгі  қыр  көрсете  сөйлегені  Омардың  есіне  сондай  бір  ескі  кекті 
түсіріп  жіберді.  Ойына  қобалжу  кіргенде,  қараңғы  үйде  жатып,  жалғыз 
ойланатын əдеті бойынша, Омар қазір насыбайын атып алып, ірге жаққа шырт-
шырт  түкіріп,  бар  оқиғаны  басынан  ойлап  жатыр.  Байының  ойын  тыңдағысы 
келгендей,  үн  шығармай,  қыбыр  етуге  қорқып  жатқан  əйелінде  жұмысы  да 
болған  жоқ.  Үстінен  аттап  өтті  де  орнына  жатты...  Əрине,  əркімнің  де  əкесі 
өледі.Бұл құдай ісі. Шешесі де өледі, бұл да құдай ісі болу керек. Шаңырақ басы 
жиналатын ескі недоемкедей, бұл екеуінің бір соқпай кетер үйі болмайды. Əке-
шешесі өлсе əркім де жетім қалады. Сақал-мұрты бар демесең, түптеп келгенде, 
осы  Омардың  өзі  де  жетім...  Сеит  сол  көп  жетімнің  бірі...  Осы  араға  дейін 
Омар  сүрінбей-ақ  келеді  де,  тоқталып  қалады.  Одан  əрі  қараңғы  түндер  ғана 
білетін  бірталай  күңгірт  қылықтар  басталып  кетеді  де,  Омар  өзін  сол 
қылықтардың ортасында көреді...». 
Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» романы (2-бөлім 153-156 бб.): 
«Жанат  далаға  шыққанда  ымырт  жабылған.  Алыста,  көз  ұшында,  күндіз 
көрінбейтін  Теміртаудың  электр  шамдары  түнде  ұзын  жал  болып,  сағымша 
қозғала көрінді. Онан бері кең даладағы көп жарқыл электр линиясын тартқан 

 
52
осы колхоз жұмысшыларының оттары. Жерді от, аспанды жұлдыз безеп, əлем 
бүгін өзгеше  сəнді.  Толған  ай  танадай  боп,  жер  мен  көктің  қабысқан  жерінде 
тұр. Батыстағы қызыл шапақ бозғыл тартып, шығысқа қарай жылыстап барады. 
Ауыл  жанындағы  өзен,  аржағында  Жауыртау  тұңғиық  сыр  басқандай,  түнере 
түскен.  Колхоз  үйлері  тып-тыныш,  көшесінде  қыбыр  еткен  жан  жоқ. 
Ырысжаннан  өзгесі  қайтпапты.  Мүлгіген  тыйыштықта  дамыл-дамыл 
тоқылдағын  қағып  Мəмет  отыр.  Жанат  жай  басып,  колхоз  кешін  байыпты 
көзінен өткізіп келеді. Бағанағы ауыр ой серпілген. Тұнық əуені сіміре жұтып, 
енді ойын əдемі сезімдерге билетіп келеді... 
Мектепке  жетті.  Оқытушылар  бөлмесінде,  оқытушылар  күтіп  отырған. 
Əңгімелері  есік  сыртынан  естілді.  Мұндағы  əңгіме  де  жоспар  орындау 
жайында.  Бірақ,  шаруашылық  жоспары  емес,  одан  əлдеқайда  қиын, 
адамшылық жоспары. Жас ұрпақтың кішкене көкейіне үлкен дүниені қондыру 
– ғылыммен қоса өзгеше шеберлік, сезгірлік, сарқылмайтын сабыр тілейді екен. 
Мұғалімдердің  өңінен,  сөз,  мінезінен  осы  байқалады.  Жанат  жалықпастан  əр 
кластың балаларын бас-басына жеке тексерді. Əр баланың бойына алуан түрлі 
қасиет  ұрықтары  егілген.  Бұл  ұрықтар  жылдар  бойы  ұқыпты  мұғалімнің 
мəпелеуімен  өседі,  ұқыпсыздықтан  өшеді.  Сондықтан,  əр  мұғалім  өзі  баққан 
баласының қылықтарын қылға тізе айтып отыр. Тəрбие еңбегі көңіл тоярлықтай 
өнім  беріпті.  Екінші  жылға  қалатын  бала  жоқ.  Көпшілігі  «жақсы», «Өте 
жақсы»,  азшылығы  «орташа»  деген  бағамен  келген.  Бірақ,  жуас  Жантастан 
туған Төлеубек сотқар шығып, мұғалімдерді бір тұйыққа тыққандай боп тұр.  
- Терезеден секірді, - дейді мұғалімнің біреуі.  
- Сыя шашты.  
- Ақырғы сабақта болмады.  
- Бір баланың көйлегін жыртты. 
- «Екісі» бар еді, «бірді» қосты, деп өзгелері қостайды. 
Кішкене  Төлеубек  ырық  бермей  бара  жатқан  соң  мұғалімдер  əкесін  де 
шақырған. «Бақылаусыз  бала  үйдегісін  мектепте  де  істейді»  дегенде,  Жантас 
кірерге  жер  таппаған.  Содан  былай  мықтап-ақ  ұстап  еді,  бала  бұрынғысынан 
бұзыла түсті. Қазір əке де, мұғалім де дағдарған сияқты. Жанат қана үміт үзген 
жоқ.  
- Біз білмейтін сыр бар. Табу керек, - дейді. 
Осы  сырды  іздеп  Жанат  мектептен  шыққан  соң  жолындағы  Жантастікіне 
соқты.  Жантас  əлі  жатпаған,  төмен  қарап  тұнжырап  отыр  екен.  Əйелі  дала 
жұмысында. Төлеубек көрінбейді. Жанат:  
- Төлеубек қайда? – деп еді. Жантас:  
- Қашып жүр, - деді де күрсінді.  
- Неге қашады?  
- Ұрдым. 
- Неге ұрасыз?  
-  Ұрмағанда  қайтейін!  Алақаныма  салып  өсірдім.  Ішпегенін  ішті, 
кимегенін киді. Кенже болған соң тіпті бетінен қаққам жоқ. Əйтеуір жақсы оқы 
шырағым дедім. Жақсы оқығаны сол, сүйекке таңба салды... - Осы тəрбиеңіздің 

 
53
бірі  дұрыс  емес, - деді  Жанат. – Ол  əлден  каракуль  киеді.  Өскенде  не  киеді? 
Əлден  ақша  ұстайды?  Өскенде  не  ұстайды? «Алақанға  сап  асырапсыз»,  өмір 
алақанына сала бере ме? Балаға оның бəрінен де күшті əсер еткен ата-ананың 
мінезі  ме  деймін.  Екеуіңіз  де  өз  жұмысыңыздан  өзгені  елемейтін,  тұйық 
адамсыздар. Ең ашынғанда баланы арқаға қағып сүйесіздер.  
-  Құдайдың  берген  мінезі  ғой,  шырағым, - деп  Жантас  қынжылғанда
Жанат қоса қынжылды:  
-  Кім  берсе  де  өзгертіңіз  сол  мінезді.  Алдымен  ұруды  қою  керек.  Əкелік 
достықтан,  жолдастық  достық  күшті  болсын.  Жас  адамның  жаны  сергек,  гүл 
іздеген  көбелектей  шарқ  ұрады.  Сонда  серік  болған  əкенің  баласы,  əрдайым 
өзінікі.  
- Мына балам неге өйтпейді? – деді Жантас, ұйықтап қалған үлкен баласын 
нұсқап.  
- Бір анадан туған бала бір қалыптан шыққан кірпіш емес. Түрлі-түрлі бола 
береді. –Апыр-ау, жұмысты қойып, соны бағамыз ба енді?  
-Жұмысты да тастамаңыз. Бала керек болса, уақыт та табыңыз. 
-Уақытым  жоқ! - деп  ызалы  Жантас  бір  қозғалды  орнынан. – Ол  енді 
ұрлыққа, өтірікке айналысты. Кетсін кəпір!  
–Сондайы да бар ма? 
-Мұғалімдер  айтқан  соң  быйыл  қолға  мықтап  алып  едім,  соны  шығарды. 
Мүлде  ауып  кетті.  Ауған  көңілге  дүние  салмақ  па?  Бездім,  шіріген  жұмыртқа 
бір. Төлеубектен Жантас қыйын соқты».  
Біз  өз  жұмысымызда  М.  Əуезовпен  қатарлас  жазушылар  С.  Мұқанов, 
Ғ. Мүсірепов,  Ғ.  Мұстафин  шығармаларынан  тақырыптары  жағынан  жақын 
үзінді алып, баяндауыштарын талдағанымызда, М. Əуезов «Абай жолы» роман-
эпопеясында  есімді  сөйлемдерді  молынан  қолданғанына  көз  жеткіздік. «Абай 
жолы», «Ботагөз», «Оянған  өлке», «Миллионер»  шығармаларынан  көлемі 
жағынан  бірдей  мəтіндерде,  төрт  шығармада  да  «түннің  суреті», «кездесу» 
тақырыптары  əр  жазушының  қаламына  сай  суреттеліп  берілген.  М.  Əуезовтің 
стилінің ерекшелігі, шеберлігі туралы ғалым М. Қаратаев: «Абай эпопеясының 
тілі  бай,  орамды...  Əсіресе  сол  байлықты  жазушының  шығармада  қолдану 
шеберлігімен,  яғни  синтаксистік  құрылысымен  өлшенеді.  Осы  жағынан 
алғанда,  Мұхтардың  шеберлігі  ерекше.  Оның  өзіндік,  тек  Мұхтарлық, 
қасиеттері  атой  беріп  тұрады.  Мұхтар  тексінің  кез  келген  жерінен  түсіп 
оқысаңыз,  кімдікі  екенін  айтпай  танисыз.  Ол  ерекшелік  неде?  Ол  ең  алдымен 
Мұхтардың  творчестволық  амал-тəсілдерінің  ерекшелігінде,  яғни  оның  өзіне 
тəн стиль ерекшелігінде. Біздің қазір қаламы төселген прозаиктеріміздің бəрінің 
де  өзіне  тəн  қалыптасқан  стилі  бар.  Мысалы,  кейбіреу  жеңіл  оқылатын  сұлу, 
ойнақы  сөйлемдерімен,  ажарлы  сырлы  сөздерімен,  афоризмдерімен, 
əзілдерімен белгілі болса, кейбіреуі ойға, пікірге құрылған құнарлы, бірақ сырт 
жылтырағы кем, оқуға ауырлау, домбал, шұбалаң сөйлемді, қарадүрсін, жалпақ 
синтаксисімен,  ал  кейбіреуі  диалогі  басым,  фразалары  келте,  тұжырымды, 
мақал-мəтелдермен 
сыналанған 
оқиғалы, 
қимылды 
сөйлеу 
тілінің 

 
54
құрылыстарымен белгілі. Бұл стильдердің əрқайсысының өзіндік орны, өзінше 
ұтымды жақтары бар, сондықтан мынау артық, мынау кем деп алалау қиын. 
Ал,  Мұхтар  Əуезовтің  стиліне  оралсақ,  мұндағы  интонация  əрдайым 
оқиғаның  ауанына  қарай  екпінін  өзгертіп  отырады  екен.  Оқиға  туралы  автор 
əңгімелеп  кетсе,  ол  да  көсіліп  сала  береді,  оқиға  шиеленіссе,  ол  шиыршық 
атады,  оқиға  жайылып  ағысын  баяулатса,  ол  да  мамырлайды.  Əуезов  тілінің 
бояуы  көп,  бірақ  оны  жазушы  сараң  қолданады,  үнемдей,  қажетіне  ғана 
жұмсайды. Онда орынсыз лепіру, сезімсіз шарықтау, əдемі, əсем тіл үшін əдейі 
тырысушылық  жоқ.  Жазушының  бай  тілі  тек  картина  жасау  үшін,  образ, 
характер жасау үшін қызмет етеді» - деп жоғары баға берді. 
 
2-кесте – М.  Əуезов,  С.  Мұқанов,  Ғ.  Мүсірепов,  Ғ.  Мұстафин 
шығармаларындағы есімді сөйлемдер саны  
 
№ 
Автор, шығарма атауы 
Есімді 
сөйлемдерді
ң жалпы 
саны 
Таза есімді 
сөйлемдер 
саны 
Құрама 
баяндауышт
ы сөйлемдер 
саны 
1  М.  Əуезов  «Абай  жолы» 
роман-эпопеясының 
«Шытырманда» 1-бөлімінің 
156-157 беттер 
40 21
 
19
 
2  С. 
Мұқанов 
«Ботагөз» 
романының  «Тұңғиықта» 1-
бөлім 19-20 беттер 
19 7  12 
3  Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» 
1-бөлім 26-28 беттер 
11 5  6 
4  Ғ.  Мұстафин  «Миллионер» 
2-бөлім 153-156 беттер 
17 10  7 
 
Салыстыру нəтижесі: 
1  М.  Əуезов  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  «Шытырманда» 
1-бөлімінің 156-157 беттердегі мəтінде барлығы 40 есімді сөйлем - таза есімдісі 
21, құрама баяндауышты 19 сөйлем.  
2 С. Мұқанов «Ботагөз» романының «Тұңғиықта» 1-бөлім 19-20 беттердегі 
мəтінде  барлығы 19 есімді  сөйлем – таза  есімдісі 7, құрама  баяндауышты 
12 сөйлем.  
3  Ғ.  Мүсірепов  «Оянған  өлке» 1-бөлім 26-28 беттердегі  мəтінде  барлығы 
11 есімді сөйлем- таза есімдісі 5, құрама баяндауышты 6 сөйлем. 
4 Ғ. Мұстафин «Миллионер» 2-бөлім 153-156 беттердегі мəтінде барлығы 
17 есімді сөйлем – таза есімдісі 10, құрама баяндауышты 7 сөйлем. 
Жалпы  М.  Əуезов  қазақ  тіл  білімінде  есімді  сөйлемдерді  практикалық  та 
теориялық жағынан алғаш дəріптеуші ғалым. Бұл автордың тек əдебиетші ғана 
емес,  тілден  де  хабары  бар  екенін  көрсетсе  керек.  Сондықтан  да  біз  бұл 

 
55
жұмысымызда  тек  осы  эпопеядағы  есімді  сөйлемдердің  мынадай  түрлерін 
қарастырдық:  
- Зат есімді есімді сөйлемдер; 
- Сын есімді есімді сөйлемдер;  
- Сан есімді есімді сөйлемдер; 
- Есімдікті есімді сөйлемдер; 
- «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер; 
- Зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- «Бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты е сімді сөйлемдер. 
Осылардың əрқайсысын мына сөйлемдер арқылы көрсетуге болады: Тіпті 
нəзік,  жазықсыз  бала  тəрізді.  Бірі - қартаң,  бірі  жас  қылаң.  Абайдың 
қасындағы жас жігіттер саны он екі. Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені 
осы.  Құнанбайдың  қасында  Байсал,  Майбасар  бар  екен.  Бұл  жайды  ашып 
айтысқан кісі жоқ. 
Міне  осы  сөйлемдер  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  жəне  есімдік  арқылы 
жасалған. Тіпті осындағы зат есімді сөйлемдер бала тəрізді сияқты зат есім мен 
модаль  сөздер  арқылы  да  жасалған.  Сонда  осы  есімді  сөйлемдердің 
əрқайсысының  өзіндік  жасалу  жолдары  бар.  Өзіндік  жасалу  ерекшеліктері, 
осыған сəйкес олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері бар.  
Осы  кезге  дейін  есімді,  етістікті  сөйлемдердің  жасалуы,  эволюциясы 
туралы  түрліше  көзқарастар  бар.  Сонда  ірі  ғалымдар  есімді  сөйлемдер  бұрын 
қалыптасты  десе,  керісінше,  етістікті  сөйлемдер  бұрын  қалыптасты  деген  де 
көзқарастар  орын  алуда.  Орыс  тіл  білімінде  есімді  сөйлемдердің  етістікті 
сөйлемдерден  бұрын  пайда  болды  деген  М.  Ломоносовтың  пікірін 
қолдаушылар А.А. Потебня, А.А. Шахматов, Н.Ю. Шведова, В.А. Белошапкова, 
Г.А.  Золотова,  З.П.  Табакова,  Н.М.  Александров,  Я.И.  Рословец  болды.  Түркі 
тілінде А.П Поцелуевский, Э.В. Севортян, Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренников 
т.б. ғалымдар ең алдымен есімді сөйлем пайда болғанын, содан кейін етістікті 
сөйлемнің пайда болғанын ғылыми дəлелдейді.  
Ойдың  ұғымдық  мəнін  білдіретін  есімді  сөйлемдер  М.  Əуезовтің  «Абай 
жолы» роман-эпопеясында  мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай 
жəне  құрмаластардың  қалыптасуына  негіз  болды  деп  білеміз.  Сөйлемдердің 
есімді  түрі  соңғы  уақытта  айтыла  бастады.  Жоғарыда  талданған  еңбектердің 
барлығы  есімді  сөйлемдерді  жеке  зерттеудің  нысаны  ретінде  қарамаған.  Олар 
сөйлемнің  түрін  ажыратуда,  баяндауыштың  жасалу  ерекшелігін  анықтағанда 
айтылып  отырған.  Қазақ  тіл  білімінде  есімді  сөйлемдерді  жеке  зерттеу 
нысанасы  ретінде  қарастырған  елеулі  екі  еңбек  бар.  Оның  бірі – 
К.Қ. Оңалбаеваның  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  есімді  сөйлемдер»  атты 
кандидаттық  диссертациясы.  Екінші  жұмыс – Б.  Елікбаевтың  «Қазақ  тіл 
біліміндегі 
есімді 
құрмалас 
сөйлемдер» 
тақырыбына 
кандидаттық 
диссертациясы.  

 
56
Есімді  сөйлемдердің  етістікті  сөйлемдерден  негізгі  айырмашылығы- 
олардың  баяндауыштары  есімдерден  жасалады  жəне  сөйлемдегі  ойдың 
ұғымдық  мəнін  білдіреді.  Есімді  сөйлемдер  мен  етістікті  сөйлемдердің 
мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан 
амал,  əрекет,  іс,  қимыл,  қозғалыс,  жай,  күй  сияқты  процестерге  қатысты 
ұғымдарды  қамтиды,  ал  есімді  сөйлемдерде  баяндауыш  қай  сөз  табынан 
жасалып  тұрғанын,  сол  сөз  табының  заттық,  сындық,  сандық,  мекендік, 
салыстырмалылық, мезгілдік мағыналарын білдіреді.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет