Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата03.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6348
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бағалы қағаздардың қай түрлері борышты болып табылады?
2. Олардың бастапқы және номиналды құндарының арасындағы 
айырманы есептеудің тәртібі қандай?
3.  Борыштық  міндеттемелерді  қабылдаған  кезде  қайсы  шоттар 
байланысады?
4.  Борыштық  бағалы  қағаздардың  бастапқы  және  номиналды 
құндарының  арасындағы  айырманың  жазылуы  шоттарда  қалай 
бейнеленеді?
5.  Борыштық  бағалы  қағаздарды  сату  кезінде  пайыздары  қалай 
есептеледі?
6.  Шетелдік  валюталарда  борыштық  бағалы  қағаздармен  опе-
рациялар кезінде пайда болатын бағамдық айырмалар есебін жүргі-
зудің тәртібі қандай?

112
56. Бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша  операциялар 
Бағалы  қағаздар  қаржылардың  ең  тәуекелділігі  жоғары  салым-
дарының  бірі  болып  табылады.  ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  пен 
есеп  беру  туралы  ережелердегі  өзгертулер  мен  қосымшаларға 
сәйкес,  бағасы  белгіленген  бағалы  қағаздар  баланста  ең  төменгі 
құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында 
балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың 
құны  баланстық  құннан  төмен  болса,  онда  жаңа  нарықтық  құн 
бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екендігін білдіреді. Бағасы 
белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айының соңғы күніндегі баға 
сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы 
орташа  көрсеткіші  ретінде  анықталады.  Бұл  кезде  бағалы  қағаз-
дардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарық-
тық бағасының арасындағы айырманың сомасына қорытынды про-
водкалармен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт  —  7340  «Қаржыландыруға  арналған  басқа  да  шығыстар» 
шоты;
Кт — 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша 
да  қайта  бағалау  жүргізіледі,  бірақ  олардың  баланстық  құны 
өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы 
бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы 
қағаздар  бойынша  резервтің  мөлшерін  анықтау  кезінде  олардың 
нақты  қамтамасыз  етілуіне  сүйенеді,  ал  бағасы  белгіленбеген 
бағалы  қағаздар  бойынша  қамтамасыз  етілу  мөлшері  дисконттау 
коэффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дисконттау 
коэффициенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте 
резервтердің құрылуы төмендегі проводкалармен бейнеленеді:
Дт  —  7340  «Қаржыландыруға  арналған  басқа  да  шығыстар» 
шоты;
Кт — 5310 «Құрылтай құжаттарында   белгіленген резервтік ка-
питал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнының сақталуы 
немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық 
есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық  құнның  қор  құндылықтарының  баланстық  құнынан 
артығы бухгалтерлік жазулармен қосақталады.
Егер  құнсыздануға  бұрын  резерв  құрылған  бағалы  қағаздың 
жыл  қорытындысымен  нарықтық  құны  жылдық  резерв  құру 

113
үшін  мөлшерлі  баға  ретінде  пайдаланылған  нарықтық  бағадан 
артып  кетсе,  онда  бұл  қағаздың  құнсыздануы  жөнінен  резервтің 
сомасы  қорытынды  жазулармен  табыстар  және  залалдар  шотына 
қаржыларды толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде:
Дт — 5310 «Құрылтай құжаттарында  белгіленген резервтік капи-
тал» шоты;
Кт  —  5430  «Өткен  жылдардағы  пайда  (залал)»  шоты  бейнеле-
неді.
Бұрын  құнсыздануға  резерв  құрылған  бағалы  қағаздар  сату 
кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар 
бойынша резерв сомасы № 5310 шоттың дебетінен № 5430 шоттың 
кредитіне ауыстырылады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Нарықта  бағасы  белгіленген  бағалы  қағаздар  есепте  қандай 
бағалану бойынша бейнеленеді?
2.    Бағалы  қағаздардың  құнсыздануы  жөніндегі  резерві  қандай 
мөлшерде құрылады?
3. Бағалы қағаздардың құнсыздануы жөніндегі резервті құру мен 
пайдалану  қандай шоттарда бейнеленеді?

114
VI бөлімше. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
57. Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін 
ұйымдастыру 
Валюталық  операциялар  кәсіпорынның  сыртқы  экономикалық 
қызметімен  тікелей  байланысты.  Валюталық  операциялардың 
бухгалтерлік  есебі  кейінгі  қосымшалар  мен  өзгерістермен  қоса, 
субъектілердің  қаржы-шаруашылық  қызметінің  бухгалтерлік  есеп 
шоттарының Типтік жоспары негізінде жүргізіледі.
Сыртқы  экономикалық  операциялар  есебінің  ерекшелігі  есеп 
теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі тұрады.
Кәсіпорындарда  сыртқы  экономикалық  қызметтің  жүргізілуіне 
байланысты барлық операциялардың есебі шоттарда салыстырмалы 
түрде (теңгеде және шетелдік валютада) жүргізіледі.
Оны  мына мысалдан қарастырайық.
Доллардың бағамы (ҚР ҰБ мәліметтері бойынша) операцияның 
басталған кезінде 150 теңге, соңында 152 теңге болды делік.  
1. Валюталық шоттан кассаға 200 доллар ақша түсті (валюталық 
шотта айдың басындағы қалдық 1000 доллар);
2. Сеитовтің есебіне кассадан 200 доллар берілді;
3.  Шығыстар  туралы  бекітілген  есебке  сәйкес,  Сеитовтің  тара-
пынан материалдар сатып алу үшін 200 доллар жұмсалды;
 4. Бағамдық айырма (пайда) анықталды.
Бұл операцияларды шоттарда жазамыз.
1050 «Валюталық 
шот (доллар)»
1020 «Кассадағы 
шетелдік валюта-
дағы  (доллар)»
1250 «Қызметкерлердің 
дебиторлық берешегі 
(теңге)»
1000 
(доллар)
1) 200 
(доллар)
1) 200 
(доллар)
2) 200 
(доллар)
2) 30000 теңге 
200 (доллар-
дың бағасы 
150 теңге 
бойынша) 
3) 30400 
теңге
200 (доллар-
дың бағасы
152 теңге 
бойынша)
1310 «Шикізат пен материалдар 
(теңге)»
6250 «Бағамдық айырмадан түскен 
кіріс (теңге)»
30400 теңге
4) 400 теңге

115
Саудамен  тығыз  байланысты  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың 
сыртқы  экономикалық  қызметін  бухгалтерлік  шоттарда  бейнелеу 
кезінде сауда операцияларының негізгі 3 түрін білу керек:
1. Экспорт — тауарды сатып алушының еліне жөнелтумен бірге, 
шетелдік сатып алушыға тауарлар сату;
2.  Импорт  —  шетелдік  сатушыдан  алушының  еліне  тауарды 
алып келумен бірге, тауарды сатып алу;
3. Реэкспорт — импортталған тауарды экспорт жасау.
Олардың есептеу бірлігі болып тауарлы топ (партия) саналады. 
Ол бір контракт бойынша (немесе сақтауға қабылданған) жөнелткен 
және темір жол немесе қойма құжатымен дайындалған тауардың кез 
келген көлемін енгізеді. 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Шетелдік іссапарға ақша берудің бухгалтерлік есепте бейнелену 
ерекшелігі неде?
2. Шет елдерде сатып алынған материалдарды бухгалтерлік есеп-
те бейнелеу тәртібі қандай?
3. Экспорт деген не?
4. Импорт деген не?
5. Тауарлы топ есептің бірлігі ретінде нені білдіреді?
58. Тауарлардың  экспорты бойынша операциялардың есебі
Экспорттық  операциялардың  есебін  экспортқа  өнім  өндіретін 
және  делдалдарсыз  оның  саудасымен  айналысатын,  сондай-ақ  ко-
миссиялық  сыйақы  үшін  тауардың  экспорты  бойынша  кәсіпорын-
дардың  тапсырмаларын  орындайтын  делдалдық  ұйымдар  арқылы 
да жұмыс жасайтын кәсіпорындар жүргізеді.
Экспорттық  операциялар  есебінің  жалпы  сызбасын  қарасты-
райық.
8010 «Негізгі өндіріс»
1320 «Дайын өнім»
7010 «Өткізілген 
өнімнің өзіндік құны»
1
4

116
6010 «Дайын өнім өткізуден түскен 
кіріс (экспорт)»
1210 «Алуға тиіс шоттар 
(шетелдік сатып алушы)»
2
                   
1040 «Есеп айырысу шотындағы 
ақшалар»
7110 «Тауарларды өткізу бойынша  
шығыстар (шетелдік валюта)»


1070 «Банктердегі 
арнаулы 
шоттардағы 
ақшалар»
1050 «Валюталық 
шоттағы ақшалар»
7110 «Тауарларды
өткізу бойынша
шығыстар 
(теңге)»


5
1. Экспорттық өнім өндірістік өзіндік құн бойынша кіріс етілді;
2. Сатып алушыға бақылау бағасы бйынша (брутто төлем ақшасы 
немесе толық экспорттық төлем ақша) шот ұсынылды. Экспорттық 
өнім тиеліп, шетелдік сатып алушыға жөнелтілді;
3. Тауардың қозғалысы (өткізілуі) бойынша шығыстар төленді:  
а) теңгемен;
ә) шетелдік валютамен;
4.  Экспорттық  тауарды  өткізу  бойынша  шығыстар  өндірістік 
өзіндік құн бойынша шығыс етілді;
5. Сатып алушы ұсынылған шот бойынша толық есеп айырысты, 
(брутто  төлем  ақшасы)  ТМД  банкісіндегі  кәсіпорынның  транзитті 
шотына келіп түсті;
6.  Экспорттық  тауар  бойынша  үстеме  шығындарды  төлеу  үшін 
бұрын  жұмсалған  ақшаның  баламасы  (эквиваленті)  кәсіпорынның 
валюталық шотына аударылды. Нетто төлем ақшасы (брутто төлем 
ақшасынан шетелдік валютадағы үстеме шығыстарды шегергенде) 
үлестіріледі:
а) 50 %-ы кәсіпорынның валюталық шотына аударылады;

117
ә) 50 %-ы биржалық баға бойынша теңгеге сатылады (валютаның 
сатылу кезіндегі бағасы бойынша).
Шоттарға назар аударыңыздар: әдетте № 8010 шоттың дебеттік 
сальдосы болады. Ал, № 6010, 7010, 7110 шоттар жылдың соңында 
№  5410  «Есептік  жылдың  пайдасы  (залалы)»  шотында  жабылады. 
Табыс  пен  шығыс  жақтарының  арасындағы  айырма  тауарларды 
экспортқа сатумен байланысты операциялар бойынша пайда немесе 
залал болғанын көрсетеді.  
Дт — № 6010  Табыстар жағы
Кт — № 5410  
Дт — № 5410  Шығыстар жағы
Кт — № 7010  
№ 5410 шотқа қосымша бағамдық айырма апарылуы тиіс. Коммер-
циялық  кәсіпорындардың  экспорттық  қызметінің  тәжірибесінде 
өте жиі кездесетін тікелей немесе делдал арқылы қолма-қол ақша-
ға  экспорттық  тауарды  жеткізіп  беру,  коммерциялық  несиенің 
шарттарында тауарлардың экспорты, айырбастау келісімі бойынша 
тауарларды экспорт жасау қарастырылады.
Қолма-қол  ақшаға  сатылған  экспорттық  тауар  есебінің  ерекше-
ліктерін  талдайық.  Сатып  алушыдан  тауардың  ақшасын  алу  үшін 
экспорттаушы кәсіпорын өзінің банкісіне келісім шартпен ескертілген 
құжаттарды ұсынады (шот-фактураны, жүкқұжаттың дубликатын, 
варрантты  және  т.б.).  Бұл  құжаттар  шетелдік  банкіге  жіберіледі. 
Сатып  алушы  оларды  тексеріп,  өзінің  банкісіне  экспорттаушы 
кәсіпорынның  банкісіне  валютаны  аудару  жөніден  нұсқау  береді. 
Олан  соң,  сатып  алушының  банкісі  оған  коммерциялық  қойма 
немесе порттан алуға мүмкіндік беретін құжат ұсынады.
Сатушының сатып алушылармен есеп айырысудың мұндай түрі 
инкассо  деп  аталады.  Оны  пайдалана  отырып  сатушы  тәуекелдік 
жасайды:  сатып  алушы  валютаны  аудармай  және  тауарды  алмай 
қоюы  мүмкін.  Онда  сол  тауар  келген  елде  басқа  сатып  алушыны 
іздеуге,  не  үшінші  елге  оны  алып  кетуге  тура  келеді.  Осындай 
жағдайға жол бермес үшін аккредитив арқылы есеп айырысу үлгісін 
қолдану қажет.
Бұл жағдайда кәсіпорын тауарды жөнелтуге дайындап, бұл тура-
лы  сатып  алушыға  телеграф  арқылы  хабарлайды.  Сатып  алушы 
аккредитив ашады (әдетте шетелдік банкіде). Ол туралы жеделхат 
(телеграмма) алған соң жүкті жөнелтеді де, экспорттаушы кәсіпорын 
құжаттар  негізінде  аккредитив  бойынша  ақшаны  алады  (ашылған 
банкіден).

118
Кәсіпорын экспорттық тауарды жеткізіп беру мен сатып алушы-
дан валютаны алуды өз міндетіне алатын делдалмен келісім шарт 
жасауы мүмкін. Келісім шартта делдалмен есеп айырысудың түр-
лерін келісіп алу қажет.
Коммерциялық несие деп, тауар үшін төлемақы мерзімін ұзартуды 
айтады.  Коммерциялық  несиенің  шарттарында  тауарлардың 
экспорты кезінде дағдылы түрде тауардың экспорттық құнының 5 
тен 20 %-ға дейін сатып алушы тарапынан қолма-қол ақша төленеді, 
ал  қалған  сома  оған  несиеге  беріледі.  Бұл  операциялар  есебінің 
жалпы нобайдан айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Бартерлік келісімдер 
кезіндегі  экспорттық  операциялардың  есебі  оқу  құралының  жеке 
бөлімінде көрсетілген.   
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Нетто төлем ақшасы деген не?
2. Брутто төлем ақшасы деген не?
3. Нетто төлем ақшасы қалай үлестіріледі және есепте бұл опе-
рацияны бейнелеу кезінде қай шоттар қолданылады?
4. Экспорттық тауарлардың сатылуымен байланысты операциялар 
бойынша табыс немесе залалды қалай есептеу керек?
5. Экспорттық тауарларды қолма-қол ақшаға сату есебінің ерек-
шелігі неде?
6. Коммерциялық несие деген не?
59. Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі
Импорттық операциялардың есебін кәсіпорынның мұқтаждықта-
рына  пайдалану  немесе  қайта  сату  мақсатымен  шетелдік  сатушы-
лардан тауар сатып алатын кәсіпорындар жүргізеді.  
Импорт бойынша операцияның мысалын қарайық:
1. Шетелдік жеткізушінің шот-фактурасы алынып, акцепттелді;
2. Шетелдік жеткізушінің шот-фактурасы төленді;
3. Шеттен әкелу (импорт) бойынша шығыстар төленді:
а) шетелдік валютамен;
ә) теңгемен;
4. Импорттық тауар кәсіпорынға сыртқы экономикалық өзіндік 
құн бойынша келіп түсті;
5. Импорттық тауар кіріс етілді және ол өткізу үшін арналған.

119
Тауардың импорты бойынша операциядан болған қаржылық нә-
тиже, сондай-ақ валютаны пайдалану кезіндегі бағамдық айырма да 
жылдың соңында 
№  5410  «Есептік  жылдың  пайдасы  (залалы)»  шотына  шығыс 
етіледі.
1050 «Валюталық 
шоттағы ақшалар»
3310 «Жеткізушілерге 
қысқа мерзімді  
берешек»
1330 «Тауарлар
(импорт)»
2
1
7110 «Тауарларды өткізу 
бойынша шығыстар (шетелдік 
валютада)»
1330 «Тауарлар (өткізу үшін)»

5
1040 «Ағымдағы 
банктік шоттағы 
ақшалар»
7110 «Тауарларды 
өткізу бойынша 
шығыстар (теңге)»
7010 «Сатып 
алынған тауарларды 
өткізу құны»

4
Тауарлар нақты ақшаға (шетелде ашылған банкідегі валюталық 
шоттан  немесе  аккредитив  арқылы  ақша  аудару  жолымен),  ком-
мерциялық несие бойынша, айырбастау шартымен және т.б. сатып 
алынуы мүмкін. Тауардың жеткізушіден сатып алушыға қозғалысы 
«Импорт бойынша алынған тауарлар» субшотынан қосымша № 1330 
«Тауарлар» шоты бойынша ашылған субшоттарда бейнеленеді.
1331    «Қоймадағы  импорттық  және  шет  елге  өңдеуге  берілген 
тауарлар»;
1332  «Шет ел жолындағы импорттық тауарлар»;
1333  «Қазақстанда қоймаға түскен импорттық тауарлар».
Шетелдік фирмадан Қазақстанға тауар жөнелту туралы құжат (ко-
носамент) алынған соң, сатып алушы кәсіпорынның бухгалтері бұл 

120
туралы мынадай жазу жазады: Дт — 1332, Кт — 1331. Қазақстандағы 
қоймаға  тауар  түсірілген  кезде  «Түсірілудің  бас  актісі»  деп  атала-
тын  құжатқа  сәйкес,  мынадай  бухгалтерлік  жазу  жазылады:  Дт 
— 1333, Кт — 1332. Тауар импорты тікелей немесе делдал арқылы 
ұйымдастырылуы мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Бухгалтерлік  есепте  импорттық  тауарлардың  келуі  қалай 
бейнеленеді?
2.  Нақты  ақшаға  сатып  алынған  импорттық  тауарлардың  келуі 
қай шоттарда бейнеленеді?
3. Коносамент деген не?
60. Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары
 
Реэкспорт, бұл — кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды са-
тып  алуы  және  оны  басқа  шет  елге  сатуы  болып  табылады.  Есеп-
те бұл операциялар № 1330 «Тауарлар» шотының дамуына сәйкес, 
«Шет елдердегі қоймалар мен өңдеудегі импорттық тауарлар» және 
«Реэкспорттық  тауарлар»  жүргізілетін  субшоттарда  бейнеленеді. 
Реэкспортқа  импорттық  тауарды  өткізу  кезінде  көрсетілген 
субшоттардың  біріншісі  кредиттеледі,  ал  екіншісі  дебеттеледі 
(тауардың фактурлы құнының мөлшері бойынша).
Реэкспорттық операциядан болған қаржылық нәтиже реэкспорттық 
тауарлар  өткізудің  есебі  үшін  №  6010,  7010  шоттарға  ашылған 
субшоттардың  мәліметтері  бойынша  есептеледі.  №  7010  шоттың 
дебеті  бойынша  фактурлы  құн  мен  үстеме  шығыстар,  ал  №  6010 
шоттың  кредиті  бойынша  жазып  берілген  шот-фактурамен  сәйкес 
алушыдан тиесілі сомасы бейнеленеді. Жылдың соңында бұл екі шот 
№ 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотында жабылады. Та-
быстар жағының шығыстар жағынан артықтығы пайданы білдіреді.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Реэкспорт деген не?
2. Тауарлардың келуі мен кейінгі сатылуы қай шотта бейнеленеді?
3.  Реэкспорттық  операциялардың  жазулары  кезінде  №  6010 
шоттың кредиті бойынша не бейнеленеді?
4. Реэкспорттық операциялардың жазулары кезінде № 7010 шот-
тың дебеті бойынша не бейнеленеді?
5. Реэкспорттық операциядан жиынтық табысты (залалды) қалай 
анықтайды?

121
VII бөлімше. КАПИТАЛ, ҚОРЛАР, НЕСИЕЛЕР 
МЕН БЮДЖЕТТЕН ТЫС ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЕСЕБІ
61. Шығарылған капиталды қалыптастыру. Шығарылған 
капиталға салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп 
айырысудың есебі
Шығарылған капитал, бұл — ұйымдастырылатын кәсіпорындар-
дың  мүлкіне  қатысушылар  (меншік  иелері)  жарналарының  (са-
лымдарының)  ақшалай  түрде  көрсетілген  жалпы  жиынтығы. 
Бұл  жарналардың  мөлшері  құрылтайшылардың  келісім  шарты-
мен  белгіленіп  және  жарғыда  жазылуы  тиіс.  Ұжымның  сатып 
(өтеп) алатын кәсіпорынның ақшалай түрдегі жарғылық капиталы 
келесі  ретте  есептеледі:  қалдық  құны  (тозуды  шегергенде)  бойын-
ша  мүліктің,  есеп  айырысу  және  басқа  шоттардағы  ақшалардың, 
кассадағы  қолма-қол  ақшаның  және  кредиторлық  қарызға 
кемітілген дебиторлық қарыздардың мөлшерінде анықталады. Егер 
кәсіпорын акционерлік қоғамға айналса, онда осы жолмен есептел-
ген жарғылық капиталдың мөлшеріне тек қана ұжымның мүшелері 
арасында (жабық акционерлік қоғам болса) орналастырылатын не-
месе  барлық  қалаушыларға  сатылатын  (ашық  акционерлік  қоғам 
болса) акциялар шығарылады.
Шығарылған капитал № 50 «Шығарылған капитал» бөлімшесінің 
пассивті баланстық шоттарында есепке алынады.
Жаңа  ұйымдастырылған  кәсіпорынның  жарғылық  капиталын 
қалыптастыру кезінде қатысушылар салымдарының мөлшеріне мы-
надай проводка жазылады: № 50 «Шығарылған капитал» бөлімшесі 
шоттарының кредиті мен № 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеті; 
егер салым қолма-қол ақшамен жасалса, онда № 5020 шоттың кредиті 
мен  №  1010  «Кассадағы  теңгемен  ақша  қаражаттары»  шотының 
дебеті;  ал  егер  салым  жинақ  банкі  арқылы  жасалса,  онда  №  5020 
шоттың кредиті мен № 1040 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша 
қаражаттары» шотының дебеті бойынша.
Шығарылған капиталға салым ретінде: негізгі құралдар, матери-
алдар, материалдық емес активтер болуы мүмкін. Мұндай жағдайға 
сәйкес  төмендегі  бөлімшелердің  шоттары  дебеттеледі:  №  13  «Ма-
териалдар», № 24 «Негізгі құралдар», № 27 «Материалдық емес ак-

122
тивтер».
 
 
s
5010 «Жарияланған 
капитал»
«5020 Төленбеген 
капитал»
1010 «Кассадағы 
теңгемен ақша»
2 проводка
1 проводка
Егер  кәсіпорынның  табыстары  бойынша  қатысушылармен  есеп 
айырысулар жасалса, онда төмендегі проводкалар жазылады:
3350 «Еңбекақы  төлеу 
бойынша қысқа 
мерзімді кредиторлық 
берешек»
5020 «Төленбеген
 капитал»
5430 «Өткен 
жылдардағы пайда 
(залал)»
2 проводка
1 проводка
Бірінші проводка бойынша салық төлемдері мен қажетті қорларды 
қалыптастырудан соң қалған жиынтық табыс қатысушылармен есеп 
айырысу үшін бағытталады.
Екінші  проводка  бойынша  қатысушыларға  еңбекақысын 
есептеумен  қоса,  табыстағы  олардың  бөлігі  есептеледі,  одан  соң 
табыстың  сол  бөлігі  касса  арқылы  төленеді  немесе  жинақ  банкісі 
арқылы қатысушының жеке шотына аударылады.
Жарғылық капитал мөлшерінің өзгерістері тек қана кәсіпорынның 
жарғысында оны бейнелеу арқылы жасалуы мүмкін. Бұл, мысалы, 
қатысушылар  санының  азаюы  немесе  көбеюімен  байланысты 
болуы мүмкін. Ашық акционерлік қоғамдар жарғылық капиталды 
арттыру  мен  қаржылық  ресурстарын  көбейту  үшін  қосымша 
акциялар  шығаруы  мүмкін.  Бірақ  ол  кезде  мұндай  әрекетпен 
қатысушылардың  санын  көбейтетінімізді,  сонымен  бірге  олармен 
табысты бөлісетінімізді түсінуіміз керек.
 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жарғылық капитал деген не?
2. Кәсіпорын құрылтайшыларының жарғылық капиталға жарна-
ларының мөлшері қандай ?

123
3.  Өтеп  алынатын  кәсіпорынның  жарғылық  капиталы  қалай 
есептеледі?
4.  Жарғылық  капиталға  жарналар  бухгалтерлік  есепте  қалай 
бейнеленеді?
5. Акцияларды сатып алу қалай бейнеленеді?
6. Жарғылық капиталға өзгерістер қандай жағдайларда енгізілуі 
мүмкін? 
62. Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорды 
қалыптастыру мен пайдалану  
Арнаулы  тағайындалу  қорлары  салықтар  бойынша  бюджетпен 
есеп айырысудан соң, жиынтық табыстан ұйымдастырылады. 
Арнаулы  қорлар,  жұмсалу  бағыттары  бойынша  қаржыларды 
пайдалану туралы мәселені кәсіпорын өздігінше шешеді және бұл 
құрылтай құжаттарында жазылуы тиіс. 
Кәсіпорын  арнаулы  тағайындалу  қорлары  ішінде  жинақ  қоры 
мен  (яғни,  кәсіпорынның  өндірістік  дамуы  үшін  (жаңа  техника, 
технологиялар сатып алу және т.б.) мен тұтыну қорын қалыптастыруы 
мүмкін.  Соңғы  қорда  кәсіпорын  ұжымының  әлеуметтік  дамуы 
мен  материалдық  мадақтау  бойынша  іс  шараларға  кәсіпорынның 
қаржылары резервтеледі.
Өнім  өткізуден  соң  есеп  айырысу  шотына  ақша  қаражаттары 
келіп  түскен  кезде  барлық  қажетті  есеп  айырысудан  кейін  (жеткі-
зушілермен материалдар үшін, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, 
бюджетпен  салықтар  бойынша  және  т.б.)  кәсіпорын  пайдасының 
қалдығына  сәйкес  келетін  бөлігі  қалады.  Сол  қалдық  жинақ  және 
тұтыну қорларын ұйымдастыру үшін белгілі үйлесімде пайдалануды 
жоспарлайды, яғни арнаулы қорларды қалыптастырады.
Олар  №  5430  «Өткен  жылдардағы  пайда  (залал)»  шотында 
бейнеленеді. Бұл шотқа тағы «Қайтарымсыз алынған құндылықтар» 
және «Мүлікті индекстеу қоры» субшоттарын ашу қарастырылады. 
Арнаулы тағайындалу қорларын қалыптастыру үшін № 5430 «Өткен 
жылдардағы пайда (залал)» шоты пайдаланылуы мүмкін.
Тұтыну қорын сыйақы, материалдық жәрдем және қайырымдылық 
мақсаттарға  жәрдемақы  беруге  пайдалануға  болады.  Бұл  қордың 
есебінен  белгіленген  мөлшерден  артық  болған  банк  несиесінің 
пайызы шығыстардың кейбір түрлері, мысалы, іссапар шығыстары) 
төленеді,  белгіленген  нормадан  артығының    орны  толтырылады. 
Бұл қордың қаржылары есебінен әдеуметтік-мәдени сала объектілері 

124
құрылысының  акциялары  бойынша  дивидендтердің  есептелуі  де 
жүргізіледі.
Жинақ  қоры  өндірісті  кеңейту  кезінде  негізгі  құралдар,  мате-
риалдық емес активтер, материалдар сатып алу, өндірістік тағайын-
далу бойынша объектілер соғу үшін пайдаланылады.
Шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар, 
сондай-ақ  ашық  және  жабық  акционерлік  қоғамдар  резервтік 
қор  ұйымдастырады.  Ол  №  5310,  5330,  5340  «Резервтік  капитал» 
шоттарында есепке алынады. Оған қаржылар құрылтай құжаттарында 
көрсетілген  мөлшерге  жеткенше  жасалады.  Қаржылардың  көзі 
негізінен жиынтық кіріс (пайда) болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет