Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қандай кәсіпорындарда мемориалды-ордерлі үлгі бойынша
есеп жүргізу тиімдірек болады?
2. Бұл үлгі кезінде аналитикалық есеп қалай ұйымдастырыла-
ды?
3. Қандай жағдайларда журнал-ордерлі үлгіні пайдалану тиім-
дірек болады?
4. Бұл үлгі кезінде синтетикалық есеп қалай ұйымдастырылады?
5. Кәсіпорын есептің үлгісін өзі таңдай алады ма?
77. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кәсіп-
орынның басшысына жүктеледі. Ол бухгалтерлік есепті дұрыс
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, құжаттар мен мәліметтердің
есебін дайындау мен тапсыруға байланысты бас бухгалтердің та-
лаптарын кәсіпорынның барлық басқа қызметкерлері тарапынан
толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бас бухгалтер басшының бұйрығымен қызметке тағайындалады
немесе босатылады және оған тікелей бағынады. Ол нормативті
құжаттарды пайдалана отырып, барлық шаруашылық опера-
циялардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс бейнеленуі мен
бақылануын қамтамасыз ету, кәсіпорын басшылары үшін шұғыл
ақпарат беру, бухгалтерлік есеп беруді дайындап, оны белгіленген
мерзімдерде тапсыруға міндетті.
Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауар-материал-
дық құндылықтар мен ақша қаражаттарын, сондай-ақ есеп айыры-
150
су, несие, қаржылық міндеттемелер және шаруашылық келісімдерін
қабылдау мен босатуға негіз болатын құжаттарға қолтаңбасын
қояды. Айтылған құжаттар бас бухгалтердің қолтаңбасынсыз заңсыз
болып саналады және орындауға жатпайды.
Егер бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болатын болса (демалыста
немесе ұзақ іссапарда), онда басшы қолтаңбасын қою құқығын
басқа адамға беру туралы жазбаша түрде бұйрық шығарады. Бас
бухгалтерге заңдылыққа қайшы және келісім шарт пен қаржылық
тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды дайындау мен
орындауға тиым салынады. Мұндай құжаттар туралы ол басшыға
жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Басшыдан айтылған құжаттарды
есепке алу туралы жазбаша ұйғарым алған соң, бас бухгалтер оны
орындайды. Бірақ, орындалған операциялардың заңсыздығы үшін
жауапкершіліктің барлығы толығымен кәсіпорынның басшысына
жүктеледі.
Материалды жауапты тұлғалардың (кассирлер, қоймашылар
және т.б.) тағайындалуы, босатылуы мен орын ауыстырылуы бас
бухгалтермен келісіледі.
Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық құжаттарды
жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырады. Құжаттарды
тапсыру барысында бухгалтерлік есептің жағдайы мен есепті
мәліметтердің дұрыстығы туралы кәсіпорынның басшысы бекітетін
акт жазылады.
Штатында кассирі жоқ кәсіпорындарда, оның міндетін бухгалтер
немесе кәсіпорын басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
қызметкер атқаруы мүмкін.
Кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есепті жүргізуді мамандан-
дырылған ұйым немесе маманға келісім шарт негізінде тапсыруы
мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін
жауапкершілік кімге жүктеледі?
2. Бас бухгалтерді кім тағайындайды?
3. Оны кім орнынан босатады?
4. Ол кімге бағынады?
5. Бас бухгалтердің міндеттеріне нелер кіреді?
6. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге қандай
құжаттарға қолтаңбасын қояды?
7. Бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болған кезде құжаттарға кім
151
қолтаңбасын қояды?
8. Егер кәсіпорынның басшысы заңдылыққа қайшы құжаттарды
есепке қабылдауды талап еткен уақытта, бас бухгалтер қандай іс
әрекеттер жасау керек?
9. Бухгалтердің кассирдің міндетін атқаруға құқығы бар ма?
10. Бас бухгалтерді орнынан босату процедурасы қандай?
78. Құжаттардың сақталуы. Нормативті құжаттар
мен нұсқауларды қолдану ережелері
Бастапқы құжаттардың мәліметтері есеп регистрлерінде бейне-
ленгеннен соң, олардың сақталуын ұйымдастыру қажет. Құжаттар
есеп регистрлерінде жазылу үшін бірнеше рет қолданылып кетпесін
деген мақсатпен, олардың ішінен бірқатары өшірілуі тиіс. Бұл кіріс
және шығыс кассалық ордерлерге қосылып тігілетін құжаттардың
(өтініштер, сенімхаттар және т.б.) барлығына қатысты. Арнайы
таңба немесе қолмен «Алынды» немесе «Өшірілді» деген таңбамен
барлық банк құжаттары, сондай-ақ еңбекақы мен басқа төлемдер
есептеліп, берілгендігі негізіндегі құжаттардың күші жойылады.
Құжаттар сақтау мерзімі бітуі бойынша жергілікті мемлекеттік
мұрағатқа тапсырылады немесе жойылады.
Құжаттар арнаулы жайларда немесе жабылатын шкафтарда сақ-
талады.
Құжаттар мен есеп регистрлері тек қана мемлекеттік арнау-
лы органдардың қаулысы негізінде жауап алу, алдын ала тергеу,
прокуратура және сот шешімі негізінде алынуы мүмкін. Алыну
фактісі, кәсіпорында көшірмесі қалатын хаттамамен рәсімделеді.
Құжаттардың жойылуы немесе жоғалуы кезінде кәсіпорынның бас-
шысы өзінің бұйрығымен болған жағдайдың себептерін анықтау
үшін комиссия тағайындайды. Комиссия жұмысының нәтижесі ту-
ралы басшы бекітетін акт жасауы тиіс.
Бухгалтер үшін негізгі нормативті құжат болып Қазақстан
Рес-публикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру тура-
лы ережелерімен бекітілген субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары саналады.
Бірақ, ешқандай нормативті құжат өмірдегі жағдайлардың көп-
түрлілігін қамти алмайды. Сондықтан, бухгалтер нормативті құ-
жаттар бола тұра, кейбір жағдайды алдын ала қарастыра алмайды
немесе әр түрлі нормативті құжаттардағы нұсқаулардың бір біріне
қайшы келетін жағдайына тап болуы мүмкін.
152
Бірінші жағдайда нормативті құжатты бекіткен инстанцияның
жазбаша түрде түсіндіруі болуы қажет немесе ол мүмкін болма-
са, нормативті құжаттардың жалпы мазмұнымен сәйкес мәселені
шешу керек. Екінші жағдайда екі қарапайым ереже жұмыс істейді:
төменде тұрған ұйымның құжаты жоғарыда тұрған инстанцияның
құжатына қайшы келе алмайды және жаңадан шыққан құжат бұрын
шыққан құжаттың талабын жояды.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бастапқы құжаттардың қайта пайдаланылуын қалай болдыр-
мауға болады?
2. Бастапқы құжаттар қандай тәртіпте тігіледі?
3. Бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері қайда сақталады?
4. Құжаттарды кімдер алып қоюы мүмкін?
5. Құжаттардың жойылу, жоғалу жағдайында не істеу керек?
6. Бас бухгалтер қандай негізгі нормативті құжаттарды басшы-
лыққа алуы тиіс?
7. Әртүрлі нормативті құжаттарда қайшылықтар пайда болған
жағдайларда қандай ережелерді басшылыққа алу керек?
79. Банкротттық рәсім кезіндегі бухгалтерлік есеп
жүргізудің тәртібі
Қазіргі заманғы бизнес әлемі нарықтық экономикаға бейім-
делгендіктен күрделі, сондықтан кәсіпкерден икемді және шебер
жұмыс істеуді талап етеді. Қисынсыз немесе олақ қызмет жағдайында
банкроттық сияқты жағымсыз процедураларға тап болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» заңы 1997
жылы 21 қаңтарда (№ 67—1) қабылданды.
«Банкроттық» — борышкердің соттың шешімімен танылған
оны таратуға негіз болып табылған дәрменсіздігі. «Дәрменсіздік»
борышкердің — жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақ-
шалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарын
қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін
адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы,
сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорлардың міндетті
төлемдерін қамтамасыз ете алмауы сияқты қабілетсіздігі оның
дәрменсіздігі деп түсіндіріледі.
Осы заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды
153
тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.
Оңалту рәсімін, конкурстық істі (таратуды) жүргізу, не соттан
тыс тарату рәсімін өткізу кезеңінде банкроттық рәсімдерін, оңалту
рәсімін және соттан тыс тарату рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына
қол жеткізу үшін дәрменсіз борышкердің барлық органдары оны
басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару
міндеттері оңалтушыға, не конкурсты басқарушыға (таратушыға)
беріледі.
Оңалтушы және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді
басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет етеді.
Оңалту рәсімі борышкер жасаған және несие берушілер коми-
тетінің келісімі болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық
ұйымдарға қатысты қолданылады.
Оңалту рәсімін жүзеге асырудың ұзақтығы екі жылдан аспауға
тиіс. Оңалтуды басқарушының өтініші бойынша несие берушілер
комитетінің келісімімен сот оны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға
құқылы, бірақ ол 6 айдан аспауға тиіс.
Конкурс жүргізу несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру
және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге
асырылады. Конкурстық іс жүргізу мерзімі алты айдан аспауы ке-
рек. Конкурсты басқарушының өтініші бойынша несие берушілер
комитетінің келісімімен бұл мерзім әрі кеткенде 3 айға ұзартылуы
мүмкін.
Талап ету құқығын (дебеиторлық берешек) қоса алғанда, борыш-
кердің, соның ішінде оның қаржы құжаттарында көрсетілмеген,
бірақ борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі,
борышкерге меншік құқығына тиесілі емес мүлікті қоспағанда,
конкурстық масса болады.
Борышкер — заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық
рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем
қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі негіз болатын заңды тұлға.
Конкурстық массаны бөлу тәртібі:
1. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен
кезектен тыс өтеледі. Әкімшілік шығыстарының сомасын олардың
туындауына қарай оңалтушы немесе конкурстық басқарушы төлеуі
мүмкін;
2. Таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына келтірілген
зиян үшін жауап беретін азаматтардың талаптары бойынша тиісті
уақытылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте
қанағаттандырылады.
154
3. Несие берушілердің таратылатын банкроттың мүліктік
кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары
қамтамасыз ету сомасы шегінде екінші кезекте қанағаттандырыла-
ды;
4. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқан адамдардың еңбе-
гіне ақы төлеу жөніндегі және авторлық шарттар бойынша сыйақы-
лар төлеу жөніндегі есеп айырысу үшінші кезекте жүргізіледі;
5. Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер
жөніндегі берешек төртінші кезекте өтеледі;
6. Басқа несие берушілермен есеп айырысу заң актілеріне сәйкес
бесінші кезекте жүргізіледі.
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектегі талаптар толық
қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
Несие берушінің талабы оның келісімімен заңдарға қайшы
келмейтін әдістермен, соның ішінде ақша түрінде және (немесе)
мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Бірінші және үшінші кезектегі несие берушілердің барлық не-
сие берушілермен есеп айырысқанша қойған талаптары конкур-
стық мүліктің есебінен қанағаттандырылуға тиіс. Мұндай та-
лаптар қанағаттандырылғанға дейін тиісті кезекте тұрған несие
берушілердің талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады.
Қаржылық санкциялардың сомалары бесінші кезектің құрамында
есепке алынады.
Банкроттық рәсімін өткізу кезінде бухгалтерлік есеп жалпы
қабылданған тәртіп негізінде жүргізіледі. Тауарлар, қызметтер,
негізгі құралдар және т.б. өткізу кезінде ҚҚС-ның есептелуі дағдылы
түрде жасалады.
Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталады. Еңбекақы есептеген
кезде әлеуметтік салық есептеледі және жинақтаушы зейнетақы
қорға жарналар ұсталады.
Салықтардың тізімінен жалғыз корпоративтік табыс салығы
шығарылады. Ол жиынтық табыстан үдей түсу тәртібінде есептелетін
болғандықтан, ал банкроттық жағдайларда жиынтық табыстың
жоқтығынан салықтың бұл түрі есептелмейді.
Сонымен, конкурс жүргізу кезінде есептелетін салықтардың
барлық түрлері әкімшілік шығыстарға жататынын және бірінші ке-
зекте төленуге тиіс екенін есте сақтау қажет.
Қайталау үшін сұрақтар:
155
1. Банкроттық деген не?
2. Оңалтушы және конкурстық басқарушы (таратушы) деген
кім?
3. Конкурстық масса деген не?
4. Конкурстық жүргізу кезінде конкурстық массаны бөлу тәртібі
қандай болады?
5. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібі қандай?
6. Конкурстық іс жүргізу кезінде салықтардың қандай түрлері
есептеледі?
7. Конкурстық іс жүргізу кезінде салықтарды төлеу тәртібі қан-
дай?
156
ІІ тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әдістемелік көрсетулер
Шоттардың Типтік жоспарында 166 баланстық және 14 баланстан
тыс шоттар болған. Бір қарағанда, шоттардың мұнша санының
барлық аталуын ұғып алу іс жүзінде мүмкін емес сияқты болып
көрінеді. Өкінішке орай, мұндай ой-пікір, әсіресе бухгалтерлік
есепті үйренуге енді-енді кірісіп жатқан студенттер арасында жиі
пайда болады. Сондықтан, бұл кезең студент үшін де, педагог үшін
де өте маңызды, өйткені кез келген мезетте ол өзгерісті болып кетуі
мүмкін.
Ал, шоттардың Жұмыс жоспарында ондай шектеу жоқ. Енді
кәсіпорындардың өздігінен, өз мұқтаждықтарына негізделіп,
өздеріне қолайлы кез келген уақытта кіші шоттар, яғни субшоттар
ашуға мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін Жұмыс жоспарында
шоттар ондық тәртіппен, яғни нөмірдің соңында бір нөлмен қоса
беріледі. Мысалы, 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты көптеген:
1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және жиынтықтаушы
бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»,
1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Ұқсатуға
берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары және басқалар»
субшоттарына бөлінеді.
Бұл жерде Жұмыс жоспарының Типтік жоспармен салыстырғанда
кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн болады:
1) Баланстан тыс шоттар болмайды;
2) Контрактивті шоттар қажет болмай қалады;
3) «Пайда» ұғымы ақиқатында да пайда болып атала бастады,
өйткені «жиынтық табыс» сөзі пайда (олжа) ұғымына толық сәйкес
емес;
4) Есепті жылдың бөлінбеген табысын анықтаудың қажеті болмай
157
қалады, өйткені ол өз-өзінен дағдылы түрде алдыңғы жылдардың
пайдасына өтіп кетеді;
5) «Актив» және «пассив» ұғымдары мерзімді сипат иеленді,
яғни қысқа және ұзақ мерзімді болды.
Экономикалық ЖОО студенттерінің барлығы бірдей оқу бітірген
соң кәсіби бухгалтер болып кетпейтіндігін есепке ала отырып,
авторлар бухгалтерлік жұмыстың негізі деп, қосарлы бухгалтерлік
жазуды, яғни проводкаларды дұрыс құруды есептейді.
Өйткені, қосарлы бухгалтерлік жазу өздерінің арасында қисынды
байланыста құрылатын екі баланстық шоттардың корреспонден-
циясынан тұрады. Яғни, дұрыс жазу келесі бірізді әрекеттерді талап
етеді:
а) тағайындалу бойынша қажетті шоттарды жіктеу мен таңдап
алу;
ә) таңдап алынған шоттардың арасында қисынды байланыс жа-
сау.
Бұл жұмыста белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, авторлар
өздерінің алдына мына мақсатты қойды: қойылған мәселені зерттеп,
үйренудегі қисынды тізбекті құруда студенттерге толық дәрежеде
жәрдем ету.
Ол үшін бірінші кезекте, біздің пікірімізше Типтік және Жұмыс
жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасын
құру керек.
Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық
байланысының сызбасы
Шотардың Жұмыс
жоспары бөлімдерінің
нөмірлері
Шотардың Жұмыс
жоспары бөлімдерінің
атаулары
Шотардың Типтік
жоспары бөлімдерінің
нөмірлері
1
Қысқа мерзімді активтер
2, 3қ, 4
2
Ұзақ мерзімді активтер
1, 3ұ
3
Қысқа мерзімді
міндеттемелер
6қ
4
Ұзақ мерзімді
міндеттемелер
6ұ
5
Капитал мен резервтер
5
6
Кірістер
7
7
Шығыстар
8
158
8
Өндірістік есепке алу
шоттары
9
Ескерту: «қ» және «ұ» белгілері активтер мен пассивтердің
мерзімділігін білдіреді.
Сызбадағы шоттар Типтік жоспарының барлық бөлімдері іске
қосылғандығына назар аударыңыз.
Одан соң, екінші кезекте, авторладың пікірінше, бухгалтерлік
жұмыста тәжірибелі дағдыларды үйренуде жәрдем ете алатын тиісті
бөлімдер мен бөлімшелер бойынша бухгалтерлік шоттарды жіктеу
кестесін құру қажет. Бұл екі кесте барлық уақытта студенттің жұмыс
столында болуы тиіс.
№ 1 кесте бірнеше бағаналардан, атап айтқанда: 1) балансқа
қатысы бойынша жіктеу, яғни активті немесе пассивті; 2)
бөлімдердің нөмірі; 3) бөлімшелердің нөмірі; 4) бөлімдердің аталуы;
5) ескертуден тұрады.
№ 1 кесте
Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
Балансқа
қатысы
бойынша
жіктеу
Бөлім-
дердің
нөмір-
лері
Кіші бөлімдердің
нөмірлері
Бөлімдердің
аталуы
Ескерту
Активті
1
10, 11, 12, 13, 14,
15, 16
Қысқа мерзімді
активтер
Активті
2
20, 21, 22, 23, 24,
25, 26, 27, 28, 29
П
Ұзақ мерзімді
активтер
2320, 2420,
2620, 2720,
2740 шоттар
Пассивті
3
30, 31, 32, 33, 34,
35
Қысқа мерзімді
міндеттемелер
Пассивті
4
40, 41, 42, 43, 44
Ұзақ мерзімді
міндеттемелер
Пассивті
5
50, 51, 52, 53, 54
Капитал және
резервтер
Пассивті
6
60, 61, 62, 63, 64
кП
Кірістер
6020, 6030
шоттар
159
Активті
7
70, 71, 72, 73, 74,
75, 76, 77
Шығыстар
Активті
8
80
Өндірістік есепке
алу шоттары
(калькуляциялық)
Үлестіруші-
жинақтаушы
шоттар
Ескерту: П — пассивті, кП — контрпассивті.
Біздің пікірімізше, бұл кестелер студенттер үшін мына жағдайды
нақтылауға мүмкіндік береді:
а) шоттың активтілігі немесе пассивтілігін дұрыс анықтауға;
ә) бөлімнің берілген нөмірінің аталуына негізделіп, бөлімшелердің
аталуларын қатесіз анықтау мен жадында сақтауға (атап айтқанда
сабақты құр жаттап алу емес, оны жадында тұту);
б) контрактивті мен контрпассивті шоттардың ерекшелігін анық
бақылап отыруға;
в) калькуляциялық шоттар бойынша есепті ұйымдастырудағы
студенттердің жұмысын айқындауға.
Одан басқа, студенттердің назарына синтетикалық бухгалтерлік
шоттар (№ 2 кесте бойынша) мен шаруашылық операциялардың
типтік өзгерістерінің жеңілдетілген сызбалары (№ 3 кесте бойынша)
ұсынылады.
№ 2 кесте
Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
Активті шоттар
Пассивті шоттар
Дебет
Кредит
Дебет
Кредит
Бастпқы сальдо
Бастапқы сальдо
Активтердің келуі
және көбеюі
Активтердің ке-
туі және кемуі
Меншікті
капитал немесе
міндеттемелер-
дің кемуі
Меншікті
капитал немесе
міндеттемелер-
дің көбеюі
Дебеттік
айналым
Кредиттік
айналым
Дебеттік
айналым
Кредиттік
айналым
+
–
+
–
160
Соңғы сальдо
Соңғы
№ 3 кесте
Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
Дт Кт
Шаруашылық құралдар
Шаруашылық құралдардың көздері
Көбеюі
Кемуі
Кемуі
Көбеюі
Активті шоттар
Пассивті шоттар
А I тип
А
А
III тип
П IV тип
П II тип
А
П
П
Сондай-ақ, авторлар студенттердің назарына бухгалтерлік есепті
енді оқи бастаған студенттерге оңайластырған түрде бухгалтерлік
проводкалар жазудың техникасын үйретуді ұсынады. Қажеттілік
жағдайына қарай бухгалтерлік есептің басқа да мәселелері қаралады.
Оқу материалы қарапайым және өте ыңғайлы түрде берілген.
Үйрену әдістемесіне кіріспес бұрын студенттерге бұрын өткен
оқу материал мен ондағы кейбір белгілі жағдайларды қайталау
ұсынылады:
1) Кәсіпорынның активтері мен пассивтері деген не?
Активтер, бұл — кәсіпорын құралдарының бар болуы мен оның
дебиторлық қарыздарын (кәсіпорынға біреу бірдеңе үшін қарыз
болған жағдайда) білдіретін объектілер.
Пассивтер, бұл — кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері
мен оның кредиторлық қарызын (кәсіпорын біреуге бірдеңе үшін
қарыз болған жағдайда) білдіретін объектілер;
2) Активті және пассивті бухгалтерлік шоттар деген не?
Активті болып кәсіпорынның активтері, ал пассивті болып
161
кәсіпорынның пассивтері бейнеленетін шоттар саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |