Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата03.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6348
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорынның мүлкіне салық неліктен салынады?
2. Салық салынатын мүліктің құны қалай есептеледі?
3. Мүлік салығы қандай мерзімдерде төленеді?
4. Мүлік салығының мөлшері қандай?
5. Мүлік салығы бойынша қандай жеңілдіктер бар?
6. Мүлік салығы қай шотта бейнеленеді?
70. Әлеуметтік салық
Әлеуметтік  салық  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және 
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 
маусымдағы № 209—II кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан 
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ұсталады. 
Әлеуметтік салықты төлеушілер болып мыналар саналады:
— заңды тұлғалар (шетелдің қатысумен заңды тұлғалар, шетелдік 
заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіктерін қоса);
— әлеуметтік салық салыну объектілері бар, заңды тұлға құрусыз 
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар.
Әлеуметтік салық төлеушілер салықтың төлеуін өздерінің тұра-
тын орындары бойынша жүргізеді.

137
Әлеуметтік салықтың объектісі болып еңбекақы қоры саналады.
Еңбекақы  қорының  құрамына  еңбекақы,  әртүрлі  сыйақылар, 
қосымшалар,  қосымша  төлемдер,  төлемдер  және  қызметкерлерге 
заңдарға  сәйкес  атқарылмаған  уақыт  үшін  ақшалай  немесе  заттай 
түрде  (қаржыландыру  көзіне  байланыссыз)  есептелген  ақшалай 
сомалардың барлық түрлері енгізіледі.
Заңды  тұлғалар  әлеуметтік  салықты  төмендегі  түрлеріне 
есептемейді:
1) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (қызметкерлер) үшін жинақ-
таушы зейнетақы қорларына төленетін зейнетақы жарналары;
2) пайдаланбаған демалыс үшін орнын толтыру;
3) штаттар қысқарумен байланысты жұмыстан босар кезде алы-
натын жәрдемақы;
4) заңдылықпен сәйкес белгіленген орнын толтыратын төлемдер, 
оның ішінде:
— басқа жердегі жұмысқа ауысу, қабылдану, жіберілу кезіндегі 
төлемдер;
—  қызметкердің  меншігіндегі  аспаптарды  пайдаланғаны  үшін 
төлемдер;
5)  тұрақты  жұмыс  жолда  өтетін  немесе  жүріп-тұратын  сипат-
пен  байланысты  болса,  не  қамтамасыз  етілетін  учаскелер  шегінде 
қызмет  сапарымен  байланысты  жағдайларда  тәуліктік  шығындар 
орнына еңбекақысына қосымша және артық төлемдер; 
6) берілген арнаулы киім, аяқ киім мен жеке қорғанудың басқа 
құралдары, сабын, майды алатын заттар, сүт пен ем-профилактикалық 
тамақтандырудың құны;
7)  жұмыспен  байланысты  (жоғалтқан  еңбек  ақы  жөнінен 
төлемдерден  басқа)  қызметкердің  мертігуі,  не  басқа  денсаулығын 
жоғалтумен байланысты зиянын қалпына келтіру үшін төлемдер;
8) спорт жарыстарында, байқауларда, көрмелерде жүлделі орын-
дары үшін берілген ақшалай марапаттар;
9) әскери және ішкі істер органдары қызметкерлерінің ақшалай 
жәрдем төлемі; 
10)  қызметкерлерге  бала  туылу  кезінде,  ақылы  медициналық 
қызмет көрсету үшін, жерлеуге берілетін материалдық жәрдем;
11) жүріп өту, мүлік алып өту мен жайды жалдау, не басқа жерге 
жұмысқа ауысу кезіндегі шығындардың орнын толтыру; 
12) уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін төлеу;
13) жүктілік пен босану бойынша демалысқа төлеу.
Әлеуметтік  салық  қаржыландыру  көзінен  тәуелсіз  тиісті 

138
салықтарды ұстауға дейін есептеледі.
Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі:
— заңды тұлғалардың арнайы есептері бойынша; 
—  әлеуметтік  салық  бойынша  декларация  салық  органдарына 
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың  15-жұлдызынан кеш 
емес арнаулы белгіленген үлгілер бойынша тапсырылады.
Әлеуметтік  салық  әрбір  есепті  кезең  үшін  айдың  екінші 
жартысындағы еңбекақыны төлеу үшін белгіленген мерзімде, бірақ 
кейінгі  айдың  15-жұлдызынан    кешікпей,  еңбекақы  төленуінен 
байланыссыз түрде төленуі тиіс.
Салық салынатын табысты анықтау кезінде төленген әлеуметтік 
салықтың сомасы шегерулерге есептелген сомасының шегі бойынша 
апарылады. Әлеуметтік салық № 3150 пассивті шотта бейнеленеді.
Есептеудің дұрыстығы мен әлеуметтік салықты бюджетке төлеу-
дің уақытылығы үшін жауапкершілік төлеушілерге жүктеледі.
Әлеуметтік  салықтың  есептелуі  мен  төлемі  уақытылығының 
тәртібін  бұзғаны  үшін  төлеушілерге  Қазақстан  Республикасының 
салық  заңымен  белгіленген  санкциялар  мен  Қазақстан  Респуб-
ликасының заңдарында бекітілген әкімшілік айыппұлдар салу қол-
данылады.
Салық  төлеуші  салық  органының  тексеруіне  дейін  бұрын  тап-
сырылған  декларацияға  салық  жылының  ішінде  өздігінше  түзету 
енгізіп және ол туралы салық органына хабарлауға құқықты.
Декларацияда  салықтың  кем  төленуіне  себеп  болған  салықтың 
мөлшерін төмендету үшін салық төлеушіге төмендетілген сомадан 
100 пайыз мөлшерде айыппұл салынады.
Әлеуметтік  салықтың  есептелуі  мен  төленуінің  уақытылығы 
үшін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
салық органдары жүргізеді.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Әлеуметтік салық төлеушілер кімдер?
2. Әлеуметтік салық төлемдердің қай түрлеріне есептелмейді?
3. Әлеуметтік салық қай шотта бейнеленеді?
4. Әлеуметтік салықты төлеу мерзімдері қандай?
5. Әлеуметтік салықтың дұрыс есептелуі мен төлеу уақытылығын 
бұзған жағдайларда қандай санкциялар қолданылады?

139
6.  Әлеуметтік  салықты  төлеу  бойынша  кімдер  бақылау  жүргі-
зеді?
7. Әлеуметтік салық есептеудің мөлшері қандай болады?
71. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық төлеушілер 
болып  бағалы  қағаздарға  меншік  құқығының  өтуімен  байланы-
сты,  сондай-ақ  олардың  эмиссиясын  іске  қосатын  операцияларын 
жүргізетін заңды және жеке тұлғалар саналады.
Акционерлік  қоғамды  ұйымдастыру  кезінде  акцияларды 
шығару  құны  міндетті  түрде  жарғылық  қордың  сомасына  тең  бо-
луы тиіс. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу 
объектілері болатындар:
1)  қазіргі  заңнамаларға  сәйкес  өткізілген  акционерлік  қоғам 
мүлкінің  құнына  акциялардың  эмиссиясынан  басқа,  Қазақстан 
Республикасының территориясында шығарылған бағалы қағаздар-
дың бастапқы және қосымша эмиссиясының құны.
Мысалы:  Акционерлік  қоғам  ұйымдастыру  кезінде  1  милли-
он  теңгеге  акциялардың  бастапқы  эмиссиясын  жасады.  Одан  соң 
Үкіметтің Қаулысына сәйкес, ол мүліктің жарғылық қорын 5 мил-
лион теңгеге қайта бағалады. 4 миллион теңгеге қосымша эмиссия 
жасау  кезінде  акционерлік  қоғам  эмиссияның  проспектін  қайта 
тіркегені үшін салық төлеуден босатылады;
Қазақстан  Республикасында  шығарылған  қағаздар  бойынша 
Қазақстан  Республикасы  территориясында  және  одан  тыс  бағалы 
қағаздарға  меншік  құқығының  ауысуымен  байланысты  кепілге 
берушінің  меншігіне  бағалы  қағаздарды  беру,  айырбастау,  сатып 
алу, сату, қайтарымсыз беру, құрылтайшылар арасында орналасты-
ру және одан басқа операциялар кезіндегі нарықтық баға.
Қазақстан  Республикасының  территориясында  шетелдік  эми-
тенттермен  айналымға  шығарылған  бағалы  қағаздар  қазіргі  заң-
намаға сәйкес басқа бағалы қағаздармен бірдей жағдайларда бағалы 
қағаздармен жасалатын операцияларға салық салынады.
Салық  салынуға  отандық  пен  шетелдік  эмитенттер  айналымға 
материалдық  немесе  материалдық  емес  түрде  шығарылған  акция-
лар және облигациялар жоғарыда айтылған операцияларға жатады.
Тіркеусіз  немесе  заңсыз  шығарылған  бағалы  қағаздар  жалпы 
белгіленген тәртіпте салық салынуға жатады.
Қазақстан  Республикасының  тиісті  органдарында  тіркелуі  ке-

140
зінде  бағалы  қағаздардың  бастапқы  шығарылуына  (эмиссиясына) 
салық бағалы қағаздарды шығарудың номиналды құнынан 0,1 пай-
ыз мөлшерде төленеді.
Акционерлік  қоғам  мүлкінің  құнын  қайта  бағалауы  есебінен 
жасалатын  эмиссиядан  басқа,  акциялардың  қосымша  эмиссиясын 
тіркеу  кезінде  салық  эмиссияның  номиналды  құнынан  0,5  пайыз 
мөлшерде төленеді.
Атқарушы биліктің орталық органдары (мемлекеттік комитеттер, 
министрліктер, ведомстволар, жергілікті өкілетті, атқарушы орган-
дар) шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операция-
лар жасау кезінде салық сатылу бағасының әрбір 100 теңгесінен 1 
теңге мөлшерде төленеді.
Басқа заңды және жеке тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың 
қозғалысы  бойынша  операцияларды  жасау  кезінде  белгіленген 
тәртіпте әрбір 100 теңгеден 3 теңге мөлшерде салық төленеді. Сатып 
алу  бағасы  номиналынан  төмен  немесе  қайтарымсыз  түрде  беру, 
сыйға тарту, мұра етіп алу кезінде бағалы қағаздардың номиналды 
бағасының сол мөлшерінде төленеді.
Салық  салуға  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  эмиссиясы 
жатпайды.  Бағалы  қағаздармен  жасалатын  операцияларға  салық 
сомасының  есебі  бағалы  қағаздар  мен  салық  мөлшерлемесінің 
қозғалысы операциялары бойынша эмиссия мен келісім сомасының 
құнына  негізделіп,  салық  төлеуші  өздігінше  жүргізеді.  Бағалы 
қағаздардың  әрбір  шығарылуы  бойынша  салықтың  сомасы  эмис-
сияның номиналды құны негізінде есептеледі.
Бағалы  қағаздардың  эмиссиясын  тіркеу  кезінде  эмитент  бюд-
жетке  тиесілі  салықтың  сомасының  төленуін  куәландыратын  құ-
жатты  тіркейтін  органға  беруі  тиіс.  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасымен қарастырылған шарттар мен тәртіп бұзылғанда, эми-
тент шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясы тіркеуге алынбаған 
жағдайда  төленген  салық  қайтарылмайды  және  бағалы  қағаздар 
эмиссиясы келесі тіркеу кезінде есепке алынады.
Тіркеусіз  бағалы  қағаздардың  эмиссиясы,  сондай-ақ  олардың 
заңсыз  шығарылу  жағдайында  салықтың  төленуі  бағалы  қағаздар 
эмиссиясының басталу мерзімі болып саналады.
Бағалы  қағаздармен  жасалатын  операцияларға  салықтар  кәсіп-
орынның өзінде қалатын жиынтық табысы (пайдасы) есебінен төле-
неді.
Номиналды  құнынан  жоғары  баға  бойынша  капиталды  қалып-
тастыру кезінде акцияларды сату жағдайында, салық салуға жата-
тын  акционерлік  қоғамдардың  жиынтық  табысының  (залалының) 

141
құрамындағы  нақты  сату  бағасы  мен  номиналды  құн  арасындағы 
айырмашылық енгізілмейді. Көрсетілген айырма тек қана қосымша 
капитал  ретінде  қаралады  және  оны  тұтыну  мұқтаждықтарына 
жіберуге  болмайды.  Бағалы  қағаздар  бойынша  (акциялар,  обли-
гациялар  және  т.б.)  дивидендтер  және  пайыздар  түрінде  алына-
тын табыстарға 15 %-дық мөлшерлеме бойынша осы табыстардың 
көздеріне салық салынады. 
Қарыз міндеттемелерін сату (жабу) бағасы мен сатып алу бағасы-
ның арасындағы айырма түріндегі қаржы заңды тұлғалардың пай-
дасына  салынатын  салық  (корпоративтік  табыс  салығы)  төлейтін 
заңды  тұлғалардың  негізгі  емес  қызметтен  түскен  табыстарының 
құрамына толық енгізіледі.
Пайыздар,  дивидендтер  түріндегі  акциялар  және  басқа  бағалы 
қағаздар бойынша жеке тұлғалар алатын табыстарыға, сол табыстар-
ды  төлеу  көздеріне  салық  салыбайды.  Дивидендтер  мен  пайыздар 
төлейтін банктер және басқа кәсіпорындар, ұйымдар осы табыстар 
мен  салық  декларациясына  енгізілуге  жататын  табыс  салығынан 
ұсталған қаржылар туралы мәліметтерді тиісті салық органдарына 
хабарлауға міндетті.
 
 
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Бағалы  қағаздармен  жасалатын  қандай  операцияларға  салық 
салынбайды?
2. Салықтың мөлшері қандай?
3.  Бағалы  қағаздармен  жасалатын  операцияларға  салықтар 
қандай көздер есебінен төленеді?
4.  Бағалы  қағаздар  бойынша  дивидендтер  түрінде  алынатын 
табыстарға салықтар қалай салынады?
5.  Бағалы  қағаздармен  жасалтын  операциялар  бойынша  жеке 
тұлғалар  мен  заңды  тұлғалардың  табыстарына  салық  салудағы 
ерекшеліктер қандай?
72. Инвестициялық салық несиесі
Инвестициялық салық несиесі, бұл — салық төлеушіге салық ин-
спекциясы тарапынан белгілі уақытқа салық төлеудің мерзімін ұзар-
ту. Бұл салықтық жеңілдіктердің бір түрі, сондықтан инвестициялық 
салық несиесін алу үшін төмендегі шарттар сақталуы тиіс: 
1.  Кәсіпорын  жеңілдік  алуға  есептеп  отырған  негіздерін  анық 
белгілеп  алу  керек.  Заңда  екі  жағдай  қарастырылған:  қаржылар 

142
жабдықтар, станоктар, қондырғылар және т.б., яғни негізгі қорлардың 
белсенді  жағын  сатып  алуға  пайдаланылады  және  бұл  қаржылар 
кәсіпорынның мүлкін өтеп алуға бағытталады;
2. Өздерінің салық төлемдерін кеміте алатын салық төлеушілер-
дің шеңбері шектеулі. Мысалы, негізгі құралдардың белсенді жағын 
сатып алу кезіндегі жеңілдіктер тек қана жұмыс істейтіндердің саны 
200 адамнан аспайтын кәсіпорындар үшін, ал мүлікті өтеп алу бой-
ынша  жеңілдіктер  тек  қана  мүлкі  өтеліп  алынатын  кәсіпорынның 
барлық қызметкерлерінің жартысынан көбі кіретін серіктестіктерде 
болады.  Сөйтіп,  салық  несиесінің  берілуі  шағын  бизнесті  қолдау 
және  еңбек  ұжымдарының  қатысуымен  жекешелендіру  процесіне 
бағытталған. 
Салық несиесі корпоративтік табыс салығының төлеуге тиесілі 
сомасын  кеміту  түрінде,  не  кәсіпорынның  мүлкіне  есептелген 
салықты кеміту түрінде берілуі мүмкін.
Салық несиесі бюджетке қайтарылуы тиіс.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Инвестициялық салық несиесі деген не?
2. Жеңілдіктер алу үшін қандай негіздер болады?
3. Инвестициялық салық несиесін пайдалануға қандай төлеуші-
лердің құқығы бар?
4. Салық несиесі бюджетке қайтарылуға тиісті ме?
73. Баланстың реформациясы. Табыстар бойынша  
құрылтайшылармен есеп айырысу
Жиынтық  кірістер  (пайдалар),  залалдардың  есебі,  сондай-ақ 
жылдың соңында кірістерді бөлуге № 5410 «Есептік жылдың пайда-
сы (залалы)» шоты арналған. Бұл — арнаулы қорытынды (жиынтық) 
шот.  Оның  дебеті  бойынша  шығыстар  жағы,  ал  кредиті  бойынша 
кірістер жағы жабылады. 
Жыл бойы № 60 пен № 62 бөлімшелер шоттарының кредиті бой-
ынша өсу жиынтықтарымен кәсіпорынның кірістері: 
№  70  бөлімше  шоттарының  дебеті  бойынша  өткізілген  дай-
ын  өнім,  жұмыстар,  қызметтер,  сондай-ақ  сатылған  тауарлардың 
өзіндік құны бейнеленетіндігін;
№  71—77  бөлімшелер  шоттарының  дебетінде:  тауарларды 
өткізу  бойынша,  жалпы  және  әкімшілік,  сыйақылар,  негізгі  емес 
қызметтер,  сондай-ақ  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 
шығыстар бейнеленетіндігін атап өту қажет.

143
Жылдың  соңында  баланстың  реформациясы  жасалады,  яғни 
барлық жоғарыда айтылған шоттар нұсқауларға сәйкес № 5410 шотқа 
жабылады да жылдық жиынтық пайда (залал) анықталады. Бұл жер-
де аталған операцияның кезінде табыс салығы, бюджетке төленуге 
тиісті  айыппұлдар  мен  өсім  бойынша  шығыстар  шегерілетіндігін 
ерекше айта кету керек.
Есепті және өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған 
залалы) (№ 5430 шоттағы қалдық) құрылтайшыларға табыс төлеуге 
төмендегі сызба бойынша бағытталады:
3350 «Еңбекақы төлеу 
бойынша қысқа 
мерзімді берешек
3030 «Қатысушы-
лардың дивидент-
тері және кірістері 
бойынша берешек»
5430 «Өткен 
жылдардағы 
бөлінбеген пайда 
(жабылмаған залал)»
Бұл  шоттың  өзінде  бөлінбеген  пайданың  қалдығы  немесе  жа-
былмаған залалы есептеледі.
         
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жылдың соңында жиынтық табыс (залал) қалай анықталады?
2. Жиынтық табыс (залал) қай шотта бейнеленеді?
3. Баланстың реформациясы деген не?
4. Баланстың реформациясы үшін қай шот қолданылады?
74. Бухгалтерлік есептілік пен есеп айырысу
Есептілік  —  белгілі  кезең  ішіндегі  кәсіпорындардағы  есепті 
жұмыстардың  қорытынды  нәтижесі.  Онда  кәсіпорын  жұмысының 
қаржылық  нәтижелері,  шаруашылық  құралдары  мен  олардың  көз-
дерінің жағдайы, өндіріске жұмсалған шығындар туралы мәліметтер 
болады.
Кәсіпорын (шетелдік инвестициялармен жұмыс істейтін кәсіпорын-
дардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге 
тапсыруы тиіс:
—  құрылтай  құжаттарына  сәйкес  меншік  иелеріне  (қатысушы-
ларға, құрылтайшыларға);
— мемлекеттік салық инспекциясына;

144
—  ҚР-ның  заңдарына  сәйкес  кәсіпорын  қызметінің  жекелеген 
жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік 
органдарға.
Мемлекеттік  немесе  муниципалды  меншікте  толық  немесе 
бөлшекті  түрде  болған,  сондай-ақ  мемлекеттік  кәсіпорындар  не-
месе  олардың  бөлімшелері  толық  сатып  алғанға  дейін  кәсіпорын 
бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті 
басқару өкілетті органдарына да тапсырады.
Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді 
кәсіпорынның  әрбір  қатысушысына  (меншік  иесіне)  мемлекеттік 
салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарасты-
рылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.
Тоқсандық есеп берудің негізгі үлгілерінің бірі кәсіпорынның ба-
лансы (№ 1 нысан) болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бой-
ынша айналымдар есептеліп және есепті тоқсанның келесі айының 
соңына  қалдықтар  есептеп  шығарылады.  Баланстан  басқа,  есепті 
тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы 
есеп (№ 2 нысан) толтырылады.
Жылдық есеп берудің алдында материалдық құндылықтар, ақша 
қаражаттары мен олардың есеп айырысулары түгенделуі керек. Оның 
мақсаты — дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп 
алмау үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының 
нақтылығын  анықтау  және  барлық  есеп  айырысуларды  салысты-
ру,  сондай-ақ  кредиторлық  қарызы  бар  болған  кезде  өсім,  айып, 
айыппұлдар төлеуден қорғау.
Жылдық  есеп  беру  барлық  қосымшаларымен  бірге  келесі  жыл-
дың  31  наурызын  қоса  есептеген  мерзімде  (шетелдік  инвестиция-
лары бар кәсіпорындар есепті келесі жылдың 1 сәуірінен кеш емес 
мерзімде)  тапсырылады.  Бухгалтерлік  есеп  берудің  үлгілерін  тол-
тыру  мен  оларға  қосымша  түсініктерден  басқа,  кәсіпорын  салық 
және статистикалық органдарға тиісті есепті материалдарды тоқсан 
сайын тапсырады.
 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Есеп беру кімдерге тапсырылады?
2. Бухгалтерлік балансты толтыру үшін мәліметтер қайдан алы-
нады?
3. Жылдық есеп беруді дайындамас бұрын түгендеу жүргізілуі 
міндетті ме?
4. Ол не үшін жүргізіледі?

145
5. Жылдық есеп беру неден тұрады?
6. Жылдық есеп беруді тапсырудың мерзімдері қандай?
 II бөлімше. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
75. Жұмыс есеп жоспарын құру
2005 жылы желтоқсан айының 22 жұлдызында № 426 бұйрықпен 
бекітілген  субъектілердің  қаржы-шаруашылық  қызметі  есеп  шот-
тарының Жұмыс жоспары сыртқы экономикалық қызметті дамыту, 
халықаралық капиталды тарту және еркін кәсіпкерлік аймақтар құру 
өте  қажет  болғандықтан,  халықаралық  стандарттарға  жақындату 
үшін жасалған. Ол 2006 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енді. 
Одан басқа, нарықтық қатынастардың даму жағдайына байланы-
сты бұрын сәйкес шоттар қарастырылмаған есептің объектілері пай-
да болды. Мысалы, материалдық емес активтер, акциялар, облигаци-
ялар және басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар. Меншіктің 
мемлекеттік емес түрлерінің  пайда болуымен  бухгалтерлік есепте 
қолданылған  бұрынғы  әдістердің  көбісі  қолайсыз  болып  қалды. 
Мысалы, акционерлік қоғамда «Капитал» шоттарындағы сомалар-
ды негізгі құралдардың тозуына азайту қисынсыз болады. Өйткені, 
бұл  —  қолда  бар  акциялар  мөлшеріндегі  кәсіпорынды  құрудағы 
қатысушылардың салымдары.
Жұмыс жоспарында 200-ден астам баланстық шоттар бар. Онда 
Типтік жоспардан ерекше баланстан тыс шоттар болмайды. 
Шағын  кәсіпорындар  үшін  бұл  шоттардың  толық  құрамын 
пайдаланудың қажеті жоқ. Бухгалтерлік есеп шоттарының негізінде 
төмендегі шоттардың қысқартылған жүйесімен өзіндік жұмыс жо-
спарын құру қажет.
 
Бөлім
Аталуы
Шоттардың
нөмірлері
1
2
3
Негізгі құралдар
Негізгі құралдар
Негізгі құралдардың 
тозуы
2410, 2510, 2520
2420
Өндірістік қорлар
Материалдар
1310—1317
Өндіріске жұмсалған 
шығыстар
Негізгі өндіріс
8010

146
Дайын өнім, тауарлар және 
өткізу
Дайын өнім
Өткізілген өнім, 
жұмыстар, қызметтер 
және тауарлардың 
өзіндік құны
1320
7010
1
2
3
Ақша қаражаттары
Кассадағы қолма-қол 
ақшалар
Есеп айырысу 
шотындағы ақшалар
Валюталық шоттардағы 
ақшалар
Арнаулы шоттардағы 
ақшалар
1010—1020
1040
1050
1070
Есеп айырысу
Алуға тиіс шоттар
Төленуге тиіс шоттар
Бюджетпен есеп 
айырысу
Басқа әртүрлі 
кредиторлармен есеп 
айырысу
1210
3310
3110—3190
3540
Қаржыландыру
Қаржылық нәтижелер мен 
табысты пайдалану
Банктердің несиелері
Жиынтық пайда (залал)
Жиынтық табысты 
пайдалану
3010, 4010
5410
5430
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Субъектілердің  қаржы-шаруашылық  қызметі  бухгалтерлік 
есеп шоттарының Типтік жоспарын дайындау мен оны енгізу неге 
қажет болады?
2. Баланстан тыс шоттар дегеніміз не, олар не үшін қолданыла-
ды?
3.  Жұмыс есеп жоспары не үшін құрылады?
4.  Пайдаланатын  шоттардың  санын  кеміту  үшін  шоттардың 
жұмыс жоспарын құру кезінде қандай қағида қолданылады?
76. Есептің үлгісін таңдау. Аналитикалық есептің 
регистрлерін таңдап алу
Бұл бөлімшеде бухгалтерлік есептің Бас-журнал және Ордерлі-
журнал үлгілерін пайдаланумен шаруашылық қызметті жүргізудің 

147
сызбалары көрсетілген. 
Бас-журнал  (мемориалды-ордерлі)  үлгінің  көрсетілген  вариан-
ты  өзінің  қызметін  өндіріс  пен  қызметтер  саласында  жүргізетін 
кооперативтерде,  ұйымдарда  есепті  регистрлерді  қолдану  және 
бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша нұсқауларға сәйкес зерттеліп, 
дайындалған.
Типтік  регистрлерге  анықталған  кемшіліктерді  жою  мақса-
тында  өзгерістер  енгізілген  (бухгалтерлік  есепті  жүргізу  мен  бух-
галтерлердің  тәжірибелі  дағдыларына  сәйкес):  а)  аналитикалық 
есептің  барлық  ведомостарына  бухгалтерлік  есеп  шоттарына 
тән  көрсеткіштері  —  «Дебет»,  «Кредит»,  айналым  ведомосының 
реквизиттерін  сақтаумен  «Корреспонденцияланатын  (байланыса-
тын)  шот»  бағанасы  енгізілген;  ә)  шаруашылық  кітабының  орны-
на синтетикалық есептің мәліметтерін білікті қорыту, жүйелі және 
хронологиялық  есепті  өзара  салыстыру  мен  баланс  толтыру  үшін 
ақпаратты  дайындаудың  мүмкіндігін  беретін  журнал  —  бас  кітап 
енгізілген.
Бастапқы  құжаттардың  негізінде  хронологиялық  бірізділікпен 
сол  айдың  барлық  шаруашылық  операциялары  жазылады.  Соны-
мен,  әрбір  операция  бойынша  кітапта  тіркелген  сомалар  тиісті 
шоттардың  «дебет»  және  «кредит»  бағаналары  бойынша  қосарлы 
жазудың  әдісімен  бейнеленеді.  Әр  айдың  аяқталуы  бойынша 
әрбір  шот  бойынша  айналымдары  есептеледі  және  тоқсанның 
соңында  бухгалтерлік  балансқа  көшірілетін  қалдықтар  есептеліп 
шығарылады. 
Құжаттар
Касса
Аналитикалық есептің ведомостары
Журнал — бас кітап (синтетикалық есептің регистрі)
Баланс

148
Журнал-ордерлі  үлгі  де  біздің  республикада  шаруашылықтың 
барлық салаларындағы кәсіпорындарда кеңінен қолданылады.
Бухгалтерлік  есептің  ерекшеліктерін  есіңізге  салайық.  Есепті 
регистрлер болып синтетикалық есептің карточкалары, жинақтаушы 
ведомостар,  сондай-ақ  көбінесе  өзінің  құрамында  аналитикалық 
және синтетикалық есепті үйлестіретін журнал-ордерлер саналады. 
Бас  кітап  синтетикалық  есепті  алып  жүреді,  ал  есепті  регистрлер 
болса  (карточкалардан  басқа)  байланысатын  (корреспонденция 
болатын)  шоттардың  қиылысында,  шаруашылық  операциялардың 
сомаларын бір жұмыс тәсілімен жазуға мүмкіндік беретін, сызудың 
шахмат тәрізінде жасалған.  
Бас  кітап  кредиттік  нысан  бойынша,  яғни  журнал-ордерлердің 
нөмірлерін қоса, шоттардың кредитінен әрбір шоттың дебеті бойына 
айналымның мағынасын түсіндіру жолымен құрылған. 
Одан басқа, бас кітапта есепті кезеңнің басы мен соңына сальдо 
(қалдық)  және  кредит  бойынша  жалпы  сома  жазылады.  Кезеңнің 
соңындағы  сомалардың  жиынтықтары  мен  журнал-ордерлердің 
көрсеткіштері балансты толтыру үшін негіз болып табылады.
Журнал-ордерлі  үлгі  жұмыстың  кеңдеу  көлеміне  қарамастан, 
дәлірек,  дұрыстау  және  толығырақ  болады,  өйткені  балансты  құ-
растырудың  барысы  бойынша  бас  кітапты  аналитикалық  есептің 
карточкаларымен  салыстыру  түрінде  жұмыстардың  орындалуы 
жөнінен бақылауды қамтамасыз етеді.
 
 
Құжаттар
Касса
Негізгі құралдар, 
материалдар, өндірістік 
шығындар — жұмыстар, 
қызметтер, бұйымдар 
бойынша аналитикалық 
есептің карточкалары
Өңдеуші кестелер, 
жинақтаушы және топ-
тастырушы ведомостар
Баланс
Бас кітап
Журнал-ордерлер

149
Бухгалтерлік  жазулар  негізінде  әр  айдың  шаруашылық  опера-
циялары жазылатын бастапқы құжаттар тігіледі. Олардың әрбіріне 
жеке-жеке  жазудың  нөмірі  (кітап  немесе  ведомость  бойынша)  мен 
дебеттелетін және кредиттелетін шоттардың шифрлары қойылады. 
Бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік қағидаларын сақтау кезінде 
кәсіпорынның  өзі  есептің  үлгісі  мен  ақпаратты  өңдеудің  техноло-
гиясын таңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет