Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны үшін 2005 жылы қыркүйек айының 13 жұлдызындағы № 3 келісіміне сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 38000 3 типті операция А (+) П (+)
кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жы- лы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
3350
П (-)
|
— 3220 = П (+)
|
4500
|
2 типті операция
|
цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо- сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
3350
П (-)
|
— 3390
П (+)
|
=
|
18000
|
2 типті операция
|
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 «Қыс- қа мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық опе- рация № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3010, 3020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы № 857 төлемтапсырмасыменбанктіңкелісім шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
-
3010
|
— 1040
|
=
|
500000
|
4 типті операция
|
П (-)
|
А (-)
|
|
|
|
ә) Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар бойынша мін- деттемелер» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан (төлене- тіндіктен), шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кре- дитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3110, 3130—3190 1010—1040 МСИ-ның декларациялары,
шот-фактуралар, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада салықтар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |