Буын. Зерттелуі және түрлері



бет12/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
К. Бейсенбаева: Жалаң буын мен тұйық буыннан не жалаң тұйық буындардың бірі келіп, арасында дауыс үзілмесе буындар кірігеді. Буындар кіріксе, буынның шегі немесе буын өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Бір буындағы дыбыстар түгелімен жуан не жіңішке болады. Буындар арасында дауыстының түсіп қалуы (торы ат - торат) буын ығысуы, дауыссыздың кейінгі буынға сырғуы (аты - а-ты) буын жылысуы деп атайды.
Соңғысын буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болады деген пікір айтқан. [7, 53 б]

Қорытындылай келе, қазақ тілінде сөзді, сөйлемді дұрыс құрауда, дұрыс айтуда, сауатты жаза білуде буынның атқаратын қызметі айрықша. Тілде дыбыс, әріп қаншалықты маңызды болса, буынның да маңызы соншалық. Буынға бөлу арқылы сөздің дыбыстық құрамы анықталады. Интонация, үндестік, тасымал, орфоэпия бәрі де буынмен тығыз байланысты. Тіпті, мектепті енді аттап, алғаш әріп танып, ана тілін енді меңгере бастаған балаға дұрыс оқуды үйрету үшін ұстаздар әрбір сөзді ең бірінші буынға бөліп оқытудан бастайды. «қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Демек, ғалым Қ. Жұбанов көрсеткендей, буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұға алмайсың, буынды білмейінше сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, «ажарлап сөйлеу», «әсерлеп оқу» сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың.


Ал буын түрлеріне келер болсақ, бұл мәселе жөнінде тіл білімі ғалымдары әр түрлі қарастырады. Әр ғалымның өз пікірі, өз классификациясы бар. Сонымен, тілімізде алты түрлі, төрт, үш, екі түрлі де буын болатынын аңғардық. Десек те, кезінде тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов көрсеткен буынның үш түрі: ашық, тұйық, бітеу буын бүгінгі барлық оқулықтарда көрсетіліп жүр. Бірақ қай буын түрі болмасын бастысы сөйлеуде де, жазуда да ол теориялық және практикалық жағынан ыңғайлы болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет