Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет88/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

2-жүргізуші: Енді барлығымыз 
«Ашуыңызды ірке білесіз бе?» атты тест 
орындаймыз. 
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Әр 
адамның шыдамдылығы әр алуан. Сол шыдамдылықты тест арқылы анықтаймыз. 
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе? 
1) Әрқашан; 
2) Анда-санда; 
3) Ешқашан; 
2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз? 
1) Ішімнен ашуланамын;
2) Өз-өзімді ұстаймын;
3) Өз-өзімді ұстай алмаймын; 
3. Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды? 
1) Өзімшіл және қызғаншақ;
2) Мейірімді;
3) Салмақты және өз-өзіне сенімді; 
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз? 
1) Сенімсіздікпен келісім беремін;
2) Ойланбай келісем;
3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін; 
5. Егер сіздің рұқсатыңызсыз үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз? 
1) Қатты ұрсамын;
2) Орнына қойдырамын; 
3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын; 
6.Сіздің өз машинаңыз бар деп ойлаңыз. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстар 
едіңіз? 
1) Алдындағы машинаны қуып жетесіз; 
2) Сізге бәрібір, қанша машина озады; 
3) Машинаны қатты жылдамдығына саламын. 
7. Сіз өмірге қалай қарайсыз? 
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты. 
8. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз? 
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз. 
9. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз? 
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 
3) Солармен біз неге әуреленеміз; 
10.Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз? 
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 
2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады; 
3) Келесі ретте менің жолым болады; 
11.Қорқынышты киноны қалай көресіз? 
1) Қорқасыз;
2) Жалығасыз;
3) Жақсы көңіл бөлем; 


115 
12.Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз: 
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 
2) Тіл табысуға тырысасыз;
3) Өкінесіз; 
13.Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз? 
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз; 
14. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе: 
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз;
2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз;
3) Арыз кітабымен директорға барасыз. 
15.Сіздің өз балаңыз бар. Егер сіздің балаңызды мектепте ренжітсе: 
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын; 
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін; 
16. Сіз қандай адамсыз? 
1) Қалыпты; 
2) Өз-өзіме сенімді; 
3) Өткір. 
17. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім 
сұраса сіз не дейсіз? 
1) Оқасы жоқ;
2) Көзіңе қарамайсың ба;
3) Кешіріңіз мен кінәлімін. 
18. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз? 
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 
2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 
3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі. 
19. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз? 
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет