Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет87/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100
Байланысты:
Эл.портф. Бузаубакова Бупетаева ПОСЛ ВАР 1 курс 2018-2019

2-жүргізуші: Қиындықтан қалай құтылып шығуға болады, келесі тренингіміз соған 
арналмақ. 
«Бойымен сапқа тұру» 
Барлығымыз орнымыздан тұрайық. 2 топқа бөлінеміз. Сөйлеуге болмайды. Сіздер 
өздеріңізді «мылқаулар» деп ойлаңдар және сіздерге бойымен тұрып шығу керек. Бастайық! 
Нәтижеге тез жету үшін не істеу керектігін алдын ала келісіп алыңыздар. Сіздерге 1 минут 
беріледі. Жылдам сапқа тұрған топ жеңіске жетеді. 
1-жүргізуші: Өмірде түрлі-түрлі қиын жағдаяттар туындап отырады 
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, ондай жағдайдан әркім өз тапқырлығының 
нәтижесінде ғана шыға алады. Олай болса, жағдаятты біздің топ студенттері қалай 
орындайды екен? 
1-жүргізуші: Келесі кезекті «Қиын жағдайда достар өзін қалай ұстайды?» атты 
рөлдік ойынға береміз 
Мақсаты:Жақын достарыңызға байланысты қиын жағдайларда өзін-өзі ұстау 
дағдыларын қалыптастыру; 
Ойын барысында оқушылар қиын жағдайларды сахналайды, оны талдайды, содан 
кейін одан шығудың жолдарын ұсынады. Сондықтан, оқушыларда өздерін ұстауы мен 
достары арасындағы қарым-қатынасқа анықталған қөзқарас қалыптасады. Сонымен қатар 
қиын жағдайларда өздерін ұстау дағдыларын қалыптасады. Сіздер топқа бөлінесіздер. 
Содан кейін топ ішінде тапсырылған жағдайды талдап, 5 минут ішінде сахналық көрініс 
дайындап және одан шығу жолдарын ұсынуларыңыз тиіс Дайындалған көріністі барлық топ 
оқушыларына көрсетулеріңіз керек. 
Жағдай №1 Сіз досыңыздың достасып жүрген қызының басқа бір жігітпен кездесіп 
жүргенін білесіз. Сіздің досыңыз бұл туралы ештеңе білмейді. Сіз бұл туралы оған айтасыз 
ба? Бұл жағдайды досыңызға қалай жеткізесіз? 
Жағдай №2 Сіздің досыңыз ағылшын сабағын босатты. Ол сізге сабақты босату 
себебін айтты. Оның айтуы бойынша ол ағылшын сабағына дайын емес, сондықтан аурып 
қалып, дәрігерге барамын деді. Шындығында ол бір сабақ бойы бос жүрді. Ол сізден осы 
мәселе бойынша ата-ананың алдында өзін жақтап сөйлеуді ұсынады, себебі оның ата-анасы 
сіздің сөзіңізге ғана сенеді. Бұл жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстайсыз? 
Жағдай №3 Сіздің досыңыз сізден екі жас үлкен. Сіздің ата- анаңыз бұл туралы біледі 
және онымен дос болуға тыйым салды. Бұл достық сіздің оқуыңызға ешқандай бөгет 


114 
жасамайды, сонымен қатар, оның ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы. Бұл жағдайда 
не істер едіңіз? Сіз ата-анаңызға бұл достықты қорғап қалу үшін не айтар едіңіз?Немесе осы 
достықтан ата-анаңыздың сөзіне байланысты бас тартар ма едіңіз? 
Жағдай №4 Мұғалім сабақты бастауға кірісті, барлық оқушылар тынышталды
кенеттен сіздің досыңыз өте қатты күлді. Мұғалім ештеңе айтпай жатып, досыңыз «Мен 
сізге қарағанда ылғи да күлкім келеді. Сіз сабақ бастағанда, мен қатты күлдім» деді. Осы 
жағдайдан сіз жолдасыңызға калай көмектесер едіңіз? Досыңыздың қылығын дұрыс деп 
санайсыз ба? Оны басқа сыныптастарыңызға қалай түсіндірер едіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет