Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет90/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
1-жүргізуші: Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге 
ұнаған түсіңізді таңдаңыз. 
Таңдаған түсін жазады. 
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық 
мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар. 
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар. 
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын
тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар. 
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар. 
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық 
сүйетін адамдар. 
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар 
сенімді, тұрақты адамдар. 
2-жүргізуші: Келесі тренинг: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау» 
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, 
сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі. 
Құрал –жабдық: қағаз, қалам 
Ойын ережесі 
• 
-бір-бірін тыңдау 
• 
-уақыт үнемдеу 
• 
-белсенділік таныту 
• 
-достық қарым-қатынас 
• 
-жағымды эмоция тудыру 
Барысы: 
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады. 
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады. 
Мысалы: «Өмірдің ағымынан қалмау» 
• 
«Ешқашанда білмеймін демеу» 
• 
«Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау» 
• 
«Биік шыңға ұмтылу» 
Аутоагентті жаттығу. 
Тренингке барлық оқушы қатысады. 
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру 
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез 
ерекшелігін айтады) 
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ 
қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы 


117 
жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез 
ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан 
дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне 
естелікке қалдырады. 
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман 
қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп 
қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет