Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет89/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   100
Жауабы: 36-44 ұпай алса, өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, 
агрессиясы орташа адам. 
45-60 ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай 
алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын 
құрбандыққа шалуы мүмкін. 
35-ұпайдан төмен алған өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде 
кішкене батылдық сенімдік қажет. 
2-жүргізуші: Әуенді терапия 
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін 
көтеру. 
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген 
суреттер. 
Уақыты: 7-10 минут 
Ұйымдастыру кезеңі: 
а) Студенттерді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау. 
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну. 
б) Әуенді қосар алдында студенттер көздерін жұмуы тиіс. 
Кіріспе: 
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз. 
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз. 
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады) 
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз … 
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз … 
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді … 


116 
- Алма бағы … 
- Қып-қызыл алмалар қол созым жерде … 
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз … 
- Дәмі керемет … 
- Жеген сайын жегіңіз келеді … 
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз … 
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба. 
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді … 
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз … 
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты … 
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз … 
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? 
Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза … 
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка 
тоқтатылып, студенттер көздерін ашады. Өз әсерлерімен бөліседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет