111
Үлгі 8.2
ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Бектенова Жадыра Сапарқызы Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта
мектебінің 8 «А» сынып оқушысы. Бектенова Жадыра 2005 жылдың 11 қаңтарында дүниеге
келген, Қапал көшесі 45 үйде тұрады. Сырт бейнесі өте тартымды. Мектеп формасы өзінің
денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 158 см, салмағы 44 кг. Дене дамуы
өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы жағдайы жақсы. Дәрігердің қойған
диагнозы- «Вазом реншит».
Көзінің
көру
күштік
өлшемі
-«1,0».
Жадыраның анасы Раушан Байзақ ауданында Жұмыспен қамту орталығында жұмыс
істейді. Әкесі Сапар жұмыссыз. Отбасында екі бала. Жадырадан кіші екінші сыныпта
оқитын
сіңілісіАйша
бар.
Жадыра көбінесе ән айту жағына бейім. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды
жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Жадыра сыныптатоп
басшысы болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы
бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу
жағынан үнемі алға тартып, сыныпты ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға
белсене араласады. Мектепішілік «Қыз сыны»байқауына қатысып, өзінің сегіз қырлы, бір
сырлылығымен көзге түсіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңіс күніне арналған
шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді.
Мектептегі «Өнерлі оқушы» атағына ие болды. Оқу жұмысына деген белсенділігі де
жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Химиясабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі
түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына
жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз
босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – екпінді. Жадыра барлық сабақты жақсы оқиды. Тек
математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін
мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс
жасайды.
Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап
отырады. Есте сақтау қабілетіжақсы, оқушының ерік-жігері күшті дамыған, алдына қойған
мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі Мазасыз емес,
сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы ырықты. Жадыра сангвинникке
көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоционалды жауап береді,
оның
сезімдері
сыртқы
қылықтарынан
көрінеді,
ашулануы
сирек.
Оқушылармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.
Жадыраның байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың
қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады
дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады.
Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды.
Жадыра мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының
барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез
тіл табысып кетеді.
Жадыра кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: