Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
Үлгі 9.2 
 
«Өмірді тану - өзіңді тану» (психологиялық тренинг) 
Мақсаты:Өзін-өзі тану – өмірді тану екендігі ұғындыру, адамгершілік 
құндылықтарды бойларына сіңіруге тәрбиелеу. 
1-жүргізуші: Армысыздар, 
ұрпағын ізгілікке бастаған, шәкірттер жүрегіне 
адамгершіліктің дәнін себуге ұмтылған ұстаздар! 
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, көңілі шат, арманы асқақ, талғамы биік студенттер! 
1-жүргізуші: Бүгін тобымызда «Өмірді тану - өзіңді тану» тақырыбында 
психологиялық тренингтер сағаты өткелі отыр. 
2-жүргізуші: Иә, «Өзіңе деген махаббат - тамаша нәрсе, өйткені ол - адамның өз 
қабілетін сезінгенінің белгісі» деп Т.Гоббас айтқандай адам өзін-өзі қабылдай білсе, істеген 


113 
іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын 
жоғалтпаса, біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болар еді. Өмірімізде қызыққа 
толы ғажайыптар көбірек болатын еді. Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен 
қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде 
қалыптастыратын едік. Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді. 
1-жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ. 
«Ағаш» жаттығуы. (Оқушылардың көңіл күйін анықтау) 
Жаттығу мақсаты: Топ оқушыларының көңіл күйін анықтау. 
Нұсқау: «Көздеріңізді жұмыңыздар және өздеріңізді қандай да бір ағашпын деп 
ойлаңыздар. Енді сіздер ойлаған ағаш қандай, айналадағы ауа-райы қандай, және сіздердің 
ағаштарыңыз өздерін қалай сезініп тұрғаны туралы айтып беріңіздер. 
2-жүргізуші: Қ.Нақысбеков 
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі, 
Жігіттің керек мұны аңғаруы. 
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның 
Тіптен оңай адасып, сандалуы. 
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан, 
Әдептілік әділдіктен нәр алған. 
Кең болғанның кем болғанын көрмедім, 
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет