12 - тезис. Түсініктемені жаза алмау. Сауатты жазылған түсініктеме оқырмандардың мақалаға деген қызығушылығын арттырады. Практикада мақаланың не туралы жазылғаны, мәселесі неде, оны автордың қалай шешетіні, қандай нәтижесі бары түсініксіз, шашыраңқы жазылған ойларды оқуға тура келеді. Түсініктеменің кең таратылған қателері - бір нәрсенің маңыздылығы, білім берудегі АКТ, оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысы немесе әдебиет үшін романның маңызы туралы жалпы мәліметтің баяндалуы.
Түсініктеме – тұманданған дүниенің орны емес. Түсініктеме – шын мәнінде, қолдану аясы, дозалануы және жағымсыз қасиеттері бар дәріге берілген нұсқау сияқты. Қысқаша, анық, артық сезімдерсіз және лирикалық шегінулерсіз жазылады. Түсініктемнің бірінші сөйлемі мақаланың атауын өте жиі мазмұндайды. Бұл дұрыс емес. Жалпыға бірдей жұмыспен қамту және күшті үнемдеу жағдайында оқырмандардың уақытын құрметтеу керек. Түсініктеменің әрбір сөйлемі не? қалай? неге? не үшін? ары қарай не болады? деген нақты сұрақтарға жауап беруі керек.
13 - тезис. Кілт сөздерді анықтай алмау. Педагогика бойынша журналға мақала беру керектігін біле отырып, кілт сөздерді педагогика, мұғалім, оқушы, сала, мақсат, міндеттер, стратегия т.б. қояды. Автордың абстракті ойларды, пәндік терминдерді, концептуалды қатаңдықты дамытуы қажет, ол үшін үнемі ғылыми мәтіндерді, оның ішінде шетелдік мәтіндерді оқудан артық ең тамаша тәсіл жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |