ЦәК төрайымы Блейменова Б


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар



бет16/22
Дата14.10.2022
өлшемі101,89 Kb.
#43067
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
3.9.3 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.
Ситуациялық есептер:

  1. 43 жастағы Е есімді науқас жедел-жәрдеммен жұқпалы ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: бастың ауыруы, t-39,5ºC, әлсіздік, қалтырайды, аяқ-қолдары сырқырап ауырады, кейде құсады. Құсығы қою қоңыр түсті.



Эпидемиологиялық анамнезінде: Науқас 1 апта бұрын аң аулауға шығып, сол жақта 1 күн қонғандығы, қоян етін жегендігі белгілі болды. 4-5 күндері науқас мазасызданып, шағымдары басталған.
Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы ауырлау, сана-сезімі толық сақталмаған. Сөздері түсініксіз, мазасыз, әлденеден қорыққандай үрейлі. Беті ісіңкі, үшкірленген, бозарған. Терісі құрғақ, ыстық, ауыз қуысы, тамағында майда қан ұю белгілері байқалады. Тілі ақ-сұр қабықпен қапталған. Тахикардия 120 рет/мин; қан қысымы 90/60 м.м.с.б. Лимфа бездері ісінген. Әсіресе, мойынасты, құлақасты лимфа бездері ісінген, қабынған іші ірің мен қанға толы. Ауырады, беті жылтыр, қоңыр - қызыл түсті. Бауыр, көкбауыр ұлғайған.
Сұрақтар:
1) Болжамалы диагноз қойыңыз?
2) Клиникалық қай түрі?


Жауаптары:
1. Оба ауруы.
2. Бубонды.
2 .22 жастағы Д есімді азамат жедел жәрдеммен ауруханаға ауыр жағдайда түскен.
Шағымдары: Дене қызуы 39,5°C, ұйқысы бұзылған, басы ауырып, денесі сырқырайды, өте әлсіз. Іші өтіп ауырады, құсады, оң көзі ауырады, жасаурайды жас тоқтамайды, тамағы жұтынғанда ауырады.


Эпидемиологиялық анамнезінде: Науқастың 7-8 күн бұрын табиғатқа демалуға шыққаны, сол жерде суға шомылғандығы анықталды.
Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, сана сезімі өзгерген, шаршаңқы, жабырқаулы, ауыз қуысында катаральді ісіну, тілі сұрланған. Мойын асты, құлақ асты, жақ асты бездері ісінген, бездерге жақын маңайларда ісіну (бубондар) пайда болған. Басқанда ауырады, іші іріңге толған, көлемі тауық жұмыртқасындай.
Пульс: 112 рет\мин. Қан қысымы 100\70 м.с.б. Бауыр, көкбауыр ұлғайған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет