ЦәК төрайымы Блейменова Б


Сұрақтар: 1) Болжамалы диагноз қойыңыз? 2) Аталған аурудың қандай түрі? Жауаптары



бет17/22
Дата14.10.2022
өлшемі101,89 Kb.
#43067
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Силлабус Лаб диог

Сұрақтар:
1) Болжамалы диагноз қойыңыз?
2) Аталған аурудың қандай түрі?
Жауаптары:
1. Туляремия.
2. Бубонды.
Жұқпалы ауруханаға Е. Есімді науқас жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Шағымы: Жүрегі айнып құсады, іші кеуіп кете береді, нәжісі кейде аздап сұйықтау. Дене қызуы 39,2 С; қан қысымы-90/60; Обьективті қарағанда : ауыз қуысы құрғақ, тілі ісінген, екі шетінде тіс таңбаларының іздері бар. Кеуде аймағы мен іш, яғни кіндік айналасында дм-2,3 мм; 7,8 элементтен тұратын розеолезді бөртпелер бар. Жалпы науқастың ауырғанына 6-7 күндей болған. Эпид. анамнезінде науқас 20 кундей бұрын белгісіз жерден күдікті тағам ішкені анықталды.

  1. Қандай ауру түрі деп ойлайсыз?

  2. Емдеу принципін жазыңыз.

Жұқпалы ауруханаға С. Есімді науқас жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Шағымы: Іштін оң жақ бөлігінің бүріп ауыруы, іштің өтуі-тәулігіне 15 ретке дейін, нәжісі ірің мен қан аралас, өте аз мөлшерде, түкіріктің көлеміндей. Дәретке барғанда қатты күшеніп қиналатынын айтады. Аналь тесігінің ауырып, ашитынына да шағымданды. Жалпы ауырғанына 4-5 күндей болған. Дене қызуы 39 С; қан қысымы-110/80; Обьективті қарағанда: ауыз қуысы құрғақ, тілі ақ-сұр қабықпен қапталған, пальпация жасағанда іштің төменгі оң жақ бөлігі ісінген, білеуленіп қолға білінеді, басқанда ауырады. Эпид. анамнезінде науқас 7-8 күн бұрын жол жүріп, белгісіз жерден күдікті тағам ішкенін айтты.



  1. Қандай ауру түрі деп ойлайсыз?

  2. Қандай диагностикалық әдістер жүргізуге болады?

  3. Емдеу принципін жазыңыз.

Жауаптары:

  1. Іш сүзегі ауруы. Орташа турі.

  2. Дизентерия ауруы. Колитикалық формасы.



2. 5 жастағы М есімді оқушыда аурудың 3 күні келесі белгілер пайда болды: жалпы әлсіздік, мұрнынан шырыш бөлінеді, құрғақ жөтел. Температурасы -38 С. Интоксикация көріністері əлсіз. Катаралды синдром ерте басталған. Дауысы қырылдайды, жуан жөтел, инспираторлы ентігу байқалады. Көгереді, тахикардия, демі әлсіз.
Сұрақтары:
1. Болжамды диагноз қойыңыз?
2. Науқасты госпитализациялау қажет пе ?

1. Парагрипп, орташа ауырлық дәрежесі.


2. Клиникалық белгілері бойынша ерте жастағы балалар мен аурудың орташа және ауыр дәрежелері бойынша науқастарды госпитализациялау қажет.
3. 21 жастағы Б есімді науқаста 38,9 С қызба, мұрны бітелген, жұтқыншағыауырсынады, жақасты және мойындағы лимфатүйіндері 1,5 см ұлғайған, жұмсақ. Көзі қанталаған. Жалпы қан талдауында: лейкопения, лимфо- және моноцитоз.
Сұрақтары:
1. Болжамды диагноз қойыңыз?
2. Антибиотиктер беріледі ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет