Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі



бет63/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   214
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

Өзін өзі тану
"Туғандар мен туыстар
«Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру; туыс,туысқан ұғымы жайлы түсінік беру; туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
«Жақсы мен жаман» өленің жатттау
Балаларды дауыс ырғағымен мəнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына
деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу
Музыка
«Өзіңе жəне өзгелерге көмектес»
1.Əн -күйлерді тыңдау , қабылдау, есте сақтау жəне музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету. Бейнелі қимылдардыбере білуге талпындыру.
Үлкендерге, кішілерге сыйластық , мейірімділікпен қарауға , əдептілікке баулу. Біздің оркестр , ар түрлі аспаптарда , бір-бірін тыңдап , ырғақты сақтап ойнауға баулу.
Дене шынықтыру
1.Секіру. Сапқа тұру
(далада)
Қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м) секіруді үйретуді жалғастыру. Сап түзеуден екі, қатармен қайта тұруға үйрету

Сөйлеуді дамыту
«Теңіз әлемі»
(сурет бойынша әңгімелеу)
балалардың сөздік қорын
жұрнақтар жəне жалғаулармен
байыту; түбірлес сөздерді жасау жəне қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай жəне күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
9 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану жəне атай білуді және көрнекілік негізінде 9 санының пайда болуымен үйретуді жалғастыру. 9 көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (5 жəне одан артық) биіктігін мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу жəне кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет