Д. Ж. Алипова 2022 ж. «Мәңгілік ел»


Оқытылатын пәннің жоспары



бет3/24
Дата19.10.2022
өлшемі181,46 Kb.
#44122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
умк мангилик ел

1.4.3. Оқытылатын пәннің жоспары






Тақырып атауы

дәріс

практикалық

СОӨЖ

СӨЖ

АБ




1

2

3

4

5

6

7




1

Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениеті - « Мәңгілік ел» идеологиясының ірге тасы.

2

1

1

5

1






2

Ежелгі түркі мәдениеті- «Мәңгілік Ел» идеясының негізі.



2

1

1

5

1




3

Орта ғасырларда қазақтардың рухани мәдениетінің гүлденуіне ойшылдардың үлесі

2

1

1

5

1




4
5

Дәстүрлі қазақ мәдениетінің рухани құндылықтары(XV-
XVIII ғғ).- қазақтану мәселесінің негізі.
Кейінгі орта ғасырларда рухани мәдениеттің дамуы.

2

2


1

1


1

1


5

5


1

1





6

Қазақ халқының салт – дәстүрлері – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі.

2

1

1

5

1




7

Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы

2

1

1

5

1






8

Қазақтардың рухани мәдениеті отарлық кезеңде. Ұлттық рухты сақтап қалу жолындағы күрес

2

1

1

5

1




9

Қазақ халқының музыка өнері

2

1

1

5

1




10

Қазақтың ұлы әнші композиторлары

2

1

1

5

1




11

Қазақтың ұлы күйші композиторлары

2

1

1

5

1




12



Қазақтың ұлы ағартушылары мен зиялыларының рухани мұралары

2

1

1

5

1




13

XIX-XX ғасырлар тоғысындағы қазақ элитасының рухани мұрасы

2

1

1

5

1




14

Қазақтардың менталитеті- қақастандық ұлт пен тұлғалардың дүниетанымдық ұстанымдарының негізі ретінде.

2

1

1

5

1




15

Қазақстандық жаңа патриотизм: даму және прагматизм.

2

1

1

5

1







Барлығы

30

15

15

75

15







150




  1. Дәріс сабақтарының тақырыптары

1 тақырып. Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениетіндегі « Мәңгілік ел» идеологиясының белгілері.
Дәріс мақсаты: Студенттерді Қазақстанның ежелгі тұрғындарының рухани құндылықтарымен таныстыру және олардың « Мәңгілік ел» идеясымен байланысын түсіндіру
Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениеті. Б.э-дан 2 мың жыл бұрын Балқан тауларынан Енисейге және солтүстік Қытайға дейінгі орасан зор кеңістікті ұзын бойлы, түстері ақшыл адамдар арийлер мекендеген. Қазақстан жері арийлер мекендеген аймақтың құрамында болған. Олар жылқыны қолға үйретіп, арбаға жегіп шаруашылыққа пайдаланған. Б.э.д. 2 мың жылдықтың үшінші ширегінде арийлер батысқа, шығысқа, оңтүстікке және солтүстікке әрлі-берлі көшіп, жергілікті тайпалармен араласқан. Кейбір тайпалар Европаға көшіп, олардан гректер, латындар, кельттер, тевтондар қалыптасқан. Арийлер Амудария және Сырдария өзендерінің бойында, Каспий және Арал көлдері жағалауында орналасқан халықтармен үнемі соғысып отырған. Арийлердің діни сенім-нанымдары, әдет-ғұрыптары «Авеста» дастанында баяндалады. Авеста - өлең-гимн (бағыт беру немесе мадақтау). Ол өлең күн мен айға, отқа, тауға табынушылардың діни талабымен жазылған. Жазған адам – Заратуштра. Ол өлген соң, абыздар қасиетті текстерді ұрпақтарға ауызша жеткізіп отырды. Ол иманды ой, иманды сөз, иманды іс – осы үшеуіне қарсы болған ақиқатты білмейтін «Зұлым Демон-Дәуді», «Зұлым аруақты», «Ахура Маньюды» талқандауды мақсат етті. Арийлер сиынған діни сенім тек бір жарым мың жылдан кейін Ирандағы Сасанидтер әулетінің кезінде «Зороастризм» деген атпен дін болып, бекітілді.
Қазақстан территориясында мекендеген сақ-үйсін тайпаларының этно және мәденигенезінің бірін-бірі толықтырған екі қайнар көзі болды. Олар «Авеста» дастанына негізделген ежелгі ирандық және ежелгі түркілік қайнар көздер еді.
Аң стилі. Көне дәуір адамдары өзін қоршаған орта, кеңістік суреттерін жартас беттерінде ғана бейнелеумен (сурет, таңба) қанағат тұтпаған. Қайта айналасындағы жан-жануарды, аспан шырақтары – ай, күн, жұлдыздар бейнесін өздері жасаған көркем бұйымдарына түсіріп отырды. Сөйтіп, ерте дүние шеберлерінің ақыл-ой, зейініне арқау болған табиғат сұлулығы, олардың шығармашылығында өзінің жарқын суретін тапты. Сақ-массагет тайпалары қалдырған мұндай аса бай қолданбалы өнер туындылары шартты түрде аң стилінің өнері делінеді. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды және сол дәуір адамдары аңыз өткен дүлей күштерді, ғажайыптарды бейнелеуге арналды. Бұлар қазан, құрбандық ыдыстар, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна сияқты заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеуден көрінеді. Ертедегі шеберлер өздерінің өнеріне қола, алтын, сүйек, мүйіз, темір, ағаш, тері, киіз материалдарын пайдалана білген.
Скиф-сақтардың аң стиліндегі өнерін шартты түрде бастапқы, өрлеу және құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б.э.б. ҮІІІ-ҮІ ғасырларға жататын өнер түрлерінде арқар, таутеке, жолбарыс, түйе, қабан, бұғылар бір орында тұрған қалпында, қимылға дайындалу процесінде бейнеленеді. Бұл жүгендерді, пышақты, балға-шотты әшекейлеуде көрінген, кейде жеке сымбат түрінде шөккен түйе, жатқан арқар мүсіндері алтыннан, қоладан құйылған. Мұны сақ-массагет қолданбалы өнерінің ең көне заманғы немесе бастапқы кезеңіне жатқызуға болады.
Б.э.б. ҮІ-ІҮ ғасырларда шеберлер жасайтын бейнелеріне динамика беруге, оны іс-әрекет үстінде суреттік мәнеріне жаттыға бастайды. Мұндай динамикалық іс-әрекеттер қисық сызықтар, бұрамалар, шырмауықтар, орамалар секілді қимылды көрсететін әдістер арқылы беріліп отырды. Мұндай өнер туындыларында жолбарыстардың бұғы, бұландарға шабуылы, қасқырдың, барыстың шиыршық атқан көрінісі, жыртқыш құстардың аңдарға түсуі, қасқырлардың өзара таласы, т.б. оқиғалы суреттер мазмұнға байлығымен тәнті етеді.
Бірақ, б.э.б. ІІІ-ІІ ғасырларды соншама дәуірлеп тұрған скиф-сақ өнерінің аң стилі біртіндеп құлдырау сәтін бастан кешіреді. «Аң стилі» енді бірте-бірте ою-өрнекке айналады да, оны енді ою-өрнектерге түсті тастан көз қондыру, бедерлеу техникасы алмастырады.
Ежелгі Қазақстанның жерінің оңтүстік-шығыс өңірін мекендеген «Тиграхауд» сақтарының өркениетінен кейін, сол жерде өздерінің мемлекеттерін құрып, сақтар мәдениеті мен өнерінің тарихи мұрагерлері болып қалыптасқан үйсін-қаңлы тайпалары өздерінің қайталанбас мәдениетін жасады.
Сақтардың дәстүрлі сәнді қолданбалы өнеріндегі «Аң стилінің» негізі көп өзгерместен үйсіндер мен қаңлылар өнеріне ауысты. Сол дәуірдің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары сақтардың да, үйсіндердің де мәдениетінде хайуандар образымен тығыз байланысты болды.
Хайуандарды қадірлеу, оларды қасиетті деп есептеу көбінесе сақтардың дәстүрлі қолөнерінде анық байқалады. Сондықтан оларды қоршаған хайуандар ортасы мифопоэтикалық өнердің де қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Біздің ежелгі отандастарымыз тек қолөнерде емес, сонымен қатар ауыз әдебиетінде де теңдесі жоқ тотемдік аңыздар қалдырған. Үйсіндер дәуірі кезінде жеке бір хайуанның қасиеттері туралы аңыздар белгілі бір тайпаның генеологиялық шежіресі ретінде қабылданған. Бұл бір аңның образының жеке тайпаның қасиетті аталығына (аналығына) айналуы. Қасиетті төтем «қасиетті хайуанның» көркем таңбасы, яғни бір аңның қасиетті таңбасына табыну, бұл ғұрпы түрі үйсіндердің қолөнеріндегі негізгі сюжеттік сарын болған.
Мысалы сақ-үйсіндердің қасиетті тотемдері болып: қасқыр-тотем, барыс-тотем, таутеке-тотем, бүркіт-тотем саналған.
Аңдар бейнеленген көркем дүние, мүліктер ол кездерде қасиетті деп есептеледі, соның негізінде тұмарша ролін атқарады.
Мысалы, тотем аңның бейнесі бар қару-жарақтар жауынгерге күш-қайрат, жараланбай соғысу мүмкіндігін береді деп есептеген.
Үйсіндер фольклорында тотем аңдарға арналып, олардың табиғи қасиеттерін дәріптейтін мифопоэтикалық аңыздар шығарылған. Бұл аңыздардың көркем идеясы мен сюжеттік негізі - тотем аңдардың жылдамдығы, күші, ептілігі т.б.
Біздің дәуірімізге дейін 1 мың жылдықтың орта шенінде сақтардың «Аң стилінің» сиқырлы әдет-ғұрыптық функциясы өте жоғары деңгейде дамып жетілді де, кейін үйсіндер тұсында ол стиль ою-өрнектік кесте түріне айналады.
1939 жылы Қазақстан Ғылымдар Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы археология және этнология институтының ғалымдары ұйымдастырған экспедиция Алматы қаласынан алыс емес Қарғалы тау шатқалынан қазба жұмыстары кезінде үлкен археологиялық жаңалық ашты. Қарғалы өзенінің бойындағы үйсін тайпасының бақсысы жерленген моладан ежелгі үйсіндердің 300-ге жуық алтын бұйымдарын тапты.
Бұлар үйсіндердің «Аң стилінде» жасалған онға жуық таутекенің кіші мүсіншелері, сырғалар, екі өркешті түйе бейнеленген жүзіктер, бұлардың барлығы кезінде өте белсенді болған бақсыны жерлегенде бірге көмілген дүниелер. Бұл бұйымдармен қатар осы қорымнан көркемдігі жөнінен теңдесі жоқ алтын тәті (диадема) табылды.
Алтыннан жасалған әшекей таспа «Қарғалы алтын тәтісі» деген атқа ие болды. Тәті-тікбұрышты, ұзындығы – 35 см, биіктігі – 4,4 см алтын бұйым.
Қарғалы алтын тәтісі - әйел бақсының қасиетті әшекей бұйымы. Бақсының бас киіміне тағылатын бұл бұйымда қасиетті хайуандар мен адамдар фризді композиция негізінде орналасқан.
Бұл бұйымның қалыптасып, жасалған кезі біздің дәуірімізге дейінгі 2-ғасыр. Тәтінің сюжеттік көркем ойы мен мақсаты адамдар өміріндегі қасиеттер: жақсылық пен зұлымдық, өмір мен өлім мәселелеріндегі тұрлаусыздықты көрсетуге негізделген.
Композициялық құрылымы солдан оңға қарай: қанатты айдаһар үстіндегі қиял-ғажайып құс-адам, тұғырда тұрған пырақ (пегас) ат, қайтадан құс-адам қасқыр үстінде бейнеленген.
Кейінгі лекте аюдың бейнесі де, үстіңгі жағында қиял-ғажайып тауыс құс бейнесі. Қанатты барыс мінген құс – адам, бұғы тәрізді зерен аталық пен аналық, екеуінің арасында тағы да қиял-ғажайып тауыс құс бейнеленіп, осымен композициялық жүйе бітеді.
Алтын таспаның өң бойында бейнеленген үш қасқыр адамдардың барлығының басында ежелгі көшпенділер сақтар, үйсіндер-қаңлылар киген бас киім шошақ бөрік (башлық).
Тәтінің беті асыл тастармен қапталған (инркустация). Бұйымдағы сердолик, бирюза тастар – үйсін зергерлік өнерінде кең түрде қолданыста болған асыл тастар.
Тәтідегі суреттердің оқиғалылығы және өте шебер жасалуы ежелгі үйсін зергерлерінің өнердегі тамаша ескерткіші екенін әйгілейді. Ондағы суреттерде үйсіндер мен қаңлылардың, ғұндардың ескілікті аңыздары бейнеленген болса керек.
Сақтардың, ғұндардың, үйсін-қаңлылардың сенім-нанымдары, тілі. Шынында ерте дүние адамдары өздері сеніп, құлшылық ететін табиғаттан тыс күштердің қаһарлы да құдіретті кейпін сомдауға ынта-ықыласын бағыштаған. Сондықтан көне өнер туындыларындағы мұндай көркем орындауларды сол кездің наным-сенімінен бөле қарауға болмайды.
Үйсін мен ғұндардың діни нанымдары сақ-массагеттердің табиғат күштері жөніндегі фантастикалық идеологиясының негізінде өрістеді. Сақтардың табиғат құбылыстары жөніндегі көзқарастары алуан түрлі және ала-құла болған. Күллі скиф-сарматтар «ең құдіретті» деп білген соғыс құдайы Ареске (Арыс болуы да мүмкін) үлкен құрмет көрсетті.
Ғұндардың да діни сенімдері сақтарға ұқсас болған. Жаңа жылдың алғашқы айында ұлыс көсемдері ғибадатханаға жиналып, құлшылық жасаған. Шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы, кішілі жортуыл-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Қадірменді адамдары өлгенде алтын-күмістелген аға табытқа салып жерлеген. Қызметші, күң-құлдары бірге көмілген. Өлтірген жауының басын әкелген ғұн жауынгері көсемнен сыйлық алып, әрі өлтірген жауының дүние-мүлкіне ие болған.
Сақтар мен савроматтардағы отқа табыну ғұрпы о баста күнге табынудан шыққан. Күн мен от зұлым, қас күштерден қорғап, тазартады деген ұғыммен молаларды өртеп тазарту әдеті савромат, сармат, сақ зираттарынан көп кездеседі. Ғұндар мен үйсіндер, сақтар қабірлерінен жиі шығатын қызыл бояу, сол қасиетті күн мен оттың символы болған. Тотемдік және магиялық ескі түсініктер мойындарына тұмарлар асудан, тас моншақтар қадау, киімге құс қауырсындарын тігіп алудан, ұлу, жылан бас сүйектерін тағудан байқалған.
Б.э.д. 1 мың жылдықта Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында табиғи діндер анимизм, тотемизм үстем болды. Бірте-бірте осы діндермен қатар зороастризм, буддизм элементтері ене бастады.
Қазақстандық тайпалар өздерінің атамзаманнан қалыптасқан көне заң-жоралғылары мен дәстүрлерін қадірлеп, берік сақтаған.
Сақ, ғұн, үйсін, қаңлылардың дәстүр-салттарының көп жағынан ұқсастығын көшпелі өмір заңдылығы қалыптастырған адамгершілік, ар-ождан, мінез-құлық көрсеткіштерінен бөле қарауға болмайды. Дәстүр-салттағы бұл мінездемелік ерекшеліктер уақыттың өтуімен байланысты жаңа ұрпақ талғамына сай жаңарып, толығып отырды. Міне осындай, көшпелі тайпалармен бірге жасасып келе жатқан асыл мұраның қатарына олардың тілін де жатқызуға болады. Тіл алғашында адамдар арасындағы қатынас құралы болса, кейін келе тайпалар мен тайпаларды табыстыратын да, шабыстыратын да өткір ойдың практикалық көрінісі болып алды.
Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде, ғұн, үйсіндер және түрік тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту да қиын. Бұл тайпалар иран-тұран, монғол-манчжур тілдерінің әлі іргесі бөлінбеген сатысындағы тіл қорымен пайдаланбады ма екен деген ой келеді. Мұнда Иран таулы қыратына парсы тайпаларының қоныстана бастауы кезінен парсы тілі тарихы әдебиетте атала бастайды, әрі Европа тілдерімен түбірлес деп қаралады. Ал түркі тілінің түп-тегі – қайдан және қай мың жылдықтардан басталатыны - ғылымда басы ашылмаған мәселе. Сондықтан, б.э.б. 1 мың жылдықта Қазақстан жерін мекендеген сақ, массагет, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының тілі жөнінде қорытынды шығаруға немесе алдын-ала көрегендік болжам айтуға асықпаған мақұл.
Сонымен, бұл тарауда қарастырған мәселелер төңірегінде төмендегідей қортынды жасауға болады.
Қазақстан жерін тас, қола дәуірінде мекендеген тайпалардың материалдық, мәдени мұралары көп болған. Ежелгі тайпалар табиғат құбылыстарынан қорыққанынан бір-біріне жақын жүрді. Қоршаған ортаның дүлей күштерінен бірігіп қорғанды. Күн көрінісінің негізі болған малын қысы-жазы бағып семіртті, осыдан бірте-бірте көшпелі өмір дағдысына көндігіп кетті.
Көшпелі өмір, қоршаған ортаның географиялық та, климаттық та ұқсастығы бұл тайпалардың наным-сенімі мен дүние танымына да бірегей ықпал жасап отырды. Нәтижесінде, адамдар мінезіндегі әдет-салтындағы ұқсастық жақтар пайда бола бастады. Бұл ұқсастықтар кейінгі скиф-сақ, ғұн, үйсін атымен жазба тарихқа белгілі бола бастаған тайпалардың жол-жоралғы, салт-дәстүрлерінде бой көрсеткен моральдық, ақыл-естік нормативтерді қалыптастырды.
Қазақстанда мекендеген ежелгі тайпалар адамзат мәдениетінің көне беттерін «аң стилі» өнер үлгісімен байытты, сөйтіп өз қолтаңбасын қалдырған жұрт санатында тарихта танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет