Негізгі терминдермен ұғымдар «Айналайын» ұғымы
Әскери дәстүрлер
«Қазақ» - еркін адам
«Мәрт», «қаһарман», «азамат» ұғымдары
Қазақ киіз үйі құрылысының философиялық мәні
«Жеті ата», «Үш жұрт» ұғымдары
Төрт түлік малдың қазақ үшін мәні
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақтардың сенім-нанымдары туралы айтыңыз.
2. Көшпенділердің өздеріне тән қандай ерекшеліктері болды?
3. Көшпенділер арасында адамдардың қандай қасиеттері бағаланды?
4. Көшпенділер мәдениетінің қандай нысандары (символдары) болған?
Негізгі әдебиеттер: 1 Мыңбаев Д., Бейсембайұлы Ж.Ұлт мұраты, 2014
2 Казакстан тарихы М.Б.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы , 2012
3 Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағыт-бағдарлары, А.Ш.Жангазин, Р.С.Кайсаринова, 2015.
4 Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы, Ш.Н.Нfғымов, 2012
5- тақырып. Кейінгі орта ғасырлардағы рухани мәдениеттің дамуы Дәріс мақсаты: Қазақ халқының рухани мәденитінің ғасырлар қойнауынан келіп жеткендігін ұғындыру.
ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қазақ тілі одан әрі дамып, әдеби тілдер халық тілдеріне жақындай түсті. Монғол тілі Қазақстанда кең тарай алмай, Алтын орда хандары тұсында мемлекеттік және ресми тіл ретінде түркі тілі пайдаланылды. Халық арасында бірнеше диалектіден тұратын қыпшақ тілі (ежелгі қазақ тілі) үстемдік етті.
Монғол шапқыншылығының кесірінен Қазақстанның шаруашылығы, мәдениеті күйзеліске ұшырады. Алайда, Шыңғыс хан және оның әулеті құрған империяда ислам діні басты дін ретінде дамып, Қазақстан халықтарының рухани мәдениетінің дамуына игі ықпал етті. Алтын орда мемлекетінің құрамында болған Дешті Қыпшақта ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет ерекше дамыды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда түркі әдеби тілінің екі диалектісі қарлұқ-ұйғыр, оғыз-қыпшақ тілдерінің құралу, түзілу, қалыптасу процестері жедел жүріп жатты.
ХІІІ-ХІҮ ғғ. қыпшақ тілінде көптеген әдеби ескерткіштер жасалды, халықтың ауыз әдебиеті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өзіндік суырып салма поэзиясы болады. Ауыз әдебиетінің жұмбақ, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары сияқты түрлері қыпшақ тілінің «Кодекс Куманикус» атты ескерткішінде сақталған. Сөздік екі дәптерден тұрады. Біріншісіне сөздердің екі тізімі енгізілген. Үш бағанадан тұратын бірінші тізімге латын, парсы, қыпшақ тілдерінде 1560 сөз жазылған. Негізінен бұлар теңізге жақын орналасқан қалада тұрып, жұмыс істеген көпестер мен қолөнершілердің мұң-мұқтажын бейнелейді. Онда базар, сауда, сатушы, төлем, сия т.б. сөздер кездеседі. Қыпшақ сөздігінде дәрігер, суретші, бақалшы, етші т.б. мамандық иелерінің аталуы көп нәрседен хабар береді. Сонымен қатар, сөздікте адамдардың жеке – ақылды, сұлу, текті, жомарт т.с.с. қасиеттері әңгіме болады.
«Кодекс Куманикус» сөздігінің қолжазбасы Венеция қаласындағы Әулие Марктің кітапханасында сақталған. Жазылған жылы деп 1303 жыл көрсетілген.
ХІҮ-ХҮ ғғ. түрік тілінің қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай топшасы ішінен, қазақ тілі тазаланып шығады. Бұл топшаға қазақ тілімен бірге ноғай, қарақалпақ тілдері кіреді.
Дешті-Қыпшақ пен Ноғай ордасында халық жырауларының шығармашылық өнері өркендейді. Халықтың бірлік-ынтымағы мен Отанына махаббатын отты жырларына өзек еткен Сыпыра жырау мен Қодана-тайшы (ХІҮғ.), Асан қайғы мен Қазтуған (ХҮ-ХҮІ ғғ.) сияқты дарынды жыраулар есімі кеңінен белгілі. Қыпшақтың батырлар жыры туып қалыптасады.
Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егінді алқабында ислам басты дінге айналады, «Яссауйя», «Нахшбандийя» сопылық ағымдарының әсері күшейеді, көшпелі халық шаманизм мен ата-бабалар рухына табынатын күйінде қала берді.
ХІҮ –ХҮ ғасырларда Моғолстанда тұратын халықтардың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары одан әрі дами берді. ХҮ ғасырдың орта кезінде Қазақстанды мекендеген Әбілхайыр хан иелігіндегі халықтың бір бөлігі Шыңғыс әулетінен шыққан сұлтандар Жәнібек пен Керейдің басшылығымен Моғолстан жеріне барып қазақ хандығын құрды. Бұл оқиға дулат руынан шыққан Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінен көрініс тапты. Белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд бұл шығарма туралы былай дейді. «На персидском языке написан исторический труд Мухаммеда Хайдара, по отзыву европейских ученых единственный замечательный литературный труд».
«Тарих Рашидидің» Қазақстан тарихы үшін құндылығы шығарманың қазақтар жайында, қазақ атауы жайында, қазақ хандығының тарих сахнасындағы алғашқы қадамдарына арналғандығында болып табылады.
ХІҮ ғасырдың орта кезінен бастап, Қазақстан далаларында үстем дін болып, ислам орнықты. Оған ұлы ұлыс хандарының, әсіресе Өзбек ханның жүргізген саясаты ықпал етті. Көшпелілер сырттай мұсылмандықтың барлық белгілерін қабылдасада, бұрынғы табынған ескі сенім-нанымдарын пайдалана отырып, Тәңірі, Алла, Құдайды бірдей қабылдап, белгілі бір синкретикалық діни жүйе құрды.
Ата-баба рухын-аруақты қастерлеу көшпенді санасында мықты сақталып қалды.
Қазақстанда исламды насихаттау мақсатында сопылық ағымдар Яссавиия мен накшбандия жұмыс істеді. Олар қыпшақ тілінде арнаулы діни трактаттар жазып халық арасына таратты. Қазақтар арасында Мұхамбет пайғамбардан бастап, мұсылман әулиелері Арыстан баб, Ысқақ Баб, Қожа Ахмед Яссауийдің беделі ерекше зор болды. Арыстан Баб, Қожа Ахмед Яссауий кесенелеріне, өзге әулиелердің кесенелеріне барып, түнеуге, рухани қуат алуға үлкен мән берілді. Көшпелі қазақтар араб, парсы елдерінің халық ағарту саласында жетістіктерін пайдаланып, «Мешіт-киіз үйлер», «Медресе-киіз үйлер» ашты. Оларды ислам дінінің қағидалары, «Құран» т.б. әдебиет араб тілінде оқытылды. Осы кезеңде көшпенділер арасында шығыс поэзиясының классиктері Фердаусидің, Рудакидің, Низамидің дастандары, О.Хайямның рубаяттары тарала бастады. Кейіннен шығыс поэзиясы қазақтың батырлары жырларының қалыптасуына негіз болды.
ХІІІ-ХІҮ ғасырлар қыпшақ тіліндегі әдебиеттің өркендеген уақыты еді. Бұған ұлы ұлыстағы қалалық өмірдің жақсы дамуы, араб-мұсылман мәдениетінің, араб жазуының тарауы әсер етті. Өкінішке орай, ол кезеңнің әдеби ескерткіштері бізге аз жетті. Сондай ескерткіштердің бірі 1310 жылы жазылған Насреддин Рагбузидің «Қисса уль Әнбия» атты еңбегі. Бұл дастанның мазмұнын оғыз-қыпшақ тіліне аударған Таяу және Орта Шығысты мекендеген араб-парсы жұртшылығының аңыздары мен әңгімелері құрайды.
Бұнда халифтар, пайғамбарлар туралы аңыздар, космоногиялық эпсаналар, өлеңдер мен әндер бар. «Қиссауль энбияның» көптеген көріністері кейін қазақ ертегілерінен орын алды. ХІҮ ғасырда Өзбек ханның тұсында өмір сүрген Құтбы ақын азербайжан ақыны Низамидің «Хосроу және Шырын» атты поэмасын қыпшақ тіліне аударып, таратты. Осы кезеңде Қазақстанды мекендеген халық арасында қыпшақ және араб тілінде жазылған М.Хорезмидің «Мухаббат-наме» поэмасы, Сайф Сарайидің, Дүрбектің т.б. шығармалары кең таныс болды.
«Мухаббат-наме» - ХІҮ ғасырда түркі тілдес халықтар тілінде туған тамаша жазба ескерткіштердің бірі. Поэманың араб және ұйғыр әліпбиінде жазылған екі нұсқасы белгілі.
Дастанның Сыр өзенінің жағасында жазылғаны туралы автордың өз сөзінен білуге болады. Поэманың композициясы сұрақтар мен жауаптарға құрылған. Негізгі мазмұны махаббат, әділдік, адамгершілік, имандылық мәселелеріне арналған. Хорезми өз шығармасында халықты бабалар дәстүрін ұмытпауға, байлыққа мастанбауға, қарапайым болуға шақырады.
Біздің заманымызға Сайф Сарайидің «Түркі гүлістаны» және «Жәдігернаме» дастандары жетті. Сарайидің бірінші дастаны тәжік ақыны Саадидің «Гүлістан» поэмасының еркін аудармасы болып табылады. Бірақ, Сараи Саадиді сөзбе-сөз аудармай, оның поэмасының сюжетін пайдалана отырып, Саади поэмасына жауап түрінде жазды.
Сайып келгенде, Қазақстанда орта ғасырларда рухани мәдениет жоғары деңгейде дамып, кейінгі кезеңдердің мәдениетінің одан әрі өркендеуіне игі ықпал етті.