1.4. Жер асты қазбаларының ішінде жүргізілетін
геометриялық нивелирлеу
1.4.1. Геометриялық нивелирде қолданылатын аспаптар
ТМД елдерінде нивелир аспаптары ГОСТ 10628-76 талаптарына сай бірнеше тұрлері шығарылады.
1. Жоғарғы дәлдікті Р-05 типті нивелирлер. Екі қайтара жүріспен 1 шақырым ара қашықтықты нивелирлеудің орташа квадраттық қатесі 0,5 мм аспайтын дәлдікпен өлшейтін оптикалық микрометрлі аспаптар;
2. Екі қайтара жүріспен 1 шақырым ара қашықтықты нивелирлеудің орташа квадраттық қатесі 3 мм аспайтын дәлдікпен өлшейтін НЗ типті аспаптар;
3. Н-10 типті техникалық нивелирлер. 1 шақырым ара қашықтықты екі қайтара жүріспен нивелирлеудің орташа квадраттық қатесі 10 мм аспайтын нивелир аспаптары.
Жер асты биіктік түсірмелерінде жер үстінде пайдаланылатын, дәлдігі жоғары және техникалық нивелирлер мен рейкалар қолданылады. Сонымен бірге, жер астында қолданылатын рейкалардың ұзындықтары әр түрлі болады. Бүтін рейкалардың ұзындықтары 1,7 м, ұзарылмалы рейкалардың ұзындығы 2,1 м. Рейкалар май сіңіріліп кептірілген ағаштан жасалады. Қазіргі кезде басқада ыңғайлы материалдардан жасалған рейкаларды көруге болады, олар пластикаға, лавсанға салынған шкалалары бар рейкалар. Рейкаларды қоймалардан алғаннан кейін немесе ұзақ қолданудан кейін тексеріп отырады. Тексеру кезінде рейканың үстіне тексергіш құрылғыны қойып, әр дециметрлік бөліктерінің нақтылы ұзындықтарын анықтайды.
3.5.2. Жер асты қазбаларындағы геометриялық нивелирлеу
Геометриялық нивелирлеу жер асты қазбаларының көлбеулігі 5-8 градусқа дейін (кейде 15 градусқа дейін), жер асты теодолиттік жүрістерінің қосындарының, реперлерінің биіктігін анықтау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге, геометриялық нивелирлеу рельстік темір жолдардың профильін (ұзына бойының қимасын) салуға, тік жазықтықта қазбаларға бағыт беру, олардың бір-бірімен түйісуін қадағалауға және де басқа тау-кен инженерлік жұмыста-рында пайдаланады.
Жер асты жағдайында нивелирлеудің ерекшелігі, биіктігі анықталмақ-шы нүктенің қазбаның қай жерінде орналасқандығында (төбесінде, табанын-да, қабырғасында). Егер нүкте қазбаның төбесінде орналасқан болса, онда оған нөл жағымен қойылған рейкадан алынған есептің таңбасы ылғида минус (-) болады. Сонда 27-суреттегі әр қосындағы өсімше шамасы төмендегі алгебралық қосындыға тең
Zi = ai - bi , (81)
мұндағы, а, в -әр қосындағы соңғы және алдағы рейкалардан алынған есеп; і -қосындар реті.
Сондықтан нивелирлік журналдарда минус (-) таңбасын мұқят қойып отыру керек.
Реперлердің және полигонометриялық жүрістердің биіктіктері тұйықталған немесе тура және кері жүргізілген тұйықталмаған жүрістер арқылы анықталады. Тірек торларын ортасынан нивелирлеу әдісімен жүр-
27-сурет. Геометриялық нивелирлеу тәсімі
гізеді. Нивелирден рейкаларға дейінгі ара қашықтық 50 метрден аспауы керек. Рейкадан 1 мм дәлдікпен есеп алады. Есепті рейканың екі жағынан (қара және қызыл) алады немесе аспап биіктігін өзгерте отырып, қара жағынан ғана екі рет алады.
Екі нүкте арасындағы биіктікті рейканың қара және қызыл жақтары арқылы анықтаудағы бір-бірінен алшақтық 5 мм аспауы керек.
Нивелирлеуді бастамас бұрын, сол нивелирлеудің екі тірек реперлері арасында тексеру, яғни биіктіктерін анықтау жұмыстары жүргізіледі. Егер, тексеру барысында реперлердің биіктіктері, тексеру кезіндегі биіктіктерден алшақтығы 5 мм асып кетсе, онда реперлер қозғалысқа ұшыраған-деп тауып, басқа тексерілген, жоғарыдағы шартты қанағаттандыратын реперлер арасын-да жүргізу керек.
1.5.2. Рельстік жолдарды нивелирлеу
Рельстік жолдарды нивелирлеу алдында 10 м немесе 20 м бекеттерге бөліп, ұзындықтарын таспамен өлшейді де қазбалар қабырғасына немесе арнайы тақтайшаға бекеттердің реттік санда-рын жазып, тұстарына бекітіп қояды.
Нивелирлеуді ортасына қою әдісімен орындап, бір орыннан бірнеше бекеттерге қойылған рейкалардан есеп алады. Жалғастырушы бекеттерден есепті рейканың қара және қызыл жақтарынан, ал аралық бекеттерде тек қана рейканың қара жағынан алады.
Жалғастырушы бекеттер мен нивелир аспабының ара қашықтығы жұмыс атқарушының рейкадан есеп алудағы көру қабілетіне байланысты (75 м дейін) болады. Рейкалардың бекеттердің тұсына, рельс үстіне қойған жерлерін белгілеп қояды, себебі жалғастырушы бекеттердің үстіне қойылған рейкаларды, аспапты келесі орынға ауыстырғаннан кейін, тура сол орынға дәл қою керек.
Рельстік жолдарды нивелирлеу кезінде қазба табанының, төбесінің, су ағатын арықтардың тереңдіктері, бекеттер тұсындағы салыстырмалы биіктік-терін анықтау үшін бірге жүргізіледі.
Нивелирлеу жұмыстарының нәтижелерін өңдеу жер бетіндегі нивелир-леу жұмыстарын өңдеуге ұқсас жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |