Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет7/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Тексеру сұрақтары:
1.Тригонометриялық нивелирлеу не үшін керек?
Д.5 Шахтадағы теодолитті түсіру
1.1. Жалпы түсінік

Жер асты түсірмелерінің негізгі мақсаты, бұрыштық және ұзындық өлшемдерін жүргізу арқылы жүйелі қосындардың координаталарын анықтау. Ал, негізгі жұмыстарының бірі-кен қазбаларының жазықтықтағы бейнелерін салу, түсіру.


Кен қазбаларындағы бекітілген (қабырғасында, төбесінде, табанында) іргелес жатқан нүктелер төбелерін қосу арқылы пайда болған тұйық немесе айрық көп бұрышты теодолиттік жүріс немесе полигон дейді.

2-сурет. Жер асты полигонометриялық жүрістерінің түрлері
1-тұрақты қосын; 2-тұрақты дирекционндық бұрышты қабырға;
3-дирекциондық бұрышы гирокомпаспен анықталған қабырға.

Полигондардың пішініне қарай, бұрын координаталары анықталған қосындарының түйісу әдістеріне байланысты бірнеше теодолиттік жүріс түрлеріне бөледі:


1. Тұйықталмаған еркін теодолиттік жүріс, яғни координаталары белгі-лі бір қосынға және дирекциондық бұрышы белгілі бір қабырғаға тірелген (2а-сурет);
2. Тұйықталған еркін теодолиттік жүріс, яғни координаталары белгілі бір қосынға және дирекциондық бұрышы белгілі бір қабырғаға тіреліп тұйықталған (2ә-сурет);
3.Тұйықталмаған еріксіз теодолиттік жүріс, яғни аяғында координа-талары белгілі екі қосынға және дирекциондық бұрыштары белгілі екі немесе бір қабырғаға тірелген (2б-сурет).
Теодолиттік жүрістер бір-біріне түйісе отырып, жер астында күрделі торлар, ондаған полигондар құрайды.
Тірек торлары дәлдігіне, қолдану тәсіліне, қандай жұмыстар үшін керек екендігіне байланысты үш түрге бөлінеді:
1. 1 разрядты түсіру торлары;
2. 2 разрядты түсіру торлары;
3. Дәлдігі жоғары түсіру торлары.
Тірек торлары басты, ірі, негізгі кен қазбалары арқылы қазба жұмыс-тарының шекарасына қарай бағытталып жүргізіледі.
1 разрядты түсіру торы дайындық қазбаларын түсіруге, әр түрлі марк-шейдерлік жұмыстарды аналитикалық, графикалық жолдармен есептеу үшін қолданылады. Бұл түсіру торлары, екі жағыда тірек торларының қосында-рына тірелетін тұйықталған немесе тұйықталмаған теодолиттік жүрістерден тұрады. Жеке теодолиттік жүрістердің ұзындығы 2 шақырымнан аспауы керек. Түсіру торлар бұрыштарының дәлдігі 30 секундтан төмен емес теодолиттермен өлшенеді. Бұрыштық өлшеулердің орташа шаршылық қатесі 45 секундтан аспауы керек. Қабырғаларының ұзындығы болаттан жасалған, компаратор арқылы тексеруден өткен ұзындық өлшегіш таспалармен немесе оптикалық аспаптармен тура және кері бағытта өлшенеді. Екі өлшемнің айырмасы, өлшенген ұзындықтың 1:1000 қатынасынан артпауы керек.
2 разрядты түсіру торы теодолиттік немесе басқа бұрыш өлшегіш аспаптардың жүрістерінен тұратын, ұзындығы 0.5 шақырымнан аспайтын, разряды өзінен жоғары тірек торларының ара-сында жүргізілетін, дайындық және кен қазу қазбаларының ішімен жүргізілетін жүрістер. Бұрыш өлшеудің орташа шаршылық қатесі 3 минуттан аспайды. Ұзындық өлшеулері 1 санти-метрге дейін дөңгелектелінген таспалармен өлшенеді.
Дәлдігі жоғары түсіру торы өте жоғары дәлдікті қажет ететін маркшей-дерлік жұмыстар үшін (қарама-қарсы қазбаларды түйістіруде, апат болған жағдайларда т.б.) қолданылады.
Теодолиттік түсіріс бірнеше жұмыстардан тұрады:
1. Маркшейдерлік белгілермен теодолиттік қосындарды бекіту;
2. Жазық және тік бұрыштарды өлшеу;
3. Ұзындық өлшемдерін жүргізу;
4. Кен қазбаларының сұлбаларын түсіру;
5. Теодолиттік жүрістегі қосындардың координаталарын есептеу.
Тексеру жүрісін жер асты қазбалары ішінде бірнеше маркшейдерлік қосындар арасында жүргізеді. Бұл жүріс жер асты қазбаларын түсіруді тексеру және шахта ішінде тұрақты тірек торларын дамыту үшін қолданы-лады. Мұндай жүрістер толық тексеру тәртібін сақтап, яғни тұйықталған немесе екі рет қайталамалы жүрістер арқылы іске асады. Теодолиттік жүріс-тің алдынала мынадай дайындық жұмыстарын атқарған жөн:
1. Алдыңғы теодолиттік жүрістің қосындары түсірілген планның кө-шірмесін алып, оған болашақ тұрақты тірек торларының қосындары бола алатын орындарды ерекше белгілейді және осы нүктелердегі жазық бұрыштарды жазып алады;
2. Тексеру жүргізілетін аймақта қадалау жұмыстарын атқарады.
Қадалауды маркшейдер, екі жұмысшының көмегімен жүргізеді. Олар алдыңғы жүрістің қабырғалары арасындағы тексеру жүрісінің тірегі бола алатын нүктедегі жазық бұрышты өлшейді. Егер, тексеру кезіндегі бұрыштық өлшем, алдыңғы түсіріс кезіндегі бұрыштық өлшемге сәйкес келсе немесе айырмашылығы 1 разрядты жүріс үшін 1 минуттың аралығында, 2 разрядты жүріс үшін 2 минуттың аралығында болса, онда әрі қарай қазба ішімен қада-лауды жалғастырады да, уақытша белгілермен болашақ жүрістің қосында-рын бекітеді. Егер, тексерілінуші теодолиттік түсіріс іске пайдалануға жарай-тын болса, онда көшірме планға алдыңғы түсірістің сақталған қосындарын ерекше белгілейді де, тексеру жүрістерінде пайдалынады.
Тексеру жүрістерінің тұрақты қосындарын алдын ала (бір апта бұрын) топ-тобымен орнатып қояды. Әр топта 3 немесе 4 қосындар болуы керек. Топтар ішіндегі қосындар арасы 50-100 м, ал, топтар арасы 500 м аспауы керек.
Тексеру жүрістерін және дәлдігі жоғары жүрістерді тұрақты қосындар аралығында, аралық нүктелерді бекітбей-ақ жүргізе береді. Мұндай түсіріс әдістері-нүктелері жоғалған теодолиттік түсіріс деп аталады. Бұл жағдайда теодолит пен белгіні автоматты түрде ортаға келтіретін бұрандалы қосындар-ды пайдаланады. Мұнда, орнықтырғыш үштаған көп қолданылмайды, себебі-егер үштаған кездейсоқ жағдайлардың әсерінен орнынан қозғалып кетсе, он-да барлық істелген жұмысты қайталап жасауға тура келеді.
Алдыңғы түсірістің екі қосындарына бұрандалы орнықтамаларды орнатады да, оларға орнықтырғыштарды бекітеді. Орнықтама үстіне арнаулы ортаға келтіргішті қойып, тіктеуіш іліп, оны нүкте ортасына дәлдейді. Әрі қарай, соңғы қосынға тіктеуіш іледі, ортаңғы қосынға теодолит аспабын орнатады, ал алдыңғы қосынға белгі орнатады да тексеру бұрышын өлшейді. Осы жұмыстар жүріп жатқан кезде, екінші жұмыскер (көмекші) алдыңғы жүріс бағытымен бұрандалы орнықтамаларды орнатып, үстіне орнықтыр-ғыштарды бекітіп, тіктеуіштерді ортаға келтіре береді. Соңғы нүктеде орнық-тырғышты ортаға келтірмейді, себебі оның астында маркшейдерлік қосын жоқ. Өлшеу жұмыстарын біткеннен кейін, қосындардағы тіктеуіштерді, белгілерді алдыңғы қосындарға ауыстырып отырады. Нәтижесінде теодолит пен белгі автоматты түрде ортаға келтіріліп отырады. Бұл автоматты ортаға келтіру жұмыс өнімділігін және өлшеу нәтижелерін арттыруға көмегін тигізеді.
Жоғалған маркшейдерлік қосындар әдісін пайдалану, көбінесе қазба-лардың көп бұрылмалы және түсіріс шамасының ұзындығы көп болған жағдайларда жиі қолданылады. Жұмыс кезінде өте ұқыпты болған жөн, өйткені өлшеу кезінде шамадан тыс қате кетсе, барлық істелген жұмысты қайта жасауға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет