Д.4. Карьердегі түсіру жұмыстары мен тірек және түсіру тораптары.
Түсіру негіздерін құрудың әдістеріне байланысты, олардың пландық координаталарын анықтаумен бірге биіктік шамаларында қоса анықтайды немесе биіктік торларын бөлек құрады.
Аналитикалық фототриянгуляция әдісімен түсіру негіздерін дамыту кездерінде нүктелердің биіктіктерін пландық координаталарымен бірге анықтайды.
Микортриянгуляция торларының жазық бұрыштарын өлшеу кездерін-де, тригонометриялық нивелирлеуді қоса жүргізеді.
1-сурет. Тригонометриялық нивелирлеу тәсімі
Тік бұрыштарды дәлдігі 30 секундтан төмен емес теодолиттермен өлшейді. Т2, Т5 типтес теодолиттермен “бір қайталау”, Т15 сияқтыы дәлдікті аспаптармен “екі қайталау” әдістерімен өлшейді. Аспап және көздеу нүктесінің биіктіктерін 0.01 м дейінгі дәлдікпен өлшейді (51-сурет).
2.2.Тригонометриялық нивелирлеу кезінде, екі нүкте арасындағы өсімшені төмендегі формуламен шығарады
HAP=ZA-ZP=L tq + i - - f , (109)
мұндағы, ZР ,ZА – ретімен Р және А биіктігі белгілі және биіктігі анықталмақшы нүктелер; L – А және Р нүктелерінің жазықтықтағы ара қашықтығы; і, -аспап және көздеу нүктелерінің биіктіктері; - көздеу өсінің көлбеулігі; f – жер дөңесітігіне және рефракцияға түзету ( ) , мұндағы R=6370 шқ-Жер радиусы.
Келтірілген түзетулер биіктіктері анықталмақшы нүктелердің арасы 700 м асса ғана ескеріледі.
Тригонометриялық нивелирлеудің дәлдігі төмендегі формуламен бағаланады:
, (110)
мұндағы, mL - жазықтықтағы ара қашықтық (L) өлшеудің орташа шаршылық қатесі; m - тік бұрышты () өлшеудің орташа квадраттық қатесі.
Тригонометриялық нивелирлеу тура және кері бағытта екі рет атқарылады, сонда 1000 м дейінгі ара қашықтықтағы екі рет анықталған өсімшелер айырмашылығы 0.02L-ден аспаулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |