Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану



бет22/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану - XX гасырдың 70 жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылымның жұмыс істеуі мен серпінің балама улгісі ілеуметтік-мәдени факторлардың: ғылыми мәселелер (бағыттар) мен олардың шешілу қарқынына (барынша қолайлы қаржылық, материалдық және ұйымдастырушылық жағдайлар туғызу есебінен) ғана емес, сонымен бipre оларды шешу тэсілдеріне, нәтижелеріне де (ақыр соңында, ғылыми теориялардың мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.
Конвенционализм - конвенциялардың ғылыми танымдағы рөлін дараландырушы әдістемелік тұжырымдама. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, ғылыми ұғымдар мен теориялар объективтік шындықты білдірмейді, ғалымдардың келісуінің нәтижесі, шартты, epiктi белгіленген ережелер болып табылады.
Коэволюция - адамзат коғамы мен биосаланың дамуын бөлек қараудан «биосала-адамзат коғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуның жалпы теориясына көшу керек деп санайтын қазіргі заманғы ғылым философиясы тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама өкілдерінің (Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелерінің оңтайлы шешімін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін сақтауды да қамтамасыз етуге болады.
Көзқарас - метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі.
Когеренттік ақиқат - ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бip тұжырымдардың бұрынғы өмір cүpiп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егер де жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бip-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет