«ДАҒдарысқА Қарсы басқару» пәні бойынша дәрістік кешен


Дәріс №12. Дағдарысқа қарсы басқарудағы инновацияның ролі



Pdf көрінісі
бет38/60
Дата04.01.2023
өлшемі1,59 Mb.
#60408
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Дәріс №12. Дағдарысқа қарсы басқарудағы инновацияның ролі 
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды 
басқару мен ӛндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық 
инновацияларды жетілдіру негіз бола алады 
Ғалымдар мен мамандардың кӛпшілігі жиі қайталанып жатқан 
экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен 
іздейді. Осыған орай, анағұрлым қолайлы басқару құралдарын анықтау 
мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да 
түрлерін зерттейді. 
Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері 
әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын кӛруге болады. 
Олардың біріншісі — басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі — 
ӛндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл 
үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы 


101 
басқарудың ӛзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде 
олардың арасындағы байланыстар ӛндірістің капиталистік және социалистік 
тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған 
болатын. Басқарудың ұштасқан екі үлгісінің арасындағы ажырап қалған 
байланысты қалпына келтіру арқылы әлем елдерінің кӛпшілігінде қолайлы 
экономикалық басқарудың сапалы жаңа технологиясы құрылуы мүмкін. 
Басқарудың аталған негізгі екі түрін талдау нәтижесінде бірінші үлгінің 
жеке 
секторды 
дамытуға 
негізделіп, 
нарықтық 
әдістермен 
басқарылғандығын, ал екіншісінің – экономиканың мемлекеттік секторын 
дамытуға негізделіп, жоспарлық әдістермен басқарылғандығы кӛрінеді. Бұл 
жалпы жүйелік айырмашылықтар салдарының нәтижесінде кӛптеген батыс 
елдерінің мемлекеттік басқаруларында қаржы ағындары арқылы реттелетін 
экономиканы басқару тәжірибесі қалыптасты, ал бұрынғы КСРО-да тауар 
ағындары арқылы реттелетін экономикалық дамудың үлгісі басым 
қолданылды 
Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӚ-нің 
0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, тӛмен кӛрсеткіш. Алайда, Қазақстанның 
стратегиялық мүдделеріне орай, 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен аталған 
кӛрсеткішті ЖІӚ-нің 2% дейін кӛтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу 
кӛзделіп отыр [4, сол жерде]. 
Кейбір ғылыми-зерттеулерді қажетті деңгейде қаржыландырмау мен 
жауып тастау салдарларынан кӛптеген жас ғалымдар ғылым саласынан 
кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ғылымның материалды-техникалық базасы 
тозып, ескірді. 
Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан келесідей 
шаралар қолдану арқылы ғылыми тұрғыда қамтамсыз етуге болады: 

Ғылымды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық 
басымдықтарының бірі ретінде анықтау; 

Ғылыми сиымдылығы мол, ресурстарды үнемдеуші, экологиялық таза 
ӛнім шығаруға бағытталған және экспортқа бағытталған жоғары 
технологиялық ӛнім ӛндіруге арналған зерттеуерді дамыту; 

Ғылыми жетістіктердің тәжірибелік тұрғыда іске асуын қамтамасыз 
ететін тетіктер жүйесін құру мен ынталандырушы жағдайларды жасау; 

Экономиканың 
жаңалықтарды қабылдау мүмкіндігін арттыру 
(сұранысты ынталандыру) және соларды отандық ғылыми-техникалық 
мүмкіндіктерді қолдану арқылы қамтамасыз ету (ұсынысты ынталандыру); 

Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту; 

Кадрлық мүмкіншіліктерді сақтап қалу мен дамыту, ғылыми-
технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары дәрежеде білікті 
ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау; 

Ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 
ғылыми ұйымдарды аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін жетілдіру; 

Ғылымның мемлекеттік емес секторын құру және дамыту, оған 
мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін дайындау; 


102 

Жас дарынды ғалымдарға қолдау кӛрсету; 

Мамандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарынан 
тәжірибеден ӛткізу; 

Ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру тетіктерін құру 
мен жетілдіру; 

Қазақстан 
ғылымын 
халықаралық 
ғылыми-технологиялық 
қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету [4, б.374]. 
Бүгінгі таңда мемлекет ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, оларды 
қаржыландырады, алайда олардың тәжірибе жүзінде пайдаланылуы іске 
аспай қалады. Ӛйткені жекеменшік сектор оларды қажет етпейді. Осылайша, 
ғылым мен ӛндіріс арасындағы байланыс ажырап кетті. Мұның себебі 
қазақстандық ӛндірістің ғылыми жаңалықтарды керек етпеуінде емес, 
керісінше отандық ӛндіріс үшін жоғары технологиялар ӛте қажет, сол себепті 
де олар шет елдерден дайын технологияларды сатып алуға мәжбүр. 
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық 
қызметке үлкен кӛңіл бӛлінеді. Ӛйткені оның түпкілікті нәтижесі болып 
ӛндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары 
технологиялық ӛнімнің кӛлемі табылады, ал бұлар, ӛз кезегінде – 
мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет