«ДАҒдарысқА Қарсы басқару» пәні бойынша дәрістік кешен


 Инвестициялардың тиімділігін анықтау



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата04.01.2023
өлшемі1,59 Mb.
#60408
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Байланысты:
«ДА дарыс А арсы бас ару» п ні бойынша д рістік кешен

3. Инвестициялардың тиімділігін анықтау 
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жӛніндегі мәселе іс – жүзіне 
келгенде әрбір компания мен әрбір инвестордың алдында тұрған үлкен 
мәселе. Капитал салу немесе ӛз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жӛнінде 
шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу 
шарт. Біздің кәсіпкерлеріміздің бұрын – соңды нарықтық экономикада ӛмір 
сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлім. Соған 
орай олар бұл әдістемені білмейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде 
инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткілікті мӛлшерде 
тәжірибе жинақталғандығын ескерсек, біз осы тәжірибені пайдалана білуіміз 
қажет. 
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып 
отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен 
жоспарлау әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерімен 
ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, 
Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық 
жобаларының тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың 
барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық 
жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тіліндегі 
«Кэш - Флоу» деген түсінік барлық дамыған елдердің экономисттерінің 
лексиконына еніп отыр әрі «маркетинг» және «контроллингтен» де кӛбірек 
пайдаланылады. Бүгінгі таңда «Кэш - Флоу» талдауын ӛз инвестициялық 
қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау 
инвестицияларды талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және 
инвестициялық жобалардың танымал әдістемелерінде қолданылатындығына 
байланысты болып отыр. 
«Кэш - Флоу» дәл тәржіламағанда «бар ақша ағымы» деген мағынаны 
білдіреді.
Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны 
жоспарлауға, ьалдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: 
«Бухгалтерлік баланс», «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы 
есеп» және «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп». Алғашқы 
құжат, кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, 
мысалы, 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын 
сипаттайды. Баланс, белгілі бір мерзімде жоьаны жүзеге асырып отырған 
кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаншалықты мӛлшерде тұрақты екенін 
кӛрсетеді. 
Баланс, егерде кӛлденең нысанда жасалған болса, екі жақтан құралады: 
актив (сол бӛлігі) және пассив (оң бӛлігі), олардың қосынды мәндері үнемі 


109 
ӛзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегі кӛрсетеді. Пассив 
кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екендігін кӛрсетеді. 
Қаржы – шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп кәсіпорынның 
белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе ӛндірістік қызметтің 
жағдайын сипаттайды, сонымен қатар, ӛндірістік шығындардың ӛнімді 
ӛткізуден түскен табыспен ӛтелуі тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін 
кӛрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл есептен кәсіпорынның ӛзінің негізгі 
қызметін қалай орындап отырғандығын байқауға болады. 
«Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп» кестесін 
жасау үшін сату жоспарының мәліметтері - ӛнімді ӛткізуден түскен және 
шығындар жоспарының мәліметтері – тұрақты және айнымалы шығындар 
сомалары қажет болады. 
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: 
Қымбатырақ және кӛбірек сату немесе арзанырақ ӛңдіру. Ӛте қарапайым осы 
ереже, жобаны талдау мен басқару барысында ӛте маңызды болып саналады. 
Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс - әрекеттер 
жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау 
болады. 
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі 
факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және 
басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын 
мӛлшері танылады. 
Инвестициялық жобаның тиімділік кӛрсеткіштерін екі негізгі топқа 
бӛлуге болады. 
Біріншісі - ӛндірістік қызметтің тиімділігінің жіне жобаны жүзеге 
асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық 
жағдайының кӛрсеткіштері; 
Екіншісі – инвестиция тиімділігінің кӛрсеткіштері немесе Кэш – Флоу 
дисконтталған белгілері.
Ӛндірістік қызмет тиімділігінің кӛрсеткіштеріне жоғарыда сипатталған 
барлық активтер мен олардың құрамдас бӛліктерінің табыстылығының 
салыстырмалы кӛрсеткіштері, іскерлік белсенділік кӛрсеткіштері, тӛлем 
қабілеттілігі және ӛтімділік кӛрсеткіштері жатады. 
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың 
тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, ӛйткені бұл әдіс 
қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. 
Кәсіпкерге сату кӛлемін ӛзгерткенннен, оның кәсіпорыны қанша пайда 
табатындығын есептегеннен гӛрі, сату кӛлемі қандай болған жағдайда оның 
кәсіпорны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, 
зиянсыздық нүктесін табу қажет. 
Зиянсыздық нүктесі – кәсіпкердің ӛз шығындарын жабатын белгілі бір 
уақыт аралығындағы сауда кӛлемінің деңгейі. 
Кәсіпорын қанша пайда табады деген мәселе, ӛндіріс кӛлемі зиянсыздық 
нүктесінен жоғары болғанда туындайды, егер ӛндіріс кӛлемі зиянсыздық 


110 
нүктесінен тӛмен болса, бір ғана мәселе, яғни кәсіпорын банкротыққа дейін 
неше күн жұмыс жасай алады деген сұрақ туындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет