100
старатегиясы құрылады. Бүл саты - шешім қабылдау деп аталады. Бұл жерде
қажетті қаржы және еңбек қорлары анықталады. Менеджерлер арасында
тапсырмалары бӛлініп беріледі және қойылады, нарықты талдау жүзеге
асырылады. Тэуекелділікке тікелей әсер процесі үш негізгі әдістен түрады;
1) тӛмендету;
2) сақтау;
3) тәуекелділікке беру.
1) Тәуекелділікті тӛмендету - мүмкін болатын зиян мӛлшерін азайту
немесе болатын қолайсыз оқиғаның ықтималдылығын азайту. Кӛбінесе оған
алдын-ала ұйымдастырушылық-техниклық шараларды жүзеге асыру арқылы
қол жеткізуге болады. Оған ғимарат пен үйлерге қауіпсіздікті күшейтудің әр-
түрлі тәсілдері, бақылау жүйесін құру, ӛртке қарсы құрылғылар құру орнату,
оқыс жағдай кезінде қолданылатын тәсілдерді жұмысшыларға үйрету және
тағы басқа.
2) Тәуекелділікті сақтау — бұл зиянға бағытталған кез келген іс-
әрекеттен бас тарту дегенді білдірмейді. Кәсіпорын арнайы қор құра алады (
ӛзін-ӛзі сақтандыру қоры немесе тәуекелділік қоры). Бұл қор қолайсыз
жағдай туындаған кезде шығынның орынын жабады. Мұндай тәсіл ӛзін-ӛзі
сақтандыру деп аталады.Сонымен қатар несие алу немесе қарыз алу тәсілдері
қолданылады.
3) Тәуекелділікті беру бойынша шаралар - бұл нақты тәуекелділік
деңгейін сақтандыру кезіде жауапкерілікті үшінші тұлғаға жүктеуді
білдіреді. Оған сақтандыру жатады. Ол нақты бар ақыға , сақтандыру
компанияларға тәуекелділікті беруді білдіреді. Тәуекелділікті беру құжаттар
мәтінінде (келісім шарт, сауда келісімдер) ӛзінің жеке басының
жауапкершілігін азайтатын арнайы мәтін енгізумен жүзеге асырылуы
мүмкін. Тәуекелділікті басқарудың қорытынды сатысы бақылау және түзеу
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: