Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Пациентті және медициналық құрал-саймадарды ішті тесуге (лапароцитезге) даярлау техниасы»



бет37/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121
Дағды: «Пациентті және медициналық құрал-саймадарды ішті тесуге (лапароцитезге) даярлау техниасы»



«Пациентті және медициналық құрал-саймадарды ішті тесуге(лапароцитезге) даярлау техниасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: : диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу





Қолдану көрсетілімдері: іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.





Әзірлеу: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентті алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.





Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.





Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.





Пациенті орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Пациенттің аяғын клеенкамен жабыңыз.





ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңі, қолғапты киіңіз.





Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз.





Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз.





Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.





Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.





Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, пациенттің алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.





Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).





Пациенттің ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек.





Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.





Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.





Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.





Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз.





Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Пациент қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.





Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.





Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз





Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.




Ескерту:

  • манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

  • сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет