Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет48/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Әзірлеу: залалсыздандырылған: катетерді, 2дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокті, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, несеп жинайтын ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, пациенттің жыныс мүшелерін жууға арналған құрал жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




6.

Пациентпен өзара сенімді қарым-қатынас орантыңыз.




7.

Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Пациентті кермемен қоршаңыз.




8.

Пациентті арқасына жатқызыңыз: тізесін бүктіртіп,екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.




9.

Бөксе астына клеенканы үстіне жаялықты төсеңіз.Судноны беріңіз.




10.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.




11.

Пациенттің жыныс мүшелерін жууға арналған құралдарды дайындаңыз.(Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшелерін жуу іс-әрекетін жүргізіңіз)




12.

Катетерлеуге арналған құралдарды дайындаңыз.




13.

Сол қолдың I және II саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.




14.

Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып,оң қолыңызға ұстаңыз.




15.

Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз,




16.

Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.




17.

Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз




18.

Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық(домалақ бітеу) ұшынан 7-8см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.




19.

Катетердің сыртқа ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың IV-V саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.




20.

Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.




21.

Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып,оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.




22.

Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.




23.

Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.




24.

Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады( несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді)




25.

Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.




26.

Қолғапты шешіңіз,Қолғапты, сүрткілерді, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




27.

Қолыңызды жуып,кептіріңіз.




28.

Пациентке физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет