№
|
«Пациентті және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
|
|
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 70 спирт ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.
|
|
|
Пациентке алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңі, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациенттің орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.
|
|
|
Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
|
|
|
Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.
|
|
|
Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.
|
|
|
Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.
|
|
|
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.
|
|
|
Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.
|
|
|
Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|