№
|
«Майлы клизманы қою» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбегі
|
Жауабы
|
1.
|
Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және ішектің жиырылып,кеңеюін қалпына келтіру.
|
|
2.
|
Қолдану көрестілімдері: тазарту клизмасының әсерінің болмауы,спастикалық ұзақ іш қату,жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең,босанғаннан кейін.
|
|
3.
|
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өсіндісі,анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
|
|
4.
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
5.
|
Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп,оның келісімін алыңыз.
|
|
6.
|
Кушеткаға клеенканы,оның үстінен жаялықты төсеп,пациентті кермемен қоршаңыз.
|
|
7.
|
Пациентті сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.
|
|
8.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
9.
|
«Су» моншасында t-380C дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
|
|
10.
|
Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.
|
|
11.
|
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып , ал оң қолмен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тің ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
|
|
12.
|
Майлы ерітіндіні алмұрт баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып,ақырын тік ішекке енгізіңіз.
|
|
13.
|
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
|
|
14.
|
Жел шығаратын түтіктен алмұрт баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.
|
|
15.
|
Жане шприціне немесе алмұрт баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
|
|
16.
|
Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
|
|
17.
|
Анал тесігі аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.
|
|
18.
|
Пациентке ыңғайлы жағдай жасап жіне терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде дене қалпын өзгертуін сұраңыз.
|
|
19.
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
|
|