Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет49/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Қуықты жуу»



«Қуықты жуу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.




2

Әзірлеу: пациенттің жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 37 С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурациллин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б.), жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




3

Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.




4

Пациенттің бөксе астына кленканы және жаялықты салыңыз. Пациентті арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.




5

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.




6

Пациенттің сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).




7

Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).




8

Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).




9

50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурациллин ерітіндісін жане шприцине сорып алыңыз.




10

Катетердің бос шетіне жане шприцін жалғастырып, фурациллин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа еңгізіңіз.




11

Катетерден жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.




12

Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.




13

Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.




14

Қолғапты шешіп,қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жууып, кептіріңіз.




15

Пациенттің тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет