№
|
«Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: пациентті зерттеу.
|
|
3
|
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
|
|
4
|
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
|
|
5
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70% этил спиртін, масканы, қолғапты, штатифтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
6
|
Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
|
|
7
|
Пациентке таңертен тамақ қабылдамағаның аңықтаңыз.
|
|
8
|
Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
|
|
9
|
Пациентке ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
|
|
10.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
|
|
11.
|
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
|
|
12.
|
Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
|
|
13.
|
Пациенттің шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
|
|
14.
|
Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.
|
|
15.
|
Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғарыға қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.
|
|
16.
|
Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).
|
|
17.
|
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
|
|
18.
|
Көк тамырды толтыру үшін пациенттен жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.
|
|
19.
|
Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, иньекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
|
|
20.
|
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: II саусақ иненің канюлясында, ал III IV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, I саусақты төмен ұстаңыз.
|
|
21.
|
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
|
|
22.
|
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз. (пациенттің жұдырығы қысылған).
|
|
23.
|
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
24.
|
Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.
|
|
25.
|
Резеңке бұрауды шешіңіз, пациент жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
|
|
26.
|
Спирттелген мақта шаригін иньекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
|
|
27.
|
Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.
|
|
28.
|
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.
|
|
29.
|
Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.
|
|
30.
|
Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
|
|
31.
|
Пациентке тұруға немесе жайлы қалып алуға көмектесіңіз.
|
|
32.
|
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.
|
|
33.
|
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.
|
|
34.
|
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
|
|
35.
|
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
|
|