№
|
«Лабораториялық анализге саусақтан қан алу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементтерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
3
|
Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.
|
|
4
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
5
|
Мейргер пациентті зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі – дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.
|
|
6
|
Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.
|
|
7
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
8
|
Сол қолыңызбен пациенттің сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.
|
|
9
|
Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.
|
|
10
|
Пациенттің саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ – скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз.
|
|
11
|
Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.
|
|
12
|
Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.
|
|
13
|
Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.
|
|
14
|
Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5% йод ерітіндісімен сүртіңіз.
|
|
15
|
Қолданылған құралдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|