№
|
«Қантты анықтауға зәрді жинау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
|
|
3
|
Дайындаңыз: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, пациенттің аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейіргердің қолы), қолғапты
|
|
4
|
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы пациентпен нұсқау жүргізіңіз.
|
|
5
|
Таңертеңгі сағат 6-да пациент қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
|
|
6
|
3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
|
|
7
|
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге пациент жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
|
|
8
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
9
|
3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.
|
|
10
|
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
|
|
11
|
100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.
|
|
12
|
Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.
|
|
13
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|