№
|
«Розин байқауын жүргізу» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
|
|
2
|
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
|
|
3
|
Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған ыдысты.
|
|
4
|
Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз.
|
|
5
|
Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.
|
|
6
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
7
|
4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.
|
|
8
|
Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.
|
|
9
|
Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).
|
|
10
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
11
|
Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|