№
|
« Көзге тамшы тамызу » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
3
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз
|
|
5
|
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
|
|
6
|
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
|
|
7
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
8
|
Емделушінің бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.
|
|
9
|
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.
|
|
10
|
Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен
|
|
11
|
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және емделушіқа жоғары қарауын сұраңыз.
|
|
12
|
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.
|
|
13
|
Емделушге көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.
|
|
14
|
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.
|
|
15
|
Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.
|
|
16
|
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз
|
|
17
|
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|