Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет66/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

тілейді».
148
 Тирмизи, Қиямет, 81.
149
 Табәрани, әл-Мужәмус-сағир, 2-т., 32-33-б.


152
Исламдағы бала тәрбиесі
«Балам! Дәретіңді дұрыстап ал. Сонда сені қорғап 
жүретін періштелер жақсы көретін болады әрі өмір-
жасың ұзарады».
«Әй,  балам!  Шамаң  келгенше  дәретпен  жүр. 
Себебі,  кімде-кім  дәреті  бар  кезінде  қайтыс  болса, 
оған шейіттік беріледі».
«Әй,  балам!  Дұғаны  көп  жаса.  Себебі,  дұға  енді 
душар болғалы тұрған жамандықтардың алдын ала-
ды».
Пайғамбарымыз  қайтыс  боларының  алдында  10 
жасар Абдуллаһ ибн Аббасқа былай деп өсиет айтқан 
еді:
«Балам!  Саған  айтар  бірнеше  насихатым  бар. 
Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарына бағынсаң, Аллаһ 
та сені (бұл өмірдің қиыншылықтары мен ақыреттің 
азабынан)  сақтайды.  Аллаһты  ұдайы  есіңе  ал,  сонда 
Оны әрдайым қасыңнан табасың. Бір нәрсе сұрайтын 
болсаң, Аллаһтан сұра. Көмек қажет болса, Аллаһтан 
жәрдем  тіле.  Мынаны  есіңе  сақта:  егер  үмбеттің 
бәрі  жабылып  саған  көмектесу  үшін  жиналса, 
Аллаһтың нәсіп еткен мөлшерінде ғана көмектесе ала-
ды. Сондай-ақ саған кесірін тигізбек болса, Аллаһтың 
жазған мөлшерінде ғана зиянын тигізе алады. (Аллаһ 
тағала болатын нәрсенің бәрін жазды, ендігі жерде) 
қаламдар  жазуын  доғарып,  сиялар  кеуіп  қалған  (еш 
нәрсе өзгертілмейді)»
 150

Міне,  адамзаттың  ұлағатты  тәрбиешісі  хазірет 
Мұхаммед 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  пайғамбарлықтың  шуақ 
шашқан  сәулесіне  шомылып  жүрген  жас  балаларды 
150
 Тирмизи, Қиямет, 60.


153
Тәрбие тармақтары
буындары  бекіп,  сүйектері  қатаймай  тұрып  адамгер-
шілікке, құлшылыққа, имандылыққа тәрбиелейтін. 
Пайғамбарымыздың  сүннетін  ұстанған  алғашқы 
кезеңнің мұсылмандары да балаларының мінез-құлық 
тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін. 
Халифа Харун Рашид ұлының ұстазына былай деп 
өсиет айтқан екен: 
«Әй,  Ахмәр!  (Халәфул-Ахмәр)  Мұсылмандардың 
басшысы рухының тынысы, жүрегінің жемісі іспеттес 
ұлын  саған  аманат  етеді.  Оны  жақсылап  тәрбиеле, 
өзіңді  тыңдайтындай  ет,  сені  тыңдау  оның  міндеті. 
Мұсылмандардың  басшысы  беріп  отырған  ұстаздық 
міндетіңді адал атқар. Оған Құран үйрет. Тарихты оқыт. 
Өлең оқуды үйренсін. Хазірет Пайғамбардың сүннетін 
үйрет. Қашан және қалай сөйлеу керектігін, сөз мәнерін 
үйрет. Орынсыз жерде күлудің дұрыс еместігін түсіндір. 
Бәни Хашим тайпасының үлкендеріне құрмет көрсетуге, 
қасына қолбасшылар келген кезде оларға орын беруге 
әдеттендір. Уақытты босқа өткізбеңдер. Уақыттарыңды 
пайдалы нәрсе үйренуге жұмсаңдар. Бірақ баланы тым 
зеріктіріп жіберме. Әйтпесе оның зейінін жоғалтасың. 
Шектен  тыс  жұмсақтық  та  көрсетпе,  жалқаулыққа 
ұрындырасың. Қолыңнан келгенінше оны жылы сөзбен 
түзелтуге тырыс. Егер жылы сөзге көнбесе, қатаңдықты 
да ұмытпа»
151
. 
Құран  аяттары,  сүннеттер  мен  алғашқы  мұсыл-
мандардың тәрбие әдістерін ескере отырып, ғұламалар 
діндегі  парыздармен  қатар  адамгершілік  қасиеттерді 
де  балаларға  үйретуді  парыз  деп  санаған.  Хана-
фи  мәзхабының  ғалымы  Ибн  Абидин  былай  дейді: 
151
 Ибн Халдун, Муқаддимә, 541-б.


154
Исламдағы бала тәрбиесі
«Бес  парызға  қатысты  мәселелерді  үйренумен  қатар 
ықыласқа  қатысты  мәліметтерді  үйрену  де  парыз. 
Себебі, амалдың дұрыстығы соған байланысты. Халал 
мен харам нәрселерді білумен қатар рия, екіжүзділікке 
қатысты  нәрселерді  де  үйренуі  қажет.  Себебі,  құл 
рияшылдықпен жасаған амалдың сауабынан мақұрым 
қалады.  Қызғаныш  пен  өркөкіректік  жайлы  білуі 
маңызды.  Себебі,  олар  оттың  отынды  жандырып  күл 
еткені секілді амалды да жалмап тауысады»
152
.
Тәрбие мәселесінде адам табиғатына қатысты мына 
мәселені есте ұстағаны абзал. Пайдалы, жақсы нәрселер 
әдеттену арқылы қалыптасады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)
  бұл  туралы  былай  дейді:  «Жақсылық  жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет